Оңтүстік Торғай ойпаты туран плитасының солтүстік щығысында орналасқан. Ойпат бар полеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналының арасына тіркелген және оның Оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде қостанай седловинасымен қамтылған. Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді.
Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклиналды құрылымы Арысқұм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор полеоген кешенінің қалыңдығы 1500-1700 метрге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың тартылуы және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабень синклиналы гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды грабень синклинал бағытында тартылған анықталды, бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын, тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып және солтүстік шығыс-шығысында созылып жоғалады.
Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі 2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километр болғанда амплитудасы 320 метрге дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метр құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпат ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі құмтас шөгіндісі ернегінің ойпатын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернегіне байланысты, осы индексте горизонтының шағылысуы бар. Екінші беткі жағына ІV шағылысу горизонтына байланысты келесі ретпен өнімді ІV горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін брахиантиклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 метр құрайды, ең үлкен амплитуда кезінде 160 метр.
Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1030' құрайды, шығысында 2030' қыртыс тектоникалық (F1, F2, F3) бұзылуларымен қиындатылған. Көпке созылған F2 амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метр құрап қыртысты қамтиды.
Солтүстік жағында бұл бұзылып F3 бұзылысымен түйістіріліп әрі қарай сөнеді.Оңтүстік батыс бөлігі құрылымдағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан аймақтарындағы ұңғымалардан өзгешілігі орта юра шөгінділерінің жоқтығы және жоғарғы юра жыныстарымен фундамент жабылған. Уақытша қиындатылған өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгінді қалыңдығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебіне анық көрінеді. Бұны ұңғыма қимасындағы корреляция куәландырады. Аудандығы ұңғымаларды аз ғана изометриялық 1х1,5 километр амплитудасы 25 метр өлшемі болып тұр. Батыстан, шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта юраның шөгіндісі алаңының шегіне қарап 0-ден 200 метрге өзгереді.
Құмкөл свитасының қалыңдығы алаң бойынша тербелісі 55-75 метр шамасында, ал учаскесінде фундаментті көтеріңкі ойпан учаскесінде 34-48 метрге азаяды.
құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклинал қыртыста көрсетіп, Оңтүстікке қарай ығысқан. Опан өлшемі 17х4 километр құрайды, 57 метр амплитуда кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 метр. Жоспардағы тәжірибе дәл келетіндей шығыс құрылымы қанаты флексурамен қиындатылып, F1 тектоникалық бұзылуы Юра шөгіндісін кеседі. Әртүрлі ойпан беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қоссақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді және орталық шығыс Ю-І горизонт ойпан бөлігіне қарай ығысқан.
1.3 Мұнайгаздылық
Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғымасынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алдық, бұл 13541 сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Неоком және Юра шөгінділерінен алынған керндерден күшті жанармай иісімен мұнай белгілері жақсы байқалды және керндердің алынған беттерінде ала дақтар болды.
Арысқұм ойпатында жүргізген геология барлама жұмыстары нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы Юра, жоғарғы Юра және төменгі Неоком шөгінділерінің мұнайлылығына көз жеткізіп отыр. Бұдан басқа триас, төменгі триас кешені бөлініп Jк –Арысқұм көрсеткіш ұңғымасын бұрғылау нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалады. Осы Құмкөл кен орнындағы өндірістік қабат кешенінен тұратын алаң, дощан алаңындағы 4- ұңғымадан айырмасы бар.
Жоғарғы Юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде жетілген шөгінділердің өндірістік өнімді қабат қоры құмкөл, Арысқұм және Қызылқия кен орнындарында орналасқан. Караваншы алаңынан мұнай ағысын жоғарғы Юра шөгінділерінің сынау кезінде, қабат сынағышпен алды. Ақшабұлақ Fк-параметрлік ұңғымасының және 2-к Арысқұм ұңғымаларын құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғыма қатарларынан алынған керндер мұнайдың бар екені жағыл түрде және майдың иісі шығып байқалды. қазіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен Ақшабұлақ иіліміндегі құрылымда бірнеше тиімді мұнайлылығы бар Ақшабұлақ және Ақсай үлкен деген алаңдарын ерекше атап өтуге болады. Одан басқа Майбұлақ седловинасын өлшегенде жыланшық иілімінде тиімді ойпан шықты. Құмкөл кен орнында өндірістік мұнайлылығының қоры төменгі неоком мен және юра шөгінділерінде орналасқан төменгі неокомнан екі өнімді (М-І, М-ІІ) горизонты байқалды, жоғарғы Юрадан үшеу Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ және ортаңғы Юрадан біреу (Ю-ІV).
Бор қабатында өнім 1065-1120 метр аралығында орналасқан, ал Юрада 1190-1370 метр тереңдікте сонымен қатар кен орнында екі қабатты өнімді қабат бар. Төменгі Бор және Юра өнімді қабаттары көп ұңғымалардан ерекше байқалып кен орнында жақсы таралған. Қалыңдығы 8-ден 20-метрге дейін сазды бөлік М-Ш және М-ІІ Бор қабатын ажыратып тұр, ал саз қалыңдау бөлімшелері қабат арасындағы Ю-І, Ю-ІІ және Ю-ІІІ горизонттары h=18?6 метр деңгейінде болады. Біркелкі 12-34 метр Ю-ІІІ горизонтының саз қалыңдығы биіктігі жағынан жақсы игерілген Ю-ІV горизонтын бөліп тұр. Алаңның мұнайлылығы және бор деңгейіндегі биіктік қоры және юраның өнімді кешенінің жоғарыдан төмен азаяды, сонымен басқа осындай кен орнының түрі осы сияқты сипатталады. Бор өнімді қабатына сипаттама М-Ш жазықты үш қабатты коллектор түрінде көрсетілген, олар саздармен бөлінген жоғарғы екі қабатының қалыңдығы бірдей тұрақты барлық құрылымымен жүріп, алаңның оңтүстік бөлігіне келіп құлайды. Төменге қабат қалыңдығы ұстамсыз және 20, 18, 3, 17, 10 ұңғымаларында өткізбейтін жыныстармен қосылған. Төменгі және ортаңғы қабаттары алаңдағы 9-шы ұңғымаға құяды. Өнімді қабаттар №№ (37, 9, 23, 24, 32, 40) ұңғымаларда анықталып дәлелденген. Орталық және оңтүстік қорының бөлігі геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 ұңғымалар бойынша су мұнай 7-ші ұңғымадан 981,7 метр аралығында алынды. Ең үлкен мұнай қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 ұңғыма аудандарына жалғасқан. Алаңның мұнайлылығы 5109,7 Па құрайды. Сонымен қабат биіктігі 43,2 метр мұнай қабат қоры екі бөлімге алаңдағы 27,32,40 ұңғымалар жүзделі қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс мұнайының биіктігі 8,5 метр, ал Оңтүстік жағы 17 метр . Жалпы алаңның мұнайлылығы 1622 Па, таза мұнай көлемі 800 Па (33%) М-ІІ жазықты М-І жазықтығынан біркелкі саздар қалыңдығы 8-ден 20 метрге дейінгі аралықта ажыратылған және екі құмтас қабат түрінде көрсетілген. Өнімді қабаттан сынама алу жұмыстары нәтижесінде өнімділігі төрт ұңғымада көрсетілген мұнайдың өнімділігі 14 м3/тәулікке тең, 180м3/тәулікке дейін алады. Зерттеулер нәтижесінде 3 және 23 ұңғымасынан су алынған. Геологиялық зерттеулердің біреуі бойынша 6, 8, 24 ұңғымалардың су, мұнай қосылысы қабылданған 999 белгісінде болады. Мұнайды сынаушы ұңғымасынан сынама алу кезінде 994,9-996,4 метр аралықта геологиялық зерттеу экспедициясы қабылданған 2 биіктікке орналасқан. Мұнай қорының биіктігі 17,4 метр, ал мұнай алаңының көлемі 1084,4 метр. Юра өнімді қабатынан сипаттама Ю-І горизонтының мұнайлылығы алаңның біршама көлемін алып жатыр және төмендегі Бор қабат қорынан 80-148 метр төмен аралықта жатыр. Горизонтты жауып жатқан Қоскөл свитасының біркелкі саз қалыңдығы 16-дан 106 метрге дейін болады. Геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-І горизонты үш құмтас күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады. Құм қабатшалары 5 метрге жеткенде 2, 5, 11 аймағында ұңғымалар горизонтта көбінесе бөлшектеліп сипатталады.
Газ, мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты горизонтты зерттеу нәтижесінде 1 ұңғымасынан өндірілген мұнай қорының есебінен шығарылып тасталған жалпы тиімді қалыңдық 0,8 метрден 12,4 метр аралығында өзгереді. Сонымен қатар газдылықтың қалыңдығы әр ұңғыма сайын 6,6 метрден 8,8 метрге дейін өзгереді, ал мұнайлылығының тиімді қалыңдығы толық контур шегінде 0,4 метр деңгейінде өзгеріп тұрады.
Ю-ІІ горизонты жоғарғы жатқан Ю-І горизонтынан қалыңдығы 3,6 метрден 18,6 метрге дейін біркелкі саздар арқылы ажыратылып бөлінген және орталық қорындағы бөлімде J-2 құмтас қабатшалар күйінде көрсетілген.
Алаңның мұнайлылық қоры 6414 Па құрайды, сонымен бірге таза мұнай аймағы 67%-ті алып жатыр. Алаңның газдылығы 223 Па- ға тең. Газдың биіктігі және мұнай қорының бөлігі 9 және 91,5 метрге тең.
Ю-ІІІ горизонты жоғарыда аталған бөлімдерден саздармен бөлініп тұр, саз қалыңдығы 2-8 метр. Горизонт екі құмтас күйінде көрсетіліп, алаңның барлық бойында ұсталады, тек қана 3,7,13 ұңғымаларында жоғарғы қабат саздармен араласқан. Мұнда ең кіші тиімді қалыңдықтың мәні белгіленген. Жалпы тиімді қалыңдығы 1,6 метрден 220 метрге дейінгі деңгейде өзгереді.
Горизонт 13 ұңғымадан мұнай сыналып, осылардың ішінен 12-ші ұңғымадан мұнай ағыны алды және бірден су ағысын алды. Алаңның барлық жерінде су мұнайдың түйісуін 1198 метр белгісі бойынша қорының биіктігі 84 метр, алаңның мұнайлылығы 4141,6 Па таза мұнай аймағында 75%.
Ю-ІV горизонты аз ғана құмтасты болып, көбінесе бөлшектеніп сипатталынады. Оның құрамында 15 қабат коллекторларына дейін бөлінеді.
Құмкөл кен орны Оңтүстік Торғай артезиан бассейнінің шегінде орналасқан. Кен орнында барлау процесі барысында 22 сулылығы бар 22 объектісі үрлеп шығару тәсілімен ашық оқпанда гидрогеологиялық зертттеу материалдары бойынша 2,41 сулылығы бар қабат 32 ұңғымаға бөлінген. Құмкөл, Арысқұм алаңындағы барлау ұңғымаларын барлау нәтижесінде, іздеу гидрогеологиялық, құрылымдық терең көрсеткіштік ұңғымаларын бұрғылағанда протезан сулы кешені Юра, Бор, Палеоген, Неогенді және төртттік шөгінділері бөлінеді, ұңғымаларды сынағанда Құмкөлден минералы 77,6 л су ағымын 1416-1503 метр аралығында алды.
Құмкөл кен орнындағы орта юра шөгіндісінің сулылығы жөнінен 2,8,16,12 ұңғымаларынан зерттеледі. Су ағымының жақсы нәтиже беріп сүзгіш қасиетінің жоғарғы болғанын айтады. Жоғарғы юра сулы кешенінің шөгіндісінде үш сулы Ю-І, Ю-ІІ,Ю-ІІІ горизонты барын көрсетеді. Ол жоғарыда жатқан ала әртүрлі түсті сазды қалыңдықпен ажыратылған су араластырған жыныстар сұр және ашық сұр құмтастары Ю-І, Ю-ІІ,Ю-ІІІ сулы горизонттары ағымы қарқынды. Аралықтардан сынақ алғанда ағымды жылдам және динамикалық деңгейі тез қалыптасады. (1 сағаттан 5 тәулікке дейін) Ю-І, Ю-ІІ,Ю-ІІІ горизонттарында тек ақырғы сулары қатысады. Олар жасылдау сұр құмтасына байланысты болады.
Су қарқынды М-І горизонты үшін 983 метр белгісінде СТИТ орналасқан. Апт-альб сулы кешені неоком горизонтынан жоғарғы неоком аймағында бірге жетілген саз қалыңдығымен ажыратылған. Өзіне қосып алған күшті саз қабатшасымен кешен қуаты 250 метрге дейін болады.
Апт-альб кешені жоғарғы белгінің кешенімен сипатталып, жоғарғы белгінің кешенімен 500 метрге жетеді. Су араластырғыш жыныс болып жасылдау, сұр қабатшасы және қызылдау, қоңыр құмдар және ала саздағы әлсіз цементтелген құмтастар болып табылады. Горизонт қалыңдығы 4-6 метр. Ағын суының өнімін 24 мс алдық.
Су гидрокарбонатты натрилі РН-7,45 жалпы қаттылығы 22 мг. Эквл. Төменгі Туран сенонының сулы кешені жергілікті жетілген. Су араластырғыш жыныстар 270 метр тереңдікте жатқан жасылдау сұр және құм болып саналады. Су тұщы жалпы минерализациясы 0,6л
Достарыңызбен бөлісу: |