ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ердаулетова Д.М. ,Әбдіғалымова А.Ғ. ,Набиуллина Ұ.М.
Химиядағы стехиометрия заңдарын оқыту әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Білім бағдарламасы 6В01504 «Химия»
АҚТӨБЕ 2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
«Диплом қорғауға жіберіледі»
Кафедра меңгерушісі
_________О.Р.Орынбасар
«____» ____________20___ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Химиядағы стехиометрия заңдарын оқыту әдістемесі»
Білім бағдарламасы 6В01504 «Химия»
Орындады: _______________________________Әбдіғалымова А.Ғ
_______________________________ Ердаулетова Д.М
________________________________ Набиуллина Ұ.М
Ғылыми жетекшісі: ____________________________ Апендина А.К
АқтӨБЕ 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
|
1 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................5
|
1.1.1 Химияны оқытуда қолданылатын әдістер....................................................5
|
1.1.2 Ауызша сөзбен баяндау әдістері....................................................................9
|
1.1.3 Проблемалық оқыту......................................................................................14
|
1.1.4 Белсенді оқыту...............................................................................................18
|
1.1.5 Педагогикалық технологиялар және оның ерекшеліктері........................24
|
1.2.1 Стехиометрия заңдары және оқыту жолдары.............................................29
|
1.2.2 Химияны жаңа техноология негізінде оқыту әдістемесі...........................34
|
2 СТЕХИОМЕТРИЯ ЗАҢДАРЫН ОҚЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ........................................................................41
|
2.1 Стехиометрия заңдарын оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктері..........................................................................................................41
|
2.2 Стехиометрия заңдарын оқытуда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін анықтау................................................................................................46
|
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................48
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................50
|
Кіріспе
Оқу-тәрбиелік процесс – мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оқу қызметінің екі жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі деп оқушының танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардың білім мазмұнын игеруі мен оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз.Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту мақсаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді. Әдіс – оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекет тәсілі. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы.Оқыту әдісі – бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да байланысты. Білім мазмұнының кез- келген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мақсаттары үстем еткен қоғам дүние-танымының әлеуметтік мақсатарына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. Оқушыларда білімдер, іскерлік мен дағдыларды қалыптастырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.
Өзектілігі:стехиометрия заңдарын жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқытудың тиімділікітерін жан-жақты зерттеу. Осыларға сүйене отырып дипломдық жұмыстың өзектілігі келесі деп алдық: мектепте оқушыларға химия сабақтарында стехиометрия заңдарын қызықты және түсінікті болу үшін белсенді оқыту әдістері мен қатар жаңа технологияны пайдалану және қолдану.
Зерттеу мақсаты: оқушыларға стехиометрия заңдарын оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып оқыту .
Зерттеу міндеттері:
- Стехиометрия заңдары және оқыту жолдары анықтау;
- Стехиометрия заңдарын оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктерін зерттеу;
- Стехиометрия заңдарын оқытуда жаңа технологияларды әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқыту.
Зерттеу пәні: Жалпы орта білім беретін мектептегі химия пәні.
Зерттеу әдістері:
- нормативті құжаттарды зерттеу;
- химия пәніне жалпы сипаттама;
- әдістемелік-педагогикалық әдебиеттерді талдау;
- озық-педагогикалық тәжірибелерді зерделеу;
- оқу-тәрбие үрдісін бақылау;
- арнайы тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру.
Зерттеу базасы: Ақтөбе қаласының №30 орта мектебі, Алтықарасу мектеп-балабақшасы, А.Оразбаева атындағы ЖББОМ.
Дипломдық жобаның құрлымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ақпарат көздерінің тізімінен тұрады.
1 Химияны оқыту әдістемесі теориялық негіздері
1.1 Химияны оқытуда қолданылатын әдістер
Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабылданған топтастырулардың бірі - И.Я.Лернер ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:
1) Түсіндермелік-иллюстративтік;
2) Репродуктивтік;
3) Проблемалық оқыту әдісі;
4) Эвристикалық;
5) Зерттеушілік.
Көрсетілген оқытудың жалпы дидактикалық әдістерін екі топқа жіктеуге болады:
1. Репродуктивтік (1-ші және 2-ші әдістер) бұл әдістерде оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс-әрекеттер арқылы қайталап береді.
2. Продуктивтік(өнімді) (4-ші және 5-ші әдістер) бұл әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс-әрекеттер нәтижесінде меңгереді. Проблематылық оқытуда әзір ақпаратты меңгерумен қатар шығармашылық іс-әрекеттің элементтері де жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқа да жатады. Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әркет тұрғысы негізінде Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3. іс-әрекетті бақылау әдістері.
Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т.б. енеді. Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әр алуан әдістері – жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т.б. жатады.Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылымның әдіснамалық тұрғыларының негізінде оқыту әдістерін 1-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:
Кесте 1. Әдіснамалық тұрғылар негізінде оқыту
Топтастыру негіздемесі
|
Әдіс топтары
|
Танымдық іс-әрекет сипаты
|
түсіндірмелік-иллюстративтік репродуктивтік
проблемалы мазмұндау
эвристикалық
зерттеушілік
|
Кесте 1 жалғасы
Білім көзі
|
сөздік
көрнекілік
практикалық
|
Оқу-педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан
|
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау
|
Ғылым методологиясы
|
теориялық
эмпирикалық
|
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың танымдылық белсенділігі мен материалды меңгеру деңгейлері, білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін.
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады (Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады [2] :
1. Сөздік
2. Көрнекілік
3. Практикалық
Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс істеуі де жатады.
Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылап, зерделеу болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп, талдап, қорытынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс (суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.
Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен химиялық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, тәжірибе барысын оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады. Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру негізінде оқыту үдерісінің этаптары, оқушылардың танымдылық іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.
Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты. Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде химияны оқыту әдістемесінің мақсаты –химия мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау. Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Химия сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.
Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1) химияның негізгі заңдары түсіндіріледі;
2) химиялық құбылыстардың мәні ашылып, көрсетіледі;
3) химиялық ұғымдар (зат,элементтер, тұнба т.б қалыптастырылады;
4) оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі
5) оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі .
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу меңгеру процесіне өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды. Әңгімелеу - оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады [4] :
1) химияға қатысты заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихымен, химик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда ;
2) ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырғанда;
Химияның ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (Қазіргі кезде химияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді. Химия ғылымы көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің қуатты өршіткісіне айналды. Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеу және ауызша түсіндіру кездеріңде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.
Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі. Лекцияның ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Мектеп химия курсынан лекцияны кез келген тақырыпта және сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ipi ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де маңызды, әрі қызықгы болады [5] . Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) туғыза білу. Негізінен, химиядан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:
1)проблемалық баяндау - мүғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету;
2)проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыстырып, бірге шешу;
3)проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушылардың өздеріне ұсыну;
4)проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру. Бұл тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған да орынды.
Мысалы, «Қаныққан, қанықпаған көмірсутегі» тақырыбында негізгі мәселе болып саналатын, ол көміртегі атомдарындағы химиялық байланыстың бағыттасу ерекшеліктері, соған байланысты гибридтенудегі механизмі. Ал, қосымша мәселе болып, бұл тақырыптарда көміртегі атомдардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері саналады. Барлық сабақтар мәселелік болуы мүмкін емес, дегенмен де тақырыптың мазмұны алдыңғы сабақтарда жасалған мәселелік ситуацияларға негізделіп құрылады.Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер тақырыбында, «этилен көмірсутектерінен гөрі қанықпаған көмірсутектерінің болуы мүмкін бе?» деген мәселелік ситуацияны айқындаймыз.
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді [4] :
1) ақпараттық;
2) орындаушылық;
3) түсіндірушілік;
4) репрадуктивтілік;
5) нұсқаулық-практикалық;
6) нәтиж+елік-практикалық;
7) түсіндірмелі-оқытушылық;
8) ойланушылық;
9) жартылай ізденушілік;
10) ізденушілік.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Даниловтың классикасы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді: білім алу әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін, ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі. Химия сабақтары бағдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп келеді. Бағдарламалап оқыту принципінде, оқу материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық, және тармақтық, принцип негізінде дайындалады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде оқу жадыхатын бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері машинамен объективті тексеріледі және мұғалімге деген жеке басының наразылығы-күдігі болмайды, сабақта электроникалық техника қолданылады.
Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, программаланған оқулық, "оқытатын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, өз ойын түсіндіре білуге, мұғаліммен қарым-қатынасын дамытып, одан төрбие алуға үйретудегі рөлі төмен [5].
Белсенді оқыту – қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ipi бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу-танымдық іс әрекетін белсенді ету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі авторлармен өте жиі қойылып отырады.
Оқытудың белсенді әдістері–оқу материалдарын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс әрекеттерін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.В.Я, Ляудистің берген анықтамасы бойынша : «оқытудың белсенді әдістері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлуметтік құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады».
Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:
-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
-білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.
Оқудың белсенді оқыту әдістері белгілі оқу (дидактика) құрал– жабдықтармен іске асады. Оқу құрал-жабдықтары –бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқу құрал жабдықтарын екі мағынада қарастырсақ, біріншіден оны көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар, ерітінділер және т.б деп алсақ, кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жәрдемші барлық затты айта аласыз. Яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқыту құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, әдістер сияқты оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу танымдық іс- әрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі [5]:
-көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объектер және т.б;
-есту(аудио) құралдары -радио, магнитафон, ән-күй аспаптары және т.б ;
-есту көру құралдары -дыбысты фильмдер, теледидар және т.б;
-сөздік құралдар –оқулықтар мәтіндер;
-оқыту процесін автоматтастырушы құралдар–тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс қатынас тораптары;
-сөз, сөйлеу, ым шара, дене қозғалыстары;
Химияда оқыту әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив және субъектив себептерге тәуелді, атап айтатын болсақ, олар [6] :
Оқыту заңдылықтары және оларға негізделген принциптер;
Адамның оқу тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
Нақты білімдену тәрбие міндеттері;
Оқуға болған ынта деңгейі;
Нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері;
Материал мазмұны;
Материал игеруге бөлінген уақыт;
Оқыту материалының саны мен күрделілігі;
Оқушылардың дайындық деңгейі;
Шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі;
Дәріс түрі мен құрылымы;
Оқушылар саны;
Балалар қызығуы мен ықыласы;
Оқыту барысында қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым қатынас (қызыметтестік не әміршіл әкімшіл)
Материалды техникалық қамсыздандырылуы;
Педагогтың түлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей дәрежесі,
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты әдіс+ пен құрал жабдықты іріктеу, таңлау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс өткізудіңжағдайына орай бірнеше қилы әдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.
Оқытудың белсенді әдістері ерекшеліктері:
Білімді берік, саналы меңгеруге жетелейтін практикалық және ойлау іс әрекетінің бірлестігі;
Танымдық іс әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;
Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;
Таным процесі сезімдік және ақыл ой нәтижесін береді;
Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;
Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.
Химияны оқытуда белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әр түрлі пәндерді оқытуда қолданылады. Оқытудың интерактивті әдістері адамдардың өзара әрекеті мен қарым қатынасын ұйымдастыру арқылыбілімді игеру үрдісін басқарады.Оқытушының әрекетінің орталығы бір ғана оқушы емес, бір бірімен сұрақтарды талқылайтын, пікірталасқа түсетін, өзара ынтымақтастықта болатын және бір бірін ынталандыратын әрі белсенді ететін өзара әрекет жасайтын оқушылар болып табылады.Белсенді оқыту түрдеріне келесі әдістерді жатқызуға болады:
Эвристикалық әңгіме
Пікірталас
«Миға шабуыл»
«Дөңгелек үстел»
Іскерлік ойындар
Практикалық жұмыстар жарысы және оларды талдау.
Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да көптеген өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиенің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестеп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағыттаған тың әдіс–тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде қазіргі таңдағы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі тұтас педегогикалық процестердің өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оған себеп болған 2004 жылдың 12 – қазаны күні Астанада білім және ғылым қызметкерлерінің болып өткен III съезі. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың түйінді мәселесіне ерекше тоқталды. Әсіресе, жиналған қауымды қуантқан жағымды жаңалықтың бірі: Қазақстанда 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасын Елбасының өз жарлығымен бекіткені болды. Кез келген оқыту технологиясы оқушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді [7] .
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой - өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.Бұл сөздер дәлелді болу үшін жалпы технология деген ұғымды саралап кеткен жөн. Технология ұғымы біздің ғасырымызда негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылды. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К.Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға қызмет етіп, оның бағытын анықтайды, тәжірибелік процестер барысында тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауының негізгі себептерінің бірі – нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардың жоқтығы [8] .
«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді.Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллекуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами келбетнің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі[9].
«Технология» деп (гректің «techne»-өнер, шеберлік және «logos» ғылым деген сөздерінен шыққан) білім беру формаларының тиімділігін арттыруды міндет еткен, техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара ықпалын ескеретін жүйелі әдістің жасалуы, пайдаланылуы және білімді оқыту мен игерудің барлық үрдістернің анықталуы [10].Жаңа заман маманы қазіргі кездегі озық идеяларды игерген, сауатты, шығармашыл, адами қабілеттері дамыған болуы тиіс.Оқыту технологияларын пайдалану мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:
есте сақтауға негізделіп, меңгерілген білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
білімнің статикалық үлгісінен, ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
оқушыға орташа білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазіргі кезде біздің елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық білім беру бағдарламаларының нарықтануымен байи түсуде;
ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
баланың жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіне ұмтылыс жасалуда;
қоғамдық біліммен педагогикалық технологияның кеңінен қолдануына және ғылымның роліне мән берілуде [11].
Республикасмыздағы оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Білім беру саласындағы қазіргі озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазірде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым есем, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
«Педагогикалық технология – педегогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жиынтығы және жұмыс істеу реті» деген М.В.Кларин [20].
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат - мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны. «Педагогикалық технология – оқыту, тәрбиелеу және дамыту шарттарының міндетті жиынтығын тудырушы, білім берудің біртұтас концептуалды негізі, мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріккен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара байланыстағы формалары мен әдістерінің жүйесі» [12].
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық әс-ірекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу – іс - әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс - тәжірбиесінің нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу - тәрбие процесінің басты ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі [13].
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. 1-тірек - сызбада «Оқыту технологияларының классификациясы» берілген. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірбиелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды .
Кесте 2.Оқыту технологияларының классификациясы
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Білім беруді ізгілендіру
Саралап-деңгейлеп дамыта оқыту
Дербес оқытутехнологиясы
Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту
Иллюстрациялы- түсіндірмелі оқыту
Оқыту бейімдеу жүйесі
Жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту
Дамыта оқыту
Лекция-семинар сынақ жүйесі
Л.В.Занковтың дамытаоқыту жүйесі
Ірі блокпен оқыту
Жобалап оқыту
Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамытаоқыту технологиясы
Перспективті
дамыта оқыту
Бағдарламалап оқыту
Сабақтың тиімділігінегізінде оқыту
Ақпараттықкомпьютерлік оқыту
Техникалықшығармашылықтехнологиясы
Ізгілікті-тұлғалыоқыту технологиясы
Кесте 2 жалғасы
Ұжымдық тәсілменоқыту
Шығармашылық оқулықта білім беру технологиясы
Ынтымақтастықпедагогика
Модульдік оқыту
Коммуникативтік оқыту технологиясы
Өздігінен даму технологиясы
Тірек конспектілерімен белгілеріарқылы оқыту
Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері [14]:
мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар;
ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озық тәжірибе;
мұғалімдердің, мектеп басшыларның іс-тәжірбиесі;
мектептің жұмыс үрдісі, нәтижелерінің талдамасы.
Ал педагогикалық технология таңдау барысында;
технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
жүйелілігі;
тиімділігі.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі.
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
жалпы мақсаты;
оқу материалдарының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық процесс:
оқу барысын ұйымдастыру;
оқу қызметінің әдістері мен формалары;
мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
оқу үрдісінің диагностикасы.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарын мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс- тәсілдер оның құрамды бөлігі. 2- тірек-сызбада «Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру байлнысты оқытудың міндеттері» берілген.
Кесте 3. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру байланысты оқытудың міндеттері
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ
Педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу
Рефлексивті – рольдік ойын
Панорамалық сабақ
Оқу модулін құрастыру
Оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру
Практикалық сабақтар
Педагогикалық идеялар, аукцион
Оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткіштерін анықтау
Сынақ мерзімін өткізу
Жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау дағдысын қалыптастыру
Бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру
Проблемалық – іскерлік ойын
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру
Педагогикалық шеберханалар
Лекция
Семинар
Оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау
Педагогикалық оқулар
Педагогикалық ринг
Оқыту түрлері әдістері
Қазіргі педагогикалық технологиялардың өзара белсенді әдістері қолданылады, ол күрделі құрылымды тәсіл және біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдайлар жасалады.
Елбасы 2030 жылға арналған бағдарламасында жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оны дамытудың ерекшелігі айтылған. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер.Педагогикалық инновация дегеніміз - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде:
Іскерлік ойын технологиясы
Проблемалық және интеграциялап оқыту;
Шаталовтың интенсивті оқытуы;
Дьяченконың ұжымдық технологиясы
Эрдниевтің блоктап оқытуы;
Деңгейлеп оқыту;
Модульдеп оқыту;
Дамыта оқыту технологиясы және т.б. [12].
Әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қараастыратыны оқытуды нәтижелі ету. 3- кестеде «Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері» көрсетілген.
Кесте 3. Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Деңгейлік саралап оқыту технологияы
Ынтымақтастық педагогикасы
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
Түсіндірме басқарын озаоқыту технологиясы
Оқушы міндетті түрде білім деңгейін меңгеру тиіс.
Балалық деңгей оқушының саралай және жекесұранысының негізі.
Оқушылардан талап енгізілетін балалық білім деңгейінің жариялылығы.
Әроқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
Өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түсу
Күшті топтарға оқуға деген ынтаартады.
Білім дәрежесі деңгейлесоқу топтарындаоқу жеңілдейді.
Материал ірі мөлшердеенгізіледі.
Оқу материалдарын тірек-схем, тірек-конспект түріндеоқыту
Материалдарды сыныпта меңгерту
Үйде өз бетімен жұмыс істеу.
Конспектісін ауызша баяндау.
Жалпылау және жүйелеу.
Өзара бірін-бірі бақылау
Есеп шығару
Баланы жеке қасиеттерін ашу арқылыазамат етіп тәрбиелеу.
Баланың жүрегіне жылылық ұялату.
Баланың танымдық күшін қалыптастыру
Білімін тереңдетуге жағдай жасау.
Математикалық пайымдау мен түсіну.
Әдемілікті сезіну, қабылдау, тілді меңгеру.
Рухани жетілу
Ізгілік, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.
Оқытуарқылы тәрбиелеу.
Оқушыда субъект, мұғалім десубъект
Бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі.
Жалпы мектеп ұжымының арасында ынтымақ болуы.
Талап етуден қарым-қатынас педагогикасына өту.
Оқыту мен тәрбиесінің бірлігі.
Балаға жеке ізгілік қарым-қатынас.
Тәрбиелеу тұжырымдамасы.
Қоршаған ортаны педагогикаландыру
Жаңа ұғым түсінікті нақтылау, қолдану.
Оқу әрекеті мен ойлау жылдамдығын дамыту.
Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылықтарын жеңу
Үй тапсырмасы тек әроқушының мүмкіндігіне қарай беріледі
Ережелерді кұр жаттап алуға жол бермейді.
Баланы жинақылыққа баулу
Ата-анамен қарым-қатынас
Оқудағысабақтастық
Кесте 3 жалғасы
1.1.2 Ауызша сөзбен баяндау әдістері
Оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғалімнің оқышуларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады.Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған.Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз- мазмұнның ішкі қозғалысы.Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз [13].
Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия обьектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.Оқыту әдістерінің жіктелуі.Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі.Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме- иллюстративті, іздсстіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады.Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз- көрнекі әдістер тобы және сөз-көрнекі-сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі. Жалпы әдіс оқушының таным-әрекетінің сипаты бойынша:
1 түсіндірме – иллюстративті
2 іздестіру (эвристикалық)
3 зерттеу әдістеріне тарамдалады.
Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі әдістер тобы және сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге; субъективті жаңалық ашуға бағытталған.Түсіндірме – иллюстративті жалпы әдістің сөз әдістері.
Ауызша баяндау. Методикалық әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық (әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу элементі бар әңгіме немесе дәріс) деп үшке жіктейді. Бұл - ертеден қолданылып келе жатқан, кең таралған әдіс. Мұның мәнісі: мұғалім білімді дайын күйінде береді, оқушылар оны қабылдап, қайта жаңғыртып, ұқсас жағдайда қолданады. Бұл әдіс деректі және теориялық материалдарды баяндау үшін, ққұралдарды және өндірістік қондырғыларды сипаттау, құбылыстардың мәнін түсіндіру үшін барлық кластарда қолданылады.Баяндау әдістерінің бәріне тіл, дидактикалық және етодикалық жағынан қойылатын талаптар бар.Әңгіме. 10 – 25 минутқа созылатын қысқа мерзімді баяндау. Оқ материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызың түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласың тудыру.Мәселенің жеке бөліктерің және бояндау жоспарын хабарлау.Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау. Мұғалім алдымен әр мәселені сұрақ түрінде қойып, оқушылардың назарын аударады, содан соң баяндайды, оқушылардың қалай қабылдағанын, түсінгенін бақылайды және бекітеді. Әр мәселе айтылған ретпен баяндалған соң ғылыми мәліметтердің өмірдегі, өндірістегі, социалистік құрылыстағы маңызы көрсетіледі.Қорытынды бөлімде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіріледі.Дәріс. Әңгімеден айырмасы ұзақ мерзімді (30-40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы кластарда жиі қолданылады. Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұғалімдер іс – тәжірибесінде, кейінгі методикалық әдебиеттерде дәріске көбірек көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақтылы дәлелденген. Мәселен, электролиттік диссоциациялану рәрізді теориялық тақырыптан алдымен дәріс, одан соң оқушылардың сұрақтарына жауап қайтару, содан кейін семинар және диспут өткізілген тиімді.Әңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады.
Әдістің мәні – мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндалғалы отырғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы кластардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты және мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі.Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар:
1.Әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін оқушыларға жеткізу, белсенді қатысуға ынталандыру;
2.Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу және жіктеу, қойылу ретін және тұжырымдалуын ойластыру;
3.Негізгі және қосымша сұрақтардың apa қатынасын анықтау [15] ;
Қазіргі педагогиканың және мектеп реформасының негізгі талабы – оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы және әр пән үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай оқу біліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – кітаппен жұмыс істей білу. Оқулықпен жұмыс істеу әдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту, қолдану және тексеру үшін пайдаланылады.
1.1.3 Проблемалық оқыту
Заманауи мектепте білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді оқыту процесін жобалау арқылы шешуге болады. Оқытуды қызметтік-құзырлылық тұрғыдан ұйымдастыруда оқушылардың қажетті құзырлылықтарын қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды қолданған орынды.
Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялар - дамыта оқыту, модульдік, деңгейлеп оқыту және проблемалық оқыту технологиялары .
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану оқушының танымдық, ізденушілік іс-әрекеттерін жандандырып, оның шығармашылық ойлауын дамытады. Мұндай технологияны пайдаланудың мақсаты – оқушы мен мұғалімнің проблемалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету болып табылады.Проблемалық оқыту – оқушының жүйелі түрде мұғаліммен бірге өзіне таныс емес, жаңа проблемаларды шешуге ізденіс жасайтын педагогикалық процестің ерекше ұйымдастырылуы.Проблемалық оқыту технологиясы режимінде сабақтарды моделдеу принциптеріне проблемалық жағдаяттарды жасау, проблемаларды шешу процесінде оқушыларды оқыту, іздену іс-әрекетін жасата отырып, дайын білімді меңгеру[14].
Проблеманы жасау формаларына проблемалық сұрақ, проблемалық есеп, проблемалық тапсырмалар жатады. Проблеманы жасаудың формаларын шешу әрқашанда жаңа іс-әрекет тәсілдерін іздеумен байланысты болады.
Проблемалық сұрақтың ерекше белгілеріне: күрделілігі, оның қарама-қайшылықты формада болуы; кең мазмұнды, қызықты формада, оқушы үшін күрделілік деңгейі лайық болуы жатады [4].
И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин проблемалық оқыту әдістер жүйесін былай жіктейді: түсіндірмелі-көрнекілікті, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара-іздену, зерттеу [5].
Проблемалық оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, мұғалім сапалық түрде жаңа нәтиже алады: оқушы ақпараттарды іздеудің жаңа тәсілдерін меңгереді, ойлаудың проблемалық деңгейі жұмыс жасайды.Мұндай технология бойынша сыныппен жұмыс жасаудың басында проблеманы мұғалім қояды, ал балалар оның шешімін табуға тырысады. Технологияның әдістерімен таныс болған сайын, оқушылар мұғалім көмегімен өздері проблеманы қоя бастайды. Проблема сабақтың тақырыбына жалпы қойылуы мүмкін, сонымен қатар, сабақтың құрамды бөліктеріне де қойылады. Химия сабақтарындағы проблемалық ситуацияларды жасаудың бірнеше мысалдарын келтіруге болады.
1.1.4 Белсенді оқыту әдістері
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалдарын игеру үдерісінде оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекеті үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесі. Оқыту әдістері оқу тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталадырушы және бақылау тұзетушілік қызметтерді атқарады. Әдістердің әрбір негізгі тобы өз ішінде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен аталған үдерістің өзі оқу материалын, жаңа ақпаратты беру, қабылдау, ұғу, есте сақтау және алынған білім мен ақпаратты практика жүзінде өолдана білуге негізделгендіктен оқыту әдістерінің бірінші тобына ақпаратты есту, сөзбен жеткізетін сөздік әдістерін оқу материалын көру арқылы беретін көрнекілік әдістерін (иллюстрация,демонстрация), оқу ақпаратын тактильді, кинестетикалық түрде жеткізетін практикалық әдістерін (жаттығу, зертханалық тәжірибе, еңбек ірекеті) жатқызуға болады. Білімдену процессінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Оқу әдісі- білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысын мен шәкірттің оқып үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы және анайылығы осы оқу әдісінен көрінеді.Белсенді оқыту- қазіргі педогогикалық ізденістерді негізгі ipi бағыттарының бірі болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әртүрлі уақытта әртүрлі авторлар мен өте жиі өойылып отырады.Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. В.Я.Ляодистің берген анықтамасы бойынша: Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлеуметтік құнды нәтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады. Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі [16] :
Жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, әскерлік ойындар,кәсіатік жағдаятты талдау,тренинг;
Білім іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар,дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, миға шабуыл,оқу пікірталасы, кейс стади, өзіндік жұмыс.
Оқудың белсенді оқыту әдістері белгілі оқу (дидактика)құрал-жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары- білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқыту құрал-жабдықтары түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқыту және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жәрдемші жағдаяттардың бәрін түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.
1.2.1 Химияны жаңа технология негізінде оқыту әдістемесі
Оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары. Ақпараттық технологияларды енгізу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Аудиториялық іс-шараларға арналған презентациялар құру (дәрістер, семинарлар);
- Интернет ресурстарымен жұмыс істеу;
- Дайын білім беру бағдарламаларын пайдалану;
- Меншікті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және пайдалану.
Оқу материалын дайындау мен ұсынудың ең тиімді әдістерінің бірі презентация дайындау болып табылады.Зерттеушілер адам естігенінің 20%-ын, көргенінің 30%-ын және көргені мен естігенінің 50%-дан астамын бір уақытта есте сақтайтынын дәлелдеді. Демек, қазіргі идеяның негізін жарқын бейнелер арқылы ақпаратты ашу мен есте сақтауды жеңілдетуде жатыр. Мұғалімнің презентациясы арнайы тақырыптың, пәннің ерекшеліктеріне сүйене отырып, оқу материалын өз бетінше құрастырады, бұл оған сабақты оқуда максималды тиімділікке қол жеткізе алатындай етіп құруға мүмкіндік береді.
Олай болса, білім беруде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мұғалімнің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. АКТ құралдары оқуды ұйымдастыруды жақсартуға, оқытуды дараландыруды жақсартуға және оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушылардың оқуға деген қажеттілігін және шығармашылық және зерттеу жұмыстарына қатысу қабілетін де арттырады.
Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым [17].
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Білгір химик», «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.
Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітуге болады.. Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземіз. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді [18].
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттықтехнологиялар соның ішінде мультимедиалық ресурстар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
мультимедиа (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
зертханалық тәжірибелер;компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
интернет және тағы басқа көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді [19].
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп.
Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.
Оқулық әдебиет пен мультимедиалық жүйесінің өзара салыстырылымын бақылауға болады. Мультимедиалық және оқулық әдебиеттерін зерделей отырып оқушы өзіне қажетін алады. Бұл әдістердің қолданыс аясында, таралу жағдайында, құрал – жабдықтарында, технологиялық ерекшеліктерінде көптеген айырмашылықтар 1 кестеде көрсетіледі [19].
Кесте 5. Мультимедиа жүйесі мен оқулық әдебиеттердің объектілерінің өзара салыстырылуы
Оқулық әдебиеттер – бұл
|
Мультимедиа – бұл
|
Оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдар (білім беру объектілері)
|
Ақпараттық ресурстар (білім беру объектілері)
|
Көрнекілік құралдар
|
Безендірулер
|
Аспаптар (құрал- жабдықтар)
|
Ақпараттық жасақтамалар
Бағдарламалық жасақтамалар
|
Педагогикалық технология
Мәліметтер базасы
|
Ақпараттық технология
Ақпараттың ерекше қорытынды түрі
|
Мультимедиалық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді [20].
Мультимедиалық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:
Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді;
Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру;
Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу;
Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеп, салыстырып жүргізіп отыру қажет. Сонымен бірге оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды [21].Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолдану. Мысалы: Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады [22]. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.
Химия сабағында мультимедиалық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болды. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады [22].
Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиалық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі.
Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуге болады [23].
Мектептегі химия білімі – бейорганикалық және органикалық заттар, олардың құрамы, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы туралы; табиғатта және өндірісте болатын химиялық құбылыстар, химиялық өндірістің технологиясының негіздері, экологиялық проблемалар және оларды шешудің жолдары туралы білім жүйесі. Химия курсы жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сай жалпы, бейорганикалық және органикалық химия салалары бойынша іргелі білім қалыптастыруға; қазіргі қоғамдағы химия ғылымының рөлін түсіндіруге, қоршаған әлемге ғылыми көзқарас қалыптастыруға міндетті. Оқушылардың химия пәні бойынша жоғары деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету үшін химия білімі дамуының төмендегідей тенденцияларына назар аудару керек:
басқа жаратылыстану пәндерімен интеграциялану;
оқушылардың өзіндік білім қызметінің үлесін арттыру және оқу процесінің жобалау–зерттеу сипатының басым болуы;
химия білімінің мазмұнының экологияландырылуы және орнықты даму құндылықтарына бағытталуы;
оқыту процесінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, мультимедиа және электрондық ресурстарды қолдану.
химия пәнін оқытуда оқушылардың практикалық және эксперименттік жұмыстарына, олардың алған білімін практикада қолдана білуіне үлкен маңыз беріледі [24].
Химия пәнін оқытуда оқушылардың өз бетімен қызмет жасау қабілетін, интеллектің, практикалық дағдыларын және креативтік ой өрісін, ғылым есебінде химияға қызығушылығын арттыратын оқытудың проблемалық-іздену, интерактивтік, жобалау әдістері ең тиімді әдістер болып табылады [25].
Негізгі орта білім деңгейінде химияны оқытудың мақсаттары:
оқушыларда қоршаған әлем туралы, адам өмірі мен табиғаттағы химиялық процестер мен құбылыстар туралы химиялық білім жүйесін қалыптастыру;
химиялық заттармен жұмыс істеуде қауіпсіздік сақтау дағдыларын білу, алған білімін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
табиғатты химиялық өндірістің зиянды әсерлерінен қорғау, қоршаған ортаға тиянақты қарым-қатынас жасау мәдениетін біртұтас экологиялық – гуманистік көзқарас қалыптастыру;
Қазақстанның табиғи байлықтары туралы мәліметтер беру, химия өндірісінің дамуы, олардың еліміздің орнықты, индустриялдық-инновациялық жолмен дамуындағы рөлі мен орны туралы білім беру, табиғи байлықтарды орынды және тиімді игеруге тәрбиелеу;
жаңа технологиялар және перспективті материалдар, оларды қауіпсіз және тиімді қолдану туралы білім қалыптастыру [26].
Химия пәнін оқытудың міндеттері:
оқушылардың химиялық құралдар мен реактивтерді қауіпсіз пайдалану, күрделі емес зертханалық тәжірибелер жүргізу, химиялық терминологияларды, белгілері мен формулаларын сауатты пайдалану, химиялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру;
оқушыларда күнделікті тұрмыста және табиғатта кездесетін құбылыстарды түсіндіру, химия ғылымының түсініктері, заңдары, теориялары, тәсілдері туралы білім негізін қалыптастыру;
заттың қасиеттерінің оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі жөнінде оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, күрделі емес тәжірибелік-эксперименттік есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру;
табиғат, зертхана, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстарды бақылау, талдау дағдысын дамыту, құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауға баулу;
әр оқушыға өз өлкесіндегі, сондай-ақ, Қазақстандағы химия өндірісінің экологияға тигізетін әсерін білуді, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңыздылығын түсіндіру;
оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь мен темекінің, есірткінің құрамындағы химиялық заттардың зияны туралы қажетті біліммен қамтамасыз ету;
оқушылардың өздігінен білім алу, болашақ оқуын жалғастыру және ерте кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;
алған білімі мен біліктіліктерін күнделікті жағдайларда және болашақ өмірінде пайдалана білуге дағдыландыру [27].
Химия пәнінен білім бағдарламасын жүзеге асыру арнаулы жабдықталған оқу кабинеттерін химиялық раективтер, препараттар, тиісті мақсаттағы қондырғылар мен құралдар, лабораториялық және демонстрациялық құралдар, баспа өнімдері, мультимедиалық жабдықтар, электрондық оқулықтар, диа-кино фильмдерімен қамтамасыз ету және химия ғылымы мен өндірісінің нысандарына таным жорықтарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.Мектеп кітапханасы белгіленген нормативтерге сәйкес химия пәні бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен және электрондық оқулықтармен жабдықталуы керек.
1.2.2 Стехиометрия заңдары және оқыту жолдары
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеруі керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашуы жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алуы керек [28].
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея .
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр. Бұл технология Қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [29].
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық орта мектепте химияны оқыту әдістемесі-бұл мектептегі химия курсының мазмұнын, химияны оқу барысында оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерін, сондай-ақ оқушылардың оны игеру заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Химияны оқыту әдістемесінің пәні жас ұрпақты мектептегі химия ғылымының негіздеріне оқытудың қоғамдық процесі болып табылады.Оқу процесі үш міндетті және ажырамас элементтерден тұрады - оқу пәні, оқыту және оқыту. Оқу пәні-бұл оқушылар үйрететін нәрсе; бұл оқытудың мазмұны. Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына мыналар кіреді:
а) химия ғылымының негіздерін, яғни оның негізгі фактілері мен заңдарын, сондай-ақ ғылыми материалды біріктіретін және жүйелейтін және оған ғылыми түсінік беретін жетекші теорияларды зерттеу;
б) оқушыларды химияның негізгі әдістері мен техникалық әдістерімен, оның өмірдегі ең маңызды қолданылуымен таныстыру;
в) оқушыларға химия ғылымының мазмұнына сәйкес келетін және өмір мен еңбек үшін қажетті практикалық дағдыларды үйрету;
г) жоғары адамгершілік тұлғаны қалыптастыру [10]. Оқу пәні практикалық зертханалық сабақтарға арналған бағдарламамен, оқулықтармен, кітаптармен, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтарымен ұсынылған. Оқу пәні ғылымнан, ал оқыту-танымнан ерекшеленеді, өйткені білім алған кезде студенттер жаңа шындықтарды ашпайды, тек алынған және әлеуметтік-өндірістік тәжірибемен тексерілген нәрселерді игереді. Оқу барысында студенттер химия ғылымының барлық мазмұнын игермейді, тек оның негіздерін игереді.
Оқыту-бұл білім, білік және дағдыларды студенттерге беруден, олардың білім мен дағдыларды игеру бойынша өзіндік жұмысын ұйымдастырудан, ғылыми дүниетаным мен мінез-құлықты қалыптастырудан, студенттерді қоғамдағы өмірге дайындау процесін басқарудан және басқарудан тұратын мұғалімнің қызметі.Оқыту-бұл мұғалім ұсынған немесе басқа жолмен алынған оқу пәнін игеруден тұратын студенттердің іс-әрекеті. Оқу процесінде келесі кезеңдер бар: студенттердің оқу материалын қабылдауы; осы материалды түсіну; оны есте сақтау; оқу және практикалық мәселелерді шешуде қолдану. Химия әдістемесінің ғылым ретіндегі жалпы міндеті-мектепте химияны оқыту процесін зерттеу, оның заңдылықтарын ашу және оны қоғамның талаптарына сәйкес жетілдірудің теориялық негіздерін жасау.
Химияны оқыту әдістемесі, кез-келген ғылым сияқты, өзінің теориялық негізіне, құрылымына, проблемаларына және тұжырымдамалардың күрделі жүйесіне ие. Химия әдістемесінің теориялық негізі оқушылар меңгеруі тиіс химия ғылымының негіздеріне қосымшадағы таным теориясы, педагогика, психология болып табылады[30]. Химияны ғылым ретінде оқыту әдістемесінің құрылымы оқу процесінің үш функциясының бірлігі тұрғысынан анықталады, ол қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес үш маңызды функцияны орындауы керек: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Осы функциялардың әрқайсысы ғылыми білімнің жекелеген салаларын зерттеу тақырыбы болып табылады. Білім беру функциясын дидактика, білім беру теориясы, даму психологиясы зерттейді. Сонымен қатар, ұғымдардың күрделі құрылымы химияның өзі болып табылады. Оқу процесінде барлық осы жүйелер мен құрылымдар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Бұл өзара әрекеттесу соншалықты терең, ол олардың өзара интеграциясына айналады-білімнің барлық төрт саласы туралы түсініктерді қолдана отырып, білімнің жаңа саласы пайда болады, бірақ сәл өзгертілген түрде. Бұл интеграцияланған ғылым-химияны оқыту әдістемесі.Химияны ғылым ретінде оқыту әдістемесінің мақсаты химияны оқыту процесінің заңдылықтарын анықтау болып табылады. Бұл бағыттағы негізгі міндеттер – зерделеу және оңтайландыру: оқыту мақсаттары; оқытудың мазмұны, әдістері, нысандары мен құралдары; мұғалімнің қызметі (оқыту); оқушылардың қызметі (оқыту). Химияны ғылым ретінде оқыту әдістемесінің мақсаты мектеп оқушыларының негізгі фактілерді, тұжырымдамаларды, заңдар мен теорияларды игеруінің тиімді жолдарын табу, оларды химияға тән терминологияда көрсету.
Химияны оқыту әдістемесінің алдында, кез-келген басқа ғылым сияқты, өз проблемалары бар.
1.Оқушыларды химияны оқытуда мұғалімнің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтау. Әдістеме ең алдымен сұраққа жауап беруі керек: орта білім құрылымында химияның міндеттері қандай, яғни орта мектепте химияны не үшін оқыту керек? Бұл химия ғылымының дамуы мен жетістіктерінің логикасын, оның тарихын, психологиялық-педагогикалық жағдайларын, сондай-ақ теориялық және нақты материалдың оңтайлы арақатынасын анықтайды[31]. Жалпы химиялық білім берудің мақсаты-әрбір жас адамның күнделікті және еңбек қызметінде пайдалану үшін де, одан әрі химиялық білім алу үшін де қажетті білім мен дағдыларды игеруін қамтамасыз ету.
2. Орта мектептегі химия курсының міндеттері мен оны оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарға сәйкес химия пәнінің мазмұнын таңдау және құрылысын салу. Бұл сұраққа жауап беруі керек химияны оқыту әдісі: нені оқыту керек? Химиялық білім берудің мақсаттары мен мазмұны оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, химия оқулықтарында белгіленген. Қоғамның тұрақты дамуы қоғам алға қойған талаптарға сәйкес білім берудің мақсаттары мен мазмұнын мезгіл-мезгіл қайта қарауға әкеледі.
3. Әдістеме оқытудың тиісті әдістерін әзірлеп, оқытудың ең оңтайлы және тиімді құралдарын, әдістері мен нысандарын ұсынуы керек. Бұл мәселені шешу сұраққа жауап береді: Қалай оқыту керек? Бұл мәселе, ең алдымен, химияны оқытумен байланысты. Оқыту-бұл студенттерге химиялық ақпаратты беруге, оқу процесін ұйымдастыруға, олардың танымдық іс-әрекетін басқаруға, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің іс-әрекеті.
4. Оқушылардың оқу процесін олардың тәрбиесі мен дамуымен бірге зерттеу. Әдістеме оқушылардың оқу және танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерінде тиісті ұсынымдар әзірлейді. Бұл мәселені шешу сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: оқушылар қалай оқуы керек? Бұл мәселе "оқуды үйрену" қағидасынан туындайды; яғни студенттерге қалай тиімді көмектесу керек. Бұл сұрақ студенттердің ойлауын дамытумен байланысты және мұғалімнен немесе басқа білім көзінен (кітап, радио, теледидар, компьютер және т.б.) келетін химиялық ақпаратты өңдеудің оңтайлы тәсілдерін оқытудан тұрады. Барлық осы проблемалар оқытудың үш функциясы тұрғысынан шешілуі керек: білім беру, тәрбие және дамыту.
Дидактиканың маңызды тұжырымдары, принциптері мен заңдылықтарына сүйене отырып, әдістеме химия пәнінің мектеп пәні мысалында дамытушы және тәрбиелеуші оқытудың маңызды міндеттерін шешеді, политехникалық білім беру және оқушыларды кәсіптік бағдарлау мәселесіне көп көңіл бөледі[32]. Дидактикадан басқа, химия әдістемесі химия ғылымының және оқу пәнінің мазмұны мен құрылымымен, сондай-ақ мектепте химияны тану және оқыту процесінің ерекшеліктерімен анықталатын нақты заңдылықтарға ие.
Химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады: нақты (тек химия әдістемесіне ғана тән), жалпы педагогикалық және жалпы ғылыми. Зерттеудің нақты әдістері оқу материалын іріктеуден және мектептегі химиялық білім беруді жүзеге асыру үшін химия ғылымының мазмұнын әдістемелік түрлендіруден тұрады. Осы әдістерді қолдана отырып, әдіскерлер белгілі бір материалды пәннің мазмұнына қосудың орындылығын анықтайды, химияны оқыту процесінде білім, білік және дағдыларды таңдау критерийлерін және оларды қалыптастыру жолдарын табады. Зерттеушілер оқытудың ең тиімді әдістерін, формаларын, әдістерін жасауда. Нақты әдістер химия бойынша мектептегі демонстрациялық және зертханалық тәжірибелердің жаңаларын жасауға және модернизациялауға мүмкіндік береді, статикалық және динамикалық көрнекі құралдарды, оқушылардың өзіндік жұмысына арналған материалдарды жасауға және жетілдіруге ықпал етеді, сонымен қатар химия бойынша элективті және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға әсер етеді.
Жалпы педагогикалық зерттеу әдістеріне мыналар жатады: А) педагогикалық бақылау; б) зерттеушінің мұғалімдермен және оқушылармен сөйлесуі; в) сауалнама; г) оқытудың эксперименттік жүйесін модельдеу; д) педагогикалық эксперимент. Сабақта және элективті және сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезінде химия кабинетіндегі оқушылардың жұмысын педагогикалық бақылау мұғалімге оқушылардың химия бойынша білім деңгейі мен сапасын, олардың оқу-танымдық іс-әрекетінің сипатын анықтауға, оқушылардың оқылатын пәнге қызығушылығын анықтауға және т. б. көмектеседі.
Әңгімелесу (сұхбат) және сауалнама сұрақтың жай-күйін, оқушылардың зерттеу барысында ұсынылған проблемаға қатынасын, білім мен дағдыларды игеру дәрежесін, алған дағдыларының беріктігін және т. б. сипаттауға мүмкіндік береді [34]. Химияны оқыту зерттеулеріндегі негізгі жалпы педагогикалық әдіс педагогикалық эксперимент болып табылады. Ол зертханалық және табиғи болып бөлінеді. Зертханалық эксперимент әдетте студенттердің шағын тобымен жүргізіледі. Оның міндеті-зерттелетін мәселені анықтау және алдын-ала талқылау. Табиғи педагогикалық эксперимент қарапайым мектеп жағдайында жүреді, ал химияны оқытудың мазмұнын, әдістерін немесе құралдарын өзгертуге болады.Оқыту әдістерін қарастырмас бұрын, органикалық химияның теориялық негіздерін оқыту әдістемесіне қысқаша тоқтала кетейік.
Теориялық білімді тереңдетумен қатар химия курсының тәрбиелік мәнін арттыруда оның дәлелдігі де үлкен роль атқарады. Оқу пәні жүйесінде тек химиялық құрылыс теориясы дәлелді түрде қарастырылып қоймай молекулалық кеңістік құрылысы мен химиялық байланыстың электрондық табиғаты да қарастырылады. Атомдардың өзара әрекеттесуі химиялық байланыс сипаты мен электрондардың ығысуы арқылы түсіндіріледі; ал электрондық құрылыс негізінде заттардың әрекеттесу қабілеті жайлы пікір айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |