Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ


Ыбырай Алтынсарыұлының дін негіздерін ұғындыру ұстанымы



бет22/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

2.2 Ыбырай Алтынсарыұлының дін негіздерін ұғындыру ұстанымы
ХІХ ғасырдың күрделі тарихи кезеңінде қазақ баласын оқыту, ұлттық ояну мүддесіне еңбек жасауға бар ғұмырын арнаған Ыбырай Алтынсарыұлының шығармашылық ғұмырбаянында заман ыңғайында қағаберіс қалып келген елеулі еңбегінің бірі «Шариат ул ислам» туралы кеңінен қозғап іргелі пайымдаулар жасауға кеңестік кезеңде екінің бірі тәуекел ете алмады.
Қазақ баласы үшін орыс қарпімен оқулық шығарды деп дәріптелетін ұлт ұстазының мұсылманшылықтың тұтқасы неде дейтін де оқу құралын әзірлеп, баспадан орыс қарпімен шығар дегендерге « қазақ баласын үркітіп аламыз» деп уәж айтып, өз дегенімен араб жазуында 1884 жылы шығарған бұл еңбек ислам негіздерін оқытудың батыл бастамасы болды.
«Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегін жазуға өз заманының екі түрлі жағдайы себепші болған. Біріншісі: Ыбырай ашқан мектептерде сол кездің талабы бойынша міндетті түрде дін сабағы өтуі тиіс еді. Әрине, бұл талапты орындауда да Ыбырай ағартушылық бағытынан жаңылмай, ислам дінінің мән-мақсатын таныстыра отырып, негізінен адамгершілік тәрбиесі мәселесіне баса ден қойған. Мұнысы үшін кезінде бұл кітап «... балаларға ислам дінінің «ақиқаттығын» дәлелдейтін негізгі түсініктер бере алмайды» ден сыналған болатын (ЦГА ТАССР.Ф.93. арх. 373. Т.1891. б.21)» [83,б. 6].
1884 жылы жарық көрген бұл жинақ орта ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінде дәстүр жалғаған, жалпы мұсылман баласының әр істің бастамасында Аллаға мадақ сөз арнап барып кірісу шартында «Бисмиллаһи-р-рахмани-рахим-Қайыр-рақымы мол Алланың атымен бастаймын!» деп ашылады.
1991 жылы араға 1 ғасырға жуық уақыт салып баспадан қайта шыққан бұл еңбектің діни ұстаным, исламдық негіздер бойынша түзілген мазмұн-мәні осы уақытқа шейін де толыққанды ашылып айтылмады деуімізге болады.
Ыбырай Алтынсарұлының екі жақты қысымда, бір жағынан орыс миссионерлерінің қазақтарды шоқындыру саясатын мығым орнықтыру ісінде Ыбырай Алтынсарыұлы сынды жергілікті ұлт жағдайын да, орыс білімін де жақсы білетін тұлғалық қасиеті зор адамды өз пайдасына жұмыс істету ниеті, екінші жағынан туған ұлтының азаттық, теңдігін көксеген түпкі арманын түсінбей, балаларымызды шоқындырайын деп жүр деген сенімсіздігі жағдайында бір өзі бір Білім министрлігінің жұмысын атқарғандығы тұрғысында Ыбырайтануда жан-жақты тарихи маңызымен танылып, табанды тұлғаның ұлттық ағарту ісіндегі өлшеусіз еңбегі тарихи-әлеуметтік ауқымда әлде де толық игеріліп, ашыла қойған жоқ.
«Шариат ул-исламды» оқып отырып осыншалықты ыждаһатпен ислам негіздерін сіңіруге құштар болған тұлғаның ондаған жылдар бойы «шоқыну» дейтін жат ұғымға телініп, көп жылдар туған ұлты «шошына» қарап, қазіргі уақытта да ара-тұра осындай пікірлер қозғалып қоятыны – өкінішті болса да ғасырлар бойы түп-тамырын үзіп келген қазақ ұлтының бір қасіреті.
Еңбек Алланың құдіретін баяндаудан басталады. «Қанша мақтау бір Құдай табарак уа тағалаға лайық. Ол лайықтығында ешбір зат, мақұлықта теңдесі жоқ. Бұл – үстіміздегі шеті-шегі жоқ көк, күндіз болса дүниені жарық етпек күн, кеш болса күлімсіреп тұрған ай, жұлдыздарменен, бұл – дүнианы айналып жатқан шеті жоқ мұхит, теңіздері һәм таулардан таза жауһардай жалтырап аққан өзендері, ішінде неше алуан мақұлықтар, балықтарыменен, астымызда біздің дүниамыз атанған жер – қазып қарасақ астында алтын, күміс, мыс, бақыр темірменен һәм үстінен қарасақ алыстан тұманданып көрінген, ішіне кірсең жапырақтары жайқалып дүниаға хош иістер жайған биік орман ағаштар, алуан-алуан жеміс шешектеріменен желкілдеп шыққан неше-неше түрлі көк шөптер, гүл-жапырақтары һәм неше алуан дәмді дәру кәм тамақ болатын тұқымдарыменен, мәселен, бидай, тары, алма, жүзім рәуішті, қырда, орманда, теңізде неше-неше түрлі жаратылған алуан-алуан мақұлықтар өрмелеген тышқаннан бастап, таудай биік пілдерге шейін, кішкентай ғана құрт шабақтан бастап, ұзын бойы он саржан, ауырлығы жеті-сегіз мың пұттаған балықтарға шейін, кішкентай ғана шымшықтан, сайрап тұрған сандуғаштардан бастап, қой мен бұзауларды аспанға алып ұшуға жарайтын бүркіттерімен соншама зат, мақұлықтың бәрін де Құдай берген ақыл-хайламенен жинап алып, өз пайдасына жаратып, неше түрлі һәм неше жүзу, һәм мың түрлі патшалы, патшасыз жұрт болып тұрған адамзаттар – мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір Құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық-қадір екендігіне дәлел болса керек. Оның үшін мұншама ғажайып ойлап, ақыл жетпейтін естір һәм зат мақлұқтар бір Құдайдың бұл деген жалғыз бұйрығымен болғандар» [83,б. 8].
Әрі қарай Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с) мақтау айтылып, адамзат алдындағы, ислам дінін орнықтыру бойынша ғұмыр ғибратына тоқталады. «Адамзаттың қараңғы надан уақыттарында от пен суды һәм қолдан істеген ағаш суреттерді құдай деп біліп, адал-арамды бұзықтық пен түзіктікті танымай бәлкі айуан қалпында жүрген замандарда Құдай тағала бұйрығыменен пайғамбар болып келіп, адамзатқа түзу жолды үйретіп, шын Құдайын танытып, шын діннің һәм дүнианың ғылымдарын көрсетіп беріп еді» [83,б. 8].
Кітапта бұдан әрі қарай Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) Алланың сөзі – Құран шарифті жеткізу, насихаттау, шариғат жолымен жүріп ғұмыр сүруге баулу бағытындағы рухани миссиясы туралы баяндалады. Осы кітаптың жазылу себебі былайша түсінідіріліп өтеді:
«Мұның соңында бұл кітапты жазып шығарған себебіміз әркімге мәлім Кәләм шариф һәм үлкен ғылыми кітаптар араб тілінде жазылулы. Араб тілін әркімге білмек һәм қиын, һәм көп қара халыққа мүмкін де емес. Мұнан ғайра және сөздері де не араб, не парсы тілінде болып, әр жұрттың лұғаты бөлек болуынан көп оқымаған адамдар аят хадисте бұйырылған һәм әр мұсылманға керекті қысқа ғылымдарды да білуге қадыр бола алмады. Арабтың тілі сөзге байырақ һәм қошырақ болуынан һәм пайғамбарымыз араб жұртынан болуы себепті арабша Кәләм шариф араб тілінде еніп ол тілді білмек мұсылмандарға парыз кифайа болса да, бір халықтың ішінде араб тілін бір адам білуменен де ол халықтың мойнынан парыз түседі. Соның үшін намаз ішінде яки Құран аяттарын һәм арабша дұғалардың мағынасын да қай тілмен оқыса да дұрыс десіпті (Бұл ұстанымның нендей негізге сүйеніп айтылғандығының түпдерегі (источнигі) көрсетілмеген – Э.С.).
Еңбек мәтінінде, мазмұнында қолданылған діни мазмұнды 252 сөзге кітапты 1991 жылы шығарушылар қазақша түсінік берген. Бұл сөздердің қолданыс мақсаты, терминдік маңызы кейінгі сөздіктерде қаншалықты ескеріліп жүргендігі арнайы қарастырылса жөн болар еді.
«Сонымен бірге араб сөздерінің тілімізге қалай кірігіп, белгілі бір мағынаға ие болуы, діни терминдердің қалыптасуы сияқты кезеңдік мәні бар процесте де Ыбырай еңбегінің тарихи маңызы бар» [83,б. 6].
Кітаптың 1884 жылғы Алғы сөзінде ислам мәнісін білу әрбір мұсылманның парызы делінген. Осында Ыбырай Алтынсарыұлы «бір халықтың ішінде араб тілін бір адам білуіменен сол халықтың мойнынан парыз түседі. Намаз дұғаны қай тілмен оқыса да дұрыс десіпті» деп отырғанда, бұл тоқтамдарға толықтай ұйып, мақұлдап отырмаған. «Әлгі рәуіште мұсылманшылықтың шартын ел ішінде молдалары біліп бөтендері білмегенмен бұл білмегендердің мойнынан парыз түспейді. Парыз түсу түгіл бұл мұқтаж шарттарды білмеген кісі мұсылман да болмайды. Құдай тағала өзі сақтасын, соның үшін бізбен қатар татар, түркі уа ғайри халықтар аят хадистің мұқтаж, керекті бұйрықтарын өзі тілінше көшіріп, түсінетін кітаптар шығарып, діннің ғылымын жұрттарына жайды. Бірақ біздің қазақ тілінде әркім түсініп оқып немесе біреу оқыса тыңдаған қара халық түсініп отыратын бір де кітап жоқ. Сол себептен жалғыз кітап таныған молдалар болмаса көп қара халық өзінің діні не екенін де кәміл түсінбейді. Хатта көп адам осы қалыпша кәпір болып та жүрген шығар. Мұны көріп біз, фақыр Қыпшақ руының Ибраһим Балғожа би ұғлы, қарындас халқымыз қазақ жұртына пайда келтірмек ниетпен һәм қараңғы туғандарымызды түсінікті тілменен өзінің дінін түсіндіру үшін бұл кітапты жазуға кірістік. Құдай тәбәрәк уа тағала қайырлы еткей еді, Әмин! Ей, екі дүниенің иесі – Құдайым, әр пенденің ниет-пиғылы бір өзіңе белгілі-ді [83,б. 10].
Алғы сөзде дүниенің жаратылуы, Алланың барлығы, бірлігі, Құран шариф, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) хадистері, мұсылманның парызы туралы қысқа-нұсқа баяндалып, осы кітапты жазу барысында пайдаланылған еңбектер, дереккөздер туралы да ақпарат беріліп өтеді. Кітапты жазуда Ыбырай Алтынсарыұлы дін ілімін игерген мамандарға жүгінген. Мүлт кетуге, төтелей баяндап өтуге болмайтын мұсылманшылықтың түпнегіз, тұрақты шарттарын діни сауатты адамдардың біліктілігіне сүйеніп отырып мазмұндауға деп қойған, бұл жұмыстың міндетті жауапкершілігін көтеруді өзіне парыз, борыш санаған.
«Бұл кітап ішіндегі бұйрықтар қайсысы аят-хадистен, қайсысы шаһар Петербургке имам Жамиғ мулла Аталла бен Баядид есімді молланың әр кітаптардан жинап шығарған «Ислам» деген кітабынан һәм мұнан ғайри зор ихтибарлы кітаптардан қаралып, неше-неше рет саналып, теңдестіріліп жазылды. Оқығандар хайр дұғаларынан қалдырмағай еді» [83].
Ыбырай Алтынсарыұлы дін-қарындастарына кемел мұсылман болатынымызды білуіміз керек, мұсылман болу мұсылмандарша киініп, мұсылмандар арасында жүргендіктен болмайды, әуелі иманды болып, иманның не екеніне түсініп, иман ішіндегі сөздерге шексіз иланған кісіні мұсылман деп атайды. Иманнан соң дін ғылымы. Құдай тағала пенделеріне екі жол көрсетті: бірі – дұрыс дегені, екіншісі - тыйым салғаны. Дұрыс пен жүрсең ұжмаққа барасың. Бұрысы - тамұқ. Ықтиярды Құдай адамның өзіне қалдырған. Осы ек жолды түсініп, игеруді дін ғылымы деп атаймыз. Иман яки дін ғылымы бойынша іс істеуді амал деседі. Амал көңілмен-ниетпен, дінмен – дәрет алып, намаз оқу сынды атқарылады. Әрбір жақсы амалдың түбі – иманнан – инанудан. Имансыз жасалған жақсылықтың пайдасы болмайды.
«Осыларды ойлап-ойлап қарап, бұл кітапты үш бабқа немесе бөлімге бөлдік. Әуелгісі – иман мәнісін айтатын баб, екіншісі – сыртқарыға, әркімнің көзіне көрінетін амалдардың турасында, мұны арабша амал зақир деп атайды, үшіншісі – көңілдегі жақсылық, жамандық ниеттер турасындағы баб, мұны арабша ахлақ деп атайды. Біздің басқа да үйренушілерге қашанда иман мен дін мәнісін осы ретпен үйретерге керек. Бұлайынша үйреткен, мәселен иманнан бұрын намаз, ораза мәнісін үйретугі кісі мулаһар болар, бәлкім күпірлік қауіп бар деген сөз бар» [84,б. 11].
Ыбырай Алтынсарыұлны «Шариат-ул-ислам» кітабында діннің жөнін дұрыс ұғындырмады деп сын айтылғандығын кітапта 1991 жылы «Қазақстан» баспасынан қайта шығарған Ақселеу Сейдімбек ескертіп өтеді. Ниеті түзу Ыбырай Алтынсарұлы мұсылмандық шарттарын дін ілімі жөнінен ауытқымай ұғындырудан гөрі жалпыға ұғынықты тілмен баяндауды жөн көрген деп ойлаймыз. Алланың құдіреті, ол жаратқан дүние ғаламаттары туралы сөз басында бейнелеп, қазақы ұғымға оңтайлы баяндап отыруы да осыған меңзейді. Өзі тоқталып отырған үш бөлімде баяндау стилінде діни білім бағытындағы қысқалық, нұсқалық, дәлдік, нақтылық сақталған.
Әуелгі иман турасындағы бапта иманның мағынасының екеу екендігі туралы сөз бастап, әрі қарай дін іліміндегі түсінігі, ғылыми интерпретациясы мазмұндалады. Алғы сөзде қағаберістеу қалды дейтін мұсылмандық шарттары енді нақты баяндалады. Бұл тұста Абайдың қара сөздеріндегі, Шәкәрімнің кейіндеу, 1912 жылы жарық көрген «Мұсылманшылық шарты» еңбектеріндегі мазмұн, ислам дінінің қағида, шариғаттарының негізгі ұстанымдары мазмұндалған.
«Иманның екі мағынасы бар: бірі – тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз – әркім тілмен айтып растамақ мәселен, мұсылманшылығымызға бас куәлік сөзіміз немесе араб тілінше шәһәда (тун) – иманымыз ашһаду ал лә иләһа иллә алла уа ашһаду анна мухаммадан абудһу уа расулуһу болса керек. Яғни «куәлік беремін: жоқ-ты бір Құдайдан бөтен құдай және куәлік беремін, Мұхаммед оның құлы һәм елшісі екендігіне» деп шариғат мағынасы растағанды ол иманды көңілмен растамақ. Бұл растамақ дегеніміз «жалғыз Құдай тағала бар, Мұхаммед Хақ пайғамбар деп айту ғана емес, пайғамбарды хақ деп болып һәм ол пайғамбарымыз алайһи-с-саламның Алла тағала жанбунан алып келген қанша парыз бұйрықтары болса, мәселен, намаз, руза реуішті, осылардың бәрін де тілмен рас деп айтып һәм шын көңілмен растығына сенбек» [83,б. 22].
Ыбырай Алтынсарыұлының бұл кітабында иманның үші түрі – иман тахқиди, кәміл иман; иман истидләли – Алланың барлық, тірлігін растау; иман тақлиди – Аллаға ата-баба жолы ғой деп иман келтіру.
Құран кәрімдегі «иландым Алла тағалаға, һәм періштерлеріне, һәм кітаптарына, һәм расулдарына, һәм ақырет күніне, жақсылық-жамандық Алла тағаланың тағдырынан екеніне, һәм өлген соң тірілмегімізге деп илануды, нақли дәлел, ақли дәлелдің жайын нақтылы жеке иман келтіру шарттары бойынша тарқата түсіндіреді. Алланың бір екендігіне, Жаратушы ие екендігіне, Алла тағаланың періштелеріне, Алла тағаланың кітаптарына, Алла тағаланың пайғамбарларына, ақирет күніне, жақсылық, жамандық Алладан деп илану, Алла тағаланың сифат субутия деген жеті сипаты туралы сөзінің дін негіздеріне сүйеніп айтылып отырғандығын ұдайы оқушысына ескертіп отыруды парыз деп білген бұл еңбектің сол дәуірде қазақ арасына қаншалықты тарағандығы тұрғысында, өкінішке қарай, мағлұмат жоқтың қасы. Ыбырай Алтынсарыұлының ғұмырбаянын, ағартушылық еңбегін, шығармашылық мұрасын зерттеу негізінен кеңестік кезеңде бел алды да, бұл мәселе, исламият іргетасына қатысты сүбелі еңбегі ғылыми айналымнан тыс қалды.
«Енді, ей, дін қарындастарым, бұл пайғамбарымыз бен пайғамбарымызға жақын-жақсылардың бәрі де тынбай жүріп дүние һәм ахиреттің ғылымынан үйреніп һәм халыққа неше түрлі кітаптар, үлгілер қалдырып кеткен болса, бізге де жалқаулыққа салынып ешнәрсені білмей жүруіміз, әрине, адамшылығымызға лайық емес сол бұрынғылардың мысалына қарап сөздер һәм әрбір пайдалы ғылымдарды үйреніп білмекке иждиһад етуіңіз лайықт» [83,б. 22].
Ыбырай Алтынсарыұлы Пайғамбарымыз (с.а.с) айтқан, Хазірет Әли айтқан, ғылым мен ақыл жас жігіттің алтын тәжі, суын ішкен де араманда, ішпеген де арманда шалқар дария деген деп, көбірек оқып, көбірек үйренуге ынтықтыра баяндайды. Наданнан жаман болмас деп ескертеді.
Екінші баб амалдар туралы, пенденің шариғат бұйрығын орындауы туралы. Парыз, уажиб, суннат, мустахаб – Алланың бұйырған істері; харам, макруп тахрими, макруһ танзиһи – тыйған істері жөнінде баяндалған. Зор міндетті бес парыздың жайы, жөні ұғындырылады. Иман, намаз, ораза, зекет, хаж тұрғысында ислам тарихынан деректер мысалдар келтіріліп отырып, кең сөз қозғалған.
Үшінші баб ахлақ туралы, адам мінезі жайлы баяндайды. Аят пен хадисте келтірілетін жаман мінездің алпыс түрлі екендігі, мұның түп негізі жеті түрлі мінез болатындығы айтылады. Куфар, биуғат, кубр, рия, хасау, бухл, исраф – арабша атаулары. Бұған қарсы жақсы құлықтар сегіз түрлі болмақ. Олар да жеті түрлі мінезден шыққан дейді. Ахлақ хамида. Куфрлікке қарсы – иман, диддуи, бидғатқа қарсы – самғия, рияға ихлас, кубрге қарсы тауадуғ, хасадқ қарсы-тауадуғ, хасадқа қарсы – насихат, бухлаға қарсы – сахауат, исфарқа қарсы – машруғ. Қазақша мағынада ұғымдары тарқатып айтылып, кең түсінік беріледі. Иманы жоқтық, сараңдық, тәкаппарлық, күншілдік, ғайбат, бұзықтық, ысырапшылдыққа қарсы жақсы мінездер туралы ұғындырылады. Дүниедегі амал, екі дүниенің мысалы, жақсы мінезді болу игілігі жайлы баяндалады. Төртінші баб намазда оқылатын дұғалардың қазақша мағынасын ұғындыруға арналған.
Бұл еңбектің дін негіздерін, шариғат бойынша атқарылатын амалдарды араб тіліндегі айтылуы мен қазақша ұғымын қатарластыра беріп отыру әдістемесінде, сол дәуірде тілдік қорға енген дін терминдерін қалпынша орнықтыру бағытындағы ұстанымында, кезеңнің тарихи әлеуметтік-рухани болмысын айқындауда елеулі маңызы бар. Құран аяттарын қазақшалауындағы нақтылық, ұғымның айқындығы назар аударады.
Ыбырай Алтынсарыұлы осы еңбегінде жан-жақты тұлғалық қасиетінің және бір танымдық, тағылымдық мәні зор ғылыми – дін ілімін игеру, интерпретациялау әлеуетімен де тұлғаланады. Толып жатқан дін негіздеріне, дін тарихына қатысты ұғым, қағидаларды, жеке сөз қолданыстарды оңтайлы, ұғымға қонымды әдіс-тәсілдермен танымға сіңіреді. Дін ілімі тұрғысында бай мазмұнды таным қалыптастыратын еңбекті құрастырып жазып шығу өнегесі кейінде Абайдың қара сөз жанрына, Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» еңбектерінің жазылуына түрткі болды.
Ресей империясы қолтығында күн кешкен Ресей мұсылмандары үкімет тарапынан қилы саяси әрекеттер жасалуы себепті діни таным қалыптастыруда көп қысым көрді. Исламның тұрақты тұғырларын мемлекеттік мүдде тұрғысынан қилы өзгертулермен де сіңіруге, қалыптауға да ынталы болғандығы тұрғысында кейінгі кезеңде бұлтартпайтын деректі құжаттар айналымға түсті. Соның ішінде бір ескеретін мәселе жымысқы саясаттың діни мазхабтар бойынша исламға реставрация жасау бағытындағы бұрмалау сияқты. Ыбырай Алтынсарыұлының Петербург имамының еңбегін пайдадандық деген дерегі түп ізіне түсіп зерттеуді қажет ететін бір факт. «Ислам» атты жинақ кімнің мүддесінде жарық көрген? Татар ағайындар тарабынан «Шариат-ул-исламға» айтылған сынның нендей астары, айтары бар? Ислам тарихын зерттеушілер, Қазақстандағы ислам дінінің тарихын, таралуын ғылыми, тарихи негізде саралаушы мамандар ескеретін мәселе. Бұхара жағы мен Қазан жағының діни ағартушылық, дін тарату миссиясындағы айырма, ұқсастықтар баяғытында да нақтылы саралаулар қажет. Қазақ жері әлемдік ислам өркениетінің қайнарларынан қанып ішкен, ұланғайыр кеңістікті алып жатқан үлкен ел. Исламдық ұстанымдарда сопылық ағымның жай-жапсарына көбірек көңіл бөлініп, зерттеулер жасалып жүр. Түрлі діни ағым, ұстаным, мазхабтардың ұлт руханиятында қалдырған айғақты таңбалары қандай? Әдеби мұрада айырым, айырма, жік түскен діни ұстаным фактілері байқала ма? Бұл да – келешек уақыттардың, дінтану ғылым жетістіктері негізінде жалғасатын зерттеушілердің еншісі. Ыбырай Алтынсарыұлы алғаш рет өз уақытындағы діни лексиканы қазақ тілінде хатқа түсірді. Бұл да ұлт ағартушысының ыждаһатпен, елеулі мақсатпен, ұлт мүддесі үшін атқарған зор еңбегінің бірі.
Табарак уа тағала, халық қадір, асхаб, мужтахид, кәләм шариф, жамиғ, ахлақ, мумин, шәһәда, иман тахқики, уажиб, мизан, ләухун-махфуз, такуин, тукр ибудат, ухуд соғысы, Масжид Харам, Бейтул мұқаддас, миғраж, ражаб, шаһарияр, ғулама мужтаһидин, суннат, мустахаб, макрук тахрими, мубах, закәт, хаж, сауаб, ғид, азан кәмат, тоба насух, ғисл, ғусл, масх, такбир, қиям, рукуг, салауат, ғузр, хутба, сана, хафия, наффарат, миским, ғазат, қайим келтіру, хамр, азали құдреті, хашарат, куфр, кубр, хасад, бухл, уайл, уасуаса, т.б. 252 діни ілімдік сөз қорын айналымға тартып отырып баяндау, діннің тілдік негізіне сүйену әдістемесі осы бағыттағы танымдық ғылыми әдебиеттің қалыптасу алғышарттарының бірі болды.
Ыбырай Алтынсарыұлының 1884 жылы Қазан баспасынан жарық көрген «Шарият ул-ислам» кітабын экзегетикалық мұраттар ауқымында танытып, жеткізуді көздеген мақа­ласыда Ш.Қ. Сәтбаева «ағартушылық» атауын жиі қолданады. Әрі ағартушылықтың дін негіздерін ұғындыру бағытындағы сипатын да ашып отырады. Алайда кезеңдік қалыптар бойынша діни ағартушылық «айыпты» шығармашылық тұлғаларға таңылған лақап болған­дықтан, бәлкім басқа да ықпалды себептерден «діни ағартушылық» деген ұғымға бармай­ды, бірақ ұғым түзуінде бұл мәселе ап-айқын айтылған [84,85].
Мұсылмандық ағартушылық мұраттардың әлемдік ауқымдығы бой көрсетуінің нақтылы Қазақстан жағдайына қатысты зерттеу бағыттарының түзілген нәтижелерінде назар аударуды қажет ететін маңызды пайымдаулар бар. Осында біржақты танылып келе жатқандығы тұрғысында зер салуды қажет етіп отырған құбылыстар да бой көтереді.
«Бірақ ислам дінін тарату, мысалы, біздің түрік халықтарының болмысы мен намысын аяққа таптатып жүрді дегенге нану қиын. Қазақ әдебиеті тарихы исламды даттаған бірде-бір әпсананы, дастанды, хикаятты білмейді (біз әдейі араб негізді әдеби терминдерді қолданып отырмыз). Бірінші, жүйесіз мәжуси мен дүниеге көзқарасы бар жүйелі дінді салыстырыңыз. Екінші, «табиғатты тыңда» деген түсінік пен «ағар, оқы, тазар» деген түсінікті салмақтаңыз. Дені дұрыс адам дін мен ағаруды қалайтындығына дау болмаса керек. Руханият мәселесінде Үндістанды буддизмнен, Ресей православ дінінен, Германияны католик дінінен, Израил халқын иудаизмнен бөлек қарау ғылыми танымға жат. Бұл мәселеде, айталық, еврей халқы иудаизмді – ұлттық идеологиямыз деп есептейді, тіпті ХІХ ғасырда оларды (АҚШ пен Батыс Европада) дін мен жаңа өмір заңдылықтарын біріктірген интеллектуалдық Хаскана (ағартушылық деген мағына береді) аталынатын концепциясы болғаны белгілі [119, б.141]. Бұдан ол ұлт жеңбесе, ұтылған жоқ [118,б. 64].
Қазақ даласына дін жайылуының бірнеше тарап арқылы жүргендігі тұрғысында исламдық өркениеттің Түркия арқылы орнығу факторлары ХІХ ғасырда жаңа бір серпінге ие болғандығы тұрғысында да арнайы, кең, кешенді зерттеулер жасалып келеді деп айтуға да тартынатын жайларымыз бар.
«ХІХ ғасырда халықтар арасында «Исламды туғызған – Арабия, таратқан – Түркия» деген сөз айтылғаны мәлім. Бұл енді Осман империясының басына қонған бақты меңзеу болғанымен, негізгі «жаңа әлемдегі» Түркияның орнын бағалаудан туған сөз сияқты. Қазақ зиялыларымен аралас-құралас болған, кейін Алла ғұмыр бұйырып естелік жазған башқұрт қайраткері Зәки Уәлида Тоған былай жазады: «Ағам Стамбулдан алдыртқан кітаптарды құныға оқушы едім. Осылайша, шамамен 16-18 жасымда ғылым мен діннің байланысы туралы Стамбұлда басылып шыққан Эрнест Ренен, американдық ғалым Д.В. Дрепер, неміс Шопенгауэр, мысырлық Мұхаммед Абдо мен Фарид Ваджи еңбектерімен таныстым. Бұлардың біразы ислам қоғамтануына қатысты ізденген еді» [88,б 28]. Егер Зәки Уәлиди мен қазақтың бірқатар зиялылары ортақ ғылымдық және білімдік кеңістікте өмір сүргені рас болса, М.Абдо сынды реферматорлар еңбегі соңғылардың қолына тимеді деу қисынсыз (мысалы, Ғ.Қараш оны оқыған)» [118,б. 69].
Әрбір мұсылман ижтихадқа (ойлауға, сындарлы пікір білдіруге, ашықтыққа) ие (Ш.Маржани). Әл-Маржани Париждің Сорбона университетінде оқыды. Осыған шейін Воронеж бен Мәскеуде, біраз уақыт Стамбулда оқыған болатын. Оның еңбектеріне табан тіреген Исмаил Ғаспралы Тунис, Египет, Афины, Стамбул жолдарында ізденіс пен тәуекелге бел буып, Ресей мұсылмандарының жаңа дәуірдегі ағартушы көшбасшы тұлғасы болып қалыптасты. Ресей мұсылмандарының ағартушылық, азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі Исмаил Ғаспралының «Тәржіман» газетасы туралы Джамал Валиди ХХ ғасырдың 20 жылдарында былай жазды:
«Его газета издавалась 1-2 раза в неделю в небольшом формате и в небольшом количестве экземпляров, но действие, производимое этим маленьким было в тысячу раз важнее русского «Нового времени» или какого-нибудь английского гиганта, вроде «Таймса». Прошло несколько лет, и уже плоды его усердной работы вырастали на его глазах. Под влиянием «Терджимана» открывались в разных концах России масса новых школ, много благотворительных учреждений, начинались литературная деятельность. Мусульмане Росии посредством «Терджимана» ознакомлялись и сообщались друг с другом и осведомлялись о том, что соврешается во всем культурном мире. Газета побуждала, иных к соврешенствованию своих знаний, иных к общественной работе, а иных к литературной, иных к педагогической деятельности, и не прошло десятка лет, как Гаспринский нашел себе сотни сторонников, которые развивали и распространяли идеи великого учителя» [90, с. 255].
Исмаил Гаспралының түрік әдеби тілін түрік әлемін тұтастыру мүддесіне қару еткендігі жайында да айтылады. ХІХ ғасырдағы Ыбырай Алтынсарыұлы, Абай Құнанбайұлы, Абайдың ақын шәкірттерінің қазақ жазба тілінің тазалығы үшін еңбектенуінің тарихи алғышарттары әлемдік ауқымда жандана түскен ұлт оянушылығы, ұлттық мүдделер тоғысында да бағаланады. Ыбырай Алтынсарыұлының ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан былайғы мектеп ашу жұмыстарымен қоса-қабат ағартушылық мұраттар мүддесінде жүргізген, атқарған қырауар шаруасының көпшілігі бүгінгі ұрпақ үшін әлі де толық танымаға тартылмай келеді. Ыбырай Алтынсарыұлының Исмаил Гаспралы өнегесінде, тарихи-әлеуметтік қажеттілікте «Қазақ газетасы» атты қолжазба газет шығаруға қолға алғаны, өкімет тарабынан рұқсат ала алмағаны туралы мәнді деректер – осы тарихи тұлғаның шығармашылық ғұмырбаянында ескерілуі тиіс елеулі фактінің бірі. Бұл талпыныс Ресей қол астындағы қазақ халқының озық өкілдері орнықтырып дамытқан ұлт азаттығы жолындағы ағартушылық еңбектің мән-жайынан хабар береді.
Қазақ өмірінің белгілі бір тарихи кезең шындығындағы қалпы қажет еткен нақтылы шаралардың жандану үдерісі Ыбырай Алтынсарыұлының қайраткерлік ғұмырымен сабақтасып жатқан жеке мәселелерде де айқын көрініс тауып отырды.
«Гаспринский был хороший мастер слова, им был выработан особый стиль турецкого языка, отличающийся от языка константинопольских литераторов своей простотой, краткостью и ясностью. Это был тот самый язык, при помощи которого Гаспринский мечтал объединить весь тюркский мир. Его вера в осуществление этой мечты была непоколебима. Вера это поддерживалась и тем фактом, что его газета свободно читалась как в Крыму, так и в Константинополе, в Ташкенте, в Баку и в Казани» [90,с. 255].
Исмаил Гаспралы түрік тілі түркі тектес халықтардың ортақ тілі болса деген мақсат ұстанғанымен, кезеңдік тарихи ахуал бұл бағыттағы тілдік саясат, тілдік ұстанымның жеке ұлттар мүддесінде орнығуына алғышарттар туғызып отырған еді.
Оқшаулану осы кезеңнің тарихи қажеттілігі болды. Бұл тұрғыда Джамал Валиди дәуір шындығы негізінде саралаулар жасайды.
«Спор о языке, продолжавшийся неколько лет, был ремен в пользу самостоятельности четырех тюркских наречий – волжского, киргизского, среднеазиатского (джигатайского) и османского. Решающее значение имели здесь не теоретические доводы, а жизненная практика и суровая необходимость. Самый важной и неотложной задачей перед возрождающейся мусульманской интеллигенцией стояло распространение начального образование среди широкой массы демократии, к чему побуждали не только голая идея служения народу, но и поддержка существования самих этих литераторов, тем более что не имелось правительства, которое покровительствовало бы им, и не было широкого слоя привилегированных и силами которой можно было создать более или менее сносную литературу, а средством к этому мог служить только народный язык» [90,б. 256].
Адамзат дамуының жаңа тарихи жағдайындағы түркі жұртының, жалпы мұсылман халықтарының «көштен қалып», есесі кетіп отырғандығы алаңдатып өткен Исмаил Гаспралы мақсатты түрде әдеби шығармалар да жазған болатын. Оның дүние бұзылып жатқан уақытта да ірі мұраттарды, баянды құндылықтрды көзден таса етпегендігі осы әдеби шығармаларынан да көрініс тауып отырды.
«Тәржіман» газетінде ұдайы жариялап отырған Ғаббас молда атынан баяндалатын оқиғалар жаңа тарихи кезеңдегі ислам ұстанымдарын өзек ететін. Осындағы саяхатшы кейіпкер молда Ғаббас туралы айтып, Исмаил Гаспралы замана ауқымындағы ислам проблемаларын күн тәртібіне шығаруды көздейді.
«Мулла Габбас, будучи родом из Ташкента и получившии там Мухаммединское образование, стал путешествовать по Европе и видя благоустройство западных стран, пришел к тому заключению, что истинное учение ислама, оказывается, теперь применяется к жизни не у самих мусульман, а у христианских народов Запада. Проезжая, например, по великолепному шоссе, он видит в этом создании культуры не что иное, как осуществление слов Мухаммеда, который говорил: «Вера имеет 76 ветвей; самая верхняя из них – священные слова «ла илаха илла аллах», а самая нижняя – очистка дороги предметов, мешающих свободной ходьбе и езде» [90].
Бұл молда Ғаббас айтатын ертегілердің барлығында да мұсылмандық арқау, астар мазмұндалатын.
Испандықтар жеті ғасыр бойында мұсылман халифатының құрамында болғанды туралы әңгімесінде де молда Ғаббас сан тарихтан хабардар етеді. Парижде араб саудагерлері айтқан әңгімедегі мұсылмандық құндылықтар туралы әңгімені Ғаббас молда елжіреп еске алады.
Афина асып кеткен мавритандықтар, олардың жер асты елі туралы әңгімеде Испаниядағы Гранада қаласындағы «Аль-Хамра» сарайы туралы айтып береді.
«Для того» чтобы получить некоторые предстваление о степени культуры этих мавров, мы приведем следующее сообщение нашего путешественника: эмир страны блаженства, говорит мулла Габбас, сидя на своем кресле перед громадным зеркалом, наблюдает все то, что совершается на всей территории, находящейся под его владычеством, так как зеркало устроено так, что в нем отражается в уменьшенном виде вся страна. Население ее не имеет понятия о конвертах, письма посылаются в незапечатонном виде, так как никто не поволяет себе читать чужие письма.
... Народ крайне религиозен, аккуратно добровольно исполняет все предписания ислама, но это не мешает ему быть высоко культурным. Оказывается, что между культурой и религией не существует никакого противоречия» [90,с. 260].
ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында еуропалық капитализм мұсылмандық шығысты тұтастай құрсауға алған болатын. 1830 жылы Франция Алжирді, 1833 жылы Англия Аденді алды. 1861 жылдан кейін Үндістанға Англия қармақ тастады. Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдары бастап алынды. Орта Азияға Ресей қолы енді еркін жетті. 1878 жылғы соғыстан кейін Түркия бұрынғы ықпалдан айрылды. Бірталай жерлерінен айрылды. Тунисті 1881 жылы француздар басып алды. Осы тұста Исмаил Гаспралының «Ресей мұсылмандары» атты еңбегі жарық көреді. Еуропалық басқыншылыққа қарсы Шығыс халықтарының күресі де осы кезеңде бастау ала бастаған еді.
Ресей мұсылмандарының мүддесін қорғау бағытындағы іс-қимылдар басталған бұл кезеңде Үндістан, Иран, Мысыр сияқты ірі Шығыс мемлекеттерінде елеулі діни-ағартушылық, ұлт-азаттық қозғалыстар жүріп жатқан болатын. Бұл жағдайларға қатысты Ғ.Ғұбайдуллин Исмаил Гаспралы ұстанымдарымен сабақтастырып, жан-жақты зерттеу жүргізеді. 1929 жылы жарық көрген бұл еңбекте автор Ресейдегі мұсылмандық ағартушылық қозғалыстың тарихи алғышарттары туралы баяндайды. Ғ.Ғұбайдуллиннің бұл зерттеуіндегі келтірілген замана сипаттарынан туындаған қозғаушы факторлар белгілі бір деңгейде қазақ жеріндегі ағартушылық мұраттарға, мұсылмандық қозғалыстың өзіндік ерекшеліктеріне де қатысты деп ойлаймыз.
«Почему именно идеология Гаспринского могла прежде всего распространиться среди повалжских татар, а не среди других восточных народов России?
Поволжские татары среди других турецких народов России были народом более передовым, чем остальные. Все современные исследователи историки татарской культуры в один голос признают, что уже у начале ХІХ столетия этот народ, вовлечеченный в водоворот общероссийской экономики со второй половины ХVI столетия, шел за российской экономикой, иногда отставая, в а некоторых областях даже идя впереди, например, в области мануфактуры с наемным трудом» [90,с. 272].
Ресейдегі бұл ахуалдың көптеген шығыс елдеріндегі реформаторлық қозғалыстарға ықпалы болды деп атап көрсетеді.
Шығыс халықтарының жаулап алушыларға қарсы ұлт-азаттық күрестері аяусыз жеңіліс тауып, ұлттық мүдделер бағытындағы оянушылықтың басқыншылармен ымыраға келіп отырылып өрістеу құбылысын туғызды. Ел зиялылары, озық тұлғалар «ымыраға келе отырып» ұлттық мүдделер бағытында еңбектену ісін тоқтатпады. ХІХ ғасырда отарлық езгіде қалған Ресей мұсылман халықтарының басында да бұл жағдай болды. Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ тарихында «ымыраға келе отырып» күрес жүргізген ұлттық-азаттық бағыттың айтулы тұлғасының бірі болып бой көтерді. Ыбырай Алтынсарыұлы «қайырымды» орыс достарының «қолдауымен» қазақ баласын оқытуда орыс жазуын – кириллицаны қолданды. Сонымен бірге «Шариат-ул-ислам» - дін негіздері бойынша оқу құралын 1879 жылы шығара алмағанымен, араға 5 жыл уақыт салып барып, 1884 жылы араб қарпінде баспадан шығарды.
Осы бір дін негіздерін үйрету бағытындағы еңбекте де Ыбырай Алтынсарыұлының тұтас ұлттық мүддедегі қайраткерлік мұраты айқын көрінеді. Дін тарихынан өнегелі әңгімелерді кіріктіріп отырып, дін және мәдениет, адамгершілік ұстаным-негіздер тұрғысында деректі, дәйекті ақпаратпен мазмұндап, оқушысын ағарту, тұтас исламдық таным, мұсылмандық мінез-құлық қалыптастыру өнегесінде өзінің ұғынықты, әңгімешілдік баяндау мәнерінде талай ғибратты құбылыс, жағдаяттарды еңбек мазмұнына шеберлікпен қосып, сіңіріп отырады.
Абай Құнанбайұлының жиырма бесінші қара сөзінде айтылатын. «Орыстың оқуын оқы. Пайдасын бірге көрерге, зарарынан қашық боларға» деген ұстанымы Ресей мұсылмандарының да «ымыраға келу» саясатынан туындаған тоқтам болатын. Бұл тұрғыда ХІХ ғасырда барша мүдделері айқындалып, ашыла түскен Ресей шоқындыру саясатына қарсылық күрес фактісіне баса мән берілуі де қажет.
Бұл мәселенің зерттелуі қаншалықты тарихи шындық жағдайында жүргізілді, кеңестік кезеңде де ақиқат ашылып, айтыла қойды ма деген сауал көкейде тұрады. Исмаил Гаспралы мұраттарын Ресей мұсылмандарының белгілі бір тарихи кезеңдегі саяси-рухани жағдайымен, әлемдік мұсылмандық қозғалыстың ХІХ ғасырдағы басым бағыттарымен сабақтастыра зерделеген Ғ.Ғұбайдуллин бұл жөнінде күрделі мәселелердің туындайтынын атап айтады.
1881 жылы жарық көрген «Тұңғыш» атты шағын кітапшада Исмаил Гаспралы Ресейде тұратын түрік-мұсылман қауымның тағдырына қатысты толғанады. Мұсылмандарды ағарту керек, оқу жүйесін өзгерту қажет деп, қаржы, түбегейлі шешімін табу жолдарын қарастырады.
Ресейдің мемлекет қызметшілері де, жекелеген ғылым өкілдері де Исмаил Гаспралы қайраткерлігіне ұдайы сақтықпен қарады. Николай Ильминскийдің қазақ тарихындағы миссионерлік қызметі туралы кейінгі 30 жылдан астам уақыт көлемінде ғана айтылып жүр (Бұл туралы еңбектің тарихи алғышарттарға тиесілі тарауында арнайы айтылды – Э.С.).
Қасиетті Синодтың обер-прокуроры К.Победеносцевке жазған хаттарында Н.Ильминский И.Гаспралы туралы да айтып отырыпты. 1883 жылдың 14 желтоқсан күні жазған хатында Остроумов деген адамның тапсырмамен жұмыс істейтінін, оның «Құран дегеніміз не?» атты мақаласын Исмаил Гаспралының, Дәулет Келдиевтің және Мырза Әлімнің мақалаларына орай жазғанын мәлімдейді.
«Эти три татарина с университетским, по-видимому, образованием или просто даровитые, набравшиеся рационализма защищают Коран и усиливаются доказать, что Коран не противоречит прогрессу. Они из противоречивых текстов Корана выбирают гуманные, а пропускают жестокие и нетерпимые. Брошюра Девлет-Кильдеева («Магомет как пророк»), написанная по-русски бойко и фельетонно, имела большой ход между казанскими татарами, хотя она настоящее магометанство трактует как искажение магометовых идей, сделанное невежественным магометанским духовенством, но в то же время, ссылаясь на Ария и современных рационалистов, отвергает божество Иисуса Христа. Татары ведь читают через пято на десято, с мудрым выбором, акт пчела» [90,с. 415].
Ыбырай Алтынсарыұлы бұл хат жазылғаннан соң бір жылдан кейін «Шариат-ул-исламды» баспадан шығарады. «Досы» Ильминскийдің исламға қатысты ұстанымы әлгіндей болып тұрғанның өзінде. Бұл – Н.Ильминский қазақ даласындағы мұсылмандық мәселесіне білек сыбана кірісіп жүрген уақыты. Орынбор муфтиі С.Тевкелев қайтыс болғанда орнына кімді қоюды да Ресей жағы кеңесіп, шешеді. Ресей патша үкіметі қоластындағы бұратана жұртты оқытуды желеу етіп, ұлы державалық пиғылын аяусыз өшпенділікпен саяси күреске ұластырады. Н.Илминский муфтилікті жүрегіне иман ұялаған кісі басқармауын соншалықты қалайды. Аса құпия хабар жазылады.
«Я не находил бы удобным казанского муллу, ибо здешние муллы фанатичны но еще неудобнее, по моему мнению такой аристократ, как князь Чингиз –Хан (Ахмет-Гирей князь Чингиз, сын последнего хана Букеевской Орды. Құрастырған түсінігі – Э.С.).
Он своим богатсвом родоватостью степной может придать блеску мусульманству и уничтожить русское духовенство, тем более уфимские русские-то преклоняются перед татарами от чистого сердца. Чингизхан может иметь влияние и на Киргизский народ к усилению исламизма в степи киргизской. Но и совсем уничтожить муфтийство, а с ним нужно похерить и магометанское духовное собрание, едва ли не будет резко и, быть может, возбудить волнение в татарах» [90,с. 416].
Ресей мүддесі үшін ненің жөн, ненің бұрыс екендігін саралап, сүзгіден өткізіп, он өлшеп, бір кесіп отыратын Н.Ильминский сынды сарапшылар білімді, орыс тіліне жетік өтімді адамдар бізге керек емес, қате жазатын, орысшаға шорқақ, өзін қор сезінетін, төменшіктеп жүретін адамдар бұл қызметке лайық деп, ойларын ашық айтудан қымсынбаған.
1889 жылдың 16 желтоқсанында К.Победоносцевке жазған хатында «Тәржіман» газетінің қазақ даласына таралуын жақтырмайтынын жеткізеді. «Ақмола облыстық ведомосіне» «Тәржіман» газетіне жазылуға хабарландыру берілгенін, онда нендей жайлар айтылғанын тұтас баяндап жазған. «Тәржіман» православ дініндегі орыс қоғамына, орыс мемлекетіне зиянды бағыттар ұстанады, Бахшасарайдан Омбыға көз тіккенін қарашы, бұл жау пиғыл деп тіксінеді. Молла Ғаббасқа дүние жүзін саяхаттатып отырып христиан әлемі мен мұсылман жұртын салыстырады, ислам дәріптеледі деп күйінеді Г.А.Колпаковскийге «Ақмола ведомостарының» «Қосымшасын» ресми хабарлармен ғана шығару туралы ескертпе жасағанын жеткізеді. «Ақмола ведомостары» «Қосымшасында» «Түрік тарихы» атты еңбектің орыс, қазақ тіліне аударылып басылғанынан шошынады. Бұл арғы тарихтың ақиқат жайларына барлау жасап жүрген, Ресейде жау саналатын А.Вамберидің еңбегі болатын.
Н.Ильминский бұратана халықтардың балаларын оқуға тартуда оларды діни аударма кітаптармен ауыздандыру туралы да пиғылын да бүркемелемейді. Азғана жұрттарды дін тұзағына түсірудегі аяр саясат жүргізетін қызметшілерінің жанкештілігіне сүйенген Ресей империясының отарлық егзісінің кенде қалып, кенжелеп қалып отырған түрік халықтарын қорғау жолындағы азаматтық, азатшылдық күресте мұсылмандық ағартушылықтың тарихи маңызы болды. Исмаил Гаспралымен бірыңғай саяси жүйе аясында, бір дәуірде ғұмыр кешкен Ыбырай Алтынсарыұлының мұсылмандық ағартушылық бағыттың Ресей мұсылмандары арасындағы айтулы өкілі болғандығы тұрғысында арнайы сөз қозғалмай келеді.
Ресей мұсылмандарының жағдайын ұдайы назарында ұстаған И.Гаспралы қазақ халқының тағдырына да алаңдады.
«Орыс Шығыс келісімі» атты еңбегінде И.Гаспралы табанды, еңбекшіл Ресей мұсылмандарының ішінде көшпелі қазақтардың әл-ауқаты өте төмен деп жазды. Қазақ халқының келешегін оның адамгершілік қасиеттері қамтамасыз ететіндігіне сенім білдіреді [91].
«Тәржіман» жалпы ұстанымдары қазақ қоғамындағы ағартушылық мұраттарға, мұсылмандық шарттарын негіздей ұғындыру міндетіне айтарлықтай ықпалын тигізген басылым болды. Николай Ильминский Ыбырай Алтынсарыұлының жақсы танысы. Қазақ баласы үшін мектеп ашудың бір «жанашыры». Ыбырай Алтынсарұлы «Шариат-ул-исламды» шығаруда Николай Иванович қолдайды деп үміттенген, бірақ жоғарыда келтірген деректердің өзінде «қаны бетіне шығып», кім екендігі белгілі болған «Аса мәртебелі Николай Иванович» бұл тілекке міз бақпаған, не «иә», не «жоқ» деп жауап та бермеген.
«Н.И.Ильминскийге жазған хатында Ы.Алтынсарин өзінің осы кітабының жазылу қажеттігін, мақсат-міндетін және араб әрпімен шығуын негіздей отырып: «діннің тек ең керекті жерлерін ғана үйрету керек екен» деген сөзді қолдануында көп мағына жатыр. Бұл сөздер осы кітаптың ішкі мазмұн-мағынасы, жазылу принциптері мен методикасы туралы хабардар етеді. Педагог-жазушы «кітап жарыққа шықса, қазақ даласында кең қолданылады-ау деймін» деп үміттенген. Осы кітабының қолжазбасын Н.И.Ильминскийге жібере отырып ол бастыру ісіне оның араласуын өтінеді, цензураға алаңдайды, бір-екі мың данасын бастырып алуға өз жанынан ақша төлеуге әзір екенін, қанша төлеу керектігін білмейтінін, Алдияров пен Қарабаев деген студент туысқандары осы кітапқа корректор болуларын сұрап 1882 жылдың 12 сентябрінде Орынбордан хат жазады.
Ы.Алтынсариннің хаттарына қарағанда бұл кітап оңайшылықпен жарық көре қоймаған. Бірнеше ай бойы осы оқу құралы жайында еш хабар ала алмай мазасызданған ол В.В.Катаринскийге жазған хатында «Менің Құдай парызы жөніндегі оқу құралым туралы Николай Ивановичтен осы күнге дейін ешбір хабар ала алған жоқпын. Ол хабардың неге кідіріп жатқанын білмеймін...» - деп жазады. Енді бірде «соңғы жазған хатымда оқу құралдарымды өзіме қайырып жіберіңіз деп едім, бұған да жауап жоқ. Енді не істерімді біле алмай отырмын» - дейді» [92].
(Үзінді осы жинақтағы Шәмшиябану Сәтбаеваның «Экзегетикалық дәстүрге үлес» атты мақаласынан келтіріліп отыр – Э.С.).
Абай Құнанбайұлының ағартушылық еңбегінде оның мұсылмандық ағартушылықтың аса ірі өкілі болғандығы тұрғысында да ауыз ашып айтуға мүмкіндік болмаған замандар өтті; қазірде бұл бағытта жекелеген зерттеулер жазылып, замана, дәуір, әлемдік мұсылмандық ағартушылық бағытында арнайы зерттеулер жүргізу үрдісі бел алып келеді. Абай өмірінің соңғы кезінде айқын бағыт алған мұсылмандық ағартушылық ұстанымдардың тарихи алғышарттары тұрғысында толып жатқан дереккөздерді сөйлетуге аса құлықты емеспіз.
Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул-ислам» еңбегінің әуелгі бабы Иман турасында. Адам адам болып ғұмыр кешуі үшін әуелі иман керектігі тұрғысындағы дін негіздері Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде кеңінен сараланды. Бұл отыз сегізінші сөз Мүрсейіт көшірмесінде «Китаб тасдих» деген атаумен бөлек дәптерде жазылған. Абайдың Құран сөзі мен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) хадистерін негіз етіп жазылған ғақлиат-тасдиқаты. Дінтанушы Сұлтан Ыбырай қара сөздердің ішіндегі дін жайын тереңдете ұғындыру мақсатында жазылған бұл сөзге қатысты абайтануда айтылмай жүрген бір нақтылы мәселемен байланыстырып баяндайды. «Атап айтатын жайт – Абайдың бұл еңбегінің Имам Ағзам аталған Нұғман ибн Сәбиты Әбу Ханифаның 699-767 жж.; Хиджра бойынша 80-150 жж. «Әл Фикһ әл Акбар» еңбегімен ұштасып, сабақтасып жатуы. Әбу Ханифа Куфада туып, сонда діни озық білім алған. Әбу Ханифаны біреулер ат-таби’унға, ал кейбіреулер атба’у ат-таби’инға жатқызады.
Тағы бір қызық жайт – атақты хадистер жинақтаушы имам Бұхаридің әкесі Исмаил Абдулла б.Мубарак және Хаммад б.Зайдтардан білім алған, ал олар Әбу Ханифадан сауат ашқан. Имам Бухари ұстаз санаған қырық шейх – Әбд Хамираның шәкірттері» [33,б. 160].
Ғалым Абайдың тілінде «Мұтәкәллимин», «мантиқин» сөздерінің нендей мақсатта қолданылғандығын да осы мақалада тарқатып айтады.
«...Ақылға сыймас ол Алла,
Тағрипқа тілім қысқа, аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт ол куә.
Ақыл мен хауас барлығын
Білмей – дүр жүрек, сезеді-дүр,
Мұтәкәллимин мантикин
Бекер босқа езеді-дүр.
Осындағы мұтәкәллимин мен мантикиндер кімдер және олар нені «сезеді» деген сұраққа жауап беріп көрейік. VIII ғасырда арабтар Иракты, Сирияны жән Мысырды жаулап алғанда, ол жерлердегі түрлі ғылыми орталықтарда грек ғылымы мен философиясы оқытылатын, зерттелетін және дәріптелетін. Алғашында астрономия ғылымдары мен медицина ғылымдары ғана мұсылмандарды қызықтырғанымен, кейіннен философия да мұсылман ойшылдары назарына түсіп, қажетті ілімге айналды. Философиялық трактаттар арабшаға VIII ғасырда бірді-екілі тәржімаланып, ІХ ғасырда көптеп аударыла бастады. Бұл өз кезегінде ІХ ғасырдың ортасында «элинденген» дінтанушылардың – мутазилиттердің шығуына себеп болды. Мутазилим – ақыл-ойға шектен тыс сүйеніп, оны жан-жақты қолданған ілім. Сондықтан да, философия, логика (мантық) қағидаларына қайшы аят пен хадистерге басқа мағына беріп, мәнін астарлайтын. Олардың әдіс-амалдары алдында алдымен ақыл жүреді. Адамзаттың бар бейнеті, бар проблемасы – адам өзін Құдайдан ақылдымын деп есептеуінен туындайды. «Езген» жерлері осында. Бұл ілімнің, жалпылама аты – ильм әл Кәлам, кәлам ілімі. Мутазилизм мен Ашаризм – екі үлкен мектебі» [33,б. 160].
Бұл бағытқа Абайдың сын көзбен қарағандығы имам әл-Ғазалидің осы кәлам ілімін дінді саудаға салу деп таныған ұстанымымен үндестігі айтылады [33,б. 160]. Мәселенің дінтанушы мамандар зерделеп отырған танымдық негіздерін саралаудың келешек мақсатты зерттеулерде айқындала түсетіндігі даусыз. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда ХІХ ғасырдағы әдеби мұрадағы дін негіздері, ислам тарихына қатысты тұрақты рухани, дүниетанымдық желілердің кең өріске шыққандығы фактісінде саралаулар жасауға ден қоятындығымыз бұл тұрғыда жекелеген мәселелерге тоқталып, қазіргі кезде қайсыбір діни ұғымдардың мамандар тарабынан әр қилы ұғындырылып жүруі сынды құбылыстарды құлаққағыс етіп отыруымызға да мүмкіндік туғызғандығын айтар едік.
Ыбырай Алтынсарыұлы «Шариат-ул-ислам» еңбегінде Жаратушы Алланың құдіреті, оны тану шарттары туралы жалпыға ұғынықты әңгімешілдік сарында баяндаған. Абай Ыбырай кітабының соңында қадап айтылатын дін ғылымы, ғылым тілімен аса күрделі танымдық құбылыстарды, ислам тарихындағы дүниетанымдық ұғымдардың өресінде пән тілімен баяндайды. Бұл тұрғыда Ыбырай Алтынсарыұлының аталған оқу құралы мен Абай қара сөздерінің сабақтас, салалас исламдық ғылыми негіздері дінтанушы мамандар тарапынан да әдебиеттанушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар тарапынан да арнайы зерттеу нысаны болған жоқ.
Абайдың діни ұстанымдары бағытында кең таным түзуге қыспағы көп уақыттар тосқауыл қойып келді. Қиын-қыстауы қисапсыз көп болған Абайтану тарихында, не дегенде де, бұл мәселеге Мұхтар Әуезов қана түбегейлі ғылыми негізде қарайлап, қисынан келтіріп, қадау-қадау пікірлерін әр жылдарда абайтанудан жүргізген зерттеу, оқыту тәжірибесінде біртіндеп, сыналап енгізіп отырды. Абайтану дәрістерінде де жалпыға жария етпей-ақ, аудиторияға лайықтап, ықшамдап, Абайдың дін философиясына, мұсылмандық ілімді игеру, тану үрдісіндегі негізді факторларға қайырылып ұғындырып, ақпарат беріп отырғандығын байқаймыз. Құнанбай балаларының бәрі мұсылманша оқығандығын ескеріп өтіп, Абайдағы дін білімі негіздері туралы зерделеп қарағанға көп сырымен ашылатын дерек-дәйектер келтіріп отырған. Соның бірі 1945-1946 оқу жылында Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрісінің конспектісі. Конспектіні сол кездегі 3-курстың студенті Рәзия Рүстембекова жазған. Абайдың Ахмет Риза медресесінде 13-14 жасқа шейін оқығандығына орай тарқатып айтқан бір жайы – Абай дәуіріндегі ислам ілімінің игерілу бағыттары.
«Осы кезде ескіше оқуда көп қиыншылық бар еді. Оқудың әдісіне көп көңіл бөлінбейтін медресе жабық мектепке жақын, тәртібі қатал, діншілдік жолында софылық күшті болатын. Медресенің тәуірінде болсын, жаманында болсын негізінде дін оқуы, ислам дінінің жайы исламиат, ислам дінінің тарихы туралы. Осы діннің негізгі қағидалары, жолы айтылған тіл – араб тілі. Құран сөзін басқа тілге аудару ислам дінінде мүмкін емес. Сондықтан бәрі араб тілінде оқытылатын. Сонымен медресенің білдіретіні – Құран мен пайғамбардың және бір оқытатыны ислам дінінің шарты, шариғат (исламское право) жақсы мен жаманның, үлкен мен кішінің жәйін айтатын заң жолы. Әрі қарай тереңдегенде араб тілінің грамматикасы, әр нәрсе жайында ой жіберу – мантихты (логика) оқитын» [33,б. 42].
Осы дәрісте Мұхтар Әуезов медреседе араб тіліне қоса түркі тілі оқытылғанын, бұл тілдің 1915 жылға шейін түркі елдеріне ортақ тіл болып келгенін, кітап тілі, әдеби тіл деп, есептеліп, түркі тілінің негізін шағатай әдебиетінен шыққанын жүйелеп, мазмұндайды. Шағатай әдебиеті деген тұтас ұғымды қолданады. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде, дәуірлеуде заманның кемел тұлғасы Мұхтар Әуезовтің осы атауы, осы жүйесі толыққанды ғылыми айналымға түсті дей алмаймыз. Түркі тілді туысқан халықтардың ортақ әдеби мұрасын игеруде әлі де жекелеу, бөлшектеу, бөлу, айыру сынды әлемдік ықпалды күштердің түпмақсат саясатының көздеп, көксеген ажырату мұраттары дегеніне жетіп, әлі де өткенді орнықтыруға ынталы бола алмай келеміз.
«Шағатай» тілі дегенді айтамыз, қолданамыз, тұтас әдеби үдеріс мәнінде кешенді ой қозғауға құлықсызбыз. «Шағатай әдебиеті сол уақыттағы бүкіл түркі еліне ортақ әдебиет болған. ХV ғасырда әуелде парсы тілінде, соңынан түркі тілінде жаза бастаған Науаи, онын кейін Хусаин Байқара деген кісілер шығады. Осы кезден бастап түркі тілінде кітаптар жазылды. Сондықтан Құраннан әрі шыққандағы оқитындары Орта Азия ақындары еді. Абай үйінде бала кезінде де түркі тілін оқыған. Сондықтан Абайдың түркі тілімен оқығаны тек медреседегі 3 жыл ғана емес. Абай түркіні де, арабиятты да Ахмет Ризаның медресесінде де оқиды.
Түркінің қандай, араб мәдениетіне көңіл бөлудің қандай екенін, араб тарихынан әсер алуын Абайдың шығармаларынан көруге болады» [33,б. 43].
Батыс, орыс әдебиетіне ден қойып, рухани құнарлану үрдісі Шығыстық нәрді тосырқатпаған. Тоқтатпаған. «Шығыстық жағалаудан өмірінің ақырына шейін қол үзбеген (М.Әуезов).
Абайдың Ресей мұсылмандары арасындағы ағартушылық ілімнің бастауында болған, жаңа оқу бағытын орнықтырудың тарихи алғышарттарын барлаған Ш.Маржанидың еңбектерімен де етене таныс болғандығын ең әуелі айтқан адам да М.Әуезов.
«Абай осы кездегі исламшылдық, түрікшілдікті біліп, танысып отырды. Маржанидың еңбегін де көп оқыды. Батыс, Шығысты терең білуі осындай ізденуден жиылған Абай қазынасы еді» [33,б. 46].
Мұхтар Әуезовтің Абайтанудан оқыған әр жылдардағы дәрістерінде Абайдың шығармашылық ғұмырбаяны тарихи-әлеуметтік ауқымда, исламият мәселелерінде әлемдік деңгейдегі мұсылмандық-ағартушылық фактілерінде қозғалып, қорытылып отырады. Саяси заманның әр кезеңі бұлт етіп бұрылған, былқылдаған қитұрқыға толы еді. Сол қысталаңда М.Әуезов кейде үстем биліктің ыңғайына «жығылғандай» болып отырып та толып жатқан ақиқат фактілерді жас буынның назарына ұсынудан тайсақтамаған.
«Ол заманда панисламизм түркі пантрюркизмнен бастап Ресей ішінде де, сол сияқты одан шет жерлерде де, ислам шығысында да, кең жайылып, ... түрленіп алған еді. Осынау панисламизді бір жағынан ағылшын, герман империализмі жігерлендіріп отырар еді. Егер сіздер ағылшын Томас Корней Вашингтон сияқты буржуазиялық ғалымдардың ислам туралы айтқан пікірлеріне құлақ қойсаңыз, тап сол кездегі исламның басқа барша діндерден жалған артықшылығын айрықша атап өтеді, бұл оларға Таяу Шығыста өз саясатын оңай өткізу қажеттігі үшін керек еді. Енді со шақта басқа жақ, басқа қиырдан, Мысыр мұсылмандары арасынан Махмед деген ғұлама шығады да, барлық мұсылмандардың басын қосатын ұран ретінде, панисламизм идеяларын насихаттайды. Сөйтіп олардың идеялары Ресей мұсылмандары арасына кеулеп кіре береді. 80-ші жылдары Бақшасарайда «Тілмаш» газеті шыға бастайды, ол Ресей мұсылмандары арасында панисламизм идеясын уағыздайды... оның астары – екінші жағы Ресей мәдениетін және орыстармен жақындасу атаулының бәрін жоққа шығару болатын... сонда ағылшын имперализміне жағу үшін Түркияға, Бағдат халфына, Меккеге ж.б. ынта-ықылас қоюды ұсынады да, газет, жарамсыз кәкір-шүкір ойларды таратады. Қазанда,Офада, Орынборда көптеген кітаби ақындар – оның ішінде татар молдалары да бар – пайда болады» [33,б. 142].
Бұл үзінді Мұхтар Әуезовтің 1948 жылы 15 наурыз күні жауапты қызметкерлердің республикалық семинарында «Абай – казахский классик» деген тақырыпта орыс тілінде оқыған дәрісінің стенограммаға түскен мәтінінің қазақша аудармасынан алынды (аударған Әбілмәжін Жұмабаев – Э.С.).
Бұл дәріс Мұхтар Әуезовтің Абайдың Шығысы, исламиятқа қатысты шығармашылық негізі туралы әр жылдарда әр қилы сөйлеуге мәжбүр болғандығын да көрсетеді. Түбірлі таным қалыптастыруда тарихи ақиқаттан ауытқымайтын М.Әуезов бұл жерде де қайсыбір мәселені жадағайлап айтқандай болғанымен, Абай заманындағы исламият мәселесінің елеулі факторларын, қадау-қадау құбылыстарда жүйелеп отырған.
Осы семинар-дәрісте Мұхтар Әуезов Мысырдан шыққан Махмед деген адамды атайды. Бұл адамға қатысты бұл – Махмед мұсылмандық ағартушылық бағытында жиі аталатын адам Мұхаммед (Мұхаммад) (1849-1905) – қоғамның буржуазиялық жағдайларына қарай исламды бейімдеу процесін бейнелеген діни-қоғамдық ағымның негізін қалаушылардың бірі. Байырғы қыстақ зиялысына жататын кедейленген семьядан шыққан. А.аль-Азхар дін ілімі университетін тамамдаған. Британияға қарсы топтармен байланысы үшін Египеттен аласталды. Бейрут пен Парижде тұрды. Қайтып оралған соң сот-заң аппаратында, оқу жүйесінде жауапты орында болды. 1899 жылы Египеттің бас муфтиі болып тағайындалды. Мұсылман халықтарының бірте-бірте реформалау жолымен дамуын және мұсылман реформациясы рухындағы жаңа мораль ережелерін енгізуді насихаттады ... деген бағытта баға беріліп, кеңес дәуіріндегі Анықтамалықтарда ислам реформаторы есебінде таныстырылған бұл тұлға туралы мұсылмандық ағартушылықтың тарихында кейінгі кезде қоғамдық-әлеуметтік ауқымдағы тұлғалық тұғыры жан-жақты танымдық деректер жарық көруде.
Әрбір мұсылман ижтихадқа (ойлануға, сындарлы пікір білдіруге, ашықтыққа) ие, бастапқы исламға қайту тұрғысындағы Ш.Маржани ұстанымдарымен үндес бағыттағы дін ағартушысының Ресей мұсылмандық ағартушылығына ықпалы болғандығын Мұхтар Әуезов ХІХ ғасырдағы мұсылмандық азаттық қозғалыстардағы басты тенденцияларды негіз етіп отырып айтқандығының өзі әлі де Ресей мұсылмандары оянушылығымен әлемдік өркениетпен тамырлас, сабақтас өрістері бағытындағы сәйкес, қажетті зерттеулердің тым тапшылығын көрсетеді. Татар, башқұрт жұрттарында бұл бағытта толымды зерттеулер болған, бар. Башқұрт қайраткері Зәки Уәлиди Тоған жас күнінде ағайы Стамбул шаһарынан алдыртып отыратын кітаптарды бас алмай оқығандығын, сол арқылы 16-18 жастар шамасында ғылым мен діннің байланысы туралы жазылған еңбектермен танысқанын, олардың авторларының бірі Мысырлық Мұхаммед Абдо екендігін айтады [33,б. 28].
Мұхтар Әуезов Абай өмірбаянының екінші нұсқасында (1940) Мұхамед Ғабдуку деп атайтын адам да осы Абдо Мұхаммед болатын.
«Осымен байланысты А. түпкі ислам дейтінге оралуға, оны соңғы кездердегі «бұрмалаушылықтардан тазартып», белгілі бір орын мен уақыттың жағдайын ескере отырып, умманың мүддесі үшін пайғамбардың «өз» сунналары мен Құранның негізінде шариғатты қайта қарауға, яғни ислам доктринасын сол заманның талаптарымен үйлестіріп отыруға шақырды. Сондықтан, атап айтқанда, ол таклидті (беделділерді сөзсіз мойындау дәстүрін) жоққа шығарып, иджтихадтты толық қалпына келтіруді талап етті. - З.Л.» [33,б. 31].
Абайдың дәуірі, сол кезеңдегі ілгерішіл беталыстағы тұғырлы тұлғалар туралы сөз қозғауды да кешенді түрде күн тәртібіне қойған Мұхтар Әуезовтің әр жылдардағы байламдары, пайымдары ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы исламның рухани қайнар көздерімен сабақтасқан негізді құбылыстар жөнінен мейлінше толымды мәлімет беретіндігін айтар едік. Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсарыұлының дін жөніндегі ұстанымдарын «діншіл болмаған» деген мағынады «дәріптеген» болып отырып, Ресей патша үкіметі тарапынан жүргізілген қазақтарды шоқындыру саясатына екеуінің де түпкілікті қарсы болғандығын нақтылы өмірлік негізде дәлелдеп береді. Сөз арасында, байқатпай, қыстырып айтып-ақ бұл сұмдық саясаттың қазақ ұлтының келешегі үшін нендей зардаптары болатындығын ұғындырады. Ресей миссионерлігі туралы да жалпақ жұртқа Алаш қайраткерлерінің қасіретті тағдырынан кейін арнайы сөз қозғап айтқан адам Мұхтар Әуезов болды.
Шоқан Уәлихановтың исламды уағыздаушылардың дүмшелігі тұрғысында ашына жазылған «Сахарадағы мұсылманшылық туралы» мақаласын есте ұстай отырып, Шоқан Уәлихановтың «исламшылдықты қанша сүмірейте сипаттаса да», миссионерлік идея мен православиені де уағыздамағандығын айтудан тайсақтамайды. М.Әуезов орыс тілінде жасаған баяндмасында (студенттерге оқылған дәрістерінде Мұхтар Әуезов мейлінше ақиқат, маңызды ақпараттарға жүгінетін – Э.С.) Ыбырай Алтынсариннің екі жақты қысымда жүргізген қайраткерлік, ағартушылық еңбегі туралы мынадай мәнді құбылыстарға назар аударға болатын. «Ислам құла түзде мұсылмандық білімді таратуға тырысып жатқанда» ол қазақ баласы үшін жаңа мектеп ашты дей келіп, күні бүгінге шейін Ыбырай Алтынсарыұлының ғұмырбаянында «ашық» қалып келе жатқандай көрінетін бір мәселенің басына су құяды.
«Ал оның христиан шіркеушілері мен мұсылманшылықтан екі жақты қысым көргенін естен шығармауымыз керек. Мұсылмандар, молдалар, ол қазақ балаларын шоқындырғалы жүр деп жала жапса, оған ресми түрде жәрдем берген, жан-тәнімен христиан болған Ильминский қазақтарды орыстандыру жөніндегі өз идеясын осы мектептер арқылы тезірек жүзеге асыруға болады деп жұрттың бәрін сендіруге тырысты.
... Алтынсарин Ол қайтыс болғаннан кейін, оның дүние салғанын естісімен, қаладағы дос-жарандары – ішінде белгілі профессор, қазақ фольклорын жинаушы Васильев бар – елге келіп, бір сандық етіп, оның жазысқан хат-қағаздарын алып кетеді. Шіркеу қызметкерлері мен мұсылман молдалары оның түзге әкеліп, (қазақ) балаларын христиан дініне кіргізбек болған крестері мен икондарын орыс достары алып кетіп барады – деген өсек-аяңды таратып жібереді» [33,б. 135].
Абай қарасөздері мен өлең сөзінде қолданысқа алынып отырған дін мазмұнды сөздер мен діни терминдердің қазіргі кездегі түсініктеріне қатысты да ескеретін мәселе бар. Жоғарыда дінтанушы С.Ыбырайдың «Мутәкәллимин, мантикин» туралы түсінік келтірдік [93]. Бұл сөздердің Мұхтар Әуезов еңбектерінде, Мекемтас Мырзахметұлының зерттеулерінде мағына түсінігі беріліп отырады.
Мекемтас Мырзахметұлы «Алла деген сөз жеңіл» өлеңнің діни таным түзудегі тілқолданыс ерекшелігін тарқата талдауында осы өлеңдегі «жүректің ақыл суаты», Ақыл, тағриф, мәужут, хауас, мутәкәллимин, мантикин сөздерін назарда ұстаған. Бұлардың мағынасы исламият жөнінде ұғындырылуы тиіс екендігін ескертеді. «Жүректің анық суаты дегені түп Иеге қызмет етуге қатысты, «Ақылға симас ол Аллада». Алланы ақылмен тани алмайтының, бірақ жүрекпен сезетінің айтылады, «тағрифқа тілім қасқа-аһ»- танымның шектеулігі, Алланың барлығына, жаратқан жан қуаттары айғақ дегенді «неге мәджут ол куа...» білдіреді.
Хауас – түйсік сезім. Хауаси хамса закири, хауас салим, хауас сөздерінің ұғымдары адамның бес сезім мүшесі (көру, есту, ұстап білу, дәмін сезу, иіс арқылы сезіну); бұл бесеуі де табиғи таза сезім, Алланың сипаттары түрінде тарқата айтылады.
«Мутәкәллимин мантикинге» айрықша дүниетанымдық мәні бар сөздер деп тоқталған ғалым Мекемтас Мырзахметұлы мутәкәллимин Абай шығармаларында бір ғана мәрте қолданыс тапқандығын ескертіп, арабша қалам деген ұғыммен біртектес келеді дейді.
«Бұл сөздің ислам дінінде терминдік мән алып, жаңа ағымның көрінісі ретінде пайда болуы, негізінен, VIII-X ғасырлар қойнауында орын алған [94,б. 56].
Мекемтас Мырзахметұлы бұл ағымға деген Абайдың көзқарасын Абайдың өз сөзімен айғақтайды.
«Мутәкәллиминдердің танымдағы түбірлі қателікті алғаш рет ұлы философ әл-Фараби: «Олар көп пен дүрмектік бөліскен пікірін интеллект дейді» деп қатты сынға алған болатын. Мұны Абайдың сөзімен айтсақ, «Наданның сүйенгені көп пен дүрмектің» өзі болып жығады» [94].
Осы тұста Мекемтас Мырзахметұлы абайтанудың түбегейлі зерттелуі тиіс, исламият мәселесіндегі ажыратылып қарастырылуға сұранып тұрған, дәл қазақ жағдайындағы ерекшелігін таныта түсетін нақтылы бір құбылысты күн тәртібіне қояды.
«Мұсылмандық Шығысты былай қойғанда, қазақ қауымындағы көзі қарақты деген ақын-жыраулардың өзі де Абай батыл сынап отырған мутәкәллиминдерді соңғы кезге дейін мадақ тұтып келгенін арғы жағы Бұхар жырау:
Қара қылды как жарған,
Наураушандай әділді айт.
Арсы менен күрсіні айт,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет