Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет20/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

1 тарау бойынша тұжырым
Диссертациялық зерттеу жұмысының бірінші тарауы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үлгілерінде, дара тұлғалар шығармашылығындағы басым бағыт – дін негіздерін ұғындыру, мұсылмандық құндылықтарды дәріптеу болғандығын ғылыми тұрғыда, дәстүр және көркемдік айрықшалықтар ауқымында жүйелі мазмұндау тұрғысында жазылды.
ХІХ ғасырдағы айтыс өлең, шығыстық қиссалар, тарихи жыр, зар заман толғау, жаңа жазба әдебиет үлгілерінде мұсылмандық құндылықтар ортағасырлық түркі әдебиетінде кең өрістеген экзегетикалық дәстүр өнегесінде, ислам тарихымен тұтастықта дәріптеліп, шығармашылық көркемдік кеңістікте жанрлық, поэтикалық дәстүр сабақтастығында орнығып, рухани әлеует қалыптастырудың орасан зор ықпалды факторларының біріне айналды.
Әдебиет тарихын зерттеуде идеологиялық қысымды көп көрген діни бағыттағы мұраның түпқайнар рухани көздері бағытында кейінгі 30 жылдан астам уақыт ішіндегі тың зерттеулер, азат танымға сәйкес туындап отырған қазіргі кезеңнің түбегейлі міндеттерінде ғылыми айналымға тартыншақтап қана қосылып келген дін негіздеріндегі мол әдеби мұраның басым діншілдік бағыттары диссертациялық жұмыстың бұл тарауында мәселенің зерттелу деңгейі, зерттеу бағыттары, нақтылы зерттеу нәтижелеріндегі танымдық өріс, жеке шығармашылық тұлғаның діни танымдық әлеуеті, ислам өркениеті, дәстүрі мығым мұсылмандық ағартушылық, ізгілік ұстанымдары тілдік факторлары тұрғысында жаңаша пайымдалып, әдеби үдерістен елеулі тарихи-көркемдік фактор мәнінде байыпталды.
ХІХ ғасырдағы әдеби дамуда мұсылмандық әдебиет дәстүрі кең өріс табуын әдеби, дін танымдық, тілдік, тарихи құбылыс есебінде қабылдауымыз қажет.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көп жанрлы, көркемдеу тәсілдері мол үлгілері бастауын мұсылмандық әдебиеттің даму дәстүрінен алды. Қазақ әдебиеттану ғылымында кейінгі кезеңде қалыптасып отырған өзекті зерттеу арналарының басым, басты тақырыбының бірі – осы экзегетикалық дәстүр болып отырғандығының факторлары мен шығармашылық негіздері диссертациялық жұмыста нақтылы әдеби жанрлар, көркемдеудің дәстүрлі, тұрақты шарттары тұрғысынан қисындалып, сараланды.
Диссертациялық жұмыстың І тарауы айтыс өлеңдегі дін айтыстары туралы, дін негізінде туындаған толғау өлең түрлері туралы, оқиғалы шығармалардағы дін жолындағы күрес мұраты, ислам тарихындағы елеулі оқиғалар туралы әдеби мұра фактісінде кешенді тоқтамдар жасау мүмкіндігінде белгілі бір ғылыми тұжырымдар бағытында жазылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет