Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет23/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Лаухы менен кәләмді айт, -
десе, Абаймен замандас, дәуірлес ақын Нұрым Шыршығұлұлы:
Хақ кәләмнің жолында
Тәубесі қабыл болмайды,
Тәкаппар болған пенденің, -
дегендегі ой төркіні қайда жатқанын анық көрсетіп тұр емес пе?» [94,б. 60]. Бұл кәләм сөзінің Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул-ислам» еңбегіндегі «Бірақ осыншама әлсіз, қауіп-қатері көбірек иман болса да, Құдай тәбарак уа тағала бұл иманды да дұрыс деген кәм кәләм шарифінде бұйырған: (уа лә тақулу лиман илқа илайкум саламун ләста муминан) яғни «аасаламалайкум!» деп сәлем бере білген кісіге де «мұсылман емесссің демеңіз» депті, - дегендей. «Кәләм шәрифпен» нендей сабақтастық, айырмасы бар екендігін, немесе осы екеуінің бір ұғым екендігі дінтанушы ғалымдар тарапынан арнайы саралауды күтеді. Ыбырай Алтынсарыұлы кітабындағы бұл сөзге шығарушылар тарабынан «Кәләм шариф – қасиетті сөз» деп түсінік берілген [84,б. 72].
«Қазақ христоматиясы» оқулығын (1879) орыс қарпімен басып шығарғандығы үшін де кеңестік кезеңде көп дәріптелген Ыбырай Алтынсарыұлы 1871 жылы, осы кітап шығарудан бірталай уақыт бұрып Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында былай деп ашына, ағынан жарыла айтады.
«Сіз бір халқымызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі.
... Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына тап біздің ойланымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне елімізде тарап отырған татар жазушының әсерінен...
Ал, араб әрпімен жазылған кітаптарды алатын болсақ, егер бұл кітаптар пайдалы кітап болса, ең алдымен, мазмұны қызық болса, мектептен тыс ел арасына тез жайылып, қазақ жастарын білімге тартуға жетекші бола алады. Шынына келгенде, қазақ сөздері орыс әрпімен анағұрлым дұрыс жазылатын болса да, татарша жазу қазақ тілінің тазалығына және бүтіндігіне зиян келтіретін болса да, көп уақыттарға дейін татар жазуын қазақтардан айыру мүмкін емес екенін біз еске алуымыз керек. Неге десеңіз, қазақтың діні сол жазумен жазылған, қазақтар арабша, татарша намаз оқиды.
...Бұл арада әріптің арабша, не орысша болуы – араб әрпінің ептеген зияны болғанымен, ісімізге ойша кесел келтірмейді» [95].
Ыбырай Алтынсарыұлының жан алаңын осы бір үзінді бар қалпында жеткізіп тұр. Христиан дінін таратуға қарсылық айдан анық көрінеді.
ХІХ ғасырдағы қарамағандағы ұлттарды шоқындыру саясатымен Ресей қазақ жұртын да аз дүрбелеңге салған жоқ. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналған миссионерлік әрекеттер жөнінде 1868 жылғы «Уақытша ережеден» кейінгі жағдай ауқымында ұлт қайраткері Мұхаметжан Тынышбаев былайша саралап, ұғындырған еді:
«...Временным Положением 1868 года киргизы в духовно-религиозном отношении подчинены общему гражданскому управлению, а через неге Министру Внутренних дел. Такая постановка дела управления киргизами в духовно-релиогиозном отношении совершенно неправильно, ввиду крайне сомнительной компетенности чиновников разных учреждений в знании предписаний мусульманской религий [96].
ХІХ ғасырдың қилы саяси ахуалына орай «құбылған» дін саясаты қазақ тарихының осы бір кезеңіндегі діни ағартушылықтың бел алуына өзіндік ықпалын тигізді. Осы кезеңдегі Ыбырай Алтынсарыұлының тарихи еңбегінің бір арнасы мұсылмандық ағартушылық мұраттарымен де тоғысып жатты.
«Мұхтар Әуезов 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» еңбегінде Ыбырай Алтынсарыұлын «Жүз жылдық дәуір» - әдебиет тарихындағы зар заман ағымының дін мен мәдениет иісі шыға бастаған үшінші кезеңнің айтулы өкілі деп бағалайды» [42,с. 240].
Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул-ислам» кітабы мен Абай Құнанбайұлының қара сөздері арасындағы сабақтастық тұрғысында кейінгі кезеңдегі әдебиет тарихына қатысты зерттеулерде сөз қозғала бастады [69,с. 346]. Осы еңбектерде ой құрап, сөйлем құруда, тіл қолданыста ұқсастықтар бар. «Иман турасында» Алтынсарыұлы еңбегінің бірінші бабында баяндалған, Абай 1,13,28,36,38 қара сөздерінде иман ұғымына қайырылып отырады.
Тіл, стиль ыңғайластығы етістікті баяндауыш сөздер растамақ, иланбақ, сенбек, т.б. түрінде айтылуынан да көрінеді. Көмекші етістіктен керек сөзі жиі қолданысқа екі жақта да түсіп отырған.
Қазіргі қазақ тіліндегі баяндау үлгілерінде басымдау келіп отыратын етістіктің жедел өткен шақ жұрнақтарымен аяқталған сөйлемдер сиректеу қолданылады. Абайдың 15 қара сөзінде ой «болады екен», «қалады екен» үлгісінде аяқталып отырған. Мұндай сөз орам Ыбырай Алтынсарыұлы кітабында кездеспейді. Алтынсарыұлы сұрақ-жауап, еркін баяндау, ғылым тілінен гөрі қарапайым, ұғымға жеңіл сөздерді қолдану бағытында жазады.
Абай ой шалып сөйлеу машығын таңдаған. Екі жақтың да дін негіздеріне анықтама беру машығы үлгі жағынан сәйкес түсіп отырады. Қазақ арасында ислам негіздерін ұғындырудағы Ыбырай Алтынсарыұлының әдеби туындыларындағы ізгілік ұстанымдары да елеулі рухани құбылыс, озық өнеге болып орнықты.
ХІХ ғасырда халық арасына кең тараған кітаби әдебиет дәстүріндегі тілдік ерекшеліктер туралы арнайы зерттеулер тіл білімі бойынша да, әдебиеттану ғылымында да «кітаби лексика» мәнінде зерделеніп келе жатқанымен, ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны кітаби тілдің тұтас ақындықтағы орнығу құбылыстарында, жеке шығармашылық тұлғалардың бағалап, тану, тілдік негіздерін айқындау бір жүйеге түсіруді қажет етіп жатқан күрделі филологиялық проблема екендігі көрінеді.
Қазақ тілінің тазалығы жолындағы күрес ұғымын көп жылдар бойы кітаби тіл элементтерінен арылу тенденциясы деп қабылдадық. Бұл мәнде Ыбырай Алтынсарыұлы, Абай Құнанбайұлы жанрлық, стильдік жаңа бағытын орнықтырудың негізін салған қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің сөздік қорына қосылып, сіңісіп кеткен кітаби тіл құнары, ондағы діни лексика бағытында арнайы зерттеулер жүргізу – келешектің маңызды бір шаруасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет