Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет26/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Он бірінші сөз. Мұнда да (Алланың) пенде баласының түзу, иманмен, бір Аллаға жазбай ғұмыр кешу парызын ескертеді. Өз заманындағы берекесі қашқан, күнкөріс қамы билеген жұтаң күнкөрістерден тіксінеді. Ұрлық, парақор ұлық, қара жұрт та қағынған, бірді бірге айдап салғандар, партияластығын сататын көпшілік – барлығы құдайға жазып, өз басын өзі сатып жүр деп қынжылады. Бүлік істе ортақ болған елді кім түземек, ұят, ант адамдық қайда?
Он екінші сөз. «Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі – иманның иғтиқатын махкемлемек керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды» [43,б. 100]. Иман шарттарын білмей, басқа малма орап, азаншыл, намазшыл бірәдар атанбақ бос әуре, күзетшісіз иман тұрмайды, өзін өзі аңдып, дінін берік ұстамаған салғырттық иманы бар деп болмайды дейді.
Он үшінші сөз. Бұл сөзде иманның ғылыми, дінтанымдық түсінігін береді. Өз дәуіріндегі зор дін оқымыстының бірі болған Абай иманды дін негіздерімен, мұсылмандық шарттарымен тарқата ұғындырады. «Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ» [43,б. 101]. Иманды иман деп тануға қажет ұстаным, әрекет туралы, оның берік, бұзылмас қатты болуы керектігі туралы «Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек» [43,б. 101].
Иман таклиди туралы дін ғылымы тұрғысындағы ұғындыру.
Он төртінші сөз. Жүрек культі. Тіл жүректің айтқанымен жүрсе, жалған шықпайды. Қазақ батыр дейді, жүректі дейді. Бірақ жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақым. Мейірім. Әділет жүрек ісі осылар. Тәуір адам осыларды ойлаған, білетін, жасаған адам. Жүректі адам. Даңғой, қара күш батырлығына қарап жүректі кісі деуге болмайды. Мұнда да Абай адамның мінез, құлқы, болмыс, кісілік парқы тұрғысында, құдай – Алла ісіне теріс жүріп, өзін билей алмаған кісі адам ба деп, тағы бір тәрбие тезіндегі асыл ойларымен, Алла жолындағы ақ ниетімен бөліседі.
Он бесінші сөз. Көрсеқызарлық, мағынасыз әуесқойлыққа жеңдіріп өмірді бос өткізудің кеселі, ертеңгі жауап күнінде есеп беруге тірлігіңде қамдан деген өнеге сөз. Абай өмірбаянында өзінің де біреуден бір кәделі қымбат зат нәрсе (жүйрік ат, аңнан айла асырған аңшы құс, құмай тазы, т.б. – Э.С.) қызығып, соны алғанша дегбір таппай, алысымен қызуы басылып, екінші біреуге өзі пәленбай мүлікке құндап алған әлгі дүниесін кез-келген адамға тектен-текке беріп жіберетін мінезі болған екен. Бұл сөзінде өзіне де қаратып, ақыл тоқтатқан шақтың аталы сөзі мен кейінгіге өсиет, өнеге, тәрбие бағытында бұл мінездің адамды бұзатын кері әсерін жеткізуді мұрат тұтады. «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» [43,б. 103]. Абай ахирет сөзін (الآخرة) өз шығармашылығында дүниенің, бұл дүниенің алдында келтіріп отырады. Исламдағы осы бір ұстанымға дінтану бағытындағы еңбектерде мән беріледі. Адам үшін бұл дүние бақиға барар сапардағы бес күндік, уақытша сынақ қана екендігі тұрғысында Абай ахирет сөзін ұдайы алдыңғы ретпен келтіріп отырған.
Он алтыншы сөз. Бұл сөз – Абайдың «Абыралыға» атты өлеңімен бір сарында, дін парызын шын ниетпен орындау міндетіндегі ескерту сөз. Абыралы дейтін құрдасының сөзін дұрыс айтпай, әйтеуір тоңқаңдап намаз оқығанын сынап, намаз шарттарын түгендеп берген өлең деуге болады. Қара’әт сөзін бұл өлеңде (قارئ – Құран оқитын адам) намаздағы Құран аяттарын дұрыс мақамымен, дұрыс дыбыстап айту щартын ескертеді. Абай заманында да құлшылығын көз қылып жасайтын адамдар аз болмаса керек. Мұсылман адамның құлшылық парызына салғырттығы ауыр күнә екендігін ескерту. «Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?» [43,б. 103]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет