Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет27/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Он жетінші сөз. Қайрат, ақыл, жүректің өнерлері бойынша ғылымға жүгінуі мәнінде айтылған ғибрат. Адам баласының өз бойындағы Алладан берілген асыл қасиеттерді таза ұстау, мінсіз болу парызында қозғалған ой. Қайрат та, ақыл да, жүрек те ұдайы тазамен, дұрыспен ғана жүре ме екен? Бұзылмай, бұлтармай, жөнімен жұмсай ма екен өзіне біткен өмірін? Қайратсыз, әрекетсіз ештеңенің жасалмайтыны, тындырылмайтыны; Аллаға лайықты ғибадат та – соның ісі. Шайтанның азғыруынан құтқаратын да осы қайрат. Ақыл дүние-ахиретке пайдалылық барлығын біледі, айтылғанды ұғады, онсыз қайрат та, жүрек те залалдан қаша алмайды, ғылымды үйрене алмайды.
Жүрек – жанның мекені. Ұятты ойлатып, рақым жасатады. Әділет, мейірімсіз – жүрексіз басқа екеуінде не мән бар?
Ғылымға осыларды жүгіндіріп, артықшылықтарын айтқызып болғаннан кейін ғылымның айтқан тоқтамында Адам бар әрекетін, ниет-пиғыл, танымын дінмен, иманмен бекітуі керек деген уағыз мазмұн түзген.
Ғылым қайратқа өнерің бар, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да жетіп артылады, пайда жасайсың, бірақ залалыңды да тигізетінің рас. Жақсылыққа бекем болғаныңдай, жамандықта да қайтпай берік болып қаласың деп, шын бағасын береді. Ақылға айтқаның рас. Жаратушыны, жаралған екі дүниенің жайын білесің. Бірақ амалың мен айлаң көп жақсыға да, жаманға да қолдауың бар, осы жаман деген екен.
Үшеуіңнің ішінде әмірші, билік иесі болуға жүрек жарайды. Ақылда қыр көп. Жүрек соның жақсысына ғана жүреді. Дін жолы сол. Жаманшылығыңа ермейді. Қайратта қару, күш көп. Жүрек сені де ерікке жібермейді. Күшіңді орындыға ғана жұмсатады. Осыны ұғындырушы – ғылым. Үшеуің бір адамның бойынан табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті жан сол болады. Үшеуіңде алауыздық болса, мен жүрек жағындамын. Ғылымның сөзінің тоқтамын Абай Құранға сүйеніп аяқтайды. «Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті» [43,б. 105]. Қасиетті Құран Кәрімнің әрбір сүресінде Адамның Алла алдындағы есеп күні, Жаратушы Иенің адам жасаған амалдың барлығын көріп, біліп тұратындығы айтылады. Абай сол жауап беретін сәті «күнінде» деп тұрып бөліп атайды.
Он сегізінші сөз. Таза жүру дұрыс. Өз дәулетінен артық киінбектік, солай болсам-ау деп тыраштануға қатысты айтылған ғибрат. Барға қанағат тұту, мақтаншақтық дейтін соқпа дерттен аман болу жайы қозғалады. Адам баласының қызғаныш, бәсеке – «дүние дос» (Абай) мінезінің опа әпермес осал құбылыстар болатындығы уағыз етілген. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» [43,б. 105]. Осы ой Абай өлеңінде де айтылады.
Өзіңде бармен көре ұрып,
Артылам деме өзгеден...
Он тоғызыншы сөз. Адамның жақсы, жаманды тануы, көрегенділігі, естілердің айтқанын ескергеннің өзі де есті кісі болатындығын айтуында Абай адамның өмір ұстанымдары, дұрыс мінез, тұрақтылық тұғырлары туралы ой өрбітеді. Кісілікті болудың ғибраты, дұрыс, жөн жүріп, ғұмыр кешудің парызы тұрғысындағы және бір өсиет, өнеге сөзі.
Жиырмасыншы сөз. Айнымалы, өтпелі, өткінші тіршіліктің тірек-тұғырын іздейтін пенделік құбылыстар баяндалған. «Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгертілмейді» деп отырып, өмірді түйсініп сүруге, қалпынша қабылдап, сабырмен жүруге бағыттау ниетіндегі сөз.
Жиырма бірінші сөз. Мақтаншақтықты демесін мен «дейін» деген категорияларға бөліп саралауы өтімді. Ұтымды. Адамның ойына келмейтін құбылысты, тосыннан, төтеден түсіп саралау, төрелік айту біліктілігі, Хакім Абай айтудай айтатын ілгерілердің ізгілік мұраттар дәстүріндегі тоқтам сөз. Мақтан дегеннен адам баласы аман болмайтыны, оның екі түрлі мақтан болатыны, бірі – әдепсіз, арыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді, мақтаншақ демесін деп істейтін ізгі амалдарына адамның өз ішінен бағалы есен қалуы. Ақылдының, арлының, артықтың мінезі. Екінші – «десең» дейтін мақтан. Бай десе, батыр десе, қу десе, пысық десе екен деп жүріп, «демесінді» ұмытатын мақтаншақтық. Абай бұл екінші «десінді» және үш түрге бөлген. «Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол – наданның наданы, ләкин өзі адам емес» [43,б. 107]. Мақтангөйлік – Абай шығармашылығындағы тұрақты, ел мінезінің осы бір сипатын, бұзық қалпын түзеу бағытында ұдайы сөз болып отыратын желінің бірі. Оның өлеңдерінде осы өзі бөлген мақтаншақтың үш тиіп де «кейіпкер» болып отырады.
Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул ислам» еңбегінің үшінші бабы «Ахлақ яғни адамдарға тиісті-тиіссіз мінездер турасында» деп аталған. Осында адамға тән құлық тұрғысында дін негіздерінде, діни кітаптардағы баяндау өрісінде жан-жақты мағлұмат беріледі. Иман, дін ауқымындағы ұстанымдар тоғысатын негіз Ыбырай Алтынсарыұлында да, Абайда да бір негіз. Ыбырай Алтынсарыұлы пенденің екі түрлі пиғылын, жаман мінез, жақсы құлқын бірнеше түрге бөлетін дін ғылымы жүйесінде атап-атап отырып, әрбір мінез түріне арнайы тоқталған болатын. Осында мақтанға тиесілі де айқындама беріледі.
«Үшінші, рия дегеніміз – Құдай тағалаға қылған құлшылық. Адамға еткен жақсылықтың бәрін де Құдай разылығы үшін етіпті. Осы істерімді көріп бөтен адамдар мені жақсы кісі деп білсін деп жүретін мінез, не болмысы, біреуге сырттан жақсы көрінген болып жүріп, ішкергі көңілі бұзықтықты яки дүние, пайдасына ғана керекті пиғылда болуды айтады. Бұл рияменен де Құдай тағалаға не адамға да еткен қызмет пен жақсылық дайын һәм зор күнәһарлықтан болып табылады бәлки куфр болудың да қаупі бар» [84,б. 53]. Ыбырай Алтынсарыұлының аталған еңбегіндегі адам баласының дұрыс немесе бұрыс, бұзық мінездері – ахлақ турасында айтылған, тәкаппарлыққа, сараңдыққа, күншілдікке, харамға қатысты дін, иман бағытындағы саралауда аты аталған жақсы-жаманның барлығы Абайдың ел мінезін, заман қалпын сипаттау, ойшылдық өнеге өрісінде де ұдайы зерделеніп, байыпталып отырған. Екі тұлғаның дін негіздерін ұғындыру парызында атқарған тарихи зор еңбегі кезінде еленбесе, ескерілмесе қилы тысқы, ішкі себептері болды. Ендігі кезекте Ыбырай Алтынсарыұлының аталған еңбегі мен Абайдың қара сөздеріндегі дін негіздерін ұғындыру мұраты сабақтастықпен, салыстырылып, салаланып саралану міндеті тұр. Бұл бағытта арнайы кәсіби дінтанушы мамандар, шығыстанушылар қарастырып, қозғайтын дерек, дәйек қоры қазірде қолда бар. «Егер біреу өзіне қол ұшын берген адамды жоқ нәрсені айтып, орынсыз көпіртіп мақтаса, оның бетіне топырақ шашыңдар» [104].
«Кімде-кім оқымыстылардың ортасында өз білімін айтып мақтану, надандармен пікір таластыру үшін немесе көпшіліктің назарын өзіне аудару үшін білім игерген болса, онда ол отқа күйеді» [104,б. 96].
«Кімде-кім өзгелердің алдында мақтану үшін киінсе ол ... әлгі киімдерін шешекенше оған Алла Тағала жүріп тұрмайды» [104,б. 108].
Жиырма үшінші, жиырма төртінші қара сөздерде де адам мінезі, соның ішінде сол замандағы қазақ баласының мінез-құлқы, тіршілік бағыты айтылып, айыптайтын тұста өтірік, өсек, ұрлық, қастық, ғайбат, қазақты оңдырмай жүрген «ел де сондай» деген бір жұбаныш, «елге қарағанда жөнмін» деген бір қуаныш мінездері баяндалған. Көппен дүрмектің қалпында ғұмыр кешудің теріс те ықпалы болатынын ұғындырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет