Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет30/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Жиырма сегізінші сөз. Бұл сөзінде Абай мұсылман адамның көңілінде Аллаға деген күдік болмауы тұрғысында ой қозғаған. Күрделі, дүниетанымдық қайшы ойларды атап-атап, айтып келіп, Құран ілімі негізінде тоқтам жасау. Біреуді бай, біреуді кедей, біреуді ауру, біреуді сау еткен Жаратушы Иенің игіліктері мен жарылқауына ұйыу ұйыту мақсатында айтылған сөз. Есті кісі ескерсін деп қайырыла соғатын иман тақырыбының үзілмеген желісі.
«Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады. Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан – құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ» [43,б. 115].
Жиырма тоғызыншы сөзде де Құдайшылық, Тәңірге жазбай күн көру ұстанымдары үгіттеледі. Қазақтың «Жарлы болсаң, арлы болма», «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дегендей мақалдарының мәнін ескерте отырады. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дегенге тіксінеді, ата-ананы малға сатқандық – құдайға дұшпандық дейді.
Отызыншы сөз. «Қырт мақтанға» мін айту. Ел өмірінің күнделікті пенделік тірліктен бей-берекет, Құдайын ұмытқан қалпын жазғыра сөйлеу.
«Ай, құдай-ай! Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғын жомарттығы – әртүрлі белгісі бойынша тұрмас па еді?» [43,б. 116].
Отыз бірінші сөз. Ғылым үйрену, көңілге тоқу, естіген нәрсеге зер салу. Адам болып өмір сүрудің, адамшылық ұстанымдардың жөні. Мұнда да мұсылман, мүмин адамның тіршілік қағидаларын ұстанып жүру міндеті негізделеді.
Отыз екінші сөз. Білім-ғылым үйренушілердің білуі тиіс шарттарын баяндаған түп мәнінде дін ғылымынан, соны үйрену мұратында бастау алған. Адамның білмекке құмарлықты орнымен пайдалану қағидасы да ислам ұстанымдарымен, иман шарттарымен сабақтасады. Абай: «Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» [43,б. 117] – дейді.
Ыбырай Алтынсарыұлы «Шариат-ул исламда» дін ғылымын үйрену парызын дін тарихын, дін жолындағы күрес, дін тарату мұраттарымен тұтас желіде қозғайды. Бұл дін ағартушыларының елеулі де ғылымды, дін ғылымын бекіту тәсілдерінде исламда орныққан, таным жолдары туралы термин мәнді «мұлахаза қылу», «мұхафаза қылу» сөздерін де қолданып отырған. Абай дінді бахасқа бола үйренбе, ол күншілдікті зорайтады дейді. Ғылым үйрену, оны сіңіру, сақтау, кәдеге жарату, басқаға үйрету бойынша ғылыми негіздеме, әдістеме мәнді бұл отыз екінші сөздің де абайтануда дінмен сабақтасып жатқан терең иірім, мазмұндары әлі де толық ұғындырылып, танылды дей алмаймыз.
Дін үйрету бағытындағы Мұхаммед пайғамбар (с.а.с), төрт шаһарияр дін исламды дүниені аралап жүріп үйретті. Олардан үйренгені бар жақсы мұсылмандар аяттан, яғни Алла Құранда бұйырған сөздерден, пайғамбар хадистерінен үгіт айтып, нешелеген кітап шығарып кетті. Ғалым молдалар аят пен хадисті қара халыққа түсінікті тілмен ұғындыратын басқа да кітаптар шығарды, әр жұртың өз ғалым молдалары шығып, өз тілінше дін ілімін үйрететін кітаптар жазып, дүние жүзіне дін ғылымы жайылды деп баяндап өтеді Ыбырай Алтынсарыұлы аталған еңбегінде. Әрі қарай ғұламалар шығарған кітаптардың бірі ахыретімізге, бірі осы дүниеге пайдалы ғылымдар деп мән-мазмұнын баяндайды.
Пайдалы ғылымды үйреніп білмеске иждиһад етуіңіз лайық дейді.
«Мужтаһид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмад бну Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа түсіндіріп берді. Біз ол төрт имамның ішінде имам Ағзам мазхабында боламыз, яғни имам ағзамның үйреткен шариғаты бойынша іс етеміз» [76,б. 22].
Абай: «Әрбір хақиқатқа тырысып ыждаһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» - дейді. Абай атайтын мұлахаза қылу мен мұхафаза қылу туралы Мекемтас Мырхахметұлы терминдік мәнінде былай деп ұғындырады:
«а) Мұлахаза қылу сөзі – ойлану, пікір айту, ой жүгіртіп талдау арқылы ой түю.
ә) Мұхафаза қылу деп біліп, таныған нәрсеміз есімізден шайылып, жоғалып кетпеуі үшін, оны ойша қайталап, бекітіп есте сақтауды айтады» [76,б. 90].
Білім, ғылым үйренуде уайымсыз салғырттықтан сақ бол дегенде де Абай бұл алдымен Алланың дұшпаны боларлық құлық дейді. Ғылым, ақыл сақтайтын сауыт – мінез. Яғни үйренген ғылымды сақтап, пайдаңа ұқсатып ұстайтын, өмір сүруіңді игіліктерге айналдыратын ниетің болса – мінезіңе берік бол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет