Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет31/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Отыз үшінші сөз. Бұл да мінезін бұзған қазақтың қалпына қаратып айтылған сөз. Шайтанның азғырғанынан сақтау қажеттігін айтады. Берекесіз мінездің түбі қайырсыз болатындығын ескертеді. Қанағат, сабыр, ар, ұят, ақыл, еңбек, төзім, рақым кеткен соң бұзылған адамшылықтан айрылып қор болып кеткендік туралы сөздің арқауында да иманыңа берік бол, иманды бұзба деген уағыз тұр. «Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?» [43,б. 119].
Отыз төртінші сөз. Абай бұл сөзінде адамның дүние дегендегі осал келетін, оңғақ келетін мінезін тағы да өз қазағына қаратып айтады. Қазақ өлімге нанады. Ахиретте Алланың сұрау алатынын да білемін дейді. Бәріне сендік дейді. Мен бұнысына сенбеймін дейді Абай. Анық сенсе, неге уайым ойлау керек? Уайым дүние уайымы ғой. Екеуін бірдей ойлайтындарды қалайша мұсылман деп, қалайша иманы бар деп есептейміз деп келіп, әрі қарай бұл сөзінің себебін, мәнісін жеткізеді. Дін уағызын, дүниенің дін іліміндегі, Құран Кәрім мен пайғамбар Хадистеріндегі баянын алдыға қояды.
«Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы – олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда, қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса – мұсылман емес» [43,б. 120].
 Адамды аздыратын күншілдік, көрсеқызарлық сынды мінездің «Адам баласына адам баласының бәрі – дос» ұғымындағы талқысында Абай Алланың бұйрығынан таймай өмір сүру қажеттігін ұғындырып отыр.
Отыз бесінші сөз. Махшар күнінде адам баласының сұралатыны тұрғысындағы сөз. Атақ, абырой үшін еңбектенгені бір бөлек, Алла разылығы үшін өнер қылғандары бір бөлек бағасын алатындының мысалы. Дүниеге дос адамдар өмірді зая өткізеді. Алла разылығы үшін өнер қылғандар мен олардың ісіне іші еріп ынтық болғандарға құрметті орын лайық.
Отыз алтыншы сөз. Бұл сөзде де дін негіздерінде адам құлқы талқыға түседі. Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уәсәлләмның Хадис шарифінен мысал келтіріп, ұяты жоқ адамның, иманы да жоқ дегеніне орай ұят концептін тарқата ұғындырады. Шариғатқа теріс іс – ұят. Ұялмас нәрседен ұялу – жамандық. Кешірім туралы ой бар.
Отыз жетінші сөз. Абайдың афоризмдері. Бұл сөздерде де дүниенің мысалы, адамшылықтың жөні тұрғысында айтылған ойшылдық тоқтамдар мазмұн түзген.
Отыз сегізінші сөз. Осы сөзде Абайдың басқа сөздерде айтылып отыратын ғылым үйренудің пайдасы, талабы, шарты туралы өнеге, өсиет сөзіндегі ғылым – дін ғылымы, Аллағы сену, мойынсұну ғылымы екендігі толық мазмұн түзген деуімізге болады.
«Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады – ешбір бәһра болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқадқа да қиянатпенен болады. Бұл қиянатшылар – жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамдығының кәмәләт таппағы – қиынның қиыны. Себебі Алла тағала өзі – хақиқат, растықтың жолы. Қиянат – хақиқат пен растықтың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда, хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әрнәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен табылады. Ол – АллЖә, аның ғылымы емес, һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін ол алланың өзіне ғашықтық. Ғылым – алланың бір сипаты» [43,б. 125].
Бұл сөзде «Шариат-ул исламның» бірінші бабындағыдай, ең әуелі иман ұғымы туралы айтылады. Иман бір ғана инанмақтық емес (иланбақтық – Э.С.). Алла тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Жаратылыс сыры. Алла тағаланың сипаттары. Адамның махшарда сұрау алатұғын қылып жаратылуында ғадаләт пен махаббат бар. Адамның хайуаннан айырмасын айтуында Абай адамның дене мүшелерінің ретімен орналасуын және айтып өтеді. Жаңбырдың жаууы, жердің көгеріп, көктеуі, хайуанға мекен болуы. Барлығының адам баласының пайдасына жасалуы – Алланың адамға деген махаббаты. «Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе? ...Алла табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тәфаккару фиғла иллаһи» деген хадис шарифтің «инналаһу йухиббул муқситин» деген аяттарға ешкімнің ықыласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргенім жоқ. «Әтәмурун әннәсә билбирри уәәхсәну инналаһу йухиббул мұхсин»«уәлләзинә әмәну уәғәмилу салихати улайна асхабул жәннәти һәм фиһа халидун» деген аяттар құранның іші толған ғамалус-салих не екенін білмейміз» [43,б. 133].
Иман жайындағы терең таным түзілген бұл қара сөздің қазақтың қазіргі жазуындағы нұсқасының өзін шағатай, татар жазба тілінен қазақшалау қажеттілігі де бар. Діни-терминдік сөздердің нақты дінтанушылар тарабынан жасалған аударма, түсінігі де қажет. Осы қара сөздегі «әдеби» деп қате жүрген «әбәди» сөзінің аударылу, жазылуындағыдай жаңсақтықтардан арылту бағытында жекелеген мамандардың еңбектеніп жүргені көңілге сенім ұялатады (Т.Қыдыр, Ы.Палтөре – Э.С.).
Осында Абай дін – ислам дінінің берік ұстанымдары жағында. Өзгеріс (реформа), жаңғыру, жаңалау сынды ислам тарихында да болған ағым, бағыттар тұрғысында да өз ойын білдіреді.
«Басына һәм бір өзіне өзгешелік бермек – адам ұлын бір бұзатын іс. Әрбір наданның бір тариқатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады. Хакім, ғалым асылда бір сөз, бірақ Ғарафта басқалар дүр» [43,б. 137].
Терең дін ілімін үйрететін жолға бастауда «Бұл заманның молдалары хакім атына дұшпан болады». Білімсіздік, бұзық пиғыл, шала қауымды адастырады.
Абай осы сөзінде дін оқуының ескі медреселердегі қалпына қатысты мұсылмандық ағартушылықтың әлемдік беталыстарын назарда ұстап айтқан. Жәдит оқуының бағыты туралы ой қозғаған.
«Бұл күндегі тәхсилғулум (үйрену, білім жинау – Э.С.) ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды. Соған қарай Ғұсманияда (Осман мемлекеті – Э.С.) мектеп харбия (соғыс мектебі – Э.С.), мектеп рушдиялар (кәмелеттік білім – Э.С.) салынып, жаңа низамға айналған» [43,б. 140].
Абай әрі мұндай оқу адамды бұзатындығын айтқан. Аса құптап отырмайды. Дүние білімі – дін білімі деген ұстанымын бұзуға жоқ негізді тоқтамын Құранға жүгініп отырып жасайды.
«Дүниенің мәғмурлығы бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бәлки, дүниенің ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол құранда сөгілген; дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасады бірлән малға махаббатын аударған дүние болмаса, ихсанда қолым қысқа болмасын деп һәм өзім біреуге тамғылы болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес.
Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз» [43,б. 140].
Абай осы тұста шариғатты таза білмейтін ишандар бар, сақ болыңдар деп ескертеді. Барлық ишанды айтпағаны анық. Толық адам кім дегеннің жауабын да Абай осы қара сөзінде өзі айтады.
«Енді біліңіздер, ей, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді» [43,б. 141].
  Алла адамның киіміне, байлығына, түріне қарап бағаламайды, ниетін, жасаған амалын көреді. Дос көбейту – адамға қарыз істің бірі. Өзін артық көрсету – күнә. Біреуді қор тұту – күнә. Надандық, еріншектік, залымдық – адамды қор етеді. Ғибадат қыл. Бір үлкен ғибадат – намаз. Бұл жерде намазды өтеу шарттары айтылады. Ниет қылу, дәрет алу, намаздағы амалдарды тұтас ұғындырып отырған. Салауат айту, құлақ қағу, қиям, құбылыға қарау, қирахат оқу, рукуғ, сәжде, қағидат ул-ахир нендей мәнде орындалатындығы ұғындырылады:
Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул ислам» еңбегінде намазда оқылатын аяттар, намаздан кейінгі дұғалар тұтас мәтіндік нұсқасымен келтіріліп отырған. Сөз соңында Абай бұл сөзден нендей ғибрат алдың? деп оқушы мен тыңдаушыға сауал тастайды. Білімді бекіту тәсілі.
Ы.Палтөре 38 қара сөздегі Құраннан алынған аяттардың мәселесінде абайтанудың кезекті міндеттерін күн тәртібіне қояды [32].
«Бірақ күні бүгінге дейін бұл аяттардың Құран мәтініндегі қандай сүрелердің қай аяттары екендігі ешбір әдебиетте нақты көрсетілмеген. Тіпті екі бөлек аят бір аят тәрізді (нақтырақ айтсақ, «әтәмурун әннәсә билбурри, уә әхсәну инналаһу юхиббул мұхсинин» үлгісінде біріктіріліп беріліп кеткен.
Енді осы Құран аяттарын араб тіліндегі тұпнұсқа мәтінге үңіле отырып іздесек, олардың Құрандағы «Маида», «Бақара» және «Әли Ғимран» сүрелерінің аяттары екенін аңғарамыз» [32,б. 28].
«Маида» 42 аятының «Шын мәнінде, Алла – әділетті болғандарды жақсы көреді», - деген бөлігі ғана келтіріледі [32,б. 28]. «Бақара» сүресінен 3 аят.

  1. 195-аяттың ең соңғы, игі (жақсы) іс істеңдер. Шын мәнінде, Алла игілік (жақсылық ) жасаушыларды жақсы көреді», - деген тіркесін келтіреді.

  2. 44-аяттың алғашқы «Адамдарға жақсы іс жаса деп бұйырасыңдар да...» деген бөлігі ғана келтіріледі.

  3. Осы сүренің 82-аяты толық беріледі. «...сондай иман келтіріп, игі амал істегендер жұмақтық болып, олар онда мәңгі қалады».

38 қара сөзіндегі соңғы аят Құрандағы «және сондай иман келтіріп, игі (жақсы) амал істегендер, сонда олардың сыйлықтарын (сауаптарын) толық береді. Алла залымдарды жақсы көрмейді», - делінген мағынадағы «Әли Ғимран» сүресінің 57-аяты» [32,б. 29].
Зерттеуші Палтөре Ықтияр Абайдың 36, 38 қара сөздеріндегі пайғамар хадистерінен алынған мәтіндер 6 дейді. Бұл хадистердің барлығының да Құрандағы аятпен үндестік тауып отыратындығын атап өтеді. Зерттеушінің Абайдың 35-қара сөзіне қатысты бұл сөз толығымен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) айтқан Хадисінің қазақша баламасы іспеттес деген пікірі назар аударады.
Ы.Палтөре еңбегінде біршама дәл мәтіндік салыстырулар жасалып, дін негіздерін ұғындыруға қатысты дәйекті мәселелер ұтымды көтерілген.
Зерттеуші Төрәлі Қыдыр қазақ даласына тараған ислами әдебиетті, тақырып, мазмұн бағытына қарай діни-дидактикалық, діни-сопылық, діни-канондық және діни-танымдық мәтіндер деп жүйелеген [55,б. 72].
Осы бағытта Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул ислам» еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің негізінен «діни-танымдық», «діни канондық» әдебиеттер қатарында атау орынды көрінеді. Әрине, бұл жүйеде діни-диактикалық бағыттың да өзіндік орны бар.
«Біз жоғарыда шартты түрде жүйелеген төрт топтың алғашында (дидактикалық, танымдық, һәм сопылық) үшеуі көркем әдебиеттің толық еншісінде болғанымен де, төртіншісі – канондық мәтіндердің ғылыми-танымдық жағы басым екенін айтқымыз келеді» [55,б. 73]. Ғалым діни-канондық деп Құран аяттарын, пайғамбар хадистерінғ араб, парсы тіліндегі канондық еңбектердің түркі жазба тіліне жолма-жол аудармасын айтуға болады деген. Қараһандықтар дәуірінде түркіге аударылған Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін де діни-канондық мәтндер қатарында қарастыруға негіз бар екендігін құлаққағыс еткен.
Ислами әдебиеттің, дін негіздерін ұғындырудың негізгі мәтіндік нұсқалары Құран мен хадистен тарағандығы тұрғысында «Шариат-ул ислам» мен Абайдың қара сөздерінің мәтіндік негіздемесін жасауда пәнаралық кешенді зерттеулер қажет.
Тақырыпқа қатысты зерттеулер, арнайы нақтылы бір кезең әдебиетіндегі дін негіздеріне бағытталған шығармашылық өріс туралы жекелеген еңбектерде айтылып жүрген мәселелердің тұтас, кешенді түрде Дін және әдеби мұра, әдеби мұрадағы діни желілердің Құран, Хадис мазмұнымен сабақтастығының тарихи алғышарттары, дәстүрі, көркемдік-теориялық айрықшылықтары туралы мәселенің зерттелу, танылу тарихына жүгіне отырып жасалған пайымдауларға зәрулік айқындала түсіп отырған уақытта Ы.Палтөренің аталған еңбегі, Т.Қыдырдың Орта ғасырлардағы Дешті қыпшақтағы ислами әдебиет туралы зерттеулері әдеби даму заңдылықтарының нақтылы ғылыми ұстанымында діни мазмұнның рухани, көркемдік өрісі бағытында жаңа таным түзуде өзіндік елеулі негіздерімен жазылған баянды жұмыстар болып табылады.
«Құран мен әдебиеттің сабақтастығы, Алла аяттарының көркем шығармаларға тигізген әсері, оның негізінде ислами әдебиеттің дүниеге келуі – бұл қалыпты жағдай. Қасиетті кітаптың ішінде баяндалатын негізгі образдар мен сюжеттердің, тәлім-тәрбиелік хикаялардың қазақ даласында бірнеше ғасырлардан бері көшіп жүруі соның айғағы» [55,б. 6].
Зерттеуші бұл тақырыптың кеңес заманының саяси ұстанымында кенже зерттелгенімен, мұсылман елдерінде осы бағытта зерттеулер үзілмегенін, ғылыми өрісінің кең екендігін нақтылы еңбектерді атап көрсетіп отырып баяндайды.
«Осы орайда Доктор Әли Мерзабон Радтың «Қуран вә хадис дәр әдебе фарс» («Парсы әдебиетіндегі Құран мен Хадис»), Рамазан Резайидің «Тәсир-е Қуран дәр пидоеш-е улум-е әдеби» («Әдебиет ғылымының пайда болуына Құранның әсері»), Доктор Әли Асқар Халабидің «Тәсир-е Қуран вә хадис дәр әбәб-е фарс» («Парсы әдебиетіне Құран мен хадистің әсері»), мысырлық ғалым Доктор Мукаррам әл-Ғамридің «Тәсирул сақафатул исламаийя фил әдәбиятул русия» («Орыс әдебиетіне Ислам мәдениетінің әсері») деген еңбектерін атасақ болады. Бұл салада туысқан түркі халықтары да еңбектеніп келеді. Өзбек ғалымы Х.Караматов «Қуръон ва узбек адабиети» («Құран және өзбек әдебиеті») деген тақырыпта докторлық диссертация жазса, башқұрт ғалымы Ф.Сибәзәтов «Башкорт әзәбиәтендә Көрьон митивтары» («Башқұрт әдебиетіндегі Құран мотивтары»), татар ізденушісі Г.Сайфуллина «Музыха священного слова» («Қасиетті кітаптың әуені») деген тақырыпта кандидаттық қорғады» [55,б. 7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет