Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет33/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

2 тарау бойынша тұжырым
Зерттеу жұмысының бұл тарауында ХІХ ғасырдағы мұсылмандық ағартушылық бағыттың тарихи алғышарттары – Ресей патша үкіметі тарапынан жүргізілген шоқындыру миссиясының дін негіздерін ұғындырудағы жандандырушы факторлардың бірі болғандығы; Шоқан Уәлихановтың сахарадағы мұсылманшылыққа тарихи тұрғыдан баға беру ұстанымындағы тарихи-әлеуметтік тұғырлар; Ыбырай Алтынсарыұлының «Шариат-ул ислам» еңбегі мен Абай Құнанбайұлының қара сөзіндегі дін негіздерін ғылыми-теологиялық тұрғыдан ұғындыру мұраты; ислами әдебиеттің қазақ даласына келу үдерісіндегі дәстүрлі ұстанымдар саралаған кейінгі кезеңдегі шығыстанушы ғалымдар А.Ахметбек, А.Әбдірәсілқызы, Т.Қыдыр, Ы.Палтөре зерттеулеріндегі елеулі, тың тоқтамдар сабақтастығында пайымдаулар жасалды.
Қазақ даласына ислам дінінің орнығуы бірнеше тарап арқылы жүргендігі, оның ХІХ ғасырда жаңа бір тарихи серпінге ойысқандығы тұрғысында елеулі деректерге мән берілді.
Кезеңдік саяси реформалардың дінге тосқауыл қою деректерін жинақтай келе жаһандық деңгейдегі діни алауыздықтардың нақтылы зардаптары, соның ішінде қазақ жұртының діни танымын өшіру бағытындағы аяусыз шаралар тұрғысында ислам тарихымен сабақтасып жатқан елеулі кезеңдер назарға алынып, сәйкес пайымдаулар жасауға ден қойылды.
ХІХ ғасырдағы жалпы серпін алған мұсылмандық ағартушылық, Ресей мұсылмандарының рухани күрес бағыты, осындағы өнеге қалыптаған Ш.Маржани, И.Гаспралы сынды ықпалды тұлғалар ұстанымы оның қазақ оянушылығына әсер-ықпал тұрғысында; Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұраттары, Абай қара сөздерінің ілгергі ислам тарихындағы түптөркіні тұрғысында да мәтіндік салыстырулар жасау, сәйкес тоқтамдар айту бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді деуімізге болады.
ХІХ ғасырдағы экзегетикалық дәстүр бұл жұмыстың 2-тарауында нақтылы тіл қолданыс, діни-теологиялық термин мәнді сөздердің қазақ тіліне кірігу үдерісі, мағыналық, мазмұндық өрісі тұрғысында да кейінгі кезеңдегі тілтанушы, дінтанушы ғалымдар еңбектері арқауында тың пайымдаулар жасалды.
Кітаби әдебиет дәуіріндегі тілдік ерекшеліктер, оның қазақ әдебиетінің тарихындағы ықпал-өрісі тұрғысында арнайы зерттеулердің мезгілі жеткендігі туралы ой қозғалды.
Абайдың қара сөзде дін негізін саралау ұстанымындағы ғылыми-теологиялық дәстүр тұрғысында тарихи алғышарттар, ислами әдебиет үлгілері, ортағасырлық түркі өркениетіндегі елеулі факторларды ғылыми айналымға тарту бағытында да нақтылы деректер негізінде ой қозғалды.
Ресей патша үкіметі де, Кеңестік кезең саясаты да ислам дініне ұдайы тосқауыл қойып отыруы мәселесінде қуғын көрген дін жолындағы тұлғалардың өмір фактілері де қажетінде жұмыс мазмұнына кіріктіріліп, күні кешеге шейінгі ұлт руханиятына зор нұқсан келтіріп келген аяр, аяусыз өктемдіктің тарихи зардабы бағытында да әдеби мұра ауқымында ой қозғалып отырды.
Қазіргі шығыстану ғылымының озық өнегесінде ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне экзегетикалық дәстүр негізінде мән беру; жаңа түбегейлі таным түзу мақсатында жазылған бұл диссертациялық жұмыста осы өзекті мәселе тарихи алғышарттар, арғы түпбастау қайнарлар, жеке тұлға әлеуеті, ауқымында, жанрлық-поэтикалық негізде жаңаша қисындалып, сараланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет