Мұхафаза – (محافظة) есте сақтау.
Мүмин – (مؤمن) Аллаға сенуші пенде, мұсылман.
Назира, нәзирагөйлік – (الجواب، الاستيعاب) жауап, ұқсату. Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің «жауап» қатуы.
Парыз – (فرض) міндет, парыз, борыш.
Поэтика – (грек тілінде poietik fehne — шығармашылық өнер) әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым.
Рия – ( رياء ) көрсету. Алланың разылығы үшін емес, басқа адамдардың алдында өзін көрсету үшін жақсылық жасауды білдіретін исламдық термин.
Рубаи – (رباي) төрттаған. Шығыс поэзиясында кең таралған лирикалық өлең түрі. Араб, парсы және түркі халықтарының ауыз әдебиетінде мол ұшырасады.
Рукуғ – (ركوع) намаз оқығанда екі қолды тізіге қойып еңкею.
Сүннет – (سنة ) сүннет. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.
Сүре – (سورة ) сүре. Құран бөлімінің атауы. Жалпы Құранда 114 сүре бар.
Тақуа – дін қағидалары бойынша амал жасайтын, шын пейілімен істейтін адам. Тақуа исламның 5 парызын, қағидасын мүлтіксіз орындап, Аллаға шынайы берілген, шыншыл, адал адам.
Уағыз – (الوعظ) ислам дінінде Алланың барлығы мен бірлігі, дін шындығы жайлы және адамдарды дінге шақыру мақсатында айтылатын насихат сөздер. Уағыз жамағаттың алдында, оның сұранысына орай белгілі бір тақырыпты ашу үшін Құран Кәрім аяттарынан, ғұлама-әулиелердің сыр сөздерімен дәлелдене отырып баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |