Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет7/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Зерттеудің өзектілігі. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр – тарихи, әлеуметтік алғышарттар; көркемдік негіз қалыптастыру арналары; идеологиялық ықпал; жеке шығармашылық тұлғалар мұрасындағы дара сипаттар ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, сақтау мәніндегі жалпыадамзаттық игіліктердің рухани өрістерінде, қазіргі уақыттың әдеби мұраны тану, игеру бағытында талаптарында кешенді тұтастықта, ғылыми толымды жүйеде зерттеп зерделеуге әлі де зәру тақырып.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісін зерттеуде ондаған жылдар бойы ұлттың азаттық күрес жолында, қазақ халқының тарихи дамуында елеулі ықпалы болған мұсылмандық-ағартушылық туралы арнайы сөз қозғауға мүмкіндік болмады.
Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің әдебиеттану ғылымындағы іргелі дәстүрлерінде, қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы басым сипаттарын айқындап берген еңбектер кейінгі кезең зерттеулерінде қағаберіс қалып жүр. Батыс, әлем, орыс білгірлерін көлденең ұстап сөйлеу дағдысы бар. Төлтума сипаттары қанық әдеби мұрамызды игерудің ұлттық құндылықтарды ұрпақ танымына сіңіру өзектілігіндегі зерттеу бағыттарын іргелі ғылыми дәстүрлерде ілгері оздырып отыру міндеті әрдайым күн тәртібінде тұратын зор рухани парыз.
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүрдің бастауы қазақ жеріне ислам дінінің орнығу тарихымен, нақтылы кезеңдік-тарихи ахуалмен, руханият өрісіндегі ислами әдебиеттің қазақ даласындағы қолжетімдігі мәселесімен, т.б. ондаған тарихи-әлеуметтік, саяси факторлармен байланысты.
Ислам әлемінде ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап жаңа бағыт түзген мұсылмандық ағартушылық қазақ жерін де шарпыды.
Жоқтау өлең, көңіл айту, естірту, тоқтам өлеңдерінде ақындар Алланың әмірі екі болмасын, өлімнің хақ екендігін айтты. Адам баласының тіршілік сапарындағы жеке бас қасиеттері шариғат негізінде бағаланып, дәріптелді.
Бұл диссертациялық жұмыс әдеби мұрадағы дін негіздерін ұғындыру тенденциясының ХІХ ғасырдағы қазақ жағдайында жандану үдерісі мұсылмандық-ағартушылық тұрғысынан кешенді тұтастықта зерделену өзектілігінде жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет