«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 4 беті
ГОСТ 2.316-2008 жобалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Графикалық
құжаттарға жазбаларды, техникалық талаптарды және кестелерді жазу ережесі.
Жалпы ережелер;
ГОСТ 7.1-84 Ақпарат, кітапхана және баспа стандарттары жүйесі. Құжаттың
библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен ережелер.
2020 жылдың 1 қыркүйегінде Ғылыми кеңес бекіткен ОҚМПУ академиялық
саясаты, № 1 хаттама.
2.2 Ереже жазбалардың мынадай нысандарын қолданысқа енгізеді:
Ф.7.14-01 Магистрлік диссертацияның (жобаның) мұқабасын ресімдеу
Ф.7.14-02 Магистрлік диссертацияның (жобаның) титулдық бетін ресімдеу
Ф.7.14-03 Магистрлік диссертация (жоба) мазмұнын ресімдеу
Ф.7.14-04 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу
Ф.7.14-05 Пікірді ресімдеу
Ф.7.14-06 Рецензияны рәсімдеу
Ф.7.14-07 Ғылыми еңбектер тізімін ресімдеу
Ф.7.14-08 Сараптау комиссиясының қорытындысын ресімдеу
Ф.7.14-09 Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы бланкісінің
3 Терминдер мен анықтамалар
Е-де ҚР СТ ИСО 9000:2017, ҚР СТ ИСО 9001:2016, ГОСТ 7.1-84 сәйкес
терминдер мен анықтамалар қолданылады және қосымшасы қолданылады:
Магистрлік диссертация: ғылым мен техниканың заманауи теориялық,
әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, таңдалған білім беру
бағдарламасы саласындағы өзекті мәселені шешудің теориялық және/немесе
практикалық әзірлемелерін қамтитын дербес ғылыми зерттеу болып табылатын
ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы.
Магистрлік жоба: таңдалған білім беру бағдарламасының қолданбалы
өзекті мәселесін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе экспери-
менттік нәтижелерді қамтитын дербес зерттеу болып табылатын бейіндік
магистратура магистрантының бітіру жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |