Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.б.
Материалдық емес активтерге – фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер. Тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
Инвестициялар тәуекелді (венчурлық), тікелей, портфельді және аннуитет болып бөлінеді. Венчурлық капитал қызметтің жаңа салаларында жаңа акцияларды шығарумен байланысты. Тікелей инвестиция шаруашылық субъектінің жарғы капиталына табыс алу мен басқаруға қатысу мақсатында салым жасауды білдіреді. Портфельді инвестиция түрлі инвестициялық бағалық жиынтығын (портфельді) және бағалы қағаздарды сатып алуды білдіреді. Аннуитеттер белгілі бір уақыт мерзімінен кейін табыс әкелетін инвестиция, сақтандыру және зейнетақы қорларына қаражат салу.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ондаған жылдар бойы салынатын инвестицияны анықтау әдістемесі өзінің маңызын жоймай, теориялық және тәжірибелік маңызы барын көрсетіп келді. Бұл әдіс терең ғылыми түрде негізделіп, тәжірибеде кеңінен қолданылады.
3 Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері.
Батыс елдердің экономикалық әдебиеттерінде әдістеменің негізгі баптары егжей- тегжей сипатталған. Бұл мәселені шешуде екі тәсіл көптен белгілі.
Бірінші тәсілде инвестиция мөлшерін алынған табыс мөлшерімен салыстырып, байланыстырып және сұраныс бағасын, ұсыныс бағасымен салыстыру арқылы анықтайды. Кәсіпкер салынған инвестицияға құштар, яғни тауар капиталын алуға, ие болуға, егер одан тек қана белгілі бір мезгілде оны пайдпланудан салынған инвестиция мөлшерінен кем емас табысқа ие болғанда ғана ойлаған ойына жеткенін көрсетеді. Бірақ, бұл мөлшерді қалай салыстыру керек ?
Кәсіпкер тауар үшін белгілі соманы төлеуге міндетті, ал табыс бірден келе қоймай, бірнеше жыл ішінде біртіндеп келуі мүмкін. Инвестиция салынған кезеңнен бастап, келешекте кәсіпкер қанша табыс алатынын анықтау керек. Мұндай есепті жер жүзі тәжірибесінде дисконттірлген деп аталып, ал осы есептің қортындысы бойынша алынған мөлшерді дисконттірленген немесе ағымдағы құны деп атайды. Дисконтірленген құн (Дқ) қандай болмасын табыс (Т) белгілі бір кезеңде (К) пайыздық ставкаға (r) тең болады:
Т Т2 Т3 Тn n Тi
Д = + + + ...+ = Σ
(1+r) (1+r)2 (1+r)3 (1+r)n i=j (1+r)n
мұнда 1,2,3... n-жылдар, осы уақыт ішінде табыстың жылдар бойғы күтілуі Т1,Т2,Т3...,Тn.
Бұл көрсетілген формуладан байқайтынымыз, дисконттірленген құнның сомасы қандайда темен жағдайда болса, оның мерзімі ұзақ болғанда, салушы осы арқылы ойлаған (Т) ізделетін соманы алуына , бұл жағдайда пайыздық ставка (ғ) жоғары болғанда табысқа қолы жетеді.
Жоғарыда айтылғандай, салынған инвестицияның пайдалылығы, сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын салыстыру жолымен анықталады. Тауарға деген сұраныс бағасы (Сб) – бұл кәсіпкердің төлеуге жататын ең жоғарғы бағасы. Ол салынған инвестициядан күтілетін таза табыстың дисконттірілген құнына тең: Сб=Дқ күтілетін таза табыс.
Осы жағдайда кәсіпкер инвестицияны бұл сомадан артық (сұраныс бағасынан) салуды көздейді, өйткені, олай болмаған күнде, оған ақшаны банкке пайызға салу пайдалырақ екенін түсінеді. Тауардың ұсыныс бағасы (Ү6) сол өнімге кеткен өндіріс шығындары мен осы сатуға жұмсалған шығын көлемімен анықталады.
Осыдан келесі қортынды жасауға болады: егер тауарға деген сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан артық кетсе, онда кәсіпорынға қосымша тауар бірлігін игеруге тура келеді; егер сұраныс бағасы ұсыныс бағасымен тең болса, онда кәсіпкерге инвестициялық шешімінде – қосымша тауарды игеруге немесе игеруге бірдей қарайтынын көреміз; кәсіпкерге инвестицияны салу тиімсіз, егер сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан төмен болған жағдайда, яғни фирманың қабылданған инвестициялық стратегиясының соңғы қортынды шешімі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының қатынасымен анықталады.
Егер барлық жоғарыда көрсетілгендерді түсінікті етіп айтсақ, онда бұл мынаны көрсетеді:
Егер Сб>Үб – инвестицияны салу тиімді;
Гере Сб<Үб – тиімсіз;
Егер Сб=Үб – онда екі жақты жағдайда жетіседі,
Мұнда Сб – белгілі бір жобаны іске асырудың есебінен алынатын табыс (пайда) деп түсінуге болады; Үб – жобаны іске асыру бойынша жұмсалған қаржы. Ал біздің келтірген Сб – бұл сұраныс бағасы да , ал Үб – ұсыныс бағасы деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |