2.Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
Қызмет ете отырып, айналым құралдары ауыспалы айналым жасайды. Оны үш фазаға бөлуге болады: Бiрiншi фазада (А-Т) айналым құралдары тауарға айналады, яғни ақша қаражатына өнiм өндiру үшiн керектi шикiзат, материалдар, т.б. сатып алынады. Екiншi фазада (Т-Ө-Т) айналым құралдары өндiрiс процесiне қатыса отырып, аяқталмаған өндiрiс, жартылай фабрикат, дайын өнiм формасын қабылдайды, яғни шикiзаттан дайын өнiм жасалып, сатылатын тауарға айналады. Үшiншi фазада (Т-А) дайын өнiм формасындағы айналым құралдары оны өткiзу процесiнде қайтадан ақшаға айналады. Айналым құралы толық ауыспалы айналым жасайтын уақыт, яғни өндiрiс кезеңiнен өтiп, айналыс кезеңiне өту кезi айналым құралының айналам кезеңi деп аталады. Бұл көрсеткiш кәсiпорындағы немесе саладағы ақшалай қаражаттың орташа жылдамдығын сипаттайды.
Айналым құралының қаржылану көздерi- жеке(меншiктi), қарызға алынған және тартылған қаражат болып бөлiнедi.
Өз қозғалысында айналым қорлары үш сатыдан өтеді:
ақшалық;
өндіргіш;
тауарлық.
Ақшалық сатыда дайындық жұмыстары жүргізіледі. Айналыс сферасында ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Өндіргіш сатыда өндіріс процесі басталады. Өндіргіш сатыда дайын өнім шығарылып, сату сатысы басталады, яғни өндіргіш капитал тауар капиталына айналады да, тауар сатысы басталады. Схема түрінде алсақ,
А – Т .... Ө .... Т1 - А1 ,
мұндағы: А – кәсіпорынның ақша құралдары;
Т - өндіріс құралдары;
Ө - өндіріс;
Т1 - дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан түскен ақша құралдары.
Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болып, ауыспалы айналым жасайды, яғни айналыс сферасынан өндіріс сферасына, өндіріс сферасынан айналыс сферасына қайта айналып келіп отырады. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.
Айналым қаржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Айналым коэффициенті – сатылған өнімнің көлемін (Рn) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:
Ко = Рn / СО
Достарыңызбен бөлісу: |