Джаншанло Р. Е


Ұйымның ақша ағымдарын талдау



бет37/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
annotation101972 2

5. Ұйымның ақша ағымдарын талдау.


5.1. Ақша ағымдарын талдау негіздері.

Нарықтық экономика жағдайында ақша қаражаттары барынша шектеулі ресурс ретінде көрсетіледі деген пікірге көптеген экономистер қосылады, сондықтан олармен операциялар жасасудан максималды экономикалық тиімділікке қол жеткізу өте маңызды болып келеді. Одан басқа ұйымның ақша құралдары шаруашылық қызметінің қалыпты процесін қажет ететін, тікелей және аз шығынмен ресурстардың басқа түрлеріне ауысатын, ресурстардың жалғыз түрін білдіреді. Алайда, өздеріше ақша қаражаттары пайдасыз активтер болып табылады . Олардың коммерциялық және тиімді пайдалылығы шаруашылық айналымына тартылғанда және қозғалыста болғанда көрінеді.


XIX ғ. ортасында ғалымдар пайда парадоксы деген ұғымға назар аударды, оның мәнісі келесіде болды: ұйымда ақша жоқ, бірақ пайда бар, немесе ақша бар, бірақ пайда жоқ. Тіпті аталған парадокстың шекті жағдайы мүмкін болды: ұйым банкрот болып жарияланды, ал есебінде пайда көрсетілді. Осындай жағдайларды экономикалық тұрғыдан анықтау үшін ғылыми аппаратында "ақша ағыны" деген ұғымды жеке экономикалық категория ретінде бөлуді қажет етті. Тарихи бұл жақында ғана ХХ ғ. бірінші жартысында орын алды. "Сash flow" ретіндегі ақша ағындары ұғымы алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың экономикалық әдебиеттерінде пайда болды. Қазіргі уақытта англосаксониялық шығу тегі бар бұл термин (ағыл. "cash" – қолма-қол ақша, "flow" - ағу), халықаралық тануға ие болып, көптеген елдерде еркін жүруге мүмкіндігі бар.
Экономикалық әдебиеттерде (шетел және қазақстандық) ұйымдардың ақша ағындарының экономикалық мәні әр түрлі түсіндіріледі, ол ақша ағыны нарықтық шаруашылық категория ретінде – бұл күрделі көп қырлы құбылыс екенін дәлелдейді:



Ұйымның ақша ағыны



- белгілі бір кезеңде ұйымның барлық алынған және төленген ақша каражатының айырмасы

- ақшалай қаражат түсімі мен кетуі (жылыстауы)

- шаруа қызметін түрлендіріп, олардың қозғалыстары уақыт, тәуекелділік және өтімділік факторларымен байланысты, қаралып отырған уақыт кезеңінде ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жеке аралықтар бойынша бөлінген жиынтығы



Ақша ағындарының өсімі ұйымның жалпы табысынан пайда болады, және ол кеңейтілген ұдайы өндіріске алғышарттар тудырады. Ауыспалы айналым процессінде капитал ақша нысанынан өндірістік, тауарлық, және қайтадан ақша нысанына ауысады. Әр уақыт сәтінде капиталдың жекелеген бөліктері тек бір ғана нысанда болады.
Осыдан, ақша ағыны ақша қаражатының түсу және жұмсалу түрінде қозғалысын білдіреді деген қорытынды жасауға болады. Ақша қаражаттарының түсуі (ағыны) - оң ақша ағыны, ал ақша қаражатының шығыны (кетуі) - теріс ақша ағыны деп аталады. Ұйым қызметінің әрбір түрі бойынша немесе шаруашылық қызметінің оң және теріс ақша ағындары арасындағы айырмашылық жалпы таза ақша ағымы деп аталады.
Талдаудың белгілі аралығында ұйымның бос ақша қаражатының нақты өзгерүі нақты ақша ағымы деп аталады. Нақты ақша ағымы бухгалтерлік баланста көрсетілген (010 жол «Ақша қаражаттары және олардың баламалары») ұйымның ақшалай қаражат мөлшері тұралы мәліметтер негізінде есептеледі.
Таза және нақты ақшалай ағымы арасындағы айырмашылығы бейөндірістік тұтынуды білдіреді.
Ұйымның қаржылық әл-ауқаты оның міндеттемелерін өтеу үшін көбіне ақша қаражатының ағымына байланысты. Ақша қаражатының жетіспеуі ұйымның қызметіне кері әсерін тигізіп, төлем қабілетсіздігіне, өтімділіктің төмендеуіне, залалдылыққа және жұмыс істеуінің тоқтап қалуына әсерін тигізуі мүмкін. Ақша қаражатының артылуы ұйымның шығынға ұшырағанының белгісі болуы мүмкін.
Ол шығындардың себебі инфляция және ақша құнсыздануымен қатар, оларды тиімді орналастыру мүмкіндігінің қателігі мен қосымша табыс табуымен байланысты болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тек қана ақша ағымдарын талдау ұйымның нақты қаржылық жағдайын орнатуға мүмкіндік береді.
Ақша ағымдары шаруашылық қызметінің түрлері бойынша жіктелүі мүмкін. Халықаралық есеп стандарттарына сәйкес ақша ағымдарының мынадай түрлерін бөледі:
1. Шаруашылық процесінің қызмет көрсету ауқымы бойынша ақша ағымдарының мынадай түрлерін бөледі:
• жалпы ұйым бойынша ақша ағымы - ақша ағымының ең біріктірілген түрі, ол жалпы ұйымның шаруашылық процесіне қызмет көрсететін ақша ағымдарының барлық түрлерін шоғырландырады;
• ұйымның шаруашылық қызметінің жекелеген түрлері бойынша ақша ағымы – ұйымның шаруашылық қызметінің жекелеген түрлерінің бөлінісінде жиынтық ақша ағымының саралау нәтижесі;
• жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша ақша ағымы (жауапкершілік орталықтары бойынша) - ұйымдастыру-шаруашылық құрылыс жүйесінде басқарудың жекелеген объект ретінде анықтайды;
• жекелеген шаруашылық операциялары бойынша ақша ағымы - дербес басқарудың бастапқы объектісі ретінде қарастырылады;
2. Қызмет түрлері бойынша ақша ағымдары мынадай түрлерге бөлінеді:
операциялық қызмет. Ақша қаражатының ағыны: тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсім, келіп түскен дебиторлық берешек, материалдық құндылықтарды сатудан және баспа-бас айырбастан түскен, сатып алушылардың аванстары. Ақша қаражатының жылыстауы: жеткізушілерге төлемдер, жалақы төлеу, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер, несие бойынша процент төлеу, кредиторлық берешекті өтеу;
инвестициялық қызмет. Ақша қаражатының ағыны: негізгі қорларды, материалдық емес активтерді, аяқталған құрылысты іске асыру; ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен қаражаттар; дивидендтер, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың проценттері. Ақша қаражатының жылыстауы: өндірісті дамытуға салынған күрделі қаржы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
қаржылық қызмет. Ақша қаражатының ағыны: қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар; ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар; вексельдерді сатудан және оларды борышкерлермен ақы төлеуден, акциялар эмиссиясынан түскен түсімдер; мақсатты қаржыландыру. Ақша қаражатының жылыстауы: қысқа мерзімді міндеттемелерді, ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздарды өтеу; дивидендтерді төлеу.
Ұйымның шаруашылық қызметінің жоғарыда қаралған үш бағыты бойынша ақша ағымдарының сомасы таза ақша ағынын құрайды. Таза ақша ағымының шамасын өз қызметінің нәтижелері бойынша ұйымның өз билігінде болатын ақша қаражатының әлеуетті көлемі ретінде қарастыруға болады.
3. Ақша қаражаты қозғалысының бағыты бойынша ақша ағындарының екі негізгі түрін бөледі:
1) оң – ұйымның барлық шаруашылық операцияларынан ақша қаражатының түсімдер жиынтығын сипаттайтын (бұл терминнің аналогы ретінде «ақша қаражатының түсімі» термині қолданылады);
2) теріс(жағымсыз) - шаруашылық операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыру процесінде ұйымның ақшалай қаражатты төлеу жиынтығын анықтайды (бұл терминнің аналогы ретінде «ақша қаражатының жылыстауы» термині қолданылады).
4. Көлемін есептеу әдісі бойынша ұйымның ақша ағымдарының төмендегідей түрлерін бөледі:
жалпы - уақыт кезеңінде оның жекелеген интервалдарының бөлінісінде қаралатын барлық түсімдер немесе ақша қаражатының төлемдер жиынтығын сипаттайды;
таза - уақыт кезеңінде оның жекелеген интервалдарының бөлінісінде қаралатын оң және теріс ақша ағындары арасындағы айырмашылығын анықтайды (ақша қаражаттарының түсуі мен жұмсалу арасындағы). Таза ақша ағымы ұйымның қаржылық қызметінің маңызды нәтижесі болып табылады, көп жағдайда оның нарықтық құнының қарқынды өсуін және қаржылық тепе-теңдігін айқындайды.
Жалпы ұйым бойынша, оның жекелеген құрылымдық бөлімшелері, әр түрлі шаруашылық қызметі немесе жекелеген шаруашылық операциялары бойынша ақша ағымының таза есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
ТАА = ААо ААт,
бұл жерде: ААо – оң ақша ағымы (ақша қаражатының түсуі) қаралатын уақыт кезеңінде; ААт – теріс ақша ағымы (ақша қаражатының шығуы) қаралатын уақыт кезеңінде.
5. Көлемнің жеткілікті деңгейі бойынша ұйымның ақша ағымдарының мынадай түрлерін бөледі:
• артық - келіп түскен ақша қаражаттары оларды мақсатты түрде жұмсалуын ұйымның нақты қажеттілігін айтарлықтай асып түсетін ақша ағынын сипаттайды.Артық қолма-қол ақша ағымының күәсі болып ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде пайдаланылмайтын жағдайда таза ақша ағымының жоғары оң шамасы табылады;
• дефициттік – келіп түскен ақша қаражаттары оларды мақсатты түрде жұмсалуын ұйымның нақты қажеттілігін айтарлықтай төмен жұмсалуының ақша ағынын сипаттайды.Таза ақша ағымы сомасының мәні тіпті оң болған жағдайда, егер бұл сома ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтін барлық бағыттарының жоспарлы қажеттілігін камтамасыз етпегенде, ол дефициттік болып сипатталуы мүмкін.
6. Уақытты бағалау әдісі бойынша ақша ағымдарының мынадай түрлерін бөледі:
• қазіргі –уақыттың ағымды сәтінде келтірілген құн бойынша, бірыңғай оның салыстырмалы шамасы ретінде ұйымның ақша ағымын сипаттайды;
• алдағы - уақыттың нақты алдағы сәтінде келтірілген құн бойынша, бірыңғай оның салыстырмалы шамасы ретінде ұйымның ақша ағымын анықтайды;
7. Осы қаралатын кезеңнің үздіксіздігін қалыптастыру бойынша ұйымның мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты(жүйелі) - қарастырылып отырған уақыт кезеңінде тұрақты жеке аралықта жүзеге асырылатын жекелеген қаржы-шаруашылық операциялары бойынша(ақша ағымдарының бір түрі бойынша) ақша қаражаттарының түсімдері мен жұмсау ағымын сипаттайды;
дискреттік - қарастырылып отырған уақыт кезеңінде ұйымның жекелеген қаржы-шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға байланысты ақша қаражаттарының түсімдері мен жұмсау ағымын анықтайды;
8. Уақытша интервалдарды қалыптастыру тұрақтылығы бойынша, жүйелі ақша ағымдары мынадай қызмет түрлерімен сипатталады:
қарастырылатын кезең шеңберінде бірдей уақыт интервалдардағы тұрақты ақша ағымы – аннуитетті сипаттайды;
қарастырылатын кезең шеңберінде әркелкі уақыт интервалдардағы тұрақты ақша ағымы – лизингтік активтердің мерзімі ішінде оларды жүзеге асырудың әркелкі уақыт интервалында тараптармен келісілген жалға алынатын мүлікке лизингтік төлемдер кестесі;
9. Белгілі бір кезең ішінде ұйымның таза кредиттік позициясының өтімділігі немесе өзгеруі бойынша ақша ағымдарының мынадай түрлерін бөледі:
өтімді - ұйымның уақыт бойынша қаржылық жағдайының өзгеруін және кезең бойы таза кредиттік позициясының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл ретте таза кредиттік позиция - бұл ұйым алған несие сомасы мен ақшалай қаражат шамасы арасындағы оң айырмасы;
өтімсіз - кезең бойы ұйымның таза кредиттік позициясының келеңсіз өзгеруін сипаттайды. Бұл ретте таза кредиттік позиция - бұл ұйым алған несие сомасы мен ақшалай қаражат шамасы арасындағы теріс(жағымсыз) айырмасы;
10. Уақыт бойынша түсімі мен жылыстауының кезектесу ерекшеліктері бойынша ақша ағымдары мынадай болуы мүмкін:
релеванттық - оларда "минус" белгісімен ағым "плюс" белгісімен ағымға бір ғана рет өзгертіледі. Релеванттық ақша ағымдары стандартты, әдеттегі және қарапайым инвестициялық жобаларға тән. Оларда бастапқы капиталды инвестициялау кезеңінен кейін, яғни ақша қаражатының жылыстауынан кейін, ұзақ түсулер, яғни ақша қаражатының түсімі жүреді;
релеванттық емес - олар үшін капиталдың түсімі мен жылыстауының кезектесіп орналасқан жағдайы тән.
11. Теңгерімділігінің сипаты бойынша ақша ағымдары былай бөлінеді:
• жұмсақ теңдестірілген - ұзақ мерзімді кезеңде дефицитік ағымының теңгерімділігіне негізделген, бұл жерде бір қаржы жылынан аса кезінде инвестициялық қызметтен түскен ақша ағымының жетімсіздігі төзіледі, және оған операциялық және қаржылық қызметінің ағымдары бағынышты. Теңгерімділіктің бұл түрі ұйымның инвестициялық бағыттағы дамуымен байланысты;
• қатаң теңдестірілген - "ақша қаражатын тартуды жеделдету – ақша қаражатын төлеуді баяулау "жүйесі бойынша, қысқа мерзімді кезеңде дефициттік ағымының теңгерімділігіне негізделген, бұл жерде бір қаржы жылының шегінде негізгі қызмет ретінде операциялық қызметтен түскен ағым жетімсіздігі төзіледі және оған қысқа мерзімді, қаржылық және инвестициялық қызмет бағынышты. Теңгерімділіктің бұл түрі ағымдағы қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілеттілігі мен өтімділікті қолдаумен байланысты, алыпсатарлық табиғаттың қысқа инвестицияларына бағытталған.
12. Тәуекелділік дәрежесі бойынша ақша ағымдары мынадай болады:
жоғары тәуекелді - инновациядағы тәуекелді инвестициялармен байланысты, әсіресе өмірлік циклінің алғашқы сатысында инновациялық жобалардың ақша ағымдарын білдіреді. Бұл ретте ағымның ең жоғары тәуекелділігі өзін-өзі ақтау нүктесінен өтуге дейін немесе инвестициялық жобаны қайтаруға дейін қаржы және инвестициялық қызметінде байқалады, ал төмен тәуекелді – операциялық қызметте байқалады.
төмен тәуекелді - "нарықта кілегей алу" мерзімінде жоғары кірістердің тұрақты генерациясымен байланысты, әсіресе өмірлік циклінің шарықтау кезеңінде ұйымның дәстүрлі қызмет түрлерінде бар болады. Бұл ретте ақша ағымының ең төменгі тәуекелділігі операциялық қызметте байқалады.
13. Болжамдалу (болжам жасау) бойынша ақша ағымдары мынадай болып бөлінеді:
болжамдалатын - ұйымның қызметі біршама тұрақты қаржы-экономикалық және саяси ортадағы түрде жүзеге асырылады, көптеген сыртқы негативтік факторлар бейтараптандырылған, ал ішкі факторлар репрезентативті статистикалық таңдаулар аясында орнықты даму тарихы бойынша болжанады, яғни жүйелі тәуекелділіктер үкіметтік саясатпен бейтараптандырылған, ал техникалық ішкі тәуекелділіктер ықтималдылықтың жоғары дәрежесімен болжамданады;
болжамдалмайтын - ұйымның қызметі тұрақсыз қаржы-экономикалық және саяси ортадағы түрде жүзеге асырылады, көптеген сыртқы негативтік факторлар өздерін белгісіздік түрінде танытады, ал ішкі факторлар эксперттік тәсілдермен репрезентативті емес статистикалық таңдаулардың арқасында болжамданады, яғни жүйелі тәуекелділіктер белгісіздіктің жоғары деңгейінде болады және үкіметтік тұрақтандыру саясатының дағдарыс жағдайында болжамдалмайды, ал техникалық ішкі тәуекелділіктер ықтималдылықтың төменгі дәрежесімен болжамданады;
14. Басқарылу бойынша ақша ағымдары мынадай болуы мүмкін:
басқарылатын - өзін өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру негізінде дамуы үшін көбінесе белсенді активті операциялық және пассивті қаржылық пен инвестициялық қызмет ететіндей ақша ағындары мен жылыстауының үстемділігін білдіреді, яғни өзінің ішкі резервтері арқылы ұйымның қаржылық тәуелсіз және дербес дамуы;
басқарылмайтын - мизерлық меншікті құралдары мен ішкі резервтер көлемінде сыртқы қарыз алу ауқымы негізінде белсенді қаржылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыра отырып, ұйым басқара алмайтын ақша ағымдары мен жылыстауының үстемділігін білдіреді.
15. Бақылау бойынша ақша ағымдары былай бөлінеді:
бақыланбалы - оның ағымы мен жылыстауы болжау мен басқаруға беріледі, сальдосы жоспарланған деңгейден ең шамалы ауытқуда қалыптастырылады, яғни "жоспар - факт - ауытқу" аралық және түпкілікті қаржылық нәтижелері бойынша ең төмен мөлшерде;
бақыланбайтын - оның ағымы мен жылыстауы болжау мен басқаруға берілмейді, сальдосы жоспарланған деңгейден айтарлықтай ауытқуда қалыптастырылады, яғни "жоспар - факт - ауытқу" аралық және түпкілікті қаржылық нәтижелері бойынша ең жоғары мөлшерде;
16. Синхрондау мүмкіндігі бойынша ақша ағымдары былай бөлінеді:
синхронизацияланған - ақша қаражаттарының түсімдері мен жұмсалуының маусымдық және циклдық айырмашылықтарын ескере отырып, уақытша кезең бойынша түсімдер жылыстау уақытымен келісіледі. Бұл ретте оң және теріс ақша ағындары арасындағы корреляция деңгейі «+1» мәніне ұмтылады;
синхронизацияланбаған - ақша қаражаттарының түсімдері мен жұмсалуының маусымдық және циклдық айырмашылықтарын ескере отырып, уақытша кезең бойынша түсімдер жылыстау уақытымен келісілмейді. Бұл ретте оң және теріс ақша ағындары арасындағы корреляция деңгейі айтарлықтай төмендейді.
17. Оңтайландыру мүмкіндігі бойынша ақша ағымдары былай бөлінеді:
оңтайландырылған –орташа ақша қаражаттарының қалдығы ұйымның қаржылық қажеттілігіне сай кездегі, уақыт бойынша оның ағымы мен жылыстауы тегістелуге және синхрондалуға берілген, ағындарды қалыптастырудағы маусымдық және циклдық өзгерістердің елеулі әсерін жоя отырып уақытша кезеңдегі жеке интервалдар бөлінісінде ағым мен жылыстау көлемін теңестіру кезіндегі ағым;
оңтайландырылмаған - орташа ақша қаражаттарының қалдығы ұйымның қаржылық қажеттілігіне сай емес кездегі, уақыт бойынша оның ағымы мен жылыстауы тегістелуге және синхрондалуға берілмеген, ағындарды қалыптастырудағы маусымдық және циклдық өзгерістердің елеулі әсерін жоя отырып уақытша кезеңдегі жеке интервалдар бөлінісінде ағым мен жылыстау көлемін теңестірмеген кезіндегі ағым;
18. Рентабельділік көрсеткіштерінің тиімділігіне қатысты ақша ағымдары былай бөлінеді:
• тиімді - ұйымның тұрақты өсуі қамтамасыз етілетін, ал қаржылық тұрақтылық мен рентабельділік көрсеткіштері бір мезгілде жақсаратын, оның жұмсақ теңгерімділігі меншікті капитал рентабельділігінің бір мезгілде өсуіне осылайша ықпал ететін ағым.
• тиімсіз, бірақ үйлестірілген - қысқа мерзімді міндеттемелерді жабудан кейінгі созылмалы шығындылық қамтамасыз етілетін, ал ағымдағы қаржылық тұрақтылығының, өтімділігінің көрсеткіші рентабельділікті жоғалту бағасымен жақсаратын, оның қатаң теңгерімділігі рентабельділіктің азаюына немесе жойылуына байланысты жүргізілетін ағым.
Қарастырылған жіктеу ұйымдағы әр түрлі ақша ағымдарын есепке алу, талдау және жоспарлауын мүмкіндігінше қамтамасыз етеді.
Ұйымның қаржылық жағдайына тапшылық пен ақша ресурстарының артығы теріс әсер етеді. Артық ақша ағынында инфляция нәтижесінде уақытша бос ақша қаражаттарынын нақты құны жоғалады, ақша қаражатының толық пайдаланбауынан болған әлеуетті табысынын бөлігі жоғалады, ақша қаражатының бос тұру нәтижесінде капитал айналымдылығы баяулайды.
Ұзақ уақыт бойы артық ақша ағынының бар болуы айналым капиталын дұрыс пайдаланбаудың нәтижесі болуы мүмкін. Ұйымда ақша қаражаттары жұмыс істеу үшін, оларды пайда алу мақсатымен айналымға қосу қажет: өз өндірісін кеңейту, негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды сатып алу, тиімді пайыз алу мақсатында басқа да шаруа субъектілердің тиімді жобаларын инвестициялау,банк кредиттері мен басқа да міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу және т. б.
Ақша қаражатының дефициты (тапшылығы) ұйымның банк несиесі бойынша, жабдықтаушыларға, персоналға еңбек ақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің өсуіне әкеледі, сонын нәтижесінде қаржы шығындарының сомасы артады және ұйым капиталының рентабельділігі төмендейді. Ақша ағымының тапшылығын ақша қаражатының түсімін жеделдетуге және олардың төлемін бәсеңдетуге ықпалын тигізетін іс-шаралардын есебінен азайтуға болады.
Ақша ағындарының сапалық сипаттамасы ұйымда болып жатқан шаруашылық процестердің циклдік дәйектілігімен бағалануы мүмкін. Осыдан ұйымның ақша ағымдары жәй ақша қаражаттарын алу және төлеу процессі ретінде ғана емес, ұйым капиталының оның өндірістік-қаржылық қызметінің белгілі бір кезеңдерінен өту процесі ретінде қаралуы тиіс. Мұндай жағдайда ақша ағындарының циклы ұйымның шаруа құралдарының айналымына сәйкес болады, бұл әсіресе олардың басқару механизмін құру өте маңызды болып табылады. Ақша ағындарын тиімді басқару:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет