Джаншанло Р. Е



бет41/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
annotation101972 2

Ақшалай ағындардың өтімділік деңгейін сипаттайтын коэффициенттер. Олар ұйымның қаржылық міндеттемелері бойынша өз уақытында есеп айырысу мүмкіндігін сипаттайды. Мұндай бағалау үдерісіндегі біршама маңызды рөлді келесі көрсеткіштер алады:
ақшалай ағымның ликвидтілік коэффициенті:
Кл.аа. = ААо / ААт,
бұл жерде: ААп, ААо –сәйкесінше оң және теріс ақшалай ағымдар.
Бұл коэффициент ұйымның теріс ақшалай ағымын оның жиынтық оң ақшалай ағымы қандай дәрежеде жабатындығын көрсетеді. Ақшалай ағымның қажетті өтімділігін қамтамасыз ету үшін оның мәні 1-ден төмен болмауы қажет (1-ден жоғары болуы ақшалай актив қалдықтарының өсуін қарастырылатын мерзім соңына қарай түрлендіретін болады, яғни ұйымның абсолютті төлем қабілеттілігі коэффициентінің өсуіне жағдай туғызады);
• Абсолюттік төлемгеқабілеттіліккоэффициенті:
Кат = (АҚ + ҚҚИ) / ҚМ,
бұл жерде: АҚ–ақшалай қаражат соммасы; ҚҚИ –қысқа мерзімдік қаржылай инвестициялар суммасы; ҚМ – барлық қысқа мерзімдік міндеттер суммасы.
Бұл коэффициент ұйымның барлық қысқа мерзімді міндеттемелерінің онда бар дайын төлем құралдарымен белгілі бір мезгілге дейін қаншалықты деңгейде қамтамасыз етілгендігін көрсетеді;
аралық төлемге қабілеттілік коэффициенті:
Кат = (АҚ + ҚҚИ + ҚДҚ) / ҚМ,
бұл жердеҚДҚ–қысқа мерзімдік дебиторлық қарыздың суммасыү.
Коэффициент ақшалай ағымның үдерістік қызметке жеткіліктілігін сипаттайды. Егер ағымдағы төлем қабілеттілігі коэффициентінің мәні 1-ден жоғары болса, ұйым үдерістік қызметтегі өз міндеттемелерін түсімнің шығыстардан асуы есебінен толықтай өтей алады.
2. Ақшалай ағымдар тиімділігінің деңгейін сипаттайтын коэффициенттер. Олар ұйымдағы ақшалай ағымдардың қалыптасуы тиімділігінің жалпылама сипаттамасын береді. Осы көрсеткіштердің негізгілеріне мыналар жатады:
•ақшалай қаражатпен қамтамасыздық коэффициенті:
Кақ.қам= 365 · (АҚор / ААо.од),
бұл жердеАҚор –ақшаладай қаожылардың орташа көлемі.
Коэффициент ұйымның қосымша ақшалай қаражаттар ағымынсыз орташа есеппен неше күн жұмыс істей алатындығын сипаттайды. Егер ақшалай қаражаттармен қамтылу коэффициенті есептік мерзім соңына қарай 0,1-ден төмен мәнге ие болса, ұйым балансының құрылымы қанағаттандырылмаған, ал ұйым – төлемге қабілетсіз деп танылады;
• Таза ақшалай ағымның жеткіліктілік коэфиценті:
Кағж= ТАА / (НҚ + ΔҚтм + Д),
мұндағы: ТАА – таза ақшалай ағым; НҚ – ұзақ және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша негізгі қарыз төлемінің сомасы; ΔҚтм – қысқа мерзімді активтер құрамындағы тауарлық-материалдық құндылықтар қорының өсімінің сомасы; Д – мерзім ішінде меншік иелеріне төленген дивидендтер.
Егер таза ақшалай ағымның жеткіліктілік коэффициентінің мәні 1-ге тең немесе одан жоғары болса, бұл ағымдағы кезеңнің таза ақшалай ағымы ұзақ мерзімді активтер мен дивидендтер төлемінің құнын арттыруға жеткілікті болғандығын білдіреді;
• таза ақшалай ағымның эффективтілік коэффициенті:
Кэ.таа= ТАА / ААо;
•оң ақшалай ағымныңтиімділік коэфиценті:
Коаа.т= ТТ /ОААп,
бұл жерде: ТТ –таза табыс.
Коэффициент ұйымның жалпы ақшалай түсіміндегі таза пайда үлесін сипаттайды. Көрсеткіш мәні неғұрлым жоғары болса, ұйымның шаруашылық қызметі соғұрлым тиімдірек болады;
•теріс ақшалай ағымның табыстылық коэффициенті:
Ктаа.т = ТТ / ААо.
Коэффициент ұйымның ақшалай шығындарының теңгесіне сай келетін таза пайданың сомасын көрсетеді;
•орташа көлемдегі ақшалай қаражаттардың ағым табыстылығы коэффициенті:
Коаа.т= ТТ / АҚор.
Коэффициент қолда бар ақшалай қаражат қалдықтарының әрбір теңгесінен алынған ұйымның таза пайдасының мөлшерін көрсетеді;
• таза ақшалай ағымның табыстылық коэффициенті:
Ктаа.т = ТТ/ ТАА;
ақшалай қаражаттың орташа көлемінің айналымдық коэффициенті:
Коақ.айн= Т / АҚор,
бұл жердеТ–өнімді реализациалаудан табыс.
Ақшалай қаражаттардың айналымдылық коэффициенті бір ақшалай қаражат айналымының ұзақтығын көрсетеді. Ол төмен болған сайын, ақшалай қаражаттар тиімдірек айналады, сәйкесінше ақшалай қаражат айналымының циклы қысқа болады.
Ақшала ағымдарды талдау жалпы ұйым бойынша, оның негізгі қызмет түрлері бойынша, жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Осы мақсатта ұйымның жеке көздері бойынша оң ақшалай ағымдары көлемінің динамикасы қарастырылады. Осы орайда оң ақшалай ағымның өсу қарқыны өндіріс көлемінің өсу және өнімді өткізу қарқынымен салыстырылады. Ақшалай қаражаттарды ішкі және сыртқы көздер есебінен тарту ара қатынасын зерттеуге, ұйым дамуының сыртқы көздерден қаржыландыруға тәуелділік деңгейін анықтауға ерекше назар аударылады.
Ұйымдағы ақшалай қаражаттардың нақты қозғалысын ашу, түсімдер мен төлемдердің үйлесімділігін бағалау үшін, сондай-ақ алынған қаржылық нәтижелер мөлшерін ақшалай қаражаттар жағдайымен үйлестіру үшін түсімдердің, сондай-ақ олардың жұмсалуының барлық бағыттарын бөлу және талдау қажет. Ереже бойынша, ақшалай қаражаттардың барлық көздердегі қозғалыс бағыттарын негізгі қызмет түрлері саласында – үдерістік, инвестициялық және қаржылық сала бойынша қарастыру қабылданған. Ұйымның барлы қызметін үш жеке салаға бөлу тәжірибеде өте маңызды, өйткені жақсы (яғни, нөлге жақын) жиынтық ағым теріс ақшалай ағымды қаражаттарды түсіру, активтерді өткізу үдерістік қызметінен (инвестициялық қызмет) немесе банк несиелерін тарту үдерістік қызметінен (қаржылық қызмет) алып тастау немесе орнына төлеу есебінен алынуы мүмкін. Бұл жағдайда жиынтық ағымның мөлшері ұйымның нақты залалдылығын жасырады.
Заманауи талдамалы әдебиетте түсім көздерін анықтауға және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттарын орнатуға, сондай-ақ есептік кезең уақытында ұйымның алған ақшалай қаражат қалдықтарының таза қаржылық нәтижелерден ауытқу себептерін анықтауға мүмкіндік беретін құралдар біршама кең таралған.
Түсім көздері және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттары жайында сұраққа жауапты «Зерттелетін мерзімдегі ақшалардың түсуі» және «Зерттелетін мерзімдегі ақшалардың жұмсалуы» көрсеткіштерін талдап тексеру арқылы алуға болады. Аталған көрсеткіштер мен олардың қосылғыштары арасындағы өзара байланысты рәсімдеуде ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есепте көрсетілген мәліметтер ескеріледі. Түсім көздерін және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттарын зерттеу үшін қолданылатын негізгі формулалардың түрі мынадай:
n
Едс = ∑Едсi,
i = 1
бұл жерде: Едс–зерттелетін уақыт аралығында ақшалай қаражат енгізілді; Едсi–ақшалай қаражаттардың енгізілу бабы;
n
Идс = ∑Идсi,
i = 1
бұл жерде: Идс–зерттелетін уақыт аралығында шығындалған қаражат; Идсi–ақшалай қаражаттардың шығындалу бабы.
Түсім көздерін және ақшалай қаражаттарды қолдану бағыттарын талдауда олардың құрамы белгіленеді, түскен және қолданылған ақшалай қаражаттар көлемінің динамикасы жалпы және әрбір қосылғыш бойынша жеке қарастырылады. Динамиканы бағалау үшін абсолютті ауытқу, өсу қарқыны және көбею қарқыны анықталады. Ақшалай ағым көлеміне біршама елеулі және айтарлықтай әсер ететінін анықтау мақсатымен әрбір көздің меншікті салмағы және келіп түскен, сондай-ақ қолданылған ақшалай қаражаттардың жалпы сомадағы қолданылу бағыты бір уақытта есептеледі.
Түсім көздерінің және ұйымның ақшалай қаражаттарының қолданылу бағыттарының көрсеткіштері осы қаражаттардың соңғы қалдығын және таза қалдығын тікелей анықтайтын факторларды көрсетеді. Мерзім бойынша ақшалай қаражаттардың таза қалдығы –таза ақшалай ағым көлеміне немесе түсім айырмасына және ақшалай қаражаттардың жұмсалуына, немесе мерзім басындағы және соңындағы ақшалай қаражаттар қалдықтарының айырмасына сандық жағынан тең болатын көрсеткіш:
АҚч = АҚкп - АҚнп = ТАА,
бұл жерде: АҚкп–талданатын кезеңнің соңына қарай ақшалай қаражаттардың қалдығы; АҚнп - талданатын кезеңнің басына қарай ақшалай қаражаттардың қалдығы; ТАА–кезең бойынша таза ақшалай ағым.
Ұйымның ақшалай ағымдарының ақшалай қаражаттардың қалдықтарымен байланысы төмендегідей сипатқа ие:
nn
АҚкп= АҚнп + ∑Едсi - ∑Идсi;
i = 1 i = 1
nn
АҚч = ∑Едсi - ∑Идсi.
i = 1 i = 1


Қысқа мерзімді активтердің өзгерістерімен байланысты ақшалай қаражаттардың ағымы алдыңғы және ағымдағы талдау аралығы бойынша біріктірме балансы мәліметтерінің айырмасы ретінде анықталады.
Осылайша,
ҚА = ҚА(n-1) - ҚАn,
бұл жерде: ҚАn– n кезеңіндегі қысқа мерзімді активтер; ҚА(n-1) - алдыңғыкезеңіндегі қысқа мерзімді активтер.
Қысқа мерзімді активтердің өзгерістерімен байланысты ақшалай ағымдарды есептеу оның әрбір элементі бойынша жүргізіледі.
Жекелей қарастырылатын қысқа мерзімді активтердің элементі ақшалай қаражаттар болып табылады. Баланс мәліметтеріне негізделген еркін ақшалай қаражаттар көлемінің өзгерісі нақты ақшалай ағым деп аталады. Берілген көлем талдаудың нақты кезеңінде ұйым құзырындағы ақшалай қаражат сомасының қаншалықты өскендігін (немесе азайғандығын) көрсетеді. Нақты көрсеткіш есебі біріктеме балансы мәліметтері бойынша мына формуламен анықталады:
АҚ = АҚ- АҚ(n-1),
бұл жерде: АҚn - n кезеңіндегі ақшалай қаражаттар; АҚ(n-1) –алдыңғы кезеңдегі ақшалай қаражаттар.
Ұйымның ақшалай ағымдарына, сәйкесінше соңғы және таза ақшалай қаражаттар қалдықтарына тікелей және жанама әсер ететін факторларды кешенді зерттеу үшін келесі формуланы қолдану қажет:


nnmp
АҚкп = АҚнп + ∑Едсi - ∑Идсi + ∑ҚНk · СМ - ∑ҚДt · СМ;
i = 1 i = 1 k = 1 t = 1
nnmp
АҚч = ∑Едсi - ∑Идсi + ∑ҚНk · СМ - ∑ҚДt · СМ,
i = 1 i = 1 k = 1 t = 1


мұндағы: ҚНk- таза қаржылық нәтижені азайту тармағы (түрі); ҚДt- таза қаржылық нәтижені көбейту тармағы (түрі); СМ–пункттердегі пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.
Ақшалай ағымдар түсімдердің және ақшалай қаражат төлемдерінің зерттелетін кезеңдегі жеке уақыт аралығында айтарлықтай әркелкілігімен сипатталатындықтан, келіп түскен және жұмсалған ақшалай қаражаттардың ара қатынасын ғанаемес, олардың белгілі бір уақыт бойынша қозғалысынбағалау маңызды.
Алайда кезекті талдау шеңберінде ақшалай қаражаттардың түсімі мен шығысының көлем және уақыт бойынша теңгерімділігін тек есептік ақпаратты қолдана отырып анықтау мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі және шаруашылық-құқықтық құжаттардағы ақпаратты жұмылдыру қажет болады.
Талдау барысында түсім құрылымы көрсеткіштерін және қызмет түрлері бойынша төлемдерді, сондай-ақ түсімдер мен төлемдер динамикасының көрсеткіштерін (көбею қарқыны) есептеу қажет. Таза ақшалай ағымдарды қызмет түрлері бойынша бағалай отырып, келесілерді ескеру қажет:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет