Джаншанло Р. Е


Ұйымдардың қаржылық нәтижелерін талдау



бет60/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
annotation101972 2

6. Ұйымдардың қаржылық нәтижелерін талдау


6.1. Қаржылық нәтижелерді талдау мақсаттары мен міндеттері

Ұйымдық қызметтің қажетті шарты қаржы нәтижелері болып табылады. Ол өнімдерді өндіру және сатуға байланысты іс-шаралар циклін аяқтайды.Ұйымның қаржылық нәтижелерінің жоғары құндылығы мемлекеттік бюджеттің нығаюын салық жеңілдіктерді,инвестициялық тартымдылықты арттыруды ,өндірістік және қаржылық секторларында іскерлік белсенділікті қамтамасыз етеді.Осыдан қаржылық нәтиженің экономикалық мазмұнын түсіну, оның түрлерін зерттеу, талдау міндеттерін ашу және талдау әдістерін қалыптастыру қаржылық талдаудың басты мәселесі болып табылады. Ағымдағы тәжірибеге назар аудара отырып, табыс пен шығындар туралы қаржылық баяндаманының соңғы нәтижесін қалыптастыру мынадай (3-сурет):




Сатудан түскен таза түсімдер-


Айнымалы шығындар=
Жиынтық пайда
Тұрақты шығындар±
Басқа кірістер мен шығыстардың сальдосы=
Пайыздық шегерімге дейінгі операциялық пайда
Ж әне корпоративтік салық–
Несиелік пайыз
(қаржылық шығындар) =
Салық салғанға дейінгі пайда -
Корпоративтіксалық =
Таза пайда

3-сурет. Қаржылықнәтижелердіңқалыптасутізбегі




«Қаржылық нәтижелер» және«пайда»ұғымдары бухгалтерлік есепте, салық есебінде, қаржылық басқаруда, қаржылық талдауда қолданылады.
Прибыль – экономикалықсанат, белгілібірөндірістікжәнеэкономикалыққарым-қатынастарды, яғни, қалыптастыру және ұлттық өнімдерді қолдану жиынтығы, құн және қосымша құнды білдіреді (қосымша құн).
Пайда -ұйымныңқаржылыққызметінтүпкінәтижесіболыптабылады.Пайда - ұйымның өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін, капитал иесінің және қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Пайда банктер, басқа да несие берушілер және инвесторлар алдындағы ұйымның борыштық міндеттемелерін және бюджет түсімдерін (мемлекеттік және жергілікті) қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.Осылайша, пайда ұйымның тиімділігін, сенімділігі мен қаржылық әл-ауқатын, оның дәрежесін бағалау жүйесінде ең маңызды болып табылады.
Алайда, әр түрлі қажы есептемелерін пайдаланушыларды тек қана белгілі бір қаржы нәтижелері қызықтырады. Мысалы, әкімшілік ұйымдыалынған пайда массасы және құрылымы; оның көлеміне әсер ететін факторлар қызықтырады.Салық органдары салық салу базасының барлық шарттары бойынша расталған ақпараттарды алуда мүдделі. Әлеуетті инвесторларды пайда сапасы,яғни қысқа мерзімде тұрақтылық пен пайда алу сенімділігі,талданатын ұйымдар активтерінің шығындарды және қаржы тәуекелдерін азайтуға бағытталғанинвестициялық стратегиясын негiздеу және таңдауқызықтырады.
Талдауда келесі пайда көрсеткіштері қолданылады: теңгерімдік пайда, салық салынатын пайда және таза пайда.
Теңгерімдік пайдаға әдеттегі қызметтен түскен пайда, операциялық, өткізуден тыс операциялар және төтенше жағдайдағы қаржылық нәтижелер кіреді.
Салық салынатын пайдаоперациялық қызметтен түскенпайда және корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер сомасы арасындағы айырмашылық болып табылады.
Таза пайда - корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейін ұйымның иелігінде қалатын пайда бөлігі болып табылады.
Ұйымның соңғы қаржы нәтижесіндегі пайда мөлшері жеткізуші және тұтынушы арасындағы ақшалай қарым-қатынастарды білдіруөнімдерін өткізуден түскен табыс көлеміне байланысты білдіретін маңызды қаржылық категория болып табылады. Пайданы талдау және оны қалыптстыру тәртібі тікелей байланысты болып табылады. Белгілі бір уақыт ішінде алынған пайданың жалпы сомасы (теңгерімдік пайда)тұрады:
- өнімді өткізуден түскен пайда (шығын);
-басқа өткізуден түскен пайда (шығын);
- өткізуден тыс операциялардан түскен пайда (шығын).
Өнімдіөткізуден түскенпайда (шығын)ағымдағы бағамен (қосымша құн салығынсыз және акцизсіз) сатудан түскен түсімдердің көлемі жәнеөзіндік құны бар өнімдерді сату шамасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Басқаөткізудентүскенпайда (шығын)сатылғанмүліктіңнарықтықбағасы, ұйымға тиесіліматериалдық құндылықтары мен бастапқы немесе қалдықтық құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Өткізудентысоперациялардантүскенпайда (шығын)өнімді өндіру, мүліктіақшағаайналдыру барысындағы табыстар мен шығыстар арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Қазіргі уақытта, «өткізуден түскен түсім» ұғымы Қазақстандық тәжірибеде қолданылады. Өнімдерді өткізу мезеті бір жеке меншік иесінен екінші меншік иесіне өту құқығымен дәлелденеді. Осы құқықты табыстау - айырбас, сатып алу және іске асыру келісім шарттарына сәйкес жүзеге асады.
Сондықтан, салық салу мақсаттары үшін өнімдерді сатудан түскен түсімдер есеп айырысу құжаттарын есептеу және ұсыну әдісімен, немесе төлеу әдісі арқылы анықталады.
Түсімді анықтау әдісін ұйымның өзі белгілейді және есеп саясатының бұйрығымен бекітіледі. Сатудан түскен түсім коммерциялық ұйымның қалыптасу негізі болып табылады (4-сурет).

Өнім сатудан түскен түсім – ҚҚС, акциздер жәнеұқсас міндетті төлемдер- Сатылатын тауарлардың өзіндік құны =


Ж иынтық пайда -
Коммерциялық шығыстар –Басқару шығыстары=
Өнімді өткізуден түскен пайда (шығын) +
Басқа кірістер –басқа шығыстар=
Салық салуға дейінгі пайда (шығын)-
Корпоративтік салық =
Есеп берілетін жылдың таза пайдасы
4-сурет. Ұйымның таза пайдасының қалыптасу сызбасы


Ұйымның соңғы қаржылық нәтижелерін көрсететін ең маңызды көрсеткіш - табыстылық болып табылады.
Табыстылық ұйымдардың жұмыс істеуі көрсеткіштерінің бірі пайдаға қатынасы ретінде анықталады, экономикалық тиімділігін сипаттайды.
Табыстық көрсеткіштер ұйым қызметінің, әр түрлі бағыттың (өнідрістік, инвестициялық, шаруашылық), шығындарды өтеу және т.б. толықтай тиімділігін сипаттайды.Пайдаға қарағанда, басқару қорытынды нәтижелерін сипаттайды, себебі қолма-қол ақша мен пайдаланылған ресурстар арасындағы ара салмағын көрсетеді. Олар ұйымның қызметін бағалау мен инвестициялық саясат құралы ретінде және баға белгілеу құралы ретінде пайдаланылады.
Табыстылық көрсеткіштерді бірнеше топқа топтастыруға болады: өндірістік шығындардың өтелімділігін сипаттайтын көрсеткіштер; өткізу табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер; капиталдың кірістілігін сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл көрсеткіштердің барлығы өнімдерді өткізуден түскен пайда, таза пайда және теңгерімдік пайданегізінде есептеледі.
Өндірістік қызметтің табыстылығы (шығынның өтелімділігі) сатылған тауардың пайдасы мен шығынның сомасына қатынасы арқылы есептеледі.
Өткізу табыстылығы алынған түсім көлемін сатудан түскен табыс көлеміне бөлу арқылы есептеледі.
Капиталдыңтабыстылығы(түсімділік)таза пайданың барлық капиталдың орташажылдыққұнына қатынасы арқылы есептеледі.
Табыстылық көрсеткіштер ұйым қызметінің тиімділігінің негізгі сипаттамалары болып табылады. Табыстылық көрсеткіштердің экономикалық мазмұны ұйымның табыстылық деңгейіне байланысты болады. Табыстылық талдау барысында көрсеткіштер деңгейі, олардың динамикасы зерттеледі және олардың өзгеруіне әсер ететін факторлық жүйе анықталады.
Ұйымның қаржылық нәтижелері көрсеткіштер жүйесінде бейнеленеді. Ұйымның қаржылық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің үлкен көлемі жүйелік қарастыруда әдістемелік қиындықтар тудырады.Көрсеткіштер тағайындау айырмашылықтарыәрбір тауар алмасуға қатысушы үшінұйымның нақты жай-күйі туралы ақпарат алу сияқты қажеттіліктерін қанағаттандыру таңдауын қиындатады.
Қаржылық нәтижелерді талдаудың мақсаты ұйымдардың қызмет тиімділігін көтеруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау мен талдау болып табылады.
Талдау барысында төмендегідей міндеттер шешіледі:
-Қаржылық нәтижелер құрылымы мен кірісті қолдану жайлы деректі зерделеу;
- Ұйымның табыстылығы мен кіріс көрсеткіші серпінін зерттеу;
- Қаржылық нәтижелерге әсер ететін негізгі факторларды өлшеу және шығару;
- Ұйымның табыстылығы мен кірісін көтеру үшін артық қор шығару және қолдану;
Қаржылық нәтижелерді талдау келесідей негізгі бағыттар арқылы жүзеге асады:
• Қаржылық нәтиженің құрамы мен серпінін талдау
• Кіріс көрсеткішінің факторлық талдауы
• Табыстылық көрсеткіштерінің факторлық талдауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет