Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


Тағам өндірісіндегі майдалау, престеу, экстракциялау, рафинирлеу және



Pdf көрінісі
бет67/75
Дата04.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#485430
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

Тағам өндірісіндегі майдалау, престеу, экстракциялау, рафинирлеу және 
дезодирлеу 
Өсімдік майын өндіру технологиясы 
Өсімдік майларын, май шикізатының шығу тегіне байланысты табиғи тұқымдар 
мен жемістердің жұмсағынан және модифицирленген майларды өңдеу нәтижесінде 
алынатын болып бөлінеді; консистенциясы бойынша – қатты және сұйық (бөлме 
температурасында); полимерлену қасиеті бойынша – кеуекті, жартылай кеуекті және 
кеуекті емес.
Өсімдік майын өндірудің технологиялық процесстеріне механикалық – дәндерді 
тазалау, бұзу, жемісті және тұқымдардың қабаттарын ядродан бөлу, ядро мен 
сығындысын майдалау; диффузиялық және диффузиялы-жылулық – ылғалдылығы 
бойынша тұқымдарды кондицирлеу, жұмсағын қуыру, майды экстракциялау, шрот пен 
мисцелладан еріткішті айдап шығару; гидромеханикалық – қалдығын пресстеу, майды 
фильтрлеу және тұндыру; химиялық және биохимиялық процесстер – майлардың 
гидролизі мен қышқылдануы жүреді, ақуыздар денатурацияланады, майлы-ақуыздар 
жүйелері пайда болады.
Процесстердің технологиялық белгілері 6 топқа бөлінеді: майын ажырату үшін
тұқымдарды дайындау, майын бөліп алу, майды рафинациялау, құю, қораптау және 
таңбалау.
Майын ажырату үшін тұқымдарды дайындауға шикізатты қалдықтарынан 
тазарту, ылғалдылығы бойынша шикізатты кондицирлеу, шикізатты сақтау, сақтаудан 
кейін тұқымдарды қалдықтардан тазарту, тұқымдарды өлшемдері бойынша жинақтау, 
ылғалдылығы бойынша тұқымдарды кондицирлеу, тұқымдарды қирату, массаларды 
фракцияларға бөлу (ядро мен лузга), ядроны майдалау (ұнтақтау және жұмсағы алу 
үшін езгілеу).


109 
Майды ажыратуды екі әдіспен жүргізеді, олар пресстеу және экстракциялау. 
Осы әдістер негізінде, әр түрлі дәндерден май ажыратудың технологиялық сұлбалары 
жасалып шығарылды. Мяткадан майды тиімді алу үшін үздіксіз, мұқият араластыра 
отырып ылғалды жылулық өңдейді: алдымен мятканы ылғалдандырып, су мен немесе 
бумен қыздырады, соңынан кептіріп, қуыратын қыздырылған беттік қабаттарда 
қыздырады. Жартылай фабрикатты мезга деп атайды. Мезгадан майды сығуды 
пресстеу арқылы жүргізеді. Оны екі қайтара жүргізеді – форпресстеу және 
экспеллирлеу, ол үшін алдымен массаны тағы бір рет қуырады. Пресстеуден қалған 
қалдықты сығынды деп атайды (май 3-4%). Қалған майды органикалық еріткіштермен 
экстракциялау арқылы алады (бензин, нефрас). Экстракцияны ұнтақталып, алдын ала 
қыздырылған жапырақшаға сығындыны орналастыра отырып жүргізеді. Май ерітіндісі 
(мисцелла) мен қатты қалдықты (шрот) фильтрлеумен, центрифугирлеумен бөледі. 
Еріткішті дистилляция арқылы алып тастайды - яғни мицелладан қуалайды.
Майды рафинациялау – бұл қосалқы қалдықтардан тазалау процесстері. 
Рафинация әдістеріне физикалық – тұндыру, фильтрлеу, центрифугирлеу; химиялық – 
күкірт қышқылды және сілтілі рафинация, гидратация; физико-химиялық – ағарту, 
дезодорациялау, еріту жатады. Механикалық қоспалардан тұндыру және сүзгілеу 
немесе центрифугирлеу арқылы тауарлы рафинадталмаған майды өндіреді. Сосын 
фосфатидтер мен фосфопротеидтерден тұндыру үшін майды сумен өңдейді, тұнбасын 
сүзіп, тауарлы гидратирленген май алады. Сілтілік рафинациялау кезінде, сілті артық 
бос май қышқылдарын алып тастайды. Олардың оқшаулануы кезінде тұз (сабын) 
тұнбаға түседі. Осы кезде сабын сіңіргіштігімен сипатталып, пигменттерді, 
ақуыздарды, сілекейлерді, ұсақ механикалық қоспаларды тұнбаға айналдырады. 
Тұнбаны тұндырып немесе центрифугирлеу арқылы алып тастайды. Осылай тауарлы 
рафинадталған тазартылмаған майды алады.
Майдағы бояғыш заттарды алып тастап, өсімдікті саломастарға қолданатын 
ағартылған май алу үшін, ағартуды сорбенттермен (бетонит, белсендірілген көмір) 
жүргізеді. Адсорбентті сүзгілеу арқылы алып тастайды. Ұшқыш дәмдік заттарды 
алып тастау үшін, майды дезодорациялауды, өздерінің ыстық буымен айдау арқылы 
жүргізіледі. Еріту арқылы майдан восктәрізді заттарды алып тастайды. Майды 10-
12
0
C та салқындатады, тынықтыра отырып ақырын араластырады, осы кезде восктер 
криссталдар түзеді де, сүгіленеді. Бұл төменгі температура да сақтау кезінде майдың 
қараюын төмендетеді. Мақта майының рафинациялау ерекшелігіне антранил 
қышқылының госсипола алынуы жатады.
Құю, қалыптау және таңбалау. Майды шыны, полимерлі тауарларға, бочкаларға, 
флягаларға құяды. Әр түрлі әдіспен жабады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет