Джулдузбаев Сержан Тулегенович



Дата11.02.2024
өлшемі16.66 Kb.
#491589
түріСабақ
1 практикалық жұмыс общая геология


Джулдузбаев Сержан Тулегенович
№1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Геологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Геология ғылымының тарихы, геология ғылымына үлес қосқан ғалымдар
1. тапсырма: Геологияның ғылым ретінде қалыптасу тарихы
2. тапсырма: Геология ғылымының шаруашылықтағы маңызы қандай?
3. тапсырма: Қазақстан геологиясына үлес қосқан ғалымдар және геология ғылымының өркендеп дамуы.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Геология ғылымының шаруашылықтағы маңыздылығы қандай.
2. Әртүрлі құрылыс нысандарын салудағы геология ғылымының атқаратын ролі.
3. Ас суы және техникалық су қорымен қамтамасыз етудегі геология ғылымының атқаратын ролі.
4. Мұхит және теңіз түбін халық шаруашылығында игеру барысындағы геология ғылымының қосатын үлесі.
5. Қазақстан геологиясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар.
6. Қ.И Сәтпаевтың Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбаларды игерудегі негізгі атқарған еңбектері.

Жердің шар тәрізді екенін Аристотель (384-322 б.д.д.) дәлелдеген. Геологияның аяғына тұруы ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басына жатады. Бұл ғылымның негізін салушы - М.В.Ломоносов. Ол тау жыныстарын пайда болуына байланысты жіктеген, жер қыртысының тербелмелі қозғалысы, тау жыныстарының геологиялық жасы, минералдардың пайда болуы және жер сілкінудің себептері туралы тұжырымдар жасаған.


Геологияның шаруашылықты өркендетудегі маңызы орасан зор, себебі ол қоғамдағы оған керекті минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету мәселесінде жетекші рөл атқарады. Кез – келген қоғамның тұрмыс -тіршілігінде минералдық шикізат ауыл шаруашылығы өнімдерінен кейінгі екінші орынды иемденеді, мұның өзі геологиялық ғылым шоқтығын одан әрі биіктете түседі.
Қазақстанның жер бедерін зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалымдар И.П.Герасимов, Б.А.Петрушевский, С.Ю.Геллер, В.Н.Кунин, Л.Г.Гаель, М.П.Петров, Д.С. Коржинский, Н.Г.Кассин, Г.Ц.Медоевтар, Герасимовтың еңбектерінде үлкен территориялық және әдістемелік маңызы бар (1937,1943,1946, 1947).Олар нақты біраймақтың материалдары негізінде алғаш рет аталған аймақтардың жер бедерінің морфоқұрылымдық және морфомүсіндік екшеліктерін ескере отырып жіктеді. Облс аумағының батыс бөлігін алып жатқан Қазақтың ұсақ шоқыларының көп қабаттылығының қалыптасуы оның мезозойлық пенеплен және эрозиялық үрдістердің әсерінен бөлшектенуі жайлы тұғырнаманы 1940 жылдары Г.Ц.Медоев өзінің еңбектерінде көрсетті. Шығыс Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965) Е.Е.Милановский (1961, 1967) К.В.Никифорова (1960), В.И.Бабак (1964, 1968), зор үлес қосты. Олардың еңбектерінде ұзақ жылдар бойыжүргізілген зерттеулердің нәтижесіндежинақталған маңызды геоморфологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық деректер бар. «Орта Азия мен Қазақстанның жазықтары мен таулары» атты монография шықты. Қазақ КСР ғалым академиясының геология ғылымдары инситутының геоморфология бөлімі Г.Ц.Медоевтың жетекшілігімен 20 жыл көлемінде геологиялық-геомарфологиялық кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстанның алғашқы 1:1000000,1:200000,1:500000 1:100000 масштабты гелогиялық және геомарфологиялық картлары жасалды. 1991 жылы шыққан бұл картада өте құнды ғылыми және бибилографиялық деректер бар. Оның геологиясын, тектоникалық құрылымын пайдалы қазбаларын зерттеуде әр түрлі геологиялық ұйымдарының белді ғалымдары атап айтсақ А.А. Абдуллин, А.Д.Архангельский, В.Ф.Беспалов, Р.А.Барукаев, Ш.Е.Есенов, Н.Г. Кассин,………..
Қазақстанда XX ғасырда геология ғылымының дамуына, еліміздің жер қойнауындағы табиғи байлықтарды барлап, аса бағалы кен орындарын тауып, өндіріс орындарын ашу жұмыстарының қарқынды жүруіне қазақтың тұңғыш инженер - геолог ғалымы КСРО академиясының және Қазақ Ғылым академиясының академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) орасан зор еңбек сіңірді. Қ.И.Сәтбаев баянды еңбегінің ескерткіші ретінде соңынан Үлкен Жезқазғанды, Геология ғылыми зерттеу институтын, Қазақ ғылым академиясын қалдырды. Сонымен бірге оның қажырлы тынымсыз зор еңбегінің нәтижесі ретінде Қарағанды металургия заводын, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатын, Алтай және Қаратау кендерінің игерілуін, Ертіс–Қарағанды каналының салынуын көреміз. Ол Қазақ Ғылым академиясында 1944-1970 жылдары 1500 – ден аса ғылым кандидаттары, 150–ге жуық ғылым докторы дайындалуына жағдай жасады. Қ.А.Сәтбаев 641 орыс тілінде 98 қазақ тілінде жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалар дайындады.

Аты әлемге әйгілі қазақтың данышпан геолог – ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зор еңбегі құрметіне 1979 жылы Қырым астрофизикалық обсерваториясының аға ғылыми қызметкері Н.Черных ашқан Марс пен Юпитер аралығындағы кіші планетаға академик Қ.И. Сатпаев аты берілді. Ғалымның аты Жоңғар Алатауындағы мұздық пен шыңға, жаңадан табылған минералға берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет