Дүниетаным және оның негізгі түрлері. Дүниетаным



бет9/19
Дата23.06.2022
өлшемі145.79 Kb.
#459436
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Философия экзамен1
10. Грек философиясы
Философияның түп негізі, бастауы, қайнар көзі – Грекияда жатыр. Ежелгі грек философиясының алғашқы бастаулары ежелгі діни және мифтік өлеңдерде кездеседі. Философиялық ойлар ұлы эллиндік ақындар - Гомер мен Гесиодтың отты жырларынан байқалады. Осы екі ақын гректерге ең басты мотивацияны берген. Гомер қазіргі күні барша халыққа танымал «Илиада» және «Одиссей» поэмаларының авторы болса, Гесоид «Құдайлар шежіресі» дастанымен көзге түседі. Бұл жырларды әрбір грек бала күнінен жаттап өскен.
Ежелгі грек философиясының негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
· мифологиямен тығыз байланысты;
· рухани бай мазмұнымен арқылы және жүйелі дамуы арқылы сол замандағы басқа салалардан асып түсті;
· бұл философияның пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
Ежелгі Грек философиясы төрт кезеңге бөлінген. Олар:
v Сократқа дейінгі кезең (бұл кезеңге көптеген ойшылдар кіреді, олардың ең атақтылары – он ойшыл);
v Классикалық кезең (әйгілі ойшылдар – Сократ,Платон, Аристотель);
v Грек философиясының құлдырауы (спектиктер мен клиниктер жатады);
v Рим философиясы (стоиктер, неоатомистер кіреді).
Сократқа дейінгі философияның үш негізгі ерекшелігі болды: «Бір мен көп – бір негізгі нәрсе қалай көптеген нәрсенің негізі болады?», «Тұрақтылық пен өзгеріс – заттар өзгеріс күйінде өздерін қалай тұрақты сақтайды?», «Абсолютті және салыстырмалы – қағидалар абсолютті ме, әлде адам жағынан жасалған ба?». Бұл кезеңге көптеген ойшыл-философтарды жатқызамыз. Соның ішінде: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұл ғалымдар.дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.
Классикалық кезең ерекшелігі үщ ойшылда жатыр. Олар арттарынан көптеген даналық қалдырған:
«Мен ештеңе үйретпеймін, тек ойлауға жетелеймін». (Сократ)
«Дүние – идеяның көрінісі. Рух өлмейді. Дене рухтың шапаны ғана». (Платон)
«Денесіз рух жоқ. Ал рухсыз дене- өлген дене». (Аристотель)
Бұл үш ойшылымыз да дүниенің мәнін ұғуға ұмтылған және өздерінің көптеген философиялық ойлары мен идеяларын ұсынып, артынан мол мұра, еңбектерін қалдырған.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/28343/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет