Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі


Оқыту әдістерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата27.04.2024
өлшемі2.85 Mb.
#499958
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
httpswku.edu.kzimagesusmbastauyshdynietanu.pdf 4

2. Оқыту әдістерінің сипаттамасы.
Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз 
етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді. 
Оқушыларға, біржағынан әдістердің қай-қайсысы болса да, біріншіден, мұғалім баяндап берген 
даяр білімді игеруге; екіншіден, мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге 
көмектеседі. Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалы ның мазмұнына және 
танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие 
болады.
Сөздік әдістеріне баяндау (түсіндіру), әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс. Сөздік 
әдістерді өзге әдістермен ұштастыра отырып, оқушыларды нақты бейнелерді веберальдық 
білімге, одан соң схема, модель, жер планы сияқты айырықша белгілер жүйесіне ауыстыра 
үйретуге болады. Көрген нәрсені сөзбен жеткізу, схема түрінде көрсету – міне таным жолы 
осындай. Сонымен бірге сөздік әдістердің жеке, дербес маңызы бар.
Бақылау әдісіне табиғатты, тірі табиғат бұрышындағы, оқу-тәжірибе үлескесіндегі, 
географиялық алаңдағы бақылау. Зерттеу әдісі-тәжірибе, эксперимент жасау. Жаттығу әдісіне 
жазбаша жұмыс, сызба, сурет салу, түрлі практикалық жұмыстар орындау. Көрнекілік әдістері 
картиналар, диафильм, табиғи көрнекіліктермен жұмыс. 
Сабақ материалдарын баяндау әдістерінің бірі мұғалімнің әңгімесі болып табылады. 
Баяндау ғылыми және әдістемелік жағынан дұрыс болу керек. Мұғалім балаларға қандай 
болмасын бір білім туралы айтқанға дейін оқулықта жазылғандарды талдап және толықтырып, 
мағлұматтардың дұрыстығын оқулыққа сәйкес келетін энциклопедиядан, анықтама кітабынан 
алдын ала қарап, тексеріп алады.
Баяндау балалар түсінігіне жеңіл де қарапайым болуы керек. Мұғалім балалармен сөйлесу 
арқылы тілдің барынша қарапайым және түсінуге жеңіл болуын қамтамасыз етеді, алайда 
тілдің түсінуге жеңіл болуын фактілерді бұрмалаумен, тұрпайылықпен, жабайылықпен 
алмастыруға болмайды. Егер мұғалім өзі мәселені нақтылы түсінбесе, онда ол оқу материалын 
бала санасына жеткізе алмайды. 


19 
Баяндау айқын, көркем, сезімге әсер ететіндей болуы керек. Балалар тек қана ақылына емес, 
сезіміне де әсер ететін, әсерлі баяндауды есінде ұзақ уақыт сақтайды және жақсы, жеңіл 
түсінеді.
Баяндау барысында бірсарындылықтан алшақтау қажет. Баяндауда мұндай айқындыққа 
және бейнелі сөйлеуге жету үшін, мұғалім қажымай өз бетінше ұзақ іздену керек, сабаққа 
дайындалған кезде табиғаттың әсерлі суреттемелерін және адамның табиғатқа тигізетін әсерін 
пайдаланып және көркем шығармалардан үзінді келтіре кеткен де жөн. Баяндау міндетті түрде 
көрнекі құралдар – фотосуреттер, қабырғаға ілетін суреттер, гербарийлер, макеттер және басқа 
көрнекілермен қатар жүргізіледі. Көрнекі құралсыз баяндауда балада құмартушылық кемиді де, 
оны оқушылар нашар қабылдайды.
Баяндауды тәжірибемен қатар жүргізуге немесе тежірибені алдын – ала көрсетуге де болады. 
Баяндаудың стилистикалық, мүмкіндігінше қысқа, бірақ мазмұнды болғаны өте қажет. 
Баяндаудың ұзақтығы 3 - 4 сыныптарда 10 - 15 минут, ал 1 - 2 сыныптарда 8 - 10 минуттан 
аспауы қажет. 
Баяндау қарқыны нашар оқитын оқушы оның мазмұнын түсіне алатындай болу керек. Өте 
шапшаң айтылған әңгіме – қажытады, өте баяу баяндалса – ұйқы келтіреді. Сондықтан мұғалім 
баяндау екпінін мазмұнына қарай өзгертіп отырғаны дұрыс. Осылайша баяндауға көптеген 
қатаң талаптар қойылады. Сондықтан оның мазмұны мен ұйымдастырылуына мұғалім үлкен 
жауапкершілікпен қарауы керек. Мұндай жауапкершілік мұғалімді мұқият дайындалуға, 
баяндаудың мазмұнын, оның формасын, ұйымдастыру және сабақтағы орнын ойланып, 
тиянақты әзірлік жасауға мәжбүр етеді.
Әңгіме – бұл мұғалімнің қандай да бір мәселені бейнелеп баяндауы, қайсыбір обьектіні не 
құбылысты сипаттап жеткізуі. Оқушылар әңгіменің көмегімен өздері бақылай алмайтын 
көптеген құбылыстармен обьектілермен танысады.
Әңгіменің білім беру және тәрбие тұрғысындағы маңызы ең алдымен фактілерді дұрыс 
іріктеуге байланысты. Әңгімеде фактілердің біртіндеп, жүйелі түрде баяндалуы маңызды, 
материал ғылымның жаңа жетістіктер деңгейінде айтылуы қажет (мысалы, әлі оқулыққа 
кірмеген мәліметтерді тілге тиек ету). Мұғалімнің әсерлі әңгімесі баланың ой-қиялы мен 
эстетикалық сезімдерін дамытады.
Сабақтарда әдетте әңгіменің екі типі пайдаланылады. Олардың алғашқысына басты 
дидактикалық мақсаты қарастырылып отырған мәселе бойынша фактілік білімді баяндаудан 
тұратын әңгімелер жатады. Олардың қатарына, мысалы, саяхатшылар, халықтың тұрмысы мен 
мәдениеті туралы, т.с.с. қызықты, деректі әңгімелерді жатқызуға болады.
Әңгімелердің екінші типі – иллюстративтік немесе әңгіме – картиналар. Олардың міндеті – 
оқушылардың ұғымында қандай да бір обьектінің не құбылыстың нақты бейнесін жасау.
Егер бірінші типтегі әңгімелер материалды баяндаудың негізгі әдісі ретінде пайдаланса
иллюстративтік әңгімелер көбіне оқытудың өзге әдістерін толықтырады. Иллюстративтік 
әңгімелер үшін баяндаудың әсерлілігі мен бейнелілігі айырықша маңызды. Сондықтан оларды 
көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарының 
негізінде дамиды. Иллюстративтік әңгімелер немесе көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттен 
алынған үзінділер білім беру талабын орындау үшін барлық принципті қанағаттандыруы тиіс. 
Сабақта пайдалану үшін көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттен алынған үзінділерге табиғи 
ғылымилық талабы қойылады.
Бастауыш сыныптарда мұғалімнің баяндауына қарағанда педагогика әңгімесі жиірек өтеді. 
Әңгіме балаларға қойылатын сұрақтардан, олардың жауаптарынан, мұғалімнің түсіндіруінен 


20 
және ең соңғы жинақтайтын қорытындыдан тұрады. Әңгіме кезіндегі қойылатын сұрақтар 
анық, тиянақты, артық сөз араластырмай қысқа етіп құрастырылуы керек. Сұрақтар өз жауабын 
өзі айтатындай болмай, стилистикалық сауатты құрылу қажет. Мұғалім сұрақты бүкіл сыныпқа 
қойып, белгілі бір оқушыдан жауап алады. Сұраққа бірден жауап беруді талап етуге болмайды, 
балалардың ойлануына мүмкіндік беру керек. 
Әңгімелесу әдісі-бастауыш сыныпта жиі қолданатын әдістің бірі. Әңгімелесу барысында 
оларды ойлауға, талқылауға, талдау жасауға, өз бетімен қорытынды жасауға үйретеді, ой-
өрісінің дамуына, логикалық ойлауға жетелейді. Мұғалімнің әңгімелесуге белсене араласуы 
көңіл-күйі көтеріңкі болса, балаларды әңгімеге тартып қызықтыра білсе, тіпті нашар оқушының 
өзі әңгімеге араласуы мүмкін. Ескеретін нәрсе, сөз обьектіні қарастырған уақытпен сәйкес 
келсе, онда мүғалім үлкен тиімділікке қол жеткізіп, көрген бейнені есте сақтауға мүмкіндік 
жасайды.
Сондай-ақ, белсенді әдістерге сурет салу, оқулықпен жұмыс, карта, план, глобуспен жұмыс, 
ойын әдістерінің түрлі қырларын қолдану мүмкіндіктерін шебер қолдану қажет.
Әңгімелесудің (сұхбаттасудың) ерекшелігі мұғалім сұрақ қояды, оқушылар жауап береді 
немесе керісінше оқушы сұрақ қояды мұғалім жауап беру арқылы жүзеге асады. Мұнда 
оқушылар өз ойларын дәлелді түрде айтуды, картамен, көрнекі құралдармен өз бетінше жұмыс 
істеуге үйренеді. Сұхбат жүргізудегі мұғалім мен оқушылардың роліне байланысты және оның 
логикалық құрылымына қарай сұрақ-жауап және толық сұхбат деп бөлінеді. Сұрақ-жауап 
түрінде өтетін сұхбатта мұғалім оқушылардан негізінен фактіні білетінін көрсететін қысқа 
жауаптарды талап етеді. Бұл қарапайым әдіс-көбіне жаңадан алынған білімді тексеріп, 
тиянақтау үшін немесе оқушылар бұрын алған білімді анықтау мақсатында пайдаланады. 
Толық сұхбат кезінде мұғалім оқушылардың таным процесін басқарады, олардың назарын 
қарастырылып отырған обьектілер мен құбылыстардың елеулі белгілеріне бағыттайды, өз 
бетінше қорытынды жасауға әкеледі. Әр сұрақ сұхбаттың негізгі проблемасын шешуге 
бағытталып, алдыңғы сұрақтармен логикалық байланыста болуы шарт.
Сұхбатта сұрақтардың әртүрлі типтері пайдаланылады. Бірінші типке оқушыларда бар 
білімді анықтайтын сұрақтар жатады. Сұрақтардың екінші типі оқушыларды картамен, көрнекі 
құралдардан және өзге де білім көздерінен жаңа білім алуға бағыттайды.
Оқытудың практикалық әдістері оқушылардың практикалық қызметіне негізделген. 
Практикалық білік пен дағдыны осы әдістер қалыптастырады. Практикалық әдістері (бақылау 
әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі, практикалық жұмыстар, зертханалақ жұмыстар, 
дидактикалық ойындар).
Бақылау табиғатты өздігінен танып білудің бірден-бір негізгі әдісі. Бастауыш сыныптарға 
арналған дүниетану бағдарламаларында балалардың қоршаған табиғатты бақылауына аса зор 
көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылау негізінде балада көптеген нақтылы түсініктер 
қалыптасады. Табиғаттанудан сабақ беруде әдістемелік жүйенің негізін қалаушылардың бірі – 
А.Я.Герд «адамзат бүкіл шынайы білімді оқу арқылы емес, бақылаулар, салыстырулар, 
тәжірибелер арқылы игереді», – деп атап көрсеткен. Табиғатты танып білу, зерделеудің бірден-
бір негізгі әдісі-бақылау. Бақылау дегеніміз оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен 
дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында тірі және өлі табиғат обьектілерін тікелей 
қабылдауы деп ұғынуымыз керек. 
Бақылау біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар 
қалыптастыруға соның негізінде төменгі сыныпс оқушыларының логикалық ойлау әрекетін, 
ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден материалистік 


21 
дүниетанымның қалыптасуына себепкер болып, табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен 
дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, 
дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді. 
Оқу тұрғысындағы бақылаудың мақсаты қандай да бір фактілерді жинақтау, бақылау 
обьектісін зерттеу немесе заңдылықтарды ашу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу 
үшін алдын-ала бақылауға дайындалу жұмысын жүргізу қажет. Ол негізінен төмендегідей:
1. Оқушыларды бақылау обьектісімен және оның мақсаттарымен таныстыру, 
2. Жұмыс дәптеріне бақылау Жоспары:ын жазу.
3. Бақылау барысымен және оның ұсынылған тәсілімен, фактілерді белгілеу ережелерімен 
таныстыру. 
4. Сипаттау мен қорытындыларды беру. 
Бақылау тек табиғи объектілер мен құбылыстар ғана емес олардың суреттері мен 
бейнелерін, яғни фотосуреттер, моделі, слайдтар мен кинофильм арқылы да бақылау түрі 
болып келеді. Бастауыш сыныптарда көбіне басым жағдайда ауа райын бақылау, өсімдіктерді 
маусымдық өзгерістерін бақылау, тұқымның өнуін бақылау, жыл мезгілі өзгерістерін бақылау, 
адам еңбегін бақылау, жан-жануарлардың мінез-құлықтарын бақылау т.б. Бақылау ұзақ 
мерзімді және қысқа мерзімді болып келеді. Бақылау барысында оқушылар түрлі 
құраласпаптармен жұмыс істеуге машықтанады.
Оқытудың көрнекілік әдістерінің басты ерекшелігі – оларды пайдалануда негізгі ақпарат көзі 
ретінде сөз емес, әр түрлі объектілер, құбылыстар, техникалық және көрнекі құралдар 
танылады. Бұл әдістер оқытудың сөздік әдістерімен сабақтасып өте жиі қолданылады. Көрсету, 
иллюстрация, бақылау көрнекілік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, бұл 
әдістердің барлығы да оқушыларға эмоционалдық әсер етеді. Оларға да көрнекілік принципіне 
қойылатындай (көрсетілетін объектілердің, құбылыстардың реттілігі, қабылдаудың анықтығы 
мен дәлдігін қамтамасыз ету) сияқты талаптар қойылады. Әдістердің бұл тобына оқытудың әр 
түрлі техникалық құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар (құстардың дауысы), 
радиохабарлар, экрандық – дыбыс құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар) 
жатады. 
Қазіргі жағдайда компъютер сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты назар 
аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы 
игеруге мүмкіндік береді.
Мұғалім сабаққа дайындалғанда әдістің сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен 
мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, 
белгілейді; суреттерді қарап, ондағы керекті обьектілерді табады; баяндаудың Жоспары:ы мен 
конспектісін жазады, Жоспары:ды қарапайым етіп, үш-төрт тақырыпшадан асырмауға 
тырысады; сөздердің дұрыс айтылуын, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл 
мазмұнын Жоспары бойынша дауыстап айтып шығады.
Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып құрылса және оқушыларды 
өзіне тартып, материал мазмұнына қызықтыра алса, оқушыларды жұмылдырады, оларға 
жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.
Идеялық – саяси бағытта болатын баяндау мен әңгіме оқушыларға нақты білім береді, 
оларды іс-жүзінде қолдануға деген тілек туады. Мұғалімнің баяндауы мен әңгіме бірін-бірі 
толықтырып әңгімені оқумен және жұмыстың басқа түрлерімен үйлестіріп, бағдарламаға сай 
білім беріледі. Бұл оқушыларға ой тудырып, оқылатын тақырыптың балаларға жаттандылық 
түрде емес, түсінікті болуына көмектеседі. Баяндау мен әңгіме карта, көрнекі құралдар 


22 
пайдаланумен, 
көркем 
әдебиет 
оқумен, 
есеп 
шығарумен, 
тәжірибе 
жасаумен 
байланыстырылады. Баяндау кезінде балалар селқос отырса, әңгіме кезінде барынша белсенді 
отырады, ойланады мұғалімге олардың ойларын шеберлікпен басқарып, оны қажетті арнаға 
бағыттап отыру міндеттеледі.
Әңгіме әдісі сурет бойынша әңгіме, оқылған тексті бойынша әңгіме, оқылатын материалдың 
негізінде карта бойынша әңгіме, жасалған тәжірибе желісінде әңгіме түрінде қолданылады. 
Оқытуда көрнекілік әдістерін пайдаланғанда төмендегі шарттар сақталуы керек: 
а) қолданатын көрнекілік оқушы жасына сай болуы керек;
б) көрнекілік шектеулі пайдаланылуы керек және оны бірте-бірте тек сабақтың қажет сәтінде 
көрсету керек;
в) оқушыларға көрсетілетін дүниені жақсы көре алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет;
г) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсеткен жөн; 
д) құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсініктерді тыңғылықты ойластыру керек; 
е) көрсетілетін көнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы керек;
ж) қөрнекі құралдардан немесе көрсету қондырғыларынан ақпаратты табуға оқушылардың 
өзін белсендіру. 
Әдістемелік тәсілдер – бұл педагогтың логикалық және қолданбалы дағдыларды меңгеруге 
бағытталған нақты әрекеттер. Мысалы, әртүрлі масштабтағы карталарды салыстыру, өзен 
ағысының жылдамдығын анықтау, тау баурайының көлбеулігін өлшеу т.б. Сонымен, тәсіл 
дидактика тұрғысында әдіске қарағанда аясы тарлау таксономиялық бірлік болып табылады. 
Әр әдіс өзара байланысқан көптеген тәсілдерден тұрады. Әдістемелек тәсілдерді білмейінше 
пәнді оқыту әдістерін меңгеру мүмкін емес. Дүниетану пәні бойынша ерекше сипаттағы сабақ 
типтері жүзеге асады. Мысалы, түсіндіріп оқыту сабағы, заттық сабақтар, тәжірибе көрсету 
сабағы.
Түсіндіріп оқыту сабағы. Түсіндіріп оқыту сабағының басқа сабақтарға қарағанда өзіндік 
ерекшелігі сол бұл сабақта тек жаратылыс ғылымдары сипатындағы заттар және олар жайлы 
білім ғана қалыптасып қоймай оқу мен жазуға үйрету талаптары да жүзеге асады. 
Түсіндіріп оқыту сабақтары табиғатты және ондағы құбылыстарды танып білуде негізінен 
мынандай үш мәселені шешеді:
1. Балаларға табиғат туралы жаңа ұғымдар және жаңа білімдер беру;
2. Балаларды жақсы оқуға үйрету;
3. Олардың оқығандарын саналы түрде түсіне, талдай білуіне көмектесу. Сонымен бірге 
дәптермен жұмыс барысында жазу дағдылары да қалыптасуына мүмкіндік туады.
Түсіндіріп оқыту сабақтары әсіресе әлі оқу мен жазу дағдылары толық қалыптасып 
үлгермеген 1 - 2 сыныптарда өте маңызды әдіс болып табылады. Мұнда дауыстап оқыту
оқылған әрбір абзацты мұғалім түсіндіру және оқушылармен бірге талдау ұйымдастырылуы 
керек. Сыныпы жоғарылағаннан кейін мақаланы іштей оқып, жаппай сұрақтар қою арқылы 
түсінігін сұрау арқылы талдап мақаладағы негізгі мәселені саналы түсінуіне жетелеу керек. 
Ұғымды игеру үшін көбіне көркем әңгімелерге қарағанда басқа тәсілді қолдануды талап 
ететін іске пайдалы ғылыми мақалаларды оқуға зор көңіл бөлінуі керек.
Дүниетану сабақтарында түсіндіріп оқыту міндетті түрде көрнекі құралдарымен, экскурсия 
мен бақылау кезіндегі білімдерімен үйлесім таппаса түсіндіріп оқыту бос сөзділік болады. Онда 
түсіндіріп оқыту тек балаларды оқуға ғана машықтандырып, оқығанына мән бере алмайтын 
өмірден қол үзген тәсілдің бірі болып шығады. 


23 
Түсіндіріп оқыту сабақтары мынандай элементерден тұрады: әңгіме мазмұнын түсінуге 
оқушыларды дайындау, яғни кіріспе әңгіме; әңгімені оқу, мазмұнын талдау, сөздік жұмысын 
жүргізу; оқушылар түсінігін айтып беру үшін Жоспары: түзу және Жоспары:ға сүйене түсінігін 
айтуды талап ету.
Түсіндіріп оқыту сабақтарын бес типке бөледі.
1. Оқушыларды тұрған жерінде өз бетінше жасаған бақылауларымен байланыста оқыту;
2. Экскурсия соңынан оқыту; 
3. Заттық сабақтардың соңынан оқыту; 
4. Тәжірибелер соңынан оқыту;
5. Мұғалімнің әңгімесі мен баяндауына негізделген көрнекі құралдарды қарастыра отырып 
оқыту.
Бұл сабақ типтерінің бір-бірінен айырмашылығы мақаланы не әңгімені түсіндіруге кіріспе 
және мақала не әңгіменің мазмұнында болып келеді.
Бақылау негізінде түсіндіріп оқыту. Мұғалім оқушыларға табиғаттан немесе күнделікті 
тұрмыстан кез келген бір құбылысты бақылауды тапсырады. Сонан соң бала бақылаған 
объектісі не құбылысы жайлы әңгіме түзеді. Мұнда бала бақылаған дүниелері жайлы ойланады 
және оның себеп – салдарын түсінуге, түсіндіруге тырысады. Бұл баланы түрлі ұғымдарды 
ұғынуға, логикалық талдай білуге машықтандырады. Бақылау негізінде түсіндіріп оқыту 
оқушылардың білімін кеңейтеді және тұрмыстық тәжірибе қалыптасады.
Экскурсия соңынан оқыту. Мұндай сабақ экскурсиядан алынған материал әңгіме мазмұнын 
түсінуге болатындай жағдайда, кейде оқу жылының басында өткізілген экскурсия аралығында 
өткізіледі, ал әңгіменің өзі оқу жылының ортасында бірнеше ай бойы жүргізіледі. Бұл жағдайда 
экскурсиядан алған білімдерін, бақылау қорытындысын жазып алу немесе сурет түрінде қағазға 
сызумен тиянақтайды. Оқыту сабағында балалар экскурсияда көргендерін еске түсіреді. Содан 
кейін балалар әңгімені дауыстап оқып шығады, таныс емес сөздерді талдайды, екінші рет 
іштерінен оқып шығып, мұғалімнің тақтаға жазған тапсырмаларын орындайды. Оқушылар 
әңгіменің мазмұны және экскурсиядан көргендері бойынша қорытынды жасайды.
Тәжірибе соңынан оқыту. 1 - сыныптан бастап балалар мұғалім көрсеткен тәжірибелерден әр 
түрлі табиғи құбылыстарды, мысалы: қардың еруі, мұздың қатты күйден сұйыққа айналуы, 
судың булануы, топырақтың суды өткізгіштігі т.б. бақылайды. Жасалған немесе бақылаған 
тәжірибелерден кейін оқушылар соған сәйкес ә ңгімелерді оқиды да тиянақты қорытынды 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет