Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың мөлшері. Фарадейдің бірінші заңы



бет109/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137
annotation81765

Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың мөлшері. Фарадейдің бірінші заңы. Ертінді арқылы өткен заряд пен атодтың массасын электролизге дейін және одан кейін өлшей отырып, Фарадей мынаны тағайындады: электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ертінді арқылы өткен электр мөлшеріне тура пропорционал болды:


m=kq. (3.57)

Бұл – Фарадейдің бірінші заңының математикалық өрнегі болып табылады. Фарадейдің тәжірибелері электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы тек q зарядтың шамасына ғана емес, сонымен қатар заттың тегіне де тәуелді болатындығын көрсетеді. Электролиз кезінде бөлініп шыққан массаның заттың тегіне тәуелділігін білдіретін пропорционалдық коэффициенті k заттың электрохимиялық эквиваленті деп аталады. Электрохимиялық эквивалент электродтарда электролит арқылы бірлік заряд өткен кезде бөлініп шығатын заттың массасымен өлшенеді:




k=m/q. (3.57,а)

ХБ жүйесінде k электрохимиялық эквиваленттің өлшем бірлігі 1 кг/Кл болып табылады. q=Іt болатындықтан, Фарадейдің бірінші заңын




m=kІt (3.58)
деп жазуға болады. Тәжірибеде электрохимиялық эквивалентті үлкен дәлдікпен анықтауға болады. Кезінде осы (3.57) заң күмістің электрохимиялық эквиваленті арқылы кулонды анықтауға мүмкіндік берді, ол 1,118 10-6 кг/Кл=1,118 мг/Кл болып шықты.
Фарадейдің екінші заңы. Ионның зарядын анықтау. Иондардың бір молінің m массасының граммдармен алынған кезде бір ионның салыстырмалы молекулалық массасына тең болатындығын еске алайық:


М=mсал[г/моль]=mсал10-3 [кг/моль].

Иондардың мольдік массасының олардың валенттігіне бөліндісі (М/n) осы иондардардың химиялық эквиваленті деп аталады. Мысалға мыстың салыстырмалық атомдық массасы 63,54, ал мыстың иондарының валенттігі 2 болады. Сонда мыстың мольдік массасы 63,54 г/моль, ал оның химиялық эквиваленті (63,54/2) г/моль=31,77 г/моль=31,7710-3 кг/моль болады.


Өзінің тәжірибелерінің нәтижелерінде Фарадей электродта кез келген түрдегі иондардың бір химиялық эквиваленті бөлініп шығу үшін электролит арқылы электрдің бірдей F мөлшерін жіберу керек екендігін тапты. Электрдің бұл мөлшерін Фарадейдің тұрақтысы деп атайды: F=9,65104 Кл/моль. Демек, бір химиялық эквивалентті құрайтын барлық иондардың жалпы заряды F мәніне тең болады. Егер электролиз кезінде электродта m[кг] зат массасы бөлініп шықса және де химиялық эквивалент м/m [кг/моль] болса, онда m(M/n) қатынасы бөлініп шыққан химиялық эквиваленттердің санын береді. Одан әрі, осы кезде егер электролит арқылы q[Кл] электр мөлшері өткен болса, және де бір химиялық эквиваленттің бөлініп шығуына F[Кл] электр мөлшері қажет болса, онда q шамасының F мәніне қатынасы да электролиз кезінде бөлініп шыққан химиялық эквиваленттің санына тең болады: демек m:(M/n)=q:F, осыдан:


M=(M/nF)q. (3.59)

(3.59) бен (3.57)-лерді салыстыра отырып, мынаған келеміз:




(3.60)

(3.60) формула Фарадейдің екінші заңының математикалық өрнегі болып табылады: түрліше заттардың электрохимиялық эквиваленттері олардың химиялық эквиваленттеріне тура пропорционал болады. (3.59) формуланың Фарадейдің электролиз үшін біріккен заңын өрнектейтіндігін айта кетелік. Енді Фарадейдің заңының көмегімен бір валенттік ионның, яғни электронның е зарядын қалай анықтауға болатындығына тоқталайық. Егер иондардың валенттігі (n=1) болса, онда M/n химиялық эквивалент иондардың мольдік М массасына, ал әрбір ионның заряды сан жағынан е мәніне тең болады. Бір мольдегі иондардың санының Авогадро тұрақтысына тең болатындығын ескерейік. Сондықтан егер мольдің барлық иондарының жалпы заряды F болса, онда:




e=F/NA. (3.61)

(3.61)-ге F және NA шамаларының сан мәндерін қойып, бір валенттік ионның немесе электронның зарядын табамыз:




е=(9,65.104 Кл/моль)/(6,02.1023 иондар/моль)=1,60.10-19 Кл/ион.


Электронның зарядының бұл мәні Милликеннің тәжірибелерінің нәтижелерімен жақсы үйлесімді, ал бұл заттың электрондық құрылысының теориясын және электролиттік диссоциацияның теориясын дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет