Серпімді күштің жұмысы. Әуелі серіппені созып тұрған сыртқы күштің жұмысын есептеп шығарамыз. Ньютонның үшінші заңына сай сыртқы күш модулі бойынша серпімділік күшіне тең, ал бағыты қарама-қарсы болады; (Fсырт=–Fсерп); серпімді күштің өрнегін пайдаланып,
Fсырт=kx (1.72)
деп жазамыз, мұндағы k – серпімділік коэффициенті. Бұл күштің графигі 1.26-суретте өрнектелген. Сыртқы күштің жолдың
l=x2–x1
бөлігіндегі жұмысы штрихталған трапецияның ауданына тең:
. (1.73)
Дәл осы учаскеде серпімді күштің жұмысының тек таңбасы ғана басқа болады, демек
(1.74)
x1< x2 кезінде, яғни серіппені созған кезде, серпімді күш теріс жұмыс жасайды, бұл дегеніміз күштің таңбасы жайлы ережеге сәйкес келеді: тартылыс күштері – теріс, ал тебілу күштері – оң болып саналады.
Гравитациялық күштің жұмысы. Гравитациялық күштің жұмысын мына формуламен беруге болады:
. (1.75)
Массасы m дене Жер бетінен қайсы-бір биіктікке көтерілсін. (1.27-сурет). m1=m (дененің массасы), m2=M (Жердің массасы), r1=R (Жер шарының радиусы) және r2=R+h деп алып, ауырлық күшінің жұмысының өрнегін табамыз:
. (1.76)
Сыртқы күштің жұмысының таңбасы қарама–қарсы болады, демек,
. (1.77)
Егер биіктік Жердің радиусынан көп кіші болса, онда шамамен R+h=R деп алуға болады. (1.48)-ді пайдалана отырып, мынаған келеміз:
. (1.78)
Бұл қорытындыға қарапайым жолмен-ақ келуге болатын еді. Жер бетінен қашық емес биіктіктерде ауырлық күші P=mg тұрақты шама болып табылады. Ал тұрақты күш үшін Aсырт=Ph=mgh. Бірақ жоғарыда жүргізілген есептеулер дәл (1.77) формуланы (1.78) жуықталған формуламен алмастырған кезде қандай қате жібергенімізді бағалауға мүмкіндік береді. Шындығында да, бізге жұмысты бір процентке дейінгі дәлдікпен өлшеу қажет делік; сонда
.
Жұмыстың дәл және жуықталған мәндерін қойып және бірдей көбейткіштерге қысқартқаннан кейін:
.
Сонымен, h=0, R=0,01637164 км биіктікке дейін 1%-ке дейінгі дәлдікпен жуықталған (1.78)–формуламен пайдалануға болады екен.
Гравитациялық күштің жұмысы материалдық нүкте қозғалатын траекторияның түріне тәуелсіз болады; ол тек траекторияның бастапқы және ақырғы нүктелерінің радиус векторларымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |