Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет49/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137
annotation81765

Вакуум жайлы түсінік. Жер бетіне таяу жерлерде ауаның бірлік көлеміндегі молекула саны nл Лошмидт тұрақтысымен анықталады. Егер алып тұрған қайсы-бір кеңістікте бірлік көлемдегі n0 молекулалар саны nл Лошмидт тұрақтысынан кем болса, онда бұл кеңістікте сиретілген газ (вакуум) бар деп есептейді. Тұйықталған кеңістікте газ неғұрлым сиретілген, яғни оның молекулаларының n0 концентрациясы неғұрлым төмен болса, солғұрлым осы кеңістікте жоғары вакуум бар деп есептеледі.
(2.11) және (2.12) формулалардан, n0 саны төмендеген кезде молекулалардың 1 с ішіндегі орташа соқтығысулар санының азаятындығы, ал орташа еркін өтудің жолының артатындығы шығады. Сондықтан жоғары сиретілу кезінде (өте азғантай n0 концентрация кезінде) орташа еркін өтудің жолы ыдыстың мөлшерлерімен шамалас болып шығуы мүмкін. Осы ыдыстағы газды одан әрі сиреткен кезде мәнінің одан әрі өзгермейтіндігі анық. Егер газ молекулаларының орташа еркін өту жолы тек ыдыстың мөлшерлерімен ғана анықталатын болса, онда ыдыста жоғары вакуум бар деп саналады. Осы кезде молекулалардың басым көпшілігі ыдыстың қабырғалары арасында емін-еркін қозғалып жүреді де, тек сирек жағдайларда ғана бір-бірімен соқтығысып отырады.
Жоғары вакуум кезінде көлемі 2-3 л ыдыстың 1 см3 көлемінде әлі де болса 1000 миллиардтай молекулалар болады, ал осы газдың қысымы шамамен 10-2 Па (10-4 сын. бағ. мм) болады. Осы заманғы техниканың көмегімен газдың қысымын 10-9 Па (10-11 сын. бағ. мм) шамасынан кем болатын етуге болады. Осы кезде әліде болса 1 см3 көлемде бірнеше жүз мың газ молекулалары болады.
Табиғатта ең жоғары мүмкін вакуумді кеңістікте ешбір молекулалар мен басқа бөлшектер жоқ кезде алуға болады (латынның “вакуум” деген сөзі “бостық” дегенді білдіреді). Бірақ бөлшектер жоқ кеңістікті бос деп санауға болмайды, өйткені онда әрқашанда гравитациялық және электромагниттік өрістер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет