136
әртүрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға кӛмектеседі.
Әртүрлі жаттығулар тобымен әрқилы жағдайда белгілі
бір міндеттер орындау
үшін қолданылатын дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілін
әдіс дейміз. Әрбір
әдіс ӛзінің кұрамына кіретін әдістемелік әдістердің кӛмегімен жүзеге
асырылады. Мысалы, кӛрсету әдісінің орындалу тәсілдері: жаттығуларды айна
тәсілімен кӛрсету, керекті қарқынды немесе баяу қарқынды кӛрсету, т.б.
Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес
іске асыратын әдіс жолын әдістемелік әдіс
дейміз. Әдістемелік тәсілдер кӛп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі
ӛзгеріп, ал келесі біреулері ізденіспен ӛмірге келіп жатады. Сабақ беру
деңгейінің әртүрлілігі педагогтың осы әдістемелік тәсілдерді кӛп білуіне,
кеңінен қолдануына байланысты. "Әдіс" деген түсініктен "әдістеме" түсінігін
ажырата білуіміз керек.
Әдістеме-белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін
істелінетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі деген
Достарыңызбен бөлісу: