53
және дене мүшелерінің қозғалыстарын орындауға әртүрлі уақыт бӛлінуі
мүмкін. Жаттығудың, оның жеке бӛлшектерінің ұзақтық ӛлшемін біле отырып,
түсетін салмақтың жалпы ауқымын анықтауға және оны реттеуге болады.
Қарқын - уақыт бірлігінде қозғалыс циклдерін немесе қозғалыс санын
қайталау жиілігі (жаяу жүру қарқыны минутына 120-140 адымға тең).
Қозғалыс қарқыны дененің қозғалатын бӛліктерінің массасына тәуелді
(мысалы, қолдың саусақтары секундына 8-10, ал кеуде 1-2
қозғалыс жасай
алады). Қарқынның ӛзгеруіне қарай кӛбіне, қозғалыстың барлық құрылымы
сапалық ӛзгеріске ұшырайды. Мысалы, қарқын белгілі шектен асса, жүріс
жүгіріске айналады (минутына 180-200 адым). Козғалыс қарқынының ӛзгеруі
денеге түсетін жүктің артуына немесе азаюына әкеледі.
Әр адамның
қозғалысты атқаруының индивидуалды қарқыны бар. Бұл организм
ерекшеліктеріне (бой, салмақ, жүйке жүйесінің типі) тұтас алғанда жеке
адамдық қасиетке (жалпы белсенділік т. б.), сондай-ақ
сол бір қозғалысты
меңгеру деңгейіне тәуелді. Дене жаттықтырумен жүйелі айналысу нәтижесінде
қозғалысты орындаудың индивидуалдық қарқынын ӛзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: