Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет55/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   217
ДШТӘ лекция

денсаулық сақтау; 
- коммуникативтік-тілдік; 
- танымдық; 
- шығармашылық; 
- әлеуметтік.
5-6 жастағы балалар үшін «Денсаулық» білім беру саласының базалық 
мазмұны бойынша дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 
тӛмендегідей жүзеге асады: 
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын 
жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға 
тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. 
Міндеттері:
- денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялық жетілуін 
жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, 
жағымды эмоционалды кӛңіл күй ортасын жасау; 
- күнделікті ӛмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау 
дағдыларын қалыптастыру; 
- физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, 
шыдамдылығын шыңдау; 
- балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы 
ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту; 
- балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру
құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау; 
- жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға 
бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай 
жасау; 

белсенді 
қимыл 
іс-әрекеттеріне 
және 
оған 
қажеттілікке 
қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, 
негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін 
қалыптастыру. 
Мазмұны: 
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың іскерлік пен 
дағдыларын жетілдіру және бекіту.
Негізгі қимыл жаттығулары 
Жүру: 


78 
- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, ӛкшемен 
жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау; 
- бүгілген тізені жоғары кӛтеріп, жартылай отырып; 
- заттарды аттап, заттар арасынан; 
- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде); 
- тәрбиешінің белгісімен тоқтап; 
- қозғалыс бағытын ӛзгертіп, заттар арасымен; 
- шашырап, заттар арасымен; 
- жүгіруді алмастыра; 
- адымдап алға қарай жүру; 
- «жыланша» ирелеңдеп; 
- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа 
қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен; 
- 3-4 м жерге дейін кӛзін жұмып жүріп ӛту. 
Жүгіру: 
- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында; 
- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап; 
- заттарды аттап, тізені жоғары кӛтеріп майда және кең қадаммен заттар 
арасымен; 
- заттар арасымен шашырап; 
- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен; 
- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып; 
- кедергілерден ӛтіп; 
- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен 
тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м; 
- ұстап және айламен тосып алып
- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай; 
- қиылысқан жерге дейін 320 метрге; 
- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м) 
жүгіру; 
- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен 
алмастыру; 
- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 
метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге); 
- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып; 
- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу); 
- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет). 
Секіру: 
- бір орында, алға қарай; 
- тізенің арасын қос аяқтап қаппен; 
- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттар арқылы 
(биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен; 
- жіптің үстінен; 
- түзу бағытта (арақашықтығы 6 м) 


79 
- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 
м); 
- оң және сол аяғын кезектесіп; 
- 20 см-ге дейін жоғарыдан; 
- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м); 
- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес); 
- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес); 
- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес); 
- шахмат тәрізді қойылған қырлы бӛрене арқылы (арақашықтығы 50 
см), доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру; 
- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа 
алға жылжып; 
- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ытқып-ытқып, бір аяқтан 
екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып 
алға, артқа секіру; 
- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен; 
- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап; 
- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос 
аяқтап; 
- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180 
градусқа бұрылып секіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет