Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


ҚАРТ ЖАСТАҒЫ ҚАНТТЫ ДИАБЕТ: КЛИНИКА



Pdf көрінісі
бет52/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 
ҚАРТ ЖАСТАҒЫ ҚАНТТЫ ДИАБЕТ: КЛИНИКА, 
ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
 ХХI ғасырда қант диабет мәселесі бүкіл әлем елдерінде, ұлтқа, 
барлық жас ерекшеліктеріне қатысты орасан эпидемия масштабына 
айналды. Қантты диабетпен ауыратын науқастар саны егде жастағы 
адамдар арасында саны қарқынды түрде көбеюде (65 жас және жо-
ғары). АҚШ денсаулықтың ұлттық регистрінің үшінші қарауында
(NHANES III), 2 типті қант диабет 60 жас арасында таралуы 8%
және 80 жас немесе жоғары жаста ең жоғарғы мәнге жетіп отыр (22–
24%). Осындай қантты диабеттің қарт жаста аса көп таралуы ағзаның 
қартаю нәтижесінде көмірсулардың метаболизмінің физиологиялық 
өзгерістерімен сипатталатын бірнеше қатар ерекшеліктеріне байла-
нысты.
Глюкозаға толеранттылықтың жастық ерекшеліктерінің ме-
ханизмі келесі тенденциялармен сипатталады: 
50 жастан соң әрбір 10 жыл сайын: 
Гликемия аш қарынға 0,055 ммоль/л (1 мг %) жоғарылайды; 
Гликемия тамақтан соң 2 сағ 0,5 ммоль/л (10 мг%).
Көрсетілген тенденцияларға байланысты тамақтан кейінгі глике-
мия көбірек өзгеріске ұшырайды (постпрандиальді гликемия), ал 
сонымен қатар аш қарындағы гликемия жасқа байланысты біраз ған 
өзгереді. 
Бәріне белгілі 2 типті қант диабетінің дамуында 3 негізгі ме-
ханизм жатыр: 
Инсулинге тіндердің төмендеген сезімталдығы (инсулинорезис-
тенттілік).
Тамақ жүктемесіне инсулин секрециясының адекватты емес 
жауабы,
Бауырмен глюкозаның гиперпродукциясы.
Көмірсуларға жастық жастық толеранттылықтың өзгеруін түсіну 
үшін, ағза қартайған кезде қант диабетінің екінші түрінің дамуында 
қандай механизм қатты өзгеріске ұшырауын бақылау керек. 


109 
Тіндердің инсулинге сезімталдығы 
Тіндердің иинсулинге сезімталдығының төмендеуі, (инсулинре-
зистенттілік) артық салмағы бар адамдарда көмірсу алмасуының 
бұзылыстарының бірден-бір механизмі болып табылады.
Егде жас арасындағы адамдар арасында гипергликемиялық
клэмп арқылы перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының 
төмендеуі мен перифериялық тіндермен глюкозаның қармалуы тө-
мендеуі анықталды. Бұл дефект әсіресе, артық салмағы бар қарт 
науқастар арасында кездеседі. Егде жас өзімен бірге инсулинорезис-
тенттілікті күшейтетін көптеген факторларды алып келеді Бұл, өз 
кезегінде төмен физикалық белсенділік, бұлшықет күшінің азаюы, 
(негізінде глюкозаны шығаратын перифериялық тіндер) және абдо-
миналды семіру, (70 жасқа дейін үдеп, кейін төмендейді.) Бұл фак-
торлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет