Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


-сабақ. Шеңбер, дөңгелек және оның элементтері



бет103/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144
00039fef-5a4df9ee

53-сабақ. Шеңбер, дөңгелек және оның элементтері


Тақырып: Ерте заманда уақытты қалай өлшеген?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу
3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін ажырату және атау.

Бірқатар оқушылар үшін:

циркульдің көмегімен шеңбер салу.

Кейбір оқушылар үшін:
шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
«дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрі деген түсініктердің айырмашылығын түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
«дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрі, циркуль.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

«Дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрінің айырмашылығын түсіндір.
Шеңбердің центрі деген не?
Радиусы бойынша шеңберді қалай салуға болады?
Диаметрі белгілі болса ше?

Жазу:

Есептердің шығарылу жолын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Дөңгелек туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.
Мұғалім уақыт құндылығы туралы әңгімелейді. Көне заманда уақытты қалай өлшегені туралы айтады.




4–6




Өзектендіру.
Тақтада (полотнода, парталарда) түрлі түсті және пішіні әртүрлі геометриялық фигуралар орналасқан.
Мұғалім фигураларды топтастырып, олардың топтасу себептерін атауды ұсынады.




7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Шеңбер деген сөз сізге таныс па?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?




12–29




Жаңаны ашу.

  • Шеңбер деген не? (Шеңбер – дөңгелектің шегарасы)

– Дөңгелек деген не? (Дөңгелек – нүктеден бірдей арақашықтықта тұрған нүктелер сызатын фигура).
О нүктесі – дөңгелектің центрі (шеңбердің). Радиус – шеңбердің центрі мен шегарасының арасын қосатын кесінді. Диаметр – орталық нүктені кесіп өтіп, екі шегараны қосатын сызық.

Топпен жұмыс
Әр топ шеңбер сызылған парақтан алады. Тапсырма: радиустарын өлшеңіздер және оны өсу реті бойынша жазыңыздар, содан кейін диаметрін өлшеп, төменге жазып қою керек.
– Диаметр радиустан қанша үлкен?
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Циркульдің көмегімен радиусы 2 см, 1 см, 3 см болатын шеңбер сызу керек
– Радиус диаметрден қаншалықты кіші? Қандай шешім шығаруға болады?
Өзіндік жұмыс.

  • Радиусы 4 см-ге тең шеңбер сызу керек.

  • Екі шеңбер сызу керек: бірінші радиус 3 см-ге, екіншісі – 6 см-ге тең. Шыққан шеңберлер туралы не айтуға болады?


30–40




Жаңаны қолдану.
Сызбаны қараңыздар. Сызба қалай сызылған? Мына шеңберлердің ортақ нүктесі туралы не айтуға болады?

Ортақ нүктесі болатындай екі шеңбер сызыңыздар. Бір шеңбердің радиусының ұзындығы – 2 см, ал екіншісінікі – 5 см. Қалыптастырушы бағалауы бар дәптерден тапсырма орындауды ұсынады.
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Мен:
шеңберді, дөңгелекті атап, ажырата аламын.
– центрін, радиусты, диаметрді көрсете аламын,

  • циркульдің көмегімен шеңбер сыза аламын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет