Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет107/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144
00039fef-5a4df9ee

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу
3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері
3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2ауданын табуға формулаларды құрастыру және қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:
Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Ауданды және оны қалай табу керек екенін түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
Аудан, палетка.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Қандай фигуралардың ауданы бар?
Палетканы қалай қолдану керек?

Жазу:

Есептердің шығару жолдарын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы тұрмыстық түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.
Ата-бабаларымыз үйлерін қалай безендіргені жайында әңгімелеседі. Қандай оюларды пайдаланған.




4–6




Өзектендіру.
Тақтада: дөңгелектер, үшбұрыштар, тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрыш сияқты геометриялық фигуралар бар. Мұғалім балаларға фигуралардың ең үлкенін және ең кішісін алғызады.
– Біз фигураның шамасы (үлкен, кіші) жайында айтсақ, олардың несін салыстырамыз?
Оқушылар фигураларды шамалары бойынша салыстырғанда, оны ауданын да салыстырамыз деген қорытындыға келеді. Содан кейін мұғалім көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші екенін дәлелдеуді ұсынады. Оқушылар көрнекіліктер негізінде аудандарды салыстырады да, мынадай қорытындыға келеді: «Бір-бірінің үстіне қойғанда көк тіктөртбұрыш қызылдың ішіне сыйды, яғни қызыл тіктөртбұрыш көк тіктөртбұрыштан үлкен, ал көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші болып келеді». Негізінен, бірнеше фигуралардың ауданын салыстырған дұрыс.
Мұғалім тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынады.
– Бір фигураны екінші фигураның үстіне қойып салыстыруға бола ма? Егер бір фигураны екіншісінің үстіне қойып салыстыру болмаған жағдайда, фигуралардың ауданын қалай салыстырамыз?
Оқушылар өздері бөліктердің бірін бірнеше кіші бөліктерге бөліп, осы кіші бөліктерден екінші фигураның пішінін жасап салыстыруға болатынына көз жеткізгені дұрыс. Бұл кезеңде мұғалім фигуралардың бірінде бір торкөзді белгілеп, екі фигураны бірдей шаршыларға бөліп, әр фигурада шаршылар санын салыстыруға балалар дағдылануы керек.

Геометриялық фигуралар

7–11






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет