Бұрынғы өтілген материалдармен жұмыс. №5 тапсырманы алдымен амалдардың орындалу тәртібін анықтап, өрнектің мәнін табады.
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.
Оқулық.
41-45
Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балаларға өздерінің білетідерін мақсаттарымен байланыстыру қажет: сабақ барысында кім не істей алатынын ұқты: санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде және бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісінен санның кубын табу; санның кубын құрайтын өрнектер құрастыру. Дәптерде жетістік жолы қолданылады.
Блум кубигінің сұрақтары бойынша сұрақтар құрастыру: атау, неге, түсіндір.