Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет81/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   144
00039fef-5a4df9ee

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
– Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады? (Білмейміз)
– Нені үйрену керек?
Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек.




12–29



Жаңаны ашу.
Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек)
– Дөңгелекті екіге бүктеңіз.
– Ашыңыз.
– Қанша бірдей бөлік болды? (2)
– Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни тең екі бөлікке.
Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек.
– Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (ширек).
Тағы бүктеуге бола ма?
– Неше бөлік болды?
Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік.
Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланады.
Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген?
Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады.
№2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар.
Математикада үлестерді жазуға болады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Мұғалім №3 тапсырманы қарауды ұсынады, бөлшектердің жазылуына баса назар аударады. Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс жасайды.
Өзіндік жұмыс.
Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды.

Дәптер, оқулық, дөңгелектер.

30–40



Жаңаны қолдану.
№4 топпен орындалатын тәжірибелік жұмыс. Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен жазады, теңсіздіктерді жазады. Әрі қарай мұғалім дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды.
Мен:

  • – суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін;

  • – үлестерді оқимын;

  • – үлестерді жазамын;

  • – үлестерді салыстырамын.

Өткенмен жұмыс.
Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма береді.
№9 тапсырма – логикалық жаттығуды орындау барысында мұғалім 15 минут сағаттың қандай бөлігін алатынын анықтайды.

Қиылған дөңгелектер, қарындаштар, оқулық.

41–45



Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:

  • үлестердің жасалуын көрсету

  • үлестерді оқу және жазу

  • үлестерді салыстыру

Жетістік сызғышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет