Ә лемдегі жеті есептің бірін шешкен ғалым. Ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының докторы



Дата27.08.2023
өлшемі0.52 Mb.
#476254
Ғалым Өтелбаев


Ә лемдегі жеті есептің бірін шешкен ғалым.
Ғалым-математик,
физика-математика ғылымдарының докторы,
академик
МҰҚТАРБАЙ ӨТЕЛБАЙҰЛЫ ӨТЕЛБАЕВ.

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады!». Абай.
Дүние жүзі ғалымдары жүз жылдан бері бастарын қатырып жүрген теңдеуді астаналық академик 35 жыл зерттеп, ақыры әдісін тапты.
Академик Мұқтарбай Өтелбаев әлемдегі қиын жеті математикалық тапсырманың алтыншысын, яғни «Новье - Стокстың» теңдеуін шешіп отыр.
Ұстазымыз Әбу Насыр Әл-Фараби: «Ғылыммен айналысамын деген адамның ақыл ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге
талап жолында болуы шарт» деген болатын. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұяласа керек. Міне ғалым ағамыз жанында нағыз ұстаздық қасиет: білім, мейірбандық, әділеттіліктің үшеуінің бірігуінде. Ғалым осы теңдеуді шешу жолында ақыл-ой парасаты мен ерік-жігері арқасында қайта–қайта оралып келе берген. Ол отыз бес жыл өмірін арнады.
Клэи математика институты осы жеті «проблемалық» математикалық есепті шешуге әрқайсысына 1 миллион АҚШ долларын тіккен еді. Бұл теңдеудің маңыздылығы сонда, ол арқылы сұйықтық пен газдың қозғалысын анықтауға арналды. Табиғи құбылыстардың пайда болуын, тайфун және цунами тәрізді су қозғалыстарының қайдан пайда болуын, қайдан аяқталатынын анықтауға осы теңдеу мүмкіндік береді. Ғалым ағамыз: «Дегенмен, мен оны жай шешкенім жоқ. Шешу әдісін ойлап таптым. Дәлеліңді айнадай анық етіп, түсіндіріп жазуың керек. Содан оннан аса түсіндіру нұсқасын әзірледім. Соған табандаған бір жыл уақытым кетті!»,--- деген болатын. Ғалым ағамыз сексенінші жылдары қазақ математиктері Т.Қалменов, Р.Ойнаров, М.Мұратбеков, А.Жұмаділдаев, У.Өмірбаев, Е.Нұрсұлтанов, Н.Темірғалиев және басқалары біраз республикалардың алдына шығып кеткенін, жаңа лектің жарқырап шыққанын айтып отырады.
Өз шәкіртінің біреуі Рысқұл Ойнаров әлемде керемет жаңалық ашқанын, оның математиктерден басқасы біле бермейді деді. Оның ашқан айтулы ғылыми теориясы «Ойнаров ядросы» деп аталды.
Ағамыз білім ордаларындағы болып реформаларға, үш тілде оқыту, жаңа ғасыр – роботтану ғасыры туралы, оқулықтардың мектеп шәкірттері үшін әзірленуі турасында пікірлерін үнемі беріп келеді.
Ғалым М.Өткелбаев өзінің жақсы шәкірті, қазақ математиктерінің бірі Әбдіқали Шыныбековтің түсінікті тілмен, бала өлшеміне сай келетін алгебра оқулығын жазғанын мақтанышпен айтып отырады.
М.Өткелбаев ағамыздың өзіндік қасиеті – жасампаздыққа жаны құмар, өнер мен білімге құштар, ортадағы өзгерістерге әділ баға бере алатын ғалым ретінде бағалы және құнды.
Негізгі ғылыми еңбектері математикалық функционалды анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың, функционалдық кеңістік, есептеу математикасының теориясына арналған. Олай болса, ұлы ғалымның өмірінен, шығармашылығынан, мектеп шәкірттеріне арнаған білімі мен тәрбиесінен мақтанышпен үлгі алып отыруымыз керек деп есептеймін.
А.И.Некесов,
Е.Ағелеуов атындағы
Махамбет орта мектебінің
математика пәні мұғалімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет