Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пәннің атауы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор аты-жөні: Дауренбекова Айгуль
Турсунхановна
магистр, аға оқытушы
ДӘРІС №3
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
ЖОСПАР: - БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
- ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ
- ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ МОБИЛЬДЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ҮШІН
- ҮСТЕЛДІК ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
МАҚСАТЫ
Бағдарламалық жасақтамалармен операциялық жүйелер түрлерімен таныстыру
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
Бағдарлама - магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадында жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін бағдарламалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
ЭЕМ бағдарламалары екі топқа бөлінеді, олар:
- жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру;
- қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру.
Жүйелік бағдарламалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады.
Жүйелік бағдарламаларды келесі топқа жіктеуге болады:
- операциялық жүйелер;
- утилиттер;
- драйверлер;
- сервистік бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру - пайдалану міндет- терін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың пакеті болып табылады.
Қолданбалы бағдарламалардың пакеті (ҚБП) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарлама- лар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |