Еаэо латын Америкасы елдерінің кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндіктер ашты



Дата04.03.2016
өлшемі36 Kb.
#41384
ЕАЭО Латын Америкасы елдерінің кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндіктер ашты
 Рафаэла қаласында Санта-Фе (Аргентина) штатының губернаторы Антонио Бонфаттидің шақыруымен Қазақстанның Бразилиядағы және Аргентинадағы қоса атқарушы елшісі Бақытжан Ордабаев аталған штатқа барып, «Аймақтық интеграцияны және халықаралық сауда қатынастарын дамыту» тақырыбында өткен Аргентинадағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі – III Халықаралық Сыртқы сауда конгресіне (CIECEX) қатысты, деп хабарлайды

Штат губернаторы А. Бонфатти және Рафаэла қаласының мэрі Р. Лузитимен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашақ мүмкіндіктері, Санта-Фе штатының кәсіпкерлері мен Қазақстан өңірлері арасындағы байланыстарды құру туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға штат кәсіпкерлерінің қатысу мәселелері талқыланды. Екіжақты қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жоғары әлеуеті мен бағыттары белгіленді, қазақстандық әріптестермен ауыл шаруашылығы мен тау-кен металлургия кешені, құрылыс және жаңа технологиялар саласында ынтымақтастықты дамыту аргентиналық тараптың қызығушылығын тудырды.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу қорытындысы бойынша, Аргентинаның іскерлік топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Қазақстандық-аргентиналық екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы экономикалық байланыстарды орнату мәселелері талқыланды.

Б. Ордабаев Аргентинаның «UFQC» жетекші телевизиялық арнасына сұхбат беріп, өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды ілгерілетудің кейбір жақтары мен тараптардың мүдделілігі туралы баяндады.

Елші Халықаралық конгрестің шеңберінде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және оның экономикалық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Қазақстан экономикасының дамуының ағымдағы жағдайы мен келешегі туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, шетелдік бизнес пен инвестициялар үшін Қазақстанда жасалған жағдайлар мен құрылған преференциялар, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» секілді ірі халықаралық іс-шаралар туралы мәлімдеді.

Қазақстандық дипломат Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмысты бастағалы Қазақстанмен және оның ЕАЭО серіктестерімен, соның ішінде «МЕРКОСУР» сияқты аймақтық бірлестіктермен іскерлік және сауда қарым-қатынастарын кеңейту тұрғысынан Латын Америкасы елдерінің кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндіктер ашылғанын айтты.

Б. Ордабаев Конгресс мүшелерін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» жолдауында және «Ұлттық жоспар – 100 қадам» бағдарламасында көрсетілген еліміздің жаңа экономикалық саясатымен таныстырып, оларды іске асыруға құрлықтағы елдердің кәсіпкерлерін белсенді қатысуға шақырды.

Баяндамадан кейін, Латын Америкасы елдерінің Конгресске қатысқан кәсіпкерлер мен іскер топтар мүшелеріне «Қазақстанның инвестициялық ахуалы» және испан тілінде дайындалған «Ұлт жоспары – 100 қадам» кітапшалары таратылды.

Жалпы Санта-Фе штатына жұмыс сапары аясында Оңтүстік Америка елдерінің 30-дан астам бизнес-қауымдастықтары және сауда палаталары, атап айтқанда «МЕРКОСУР» және «УНАСУР» аймақтық халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Конгресс ұйымдастырушылары Аргентинаның Федералдық Үкіметі және Санта-Фе штатының Үкіметі, Аргентинаның Ұлттық сауда палатасы (САС) және «ProArgentina» сауда-өнеркәсіп палатасы болып табылады.

Конгреске Оңтүстік Америка елдерінен 250-ден астам компания мен кәсіпорын, құрлықтағы өңірлік билік органдары және іскерлік топтарының, сондай-ақ Аргентинада тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Барлық құқығы қорғалған.

BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:



- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет