Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайының және қоршаған өндірістік орта факторларының еңбек
етуші жұмысшылардың ағзасы мен денсаулық жағдайына тигізетін
әсерін зерттейтін
профилактикалық медицина ғылымының бір бөлімі. Өндірістегі гигиеналық зерттеулердің
негізгі мақсаты
денсаулықты сақтау, кәсіптік ауруларды болдырмау және өндірістік үдеріс
барысында жұмысшылардың тиісті еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аса
қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған санитарлық-гигиеналық ұсыныстарды
шығару болып табылады.
Еңбек гигиенасы өндірістегі еңбек жағдайларын зерттейді.
Еңбек жағдайлары - әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әсерімен
қалыптасатын өндірістік
факторлардың жиынтығы болып табылады.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері
еңбек жағдайларының организмге әсерін сапалық және сандық бағалау
cоның негізінде жұмысшылар денсаулығына зиянды әсердің болмауы
жағдайындағы
барынша еңбек өнімділігін қамтамасыз етуге қабілетті шаралар жасалып, қолданысқа
енгізіледі
еңбек гигиенасының ағымдағы міндеттері халық шаруашылығының дамуымен
анықталады және еңбек жағдайларын барынша жақсартуға және сауықтыруға,
кәсіптік
ауруларды азйтуға және жоюға бағытталған.