Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері



Дата23.02.2016
өлшемі38 Kb.
#3696




№ исх: 1103 от: 28.12.2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы « »_ _  

қаулысына

1-қосымша




Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік

жәрдемақының мөлшерлері



1. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – жәрдемақы) мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.


Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақы мөлшері мен оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткішті бөлек қолдану арқылы жүргізіледі және алынған сомалар қосылады.

3. Еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.

4. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды.

5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

6. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.



______________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет