Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет57/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
93 
шығар. 
Манадан бері түбіне жете алмай қойған сауалдың жауабын оңай 
тапқанына əуелі елп етіп қуанды. Артынша-ақ əлгінде ғана лақтай ойнап 
шыға келген көкірегі мұздап қоя берді. Сонда Əмірші мен Ұлы ханымның 
арасында əлі де ыстық табы суып үлгермеген сыйластық жатқан болды 
ғой. Əлдебір оқыс шаншу көкірек тұсын бүріп алғандай болды. Əлгінде 
ғана қызметшілердің асыр салған саусақтарынан балбырап елітіп жатқан 
балғын денесі аяқ астынан солып, семіп бара жатқандай көрінді. Қазір 
тұрып кетпесе, жан-жақтан жабыла жұлмалап жатқан көп шеңгел оны 
жұлым-жұлым қып біржола түтіп тастардай. Ол орнынан асығыс 
көтерілді. Мапмайса жібек көйлек тұла бойын тікен боп шағып, етіне 
ерсісуық тиді. Күтушілер шашын өріп болғанша зорға шыдады. Əлгінде 
ғана рақаттанып, жаны жай тапқан жерден əзірейіл көргендей кетуге 
асықты. 
Ол қайтадан тұнжырап қалды. Өзінің жалғыз екенін, байлы, балалы, 
əлденеше орданы өз бауырынан таратып отырған бəйбішенің қасында 
қарасыз, қауқарсыз екенін алғаш түсініп, қатты налыды, ішіне шоқ түсіп 
кеткендей, өне бойын өрт жалап барады. Ол не де болса, сол бір өрт 
тезірек жанып бітсе екен, мұны түп-түгел күлге айналдырып, мына дауа 
таптырмас қасіреттен біржолата құтқарса екен деп тіледі. Сол қалпында 
енді бір сəтке шыдаса, көп ұзамай əлгі тілегі де орындалатындай боп 
көрінді. 
Ол енді ештеңені ойлағысы келмеді. Шекесін шыңылдатып, бұл көңіл 
қойып, құлақ аспағасын, ызыңдай-ызыңдай шыбынға айналған көп ой 
көзінің алдында қара құрым боп шырқ үйіріліп ұшып жүрген секілді. Бұл 
сол бір ызыңдаған көп шыбынды, тиіп кеткен жерін тістей алатын 
жиіркенішті жəндіктерді көргісі келмей, денесі түршігіп, көзін тарс 
жұмып алды. Енді əлгі ызыңдап ұшып жүрген көп мақұлқат одан гөрі де 
ұсақтай-ұсақтай қара құрым масаға айналып бара жатты. Бұл олардан 
бұрынғыдан бетер шіміркеніп, безгек тигендей қалтырай бастады. Кенет 
əлдебір жеріндегі күре жүйкесі күрт үзіліп кеткендей, бүкіл денесі қалш-
қалш етіп қоя берді. Онысынан өзі шошып кетті. Тарс жұмық кірпіктері 
бір-бірінен кілт ажырап, көңіліне: «Осы мен ауырып қалған-нан саумын 
ба?!» – деген ой сап ете түсті. 
Жалма-жан отырған жерінен ұшып тұрып, төр алдындағы айнаға беттеді. 
Айна алдына келіп еді, өзінің əлгіндегі көңіл күйіне өзі қайран қалды. 
Күлге айналып бара жатқан ештеңесі жоқ, бұрынғы қалпы. Асығыс өрілген 
қолаң шашы жол-жөнекей босап, қобыранқырап кетіпті. Қайта онысы 
өзіне бір түрлі сəн қосқандай. Қызметшілері жаңа ғана иіс маймен 
сылаған мойны, омырауы, екі беті жылтырап түр. Қорқыныш пен уайым 
алма-кезек арбасқаннан ба, сол жып-жылтыр екі бетінің ұшы алмадай 
албырап түр да, жазық маңдайы бір түрлі көгіс сұрланып апты. Ұшы тым 
сүйірленіп кетпей, жұқа нəзік танауын жасырар-жасырмас боп 
жұмырланып біткен əдемі қыр мұрны мынау иіс майды аямай жаққан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет