Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-55 тіркелген



Дата25.02.2016
өлшемі88.5 Kb.
#26199
27.06.2008 жыл                                                                       №293

 

 



Әділет басқармасында 14.07.2008 жылы №14-8-55 тіркелген

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы

28 қарашадағы №492 «Аудандық білім

бөлімінің халыққа қызмет көрсету

стандарттарын бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

 



Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі  шаралар туралы» 2007 жылғы 13 қаңтардағы №273 Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Аудандық білім бөлімінің халыққа қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №492 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-8-44 нөмірмен тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 09.02.2008ж, 16.02.2008ж жарияланған)қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

7 қосымшасындағы «(қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу)» сөздері алынып тасталсын;

8, 10 қосымшалары алынып тасталсын;

осы қаулының қосымшасына сәйкес, 11 қосымшасымен  толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулының   орындалуын   қадағалау  аудан әкімінің  орынбасары

Ә. Бердімұратқа жүктелсін.

 

 

       Аудан әкімі                                                         С. Қаныбеков



 

 

 



                                                                                                 Ордабасы  ауданы  әкімдігінің 

2008 жылғы  27 маусымдағы

№ 293 қаулысымен бекітілген

                                                                                                 қосымша 

                                                                                                

                                                                                                 Ордабасы ауданы әкімдігінің                                                                                                                                                                                                                                                                                             

                                                                                                 2007 жылғы 28  қарашадағы                       

                                                                                                 № 492 қаулысының                         

                                                                 № 11  қосымшасы

 

 



Ордабасы  аудандық  білім бөлімінің «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін ) жастағы балаларды тіркеу»  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің стандарты

 

1.Жалпы  ережелер.



 

1. Осы  стандарт  мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан  әрі-мемлекеттік  қызмет).

мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі ( 7 жасқа дейін ) жастағы балаларды тіркеу және  кезекке  қою  құқығына сәйкестендіру тиісті, қажетті   құжаттарды  дайындау  болып  табылады.

2. Көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет нысаны- автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары:

1) Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  «Білім туралы» №319 Заңының 30 бабы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінінң «Жеке, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы 27-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік  қызметті  Ордабасы  ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Рысқұлов көшесі №17 мекен-жайы бойынша орналасқан Ордабасы аудандық білім бөлімі көрсетеді.

5. Мемлекеттік  қызмет  көрсетуді аяқтау нысаны Ордабасы аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу және жолдама беру болып табылады.

6.Мемлекеттік  қызмет Қазақстан  Республикасы  азаматтарына көрсетіледі  (бұдан  әрі- өтініш  беруші).

7. Мемлекеттік  қызмет  мынадай  мерзімдерде  көрсетіледі:

1)  өтініш  беруші  тиісті  құжаттарды    тапсырған  сәттен  бастап,  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімі: 30  күннің  ішінде;

2)  тиісті  құжаттарды  тапсыру  үшін, кезек  күту  уақыты  ең  көп  дегенде: 40 минуттан   аспауы тиіс;

3) құжаттарды  қайта  алу  үшін  кезекте  күту  уақыты  ең  көп  дегенде: 30 минуттан  аспауы  тиіс.

8.  Мемлекеттік  қызмет  тегін  көрсетіледі.

9. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  тәртібі  және  қажетті  құжаттар  туралы  толық  ақпарат,  олардың  үлгілері  және  оларды  толтыру  туралы  ақпарат, Ордабасы  ауданы  әкімдігінің  веб-сайтында www.Оrdabasy.gov.kz және Ордабасы  ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Рысқұлов көшесі №17 мекен-жайы бойынша орналасқан Ордабасы аудандық білім бөлімінің  ресми  ақпараттық  дерек  көздерінде,  стендтерде,  ақпараттық  тақталарда  орналастырылады.

10. Мемлекеттік  қызмет келесі күндерде: өтінішті және құжаттарды қабылдау – сейсенбі, сәрсенбі,жұма күндері сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды беру –дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін, сәрсенбі мен жұма күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі. Үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.

              Мемлекеттік қызмет алу үшін жеке тұлғаларға жедел қызмет көрсету және алдын ала жазылу қарастырылмаған. 

              11.Ордабасы аудандық білім бөлімінде осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедек арбасына арналған жол; фойеде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі стендімен жабдықталған.

 

 



2. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  тәртібі.

 

12.Мемлекеттік  қызмет  алу үшін тұтынушы Ордабасы аудандық білім бөліміне мынадай құжаттарды тапсыру қажет:



1) ата-аналардың жазбаша өтініші;

2) туу туралы куәліктің көшірмесі;

3)  ауыл округ  әкімі аппаратынан  жанұя құрамы  туралы  анықтама;

4)  куәліктің, неке  туралы, ( мүгедектік )  құжаттардың  көшірмесі;

5)  ата-аналардың жұмыс істейтін орнынан анықтама;

13. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін бланкілер қарастырылмаған.

14. Тұтынушы өтінішті қажетті құжаттарымен бірге Ордабасы аудандық білім бөліміне өткізеді.

15. Құжаттарды тапсырған өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық тиісті құжаттарды тапсырғандығын  растайтын түбіртек беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алудың нәтижесі  Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т. Рысқұлов көшесі №17 мекен-жайы бойынша орналасқан Ордабасы аудандық білім бөліміне тұтынушы өзі келген кезде беріледі.

17. Осы  стандарттың  12  тармағында  көрсетілген  құжаттар  толық  ұсынылмаған  жағдайда мемлекеттік  қызметті  көрсетуден  бас  тартылуы  мүмкін.

 

 

3. Жұмыс  қағидаттары.



 

18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:

1) әдептілік және осы  мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;

2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

3)тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

 

 



 

4. Жұмыс  нәтижелері.

 

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ( «Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні» кестесі) .



20. Ордабасы  аудандық  білім бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

 

 



5. Шағымдану  тәртібі.

 

21. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасына  наразылық  туған  жағдайда  шағым Ордабасы ауданы әкіміне  және / немесе  Ордабасы  аудандық  білім бөлімінің бастығының  атына  жазылады.



22. Шағымдар  жазбаша  түрде  пошта  арқылы,  электрондық  пошта  арқылы  немесе  Ордабасы  ауданы  әкімі  аппаратының  немесе  Ордабасы  аудандық  білім бөлімінің кеңселері арқылы жұмыс  күндері  қолма-қол  қабылданады.

23. Қабылданған арыз-шағым журналда тіркеліп,қабылданған күнненбастап 15 күннің ішінде қаралады

            Қаралған арыз-шағымның нәтижесі арызданушыға    жазбаша  түрде  почта  арқылы немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі. 

 

6. Байланыс  ақпараты.



 

24. Ордабасы  аудандық  білім бөлімінің бастығының мекен-жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені,Т.Рысқұлов көшесі №17, қабылдау бөлмесінің сымтетігі 2-12-61 ( факс) 2-21-21, Ордабасы  ауданы  әкімдігінің веб- сайты  - www Оrdabasy. gov. kz.

        Ордабасы  аудандық  білім бөлімінің бастығының жұмыс  кестесі: аптасына  бес  күн,  түскі  ас  үзілісін  есептемегенде.Азаматтарды  қабылдау әр айдың екінші және төртінші бейсенбі күні,  сағат  16.00-ден 18.00-ге  дейін  іске  асырылады.

        Ордабасы  ауданы  әкімдігінің  мекен  жайы: Ордабасы  ауданы, Темірлан  елді  мекені, Т. Рысқұлов  көшесі  №14  қабылдау  бөлмесінің сымтетігі  2-10-72,  Ордабасы  ауданы әкімдігінің  веб-сайты - www. Оrdabasy. gov. kz.

25. Қосымша ақпарат алу үшін Ордабасы  аудандық  білім бөліміне хабарласу қажет. Орналасқан мекен-жайы: Ордабасы  ауданы, Темірлан  елді  мекені, Т. Рысқұлов  көшесі  №17 және сенім сымтетігі:  2-12-61.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мемлекеттік  қызмет 

көрсетудің  стандартына 

                                                                                                                      қосымша



 

 

Кесте. Сапа  және  қолжетімділік  көрсетшіктерінің  мәні



 

Сапа  және  қолжетімділік  көрсеткіштері

Көрсеткіштің  нормативтік  мәні

Көрсеткіштің  келесі  жылдағы  нысаналы  мәні

Көрсеткіштің  ағымдағы  жылдағы  нысаналы  мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. құжаттарды  тапсырған  сәттен  бастап  белгіленген  мерзімде  қызметті  ұсыну  оқиғаларының %  ( үлесі)

80 %

90 %

80 %

1.2. қызмет  алуды  кезекте 40  минуттан  аспайтын  уақыт  күткен  тұтынушылардың % ( үлесі)

70 %

80 %

70 %

2. Сапасы

2.1. қызметті   ұсыну  үдерісінің  сапасына  қанағаттанған  тұтынушылардың %                  ( үлесі)

80 %

90 %

80 %

2.2. құжаттарды  лауазымды  тұлға  дұрыс  ресімдеген  жағдайдың  ( жүргізілген  төлемдер,  есеп  айырысулар) % ( үлесі)

80 %

90 %

80 %

3. Қол  жетімділік

3.1. қызметті  ұсыну  тәртібі  туралы  сапаға  және  ақпаратқа  қанағаттанған  тұтынушылардың  % ( үлесі)

80 %

90 %

80 %

3.2.  тұтынушы  құжаттарды  дұрыс  толтырған  және  бірінші   реттен  тапсырған    оқиғалардың  % ( үлесі)

70 %

80 %

70 %

3.3.  Интернет  арқылы  қол  жетімді  қызметтерінің  ақпарат  % ( үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану  үдерісі

4.1. қызметінің  осы  түрі  бойынша  қызмет  көрсетілген  тұтыныушылардың  жалпы  санына  негізделген  шағымдардың  % ( үлесі)

10 %

5 %

10%

4.2 белгіленген  мерзімде  қаралған  және   қанағаттандырылған  негізделген  шағымдардың % ( үлесі)

10 %

5 %

10%

4.3.  шағымданудың  қолданыстағы  тәртібіне  қанағаттанған  тұтынушылардың %                   ( үлесі)

80 %

90 %

80 %

4.4.  шағымдану  мерзіміне  қанағаттанған  тұтынушылардың %                   ( үлесі)

80 %

90 %

80 %

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің  сыпайлылығына  қанағаттанған  тұтынушылардың %                   ( үлесі)

90 %

100 %

90 %


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет