Әдісемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Дата23.02.2016
өлшемі133 Kb.
#10156

Әдісемелік нұсқаулардың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


Құрылыс машиналары және жабдықтар пәні бойынша

5В072900 «Құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар
Әдістемелік нұсқауларды
бекіту парағы


Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/40

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

2012 ж. «__» __________

Құрастырушы: _____________ доцент Т.Қ. Шахаев

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

Құрылыс машиналары және жабдықтар пәні бойынша

5В072900 «Құрылыс» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша


әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылды

2012 ж. «__»_________, № __ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ В.Т. Станевич 2012 ж. «__»_________

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «__»_________, № __ Хаттама.

ОӘК төрағасы ________________ Г.А. Жүкенова 2012 ж. «__»_________

МАҚҰЛДАНДЫ:


ОӘБ бастығы _____________ Е.Н. Жұманқұлова 2012 ж. «__»_________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «__»_________, № __ Хаттама




Пәннің мазмұны
1 Кіріспе. Құрылыс машиналарының белгіленуі.

Оқу пәнінің белгіленуі. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстағы техникалық процесстерді механикаландырудағы және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының ролі. Құрылысты механикаландырудағы және автоматтандырудағы құрылыс машиналарының дамуы. Құрылысты механикаландырудың, автоматтандырудың және құрылыс машиналарының қазіргі заманғы техникалық сипаттамалары, әрі өркендеуінің бағыты.

Құрылысты механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ететін машина ретінде құрылыс машиналары қойылатын талаптар. Құрылыс машиналарының сұрыпталуы. Машиналарды типтерге және типтік өлшемдерге бөлу. Күш, жұмыс және жүргізу жабдықтары, трансмиссия және басқару жүйелерін тұратын құрылыс машиналарының жалпы құрылымдық схемасы. Құрылыс машиналарының кинематикалық схемасы.

Ұсынылатын әдебиет: [2, с. 5 – 9].


2 Көлік, тасымалдау, жүкті салып - түсіру және жүк көтергіш машиналары.

Көлік машиналары. Құрылыстық жүктердің сипаттамасы. Көлік машиналарының негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы.

Тасымалдау машиналардың қызметі, конструктивті схемалары, жұмыс процессі мен технологиялық мүмкіндіктері, негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы.

Жүк көтергіш машиналардың сұрыпталуы. Әр түрлі крандардың қызмет ету аймағы. Негізгі параметрлері және индексация жүйелері. Қолдану облысы. Жүк көтергіш машиналардың құрылғыларына және қауіпсіз қолдануына қойылатын талаптар. Жебелі кранның орнықтылық жағдайына байланысты жүк салмағын анықтау.

Жүкті салып-түсіру машиналары. Олардың түрлері. Жұмыс процесі.

Ұсынылатын әдебиет: [2, с. 32 – 41].


3 Жер және қада қағу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар.

Жер жұмыстарына арналған машиналар туралы жалпы мәліметтер. Жер жұмыстарына арналған машиналардың сұрыпталуы. Жұмыс органдары және топырақпен әсерлесуі. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Өңдеу дәрежесіне байланысты топырақтардың сұрыпталуы. Топырақтың кесу және қазу кедергілерін анықтау. Топырақты қазып өңдеудегі ғалымдардың еңбектері. Жер қазу және жер-қазып тасымалдау машиналарының күш және кинематикалық параметрлерін анықтау.

Жерді қазып - тасымалдау машиналары. Белгіленуі, қолдану облысы. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Жұмыс процесі. Жерді қазып тасымалдайтын машиналардың даму деңгейі.

Экскаваторлар. Сұрыпталуы, қолдану облысы. Жұмыс жабдықтарының негізгі түрлері, параметрлері және құрылыс экскаваторларының индексациясы. Өнімділік және оны ұлғайту жолдары.

Тоңазыған топырақты өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар. Тоңазыған топырақты өңдеуге арналған дәстүрлі жұмыс органы бар машиналарды қолдану. Арнайы машиналар түрлері.

Бұрғылау машиналары және жабдықтары. Бұрғылау инструменті. Шпураны бұрғылауға арналған машиналар. Бұрғылау-кран машиналары. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері.

Қада қағу жабдықтары. Қада қағу жабдықтарының әдістері.

Топырақты нығыздауға арналған машиналар. Топырақты нығыздаудың түрлері, негізгі параметрлері, жұмыс процесі және өнімділігі.

Топырақты гидромеханикалық әдіспен өңдеуге арналған жабдықтар. Ол машиналар мен жабдықтардың түрлері. Жұмыс процесі, негізгі параметрлері, техникалық және қолдану көрсеткіштері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, с. 143 – 234].


4 Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналар.

Ұсақтау машиналардың түрлері және ұсақталатын материал қаттылығына және ұсақтау дәрежесіне байланысты оларды таңдау.

Ұсақтау машиналардың принциптік схемалары, негізгі параметрлері және өнімділігі.

Тасты материалдарды бөлгіш машиналардың қызметі, принциптік схемалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері және өнімділігі.

Гидромеханикалық және гидравикалық классификаторлардың қызметі, принциптік схемалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері, өнімділігі. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары..

Ұсынылатын әдебиет: [2, с. 78 – 90].


5 Бетон және бетон қоспаларын дайындауға, тасымалдауға және нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар.

Ұстағыштардың қызметі мен сұрыпталуы.

Циклдық және үздіксіз әрекеттегі бетон және ерітінді араластырғыштардың түрлері, негізгі параметрлері мен конструктивтік схемалары. Араластырғыштардың өнімділігі.

Бетон қоспаларын нығыздау қажеттілігі мен тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, с. 388 – 400].
6 Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар және құрылыстағы қол машиналары.

Сылақ және майлау жұмыстарға арналған машиналар. Қол машиналардың, сылақ станциялары мен агрегаттарының қызметі, құрамы, негізгі параметрлері мен қолдану облысы. Қозғалмалы бекіту агрегаттары.

Еден астына негіздерді дайындауға арналған машиналардың құрылысы мен жұмысы, шатырды құруға және гидроизоляциялық жұмыстарға арналған машиналардың жұмысы мен құрылысы.

Қол машиналардың әрекет ету принципіне, жұмыс органының қозғалу сипатына, жұмыс режиміне, жетек түрі бойынша жалпы сипаттамасы мен сұрыпталуы. Қол машиналарына қойылатын негізгі талаптар.

Ұсынылатын әдебиет: [2, с. 403 – 419].
7 тақырып. Құрылыс машиналарын қолдану негіздері.

«Машиналарды техникалық қолдану» түсінігі. Машиналарды қолдануға қабылдау және өткізу. Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі. Еңбек қорғаудың жалпы талаптары, еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Қолдану және құрастыру ережелерін сақтау бойынша мемлекет тарапынан бақылау.

Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 78 – 190].


Бақылау сұрақтары


  1. Құрылыс машиналары және жабдықтары пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Құрылыс машиналарының жіктеуі, жалпы талаптар.

  3. Машина бөлшектері және оларға қойылатын жалпы талаптар.

  4. Бөлшектерді жасау үшін қолданылатын материалдар.

  5. Құрылыс машиналарының жалпы құрылысы.

  6. Трансмиссиялар.

  7. Құрылыс машиналарының жұмыс жабдықтарының түрлері.

  8. Машина бөлшектеріне әсер етуші жүктемелер.

  9. Біліктер мен осьтер.

  10. Серіппелер мен рессорлар.

  11. Кідіртпелер (остановы) мен тежегіш құрылымдар.

  12. Мойынтіректер (подшипниктер).

  13. Жалғастырғыштар (муфталар).

  14. Берілістер.

  15. Редукторлар.

  16. Құрылыста қолданылатын көлік құралдары.

  17. Арнайы көлік.

  18. Конвейерлер.

  19. Арту-түсіру машиналары.

  20. Пневмокөлік. Шанақтар (бункерлер), қақпақшалар (затворы), қоректендіргіштер.

  21. Құрылыс крандары.

  22. Жебелі құрылыс крандары.

  23. Мұнаралы крандардың түрлері.

  24. Төрттағанды крандар.

  25. Құрылыс көтергіштері.

  26. Арқандар, шығыршықтар, полиспастар.

  27. Жүкілгіштер (строптар), полиспастар, жүкқармауыштар (траверсалар), ұстағыштар.

  28. Қарапайым жүк көтергіш механизмдер.

  29. Жер жұмыстарына арналған машиналардың жіктеуі.

  30. Топырақтардың физика-механикалық қасиеттері. Топырақтарды кесу және қазу процестері.

  31. Тоң топырақты өңдеуге арналған машиналар.

  32. Жер дайындау жұмыстары үшін машиналар.

  33. Бульдозерлер, скреперлер, грейдерлер.

  34. Бірожаулы экскаваторлар.

  35. Көпожаулы экскаваторлар.

  36. Топырақты тығыздау үшін машиналар.

  37. Топырақты орсыз өңдеу үшін жабдықтар.

  38. Қада жұмыстары үшін машиналар.

  39. Қада тоқпақтарының түрлері.

  40. Уату-ұнтақтау жабдықтары.

  41. Тас материалдарды сұрыптау үшін жабдықтар. Елеуіш беттердің түрлері.

  42. Бетонараластырғыштар.

  43. Ерітіндіараластырғыштар.

  44. Бетон және ерітінділерді тасымалдау үшін машиналар.

  45. Бұйымды формалау және бетон қоспасын тығыздау үшін жабдықтар.

  46. Арматураны алдын ала тарту, тазалау, ию және кесу үшін жабдықтар.

  47. Әрлеу жұмыстарының машиналары мен жабдықтары.

  48. Сырлау жұмыстарының жабдықтары.

  49. Еден жұмыстарының жабдықтары.

  50. Қол машиналары.

  51. Электрлік қол машиналары.



Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Волков Д.П., Крикун В.Я. Строительные машины. - М.: Изд. АСВ, 2002 - 376 с.

2) Волков Д.П. Строительные машины и средства малой механизации - М.: Академ. 2006 - 416 с.


Қосымша

3) Домбровский Н.Г. и др. Строительные машины. М.: АСВ. 2002 - 528 с.

4) Кудрявцев Е.М. Комплексная механизация строительствам. АСВ. 2005 - 416 с.

5) Крикун В.Я. Строительные машины. М.: АСВ. 2005 - 314 с.

6) Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Грузоподъемные машины. (Теория, конструкция и расчет) Уч. пособие. Алматы, КазГАСА. 2002 - 215 с.

7) Мауленов Ж..К. Бурцев В.В., и др. Машины непрерывного транспорта. Алматы, КазГАСА. 2003 - 137с.



8) Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Погрузочно-разрузочные машины. (Теория, конструкция, расчет). Алматы, КазГАСА. 2005 - 137 с.

9) Строительные, дорожные и коммунальные машины. Оборудование для производства строительных материалов. Справочник. Том IV- 9. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. М.: Машиностроение. 2005 -736 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет