Әдістемелік нұсқау


Бетонға керек майда толықтырғышты тексеру



бет2/3
Дата20.06.2016
өлшемі3.54 Mb.
#149595
1   2   3

2 Бетонға керек майда толықтырғышты тексеру

№ 2 Зертханалық жұмыс.



1. Сынаққа кұм алу. Құмның бетонға жарайтындығын бақылау арқылы сапасын тексеру жолымен анықтайды. Құмның сапасына бақылау жүргізу үшін әр партиядан алынады. Құмның сапасын тексеру үшін, әр жерден, яғни әр нүктеден жеке алып, оларды біріктіріп араластырып орташасын алады. Ашық қоймадан сынаққа үлгі алу үшін әр нүктеден әр түрлі жоғарылықтан төменге қарай алады. Әр нүктеден сынаққа үлгі алғанда 0,2-0,4 м шұңқыр қазылады. Шұнқырдан құмды қалақпен төменнен жоғары қарай қабырғасын бойлай жүргізіп алады. Әр нүктеден алынған құмды мұқият араластырып тексеру алдында квартования тәсілі бойынша азайтып алады.

Тексеруге алынған құмды зертханада 0,1% дейінгі дәлдікпен өлшеп алып, кептіру шкафында (110±5)°С температурада тұрақты салмағы болғанша кептіреді (салмағын өлшегенде соңғы екеуінің айырмашылығы 0,1 % көп болмау керек). Өлшеулердің ара қашықтық уақыты 3 сағаттан кем болмау керек.


2. Құмның түйіршік кұрамы мен ірілік модулін анықтау. Құмның түйіршік құрамын анықтау үшін, електен өткізу тәсілі қолданылады. Ол үшін 2 кг құмды кептіріп, диаметрлері 5 және 10 мм електен өткізіп, алынған қалдықтарды 0,1 % дейінгі дәлдікпен өлшеп алады. Одан әрі құмдағы іріліктері 5...10 мм және одан жоғары болатын түйршіктердің құрамын анықтайды
i = mi100/m (3)
мұндағы i жеке електегі құмның қалдығы, %;

mi – електегі құмның салмағы, г;

m – електен өткізуге алынған салмақ, г.
Құмның түйіршік құрамын анықтау үшін, диаметрі 5 мм електен өткен құмның бөлегінен 1000 г жоғары құм алып, електің жоғары мөлшерінен төменгі мөлшеріне қарай орналасқан (2,5; 1,25; 0,63; 0,315 и 0,14 мм) жинақталған електен өткізеді (1 сурет.).

8 сур. Құм өткізетін елек


Құмды електен өткізу механикалық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық жолмен електеудің ұзақтылығы қолданылған аспабқа байланысты, тәжірибе жүзінде анықталынады. Әр електегі құмның қалдығы өлшеніп, жеке қалдық 0,1% дейінгі нақтылы дәлдікпен есептелінеді
i = mi100/m (4)
мұндағы i – жеке електегі құмның қалдығы, %;

mi – електегі құмның салмағы, г;

m – електен өткізуге алынған салмақ, г.
Жеке қалдықтар бойынша толық қалдықты анықтайды. Толық қалдық пайызбен алғандағы барлық жеке қалдықтардың қосындысы бойынша мына формуламен есептелінеді
Ai = а2,5 + а1,25 + … + аi (4)
мұндағы а2,5, а1,25, ai...– сол електегі жеке қалдықтар, %;
Елекnеу нәтижесі, яғни толық калдықтар бойынша құмның бетонға жарайтыны жөнінде график тұрғызылады (9 сур.). Өстің горизонталына електегі орналасқан торлардың диаметрі бойынша 0,4; 0,315; 0,63; 1,25; 5,0 мм, ал вертикалы бойынша сол електегі толық қалдықтың мәні қойылады.

Алынған нүктелерді бөлек-бөлек қосқанда, қисыққа ұқсас сынған түзу пайда болады. Егерде қисық сызық құмның түйіршік құрамын сипаттаса, онда кисық графиктің ұсынылған бөлігінде орналасады, мұндай жағдайда оны бетон дайындауға пайдаланады. Егерде қисық сызық ұсынылғаннан жоғары орналасса, құм майда деп есептеледі, ал егер төмен болса, ірі деп есептеледі.



9 сур. Бетонға жарайтын құмның графигі

1 - құмның төменгі ірілік шегарасы ( ІМ - 1,5 ); 2 - құмның ұсынылған төменгі ірілік шегарасы (ІМ - 2,0); 3 - құмның ұсынылған төменгі ірілік шегарасы (ІМ - 2,5); 4 - құмның жоғарғы ірілігік шегарасы (ІМ — 3,25).


Бетонға және сылаққа арналған кұмдағы 0,14 мм тесігі бар електен өткен майда бөлшектердің мөлшері 10%, ал мөлшері 5 миллиметрден 10 миллиметрге дейінгілер 5% аспау керек салмағынан алғанда. Құмда мөлшері 10 мм жоғары түйіршіктер жіберілмейді.

Құмның түйіршік құрамының сапасы ірілік модулімен сипатталынады, ол 0,1 дейінгі дәлдікпен формула бойынша есептелінеді.


Мі = (А2,5 + А1,25 + А0,63 + А0,315 + А0,14) / 100 (5)
мұндағы А2,5, А1,25, А0,63, А0,315, А0,14 – әр електегі толық қалдық, %.
Құрылысқа арналған құм түіршіктік құрамына байланысты мынандай топтарға бөлінеді: ірі, орташа, майда және өте майда болып. Әр топтағы құмның ірілік модулінің мәні және №063 елегіндегі толық қалдық, мына 1–кестеде көрсетілген мәндерге сай болу керек.

1- кесте – Құмнын түйіршіктік құрамы бойынша топтары




Құмның топтары

Ірілік модулі

№ 063 елегіндегі толық қалдық, %

Ірі

2,5

45 -65

Орташа

2,0-2,5

30-45

Майда

1,5-2,0

10-30

Өте майда

1,0-1,5

До 10




  1. Құмның шынайы тығыздылығын анықтау. Сынаққа алынған аналитикалық құмнан 30 г өлшеп алып, диаметрінің тесіктері 5 мм електен өткізіп, тұрақты салмаққа дейін кептіреді және де бөлме температурасына дейін эксикаторда концентрациялы күкірт қышқылының немесе сусыз хлорлы кальцийдің үстінде салқындатады. Кептірілген кұмды араластырып екі бөлікке бөледі.

Құмның әр бөлігін кептірілген алдын ала салмағы өлшенген пикнометрге салады, одан кейін құммен қосып бірге өлшейді. Сосын пикнометрге дистиллирінген су құяды, құйылған судың мөлшері пикнометрдің көлемінің  бөлігін алып тұру керек, одан әрі оны араластырып кішкене қисайтылған жағдайда құмды ваннаға немесе қайнатылған судың үстіне қояды. Пикнометрдегі кұмды ауаның көбіктерін шығару үшін 15-20 мин қайнатады, сонымен қатар ауаның көбіктерін шығару үшін пикнометрді эксикатордың ішінде вакуумде ұстауға болады.

Ауасы шыққаннан кейін пикнометрді алып, бөлменің температурасына дейін салқындатып, белгіге дейін дистиллирінген су құйып өлшейді. Одан кейін пикнометрдің ішіндегісін шығарып тастап, жуып, белгіге дейін дистиллирінген су құйып қайтадан өлшейді.

Құмның шынайы тығыздылығы () в г/см3 мына формуламен есептелінеді.

 (6)
мұндағы m – құмы бар пикнометрдің салмағы, г;

m1бос пикнометрдің салмағы, г;

m2 – суы бар пикнометрдің салмағы, г;

m3 – ауа көбіктері шыққаннан кейінгі құмы бар және суы бар пикнометрдің салмағы, г;



в – судың тығыздылығы, 1 г/см3 тең.
Шынайы тығыздылықты анықтағанда екі нәтижелердің айырмашылығы 0,02 г/см3 аспау керек. Егерде айырмашылықтарында үлкен айырмашылық болса, онда үшінші рет тексеріп, екі жақын мәнінің орташа арифметикалық мәнін есептеп алады.


  1. Құмның шынайы тығыздылығын жедел тәсілмен анықтау. Құмның түйіршігінің тығыздылығын жедел тәсілмен анықтау, Ле-Шателье аспабының көмегі арқылы жүргізіледі. Ол үшін сынаққа алынған кұмнан 200 г өлшеп алып, тесігінің мөлшері 5 мм електен өткізеді, өлшеу үшін стаканға немесе фарфор табақшасына сеуіп салып, тұрақты салмағына дейін кептіріп, бөлменің ішіндегі температурада эксикаторда ұстап концентрациялы күкірт қышқылында немесе сусыз хлорлы кальцийдің үстінде салқындатады. Одан кейін әр қайсысы 75 г болатын екі салмақ құм өлшеп алады.

Ле-Шателье аепабының төменгі нөл деңгейіне дейін су құяды, судың деңгейін төменгі белгісі бойынша анықтайды. Құмның әр бөлігін аспабқа бір келкі мөлшерде, аспабтағы сұйықтың деңгейі анықталған төменгі белгісіне жеткенше, 20 мл көтерілмегенше сеуіп салады (немесе басқа аспабтың жоғарғы бөлігіңде көрсетілген шамада). Ауа көпіршіктерін шығару үшін, аспабты бірнеше рет тік күйінде айналдырады. Аспабқа симай қалған қалдық құмды өлшеп алады. Тексеру кезіндегі барлық өлшеулер 0,01 г дейінгі дәлдікпен өлшеніледі.

Түйіршік құмның тығыздылығы (г/см3) мына формуламен есептелінеді



 = (m – mi) / V, (7)

мұндағы m – құмнын салмағы, г;

mi – қалған құмның салмағы, г;

V – құм ығыстырған судың көлемі, мл.


Шынайы тығыздылықты анықтағанда екі нәтижелердің айырмашылығы 0,02 г/см3 аспау керек. Егерде айырмашылықтарыңда үлкен айырмашылық болса, онда үшінші рет тексеріп, екі жақын мәнінің орташа арифметикалық мәнін есептеп алады.
5. Құмның сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтау. Құмның сеуіп салғандағы тығыздылығын өлшегіш ыдыста өлшеу арқылы анықтайды. Сеуіп салғандағы тығыздылыққа бақылау жасау, стандартты нызғыздалмаған жағдайда көлемі 1 л болатын металлдан жасалған өлшегіш цилиндрін пайдалану арқылы жүргізіледі, ол үшін 5 кг шамасындай құмды алып, диаметрі 5 мм тесігі бар електен өткізіп және тұрақты салмағына дейін кептіреді.

Келген партияның кұмының сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтағанда, яғни жіберген құмның салмағын көлемге ауыстыруда бақылау жүргізу кезінде, тәжірибені сыйымдылығы 10 л болатын цилиндр өлшегіш ыдысын пайдалынады. Құмды сол келген ылғалдылықта сол күйінде диаметрі 5 мм тесігі бар електен өткізбей тәжірибе жүргізеді.

Құмның стандартты нығыздалмаған күйіндегі сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтау ұшін биіктігі 10 см болатын алдын ала өлшенген өлшегіш цилиндріне қалақпен беткі шетінен бастап бетіңде конус пайда болғанша құмды сеуіп салады. Бетінде пайда болған конусты нығыздамай металл сызғышпен ыдыстың шетінен бастап артығын алып тастап, тегістелген құмы бар ыдыстың салмағын өлшейді.

Келген партияның құмының сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтағанда, яғни жіберген құмның салмағын көлемге ауыстырғанда, биікгігі 100 см болатын алдын ала өлшенген өлшегіш цилиндріне қалақпен беткі шегінен бастап бетінде конус пайда болғанша құмды сеуіп салады. Бетінде пайда болған конусты нығыздамай металл сызғышпен ыдыстың шетінен бастап артығын алып тастап, тегістелген құмы бар ыдыстың салмағын өлшейді.

Құмның сеуіп салғандағы тығыздылығын () кг/м3 мына формуламен есептейді:
 = (m – m1) / V, (8)
мұндағы m – өлшегіш ыдыстың салмағы, кг;

mi – құмы бар өлшегіш ыдыстың салмағы, кг;

V – ыдыстың көлемі, м3.
Құмның сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтау екі рет жүргізіледі, әр қайсысында да тексерілуге жаңадан құм алынады.
6. Құмның ылғалдығын анықтау. Құмның ылғалдығын анықтау үшін, әр қайсысы 1000 г бір бөлек құмды 1 г дәлдікке дейін өлшеп алып, әр қайсысын бөлек жалпақ ыдысқа салып, (110±6)°С температурада тұрақты салмағына жеткеншеге дейін кептіру шкафында кептіреді. Кептіру процесі кезінде, әр 30 минут сайын металл қалақшамен араластырып тұрған жақсы. Кептіргеңде құм тұрақты салмағына жеткенде, құмды салқындатып алып өлшейді.

Құмның ылғалдығы (% салмағы бойынша) мына формуламен есептелінеді.


Wқ = (m1 - m2)100 / m2, (9)

мұндағы m1 – ылғал құмның салмағы, кг;

m2 – құрғақ құмның салмағы, кг.

Құмның ылғалдылығын екі тәжірибенің орташа арифметакалық мәнін есептеу арқылы шығарады.

3 Бетонға керек ірі толықтырғышты тексеру

№ 3 зертханалық жұмыс.



    1. Сынаққа қиыршық тас алу. Ірі толықтырғыштарды тексеру үшін әр келген партиядан 500 т (350 м3) әр жерінен 10-15 жеке нүктеден алып араластырып орташа сынаққа үлгі алады. Ашық қоймадан сынаққа үлгі алу үшін әр нүктеден әр түрлі жоғарылықтан төменге қарай алады. Бақылауға алынатын сынақ үлгінің салмағы, тәжірибеге алынатын үлгінің салмағынан көп болу керек. Алынған жеке үлгілер мұқият араластырылып, квартования тәсілімен азайтылып немесе арнаулы бөлгіш арқылы орташа салмақтың мөлшеріне дейін, тәжірибе жүргізуге керек аз салмақтан екі есе асып түсетіндей болу керек. Тәжірибені жүргізер алдында үлгіні (20±5)°С бөлме температурасында, тәжірибеге керек ірі толықтырғыштардың және қондырғылардың, аспабтардың, судың температураларында айырмашылық болмау мақсатында ұстайды. Тәжірибеге керек салмақ мөлшерін 0,1% дейінгі дәлдікпен анықтап алып, (110±5)°С температурада кептіру шкафында тұрақты салмағына дейін кептіреді. Бір тұтас бетон және темір бетон өнімдерін дайындау үшін тек қана ірілігі 20 мм дейінгі ірі толықтырғыштар пайдаланады. Ірі толықтырғыштардың әр фракциясы түйіршіктік құрамымен сипаттаналуы керек.




        1. Толықтырғыштың түйіршік құрамын анықтау. Ірі толықтырғыштардың түйіршіктік құрамы, одан бетон дайындағанда өнімнің сапасына манызды әсерін тигізеді. Бетонға керек ірі толықтырғыштығың түйіршіктік құрамын таңдағанда негізгі талаптарына сүйену қажет: кеуектілігі аз болатын ірі толықтырғыш алуға, яғни берілген маркадағы бетонда цементтің шығыны аз болатын. Толықтырғыштардың түйіршіктерінің мөлшеріне байланысты мынандай фракцияларға бөлінеді: 5-10, 10-20, 20-40 және 40-70 мм. Әр фракция толықтырғышта сол берілген фракцияға сай үлкенінен бастап кішісіне дейін барлық фракция болу керек. Фракцияға бөлінбеген ыласталған толықтырғыштың түйіршік құрамын анықтау бір мезгілде жуу арқылы болады. Тексерілетін толықтырғыштың сынаққа алу мөлшері кестеде көрсетілген (1 кесте), шама бойынша алынады, мұнда мынаны ескеру керек, яғни сынаққа алынатын үлгінің құрамында толықтырғыштың кұрамында болатын майда фракциялары болу керек.

1- кесте – Тексерілетін толықтырғыштың сынаққа алу мөлшері

Толықтырғыштағы түйіршіктің ең үлкен мөлшері, мм

Алынатын үлгінің салмағы аз болмау керек, кг

10 дейін

5

20 дейін

10

10 дейін

20

70 дсйін

30

70 жоғары

50

Сынаққа алған толықтырғышты бір мезгілде немеее бөліп стандарт жинақталған електен өткізеді (1 сур.).

Әр електегі қалдық (% електен өтілген жалпы салмағынан алғанда) мына формуламсн есептеледі

 (10)
мұндағы  – сол електегі қалдықтың салмағы, кг;

 – барлық електегі жеке қалдықтардың қосындысы, кг.

10 сур. Стандартты жинақталған елек

Жеке қалдықтардың белгілі мәні бойынша, әр електегі толық қалдық, % мына формуламен есептелінеді

Аi = а70+ ... + аі (11)

мұндағы а70 + ... + аі - үлкен мөлшерлі тесігі бар барлық електегі жеке қалдық, %.
Одан әрі үлкен Дүлкен және кіші Дкіші толықтырғыштың түйіршігінің ірілігі анықталынады. Үлкен түйіршіктің ірілігіне електің жоғарғы тесігінің мөлшері қабылданады, ягни толық қалдық 5% аспайтын, ал іріліктің кішісіне електің төменгі мөлшеріндегі тесігі жатады, онда толық қалдық 95% аз болмау керек. Сонымен қатар 0,5(Дүлкен + Дкіші) және 1,25 Дүлкен мәндері есептелінеді. Әр фракцияның немесе аралас фракцияның түйіршіктік құрамы 2 кестеде көрсетілген шамада болу керек.

Толықтырғыштың түйіршіктік құрамының сапасы пайызбен алғандағы електегі мынандай бақылау тесіктерінің мәнімен бағаланалы Дкіші; 0,5 (Дүлкен + Дкіші); Дүлкен и 1,25Дүлкен. Бұл мәндерді графиктің ординат өсіне салатын болсақ, сынылған төрт нүкте пайда болады (2 сур.). Толықтырғыш бетон дайындауға жарамды деп есептеледі түйіршіктік құрамы қанағаттандырарлық болса, егерде оның түйіршіктік құрамының қисығы графиктің боялған бөлімінің ішінде орналасса.



Бақылаудағы електің мөлшері

Д кішісі

0,5 (Дүлкен + Дкіші)

Д үлкені

1,25Д үлкені

әр

фракцияға



аралас фракцияға

Салмағы бойынша електегі толық қалдық, %

90 -100

30-80

40-70

0-10

0-0,5
2- кесте – Толықтырғыштың түйіршіктік құрамының сапасы

11сур. Бетонға жарайтын ірі толықтырғыштың графигі




    1. Толықтырғыштың тығыздығын анықтау. Ірі толықтырғыштың түйіршігінің тығыздылығын гидростатикалық өлшеумен анықтайды. Бұл мақсатта түйіршіктің ірілігі 40 мм дейінгі ірі толықтырғыштың орташа үлгісінен 2,5 кг сынаққа алады, ал түйіршіктің ірілігі 40 мм жоғарыдан 5 кг алады. Алынған үлгіні кептіру шкафында тұрақты салмағына дейін кептіреді, одан кейін сол фракциядағы толықтырғыштың төменгі мөлшеріне сай тесігі бар електен өткізеді және де електе қалған қалдықтан әр қайсысы 1000 г болатын екі бөлек үлгі өлшеп алады. Сосын толықтырғышты екі сағат бөлме температурасында суға салады, ыдыстағы судың деңгейі ірі толықтырғыштың бетінен 20 мм жоғары болуы керек. Суға қаныққан ірі толықтырғышты судан шығарып, ылғал шүберекке сіндіреді, әуелі техникалық таразыда, одан кейін торы бар стаканға салып гидростатикалык таразыда өлшейді.

Суда қаныққан ірі толықтырғыштардың салмақтарының айырмашылықтары бойынша, яғни ауада және суда өлшенген, үлгінің көлемін көрсетеді. Түйіршіктің тығыздылығын 0,01 кг/м3 дәлдікке дейін есептейді.

 (12)
мұндағы m – үлгінің құрғақ күйіндегі салмағы, кг;

 – судың тығыздылығы 1000 кг/м3 деп қабылданады;

m1 – ауадағы үлгінің салмағы, кг;

m2 – судағы үлгінің салмағы, кг.
Ірі толықтырғыштың түйіршігінің тығыздылығын екі анықтаудың орташа арифметикалық мәні бойынша есептейді, арасындағы айырмашылық 20 кг/м3 аспау керек. Егерде айырмашылықтарында үлкен айырмашылық болса, онда үшінші рет тексеріп, екі жақын мәнінің орташа арифметикалық мәнін есептеп алады.


  1. Толықтырғыштың сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтау. Толықтырғыштың сеуіп салғандағы тығыздылығын, екі үлгіні тексеріп орташа арифметикалық мәнін есептеу жолымен өлшегіш цилиндрін пайдалану арқылы табады, өлшегіш цилиндрінің сыйымдылығы толықтырғыштың түйіршігінің ірілігі 10 мм болса 5 л, 20 мм - 10 л, 40 мм - 20 л және 40 мм жоғары 50 л болу керек.

Ірі толықтырғышты тексеру алдында тұрақты салмағына дейін кептіріп және салқындатады, сосын алдын ала өлшенген цилиндрге қалақпен биіктігі 10 см цилиндрдің шетінен бастап ортасына дейін конус пайда болғанша толықтырғышты сеуіп салады. Артық толықтырғышты темір сызғышпен цилиндрдің шетінен бастап кесіп, цилиндрді өлшейді. Сеуіп салғандағы тығыздылығын 10 кг/м3 дәлдікке дейін есептейді.

Рс.т. = (m1 – m2)/V, (13)

мұндағы m1 – толықтырғыш салынған цилиндрдің салмағы, кг;

m2 – цилиндрдің салмағы, кг;

V – цилиндрдің сыйымдылығы, м3.




  1. Толықтырғыштың кеуектілігін анықтау. Ірі толықтырғыштың кеуектілігін толықтырғыштың алынған шынайы және сеуіп салғандағы тығыздылықтарының мәні бойынша есептейді. Көлемі бойынша кеуектілікті 0,1 дәлдікке дейін есептейді.

Пі = 1 - , (14)

мұндағы  – үлгінің ылғал күйіндегі салмағы, кг;



 – үлгінің құрғақ күйіндегі салмағы, кг.
Толықтырғыштың ылғалдылығын екі тәжірнбенің орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы шығарады.


  1. Ылғалдылықты анықтау. Ірі толықтырғыштың ылғалдылығы, % мына формуламен есептелінеді.

Wi = (m1 – m2) (15)

мұндағы m1 – үлгінің ылғал күйіндегі салмағы, кг;

m2 – үлгінің құрғақ күйіндегі салмағы, кг.

Толықтырғыштың ылғалдылығын екі тәжірибенің орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы шығарады.




  1. Ірі толықтырғьпштың су сініруі. Су сініруін анықтау үшін, толықтырғыштың ең үлкен ірілігіне 10, 20 және 40 мм байланысты 0,5; 1 және 2,5 кг толықтырғыш өлшеп алады. Толықтырғыштың түйіршіктерін щеткамен шаңнан және қатып қалған заттардан тазартып, сумен жуып, кептіру шкафында тұрақты салмағына дейін кептіреді. Сосын бөлме температурасында 48 сағат суы бар ыдыста ұстайды, ыдыстағы судың деңгейі толықтырғыштың бетінен 20 мм жоғары болуы керек. Одан әрі толықтырғышты шығарып ылғал шүберекке сіңдіріп алып өлшейді. Сонымен қатар таразыға салған ыдысқа толықтырғыштан аққан су толықтырғыштың салмағына кіреді.

Ірі толықтырғыштың су сініруі ( % ) 0,1 % дәлдікке дейін есептелінеді.

Сс = (m2 – m1)100 / m1, (16)

мұндағы m2 – су сіңірген үлгінің салмағы, кг;

m1 – құрғақ үлгінің салмағы, кг.


Ірі толықтырғыштың су сініруін екі тәжірибенің орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы анықтайды.


  1. Ірі толықтырғыштың құрамындағы түйіршіктің жалпақ және ине тәрізді түрін анықтау. Түйіршіктің жалпақ түріне, түйіршіктің төменгі қалыңдық мөлшерінен үш еседен артық жұқалық мөлшердегі толықтырғыштар жатады, ал ине тәрізділерге, созылып ине тәрізді болып келген мөлшердегілер жатады, олар түйіршіктің қандайдағы ұзындық мөлшерінен де үш еседен артық болып келеді.

Ірі толықтырғыштың жалпақ және ине тәрізді түрін анықтағанда, толықтырғыштың түйіршік құрамын анықтағандағы електен қалған түйіршіктерді пайдалануды ұсынады. 5-10 мм фракциядан 0,25 кг, 10-20 мм фракциядан - 1 кг, 20-40 мм фракциядан - 5 кг және 40-70 мм фракциядан - 15 кг толықтырғыш алады. Алынған толықтырғышты таза қағаздын немесе фанердің үстіне сеуіп, жалпы салмақтан көзбен қарау арқылы жалпақ және ине тәрізді түйіршіктің түрлерін бөліп алады. Күмәнді жағдайда түйіршікті шаблонмен немесе штангенциркулмен өлшейді.

Әуелі барлық жалпақ және ине тәрізді түйіршіктерді өлшеп аламыз, сосын барлық қалғандарын. Әр фракциядағы жалпақ және ине тәрізді түйіршіктердің құрамы Ж пайызбен, 1% дейінгі дәлдікпен формула бойынша есептелінеді

Ж = [ m1 / (m1 + m2) ] 100, (17)

мұндағы m1 – жалпақ және ине тәрізді түйіршіктердің салмағы, кг;

m2 – қалған түйіршіктердің салмағы, кг.
Түйіршіктердің жалпақ және ине тәрізді түрлерінің құрамын анықтау, әр фракциянын тексеру нәтижелері бойынша, орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы жүргізіледі.

Толықтырғыштар түйіршіктердің жалпақ және ине тәрізді түрінің құрамына байланысты үш топқа бөлінеді: куб тәрізді ондағы көрсетілген түйіршіктердің құрамы 15% дейін, жақсартылған - 25% және жай -35%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет