Әдістемелік нұсқау



бет21/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
биохим

Жұмыстың мақсаты. Сілекейдің физико-химиялық касиеттері мен құрамын анықтау, ферменттерінід әсе-рін зерттеу, сілтілік реакциясының болатынын дәлелдеу,

Керекті заттар мен құралдар. Адам, немесе мал сі-лекейі, химиялық шыны стакандар, пробиркалар, 10% сірке қышқыл ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, 0,2% крах­мал клейстері, 10% NaOH ерітіндісі, 1% CuS04 ерітін-дісі, 0,1 н H2S04 ерітіндісі, лакмус қағазы, рН метр, пипеткалар, метилоранж индикаторы.

Жұмыстың барысы:

1. Сілекей құрамындағы муцинді анықтау.
Пробиркаға 3—5 мл сілекейді өлшеп күйьга, оған 1—2 тамшы 10% сірке қышқылын (СН3СООН) қосады. Муцин ақ тұнба түрінде бөлінеді.

2. Сілекейдің қышқылдық сыйымдылығын анықтау.

Стаканға 1 мл сілекей құйып, оған 2 тамшы метило­ранж индикаторын қосады да, 0,01 н. H2SO4 ерітіндісімен қызыл түс пайда болғанға дейін титрлейді. Сілекейдін сілтілік қорын титрлеуге кеткен H2S04 ерітіндісінің мөлшері арқылы есептеп, NaHC03 түзының процентімен бейнелейді.



Есептеу жолы. Мысалы, 1 мл сілекейді титрлеуге 8 мл 0,01 н H2S04 ерітіндісі кетті дейік:

H2S04+2NaHC03 = Na2S04 + 2H2C03

Сонда 1 мл 0,01н. H2S04 1 мл 0,01н. NaHC03-neH, немесе 0,00084 г NaHC03-nen қосылады.

Титрлеуге 8 мл H2S04 кеткендіктен 1 мл сілекейдің сілтілік қоры төмендегідей болады:

8-0,00084 г NaHC03, ал процент есебімен 8-0,00084-100%, немесе67% NaHC03


  1. Сілекейдің ферменттік қасиеттерін анықтау.

  2. пробиркаға пипеткамен 3 мл-ден крахмал клейсте-рін құяды. 1-пробиркаға 1 мл адамның таза сілекейін, 2-пробиркаға 1 мл алдын ала қайнатылып, суытылған сілекей, 3-пробиркаға 1 мл сілекей мен 2 тамшы 1% НСІ, ал 4-пробиркаға аз ғана крахмал ұнтағын салып, үстіне 1 мл-ден сілекей құяды.

Барлық пробиркаларды 20—30 мин термостатта 37—38°С ұстайды. Көрсетілген уақыт өткен соң пробир­каларды термостаттан алып, суытып, әр пробирканың ішіндегі сұйықты екі пробиркаға тең бөліп құяды. Бі-рінші пробиркамен крахмалға реакция қояды (3—4 тамшы Люголь ерітіндісіи қосады), егер ерітіиді көк туске боялса, онда ерітіндіде крахмал болғаны, демек углеводтардың ыдырау процесі журмегені. Ішінде крах­мал жоқ қатардың екінші пробиркасымен қантқа Тром-мер тәжірибесін қояды. Ол үшін пробиркаға ішіндегі сұйық деңгейінің жарты мөлшеріндей 10% NaOH ерітін-дісін құяды, да, ашық көк түске боялғанға дейін там-шылатып 1 % CuS04 ерітіндісін қосады. Пробирканы ішіндегі сұйық қайнағанға дейін спиртовкамен қыздыр-ады. Тәжірибе кезінде алдымен сары түсті тұнба пайда болады (мыс гидраты — Cu(OH)2 қыздыруды одан әрі жалғастырғанда тұнба кызыл түске боялады, себебі Си(ОН)2— Си20 айналады.

Бақылау сурақтары



  1. Сілекей бездері қандай тощгарра бөлінеді?

  2. Сілекейдің құрамы мен қасиеті.

  3. Сілекей ферменттері және олардың маңызы.

  4. Сілекей белу механизм! және оның реттелуі.

  5. Әр түлік малдың сілекей бөлу ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет