Әдістемелік нұсқаулардың Нысан бекіту парағы пму ұс н 18. 3/40



Дата14.06.2016
өлшемі265.5 Kb.
#135760
Әдістемелік нұсқаулардың Нысан

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Өмір тіршілік қауыпсыздыгы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

51В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған

« АЖЖ негіздері» пәні бойынша
пәнді меңгеру бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар



Әдістемелік нұсқауларды Нысан

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/41



БЕКІТЕМІН

СҚФ деканы

_____________М.К. Кудерин

20__ж. «___»____________

Құрастырушы: аға оқытушы_____________Алдунгарова А.Қ.


«Өмір тіршілік қауыпсыздыгы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
« АЖЖ негіздері» пәні бойынша

51В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған
пәнді меңгеру бойынша

әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ ж. «__» ___ хаттама №_____.

Кафедра меңгерушісі _________ Арынғазин Қ.Ш. 20__ ж. «__» ___

СҚФ ОӘК мақұлданды

20__ ж. «__» ___ хаттама №_____.
ОӘК төрағасы _______________ В.А. Козионов 20__ ж. «__» ___

Дәріс 1. Қазіргі заманына сай жобалау жүйесінің ерекшеліктері

Техникалық жетістіктеріне сүйене отырып, жобалаушылардың барлық тәжірибелерін қолдану керек. Осы түйінді мәселені шешудегі ең перспективті бағыты есептеуіш техниканы қолдануымен автоматизацияланған жобалау болып табылады.

Автоматизацияланған жобалаудың мақсаттары: жобалаудың мерзімін қысқарту және сапасын арттыру, инженерлі–техникалық жұмыскерлер санын азайту, еңбек өнімділігін көбейту, материалды шығындарды төмендету.

Автоматизацияланған жобалау жүйелерінің дамуы (АЖЖ) қазіргі заманға сай есептеуіш техника, жаңа ақпараттық технологиялар, инженерлік есептерді шығарудың көптеген әдістері мен олардың оптимизациясына сүйенеді .

АЖЖ міндеттерін қарастыру жобалау негіздерін терең зерттеуді талап етеді. Бұл оқулықтың басты мақсаты студенттерге астық қоймаларын АЖЖ элементтерімен жобалау облысындағы ең қажетті мәліметтерді беру болып табылады.
Дәріс 2. Сәулетшілік-құрылыс жобалаудың автоматтандырудың даму кезендері

Жасаушы түріне байланысты сызықты және сызық емес беттерді ажыратады, біріншісінің жасаушысы – түзу сызық, екіншісінің – қисық сызық.

Сызықты беттерді өз кезегінде бүрме мен үзбей жазықтыққа жаюға болатын жайылатын және жайылмайтын беттер деп бөледі.

Егер де беттерді жасаушы сызықтың және тудырушы сызықтың қозғалу заңымен топтасақ, онда техникада кездесетін көптеген беттерді келесідей бөлуге болады:



  • Айналу беттері;

  • Бұрандалық беттер;

  • Параллелизм жазықтықты беттер;

  • Параллельді тасымалдаудың беттері.

Ерекше орынды ешқандай заңға бағынбайтын сызықты емес беттер алады. Осындай беттердің оптималды пішінін олар жұмыс істейтін физикалық шарттармен анықтайды және оның пішінін эксперименталды анықтайды (турбина қалақшасының беті, теңіз кемелерінің және ұшақтардың қаңқасының беттері).

Сызбада беттің графикалық бейнесі ретінде қаңқа қолданылады. Бетті толтыратын көптеген сызықтар беттің қаңқасы болып табылады.

Бет нүктелердің соңғы көпшілігімен берілуі мүмкін, оны нүктелі қаңқа деп атайды. Егер де беттің анықтауышы – жазықтықта және сызбада бетті тағайындайтын шарттардың жүйесі берілсе онда қаңқаның проекциясын салуға болады. Анықтауыштың екі бөлігін ажыратады: геометриялық және алгоритмдік. Анықтауыштың геометриялық бөлігі беттің құрамына кірмейтін тұрақты геометриялық элементтердің құрамы болып табылады. Екінші бөлігі – алгоритмдік (сипаттайтын) – тұрақты элементтердің үздіксіз қаңқаға ауысуды жүзеге асырайтын операциялар тізімі.

Айналудың беті – m құраушысының i осі бойымен айналған кездегі түзілген беттер.

Жазықтығы i осіне перпендикуляр орналасқан шеңберлер параллельдер деп аталады; ең кіші параллель мойын, ең үлкені – экватор деп аталады.

Айналу беттің түзілу заңынан екі негізгі қасиет шығады:



  1. Айналу осіне перпендикуляр жазықтық шеңбер бойынша бетті – параллельді қияды;

  2. Айналу осімен өтетін жазықтық оське қатысты екі симметриялық сызықтармен – меридианалармен бетті қияды.

Проекцияның фронтальды жазықтығына параллельді ось арқылы өтетін жазықтық бас меридианның жазықтығы деп аталады, ал қимада алынған сызығы – бас меридиан деп аталады.

Қисықсызықты жасаушылары бар кең таралған айналу беттерін қарастырайық:

Сфера – шеңбердің өз диаметрі бойынша айналуынан пайда болады. Сфераны қысу немесе тарту кезінде ол эллипсоидқа түрленеді, ол эллипстің өз осі бойынша айналуынан пайда болады: егер кіші ось арқылы айналса, онда эллипсоид қысылған немесе сфероид деп аталады, егер үлкен осінен айналса, онда тартылған эллипсоид деп аталады.

Тор – шеңбердің центрі арқылы өтпейтін осьтен айналу кезінде пайда болады. Айналудың параболоиды – параболаның өз осінен айналу кезінде пайда болады. айналудың гиперболоиды – бір және екі қуысты айналу гиперболоидтарын ажыратады. Біріншісі жорамал осінен айналғанда түзіледі, екіншісі гиперболоидтың нақты осьтен айналғанда түзіледі.

Бұрандалық беттер құраушы сызығының бұрандалық қозғалысымен түзіледі. Бұрандалық қозғалыс екі қозғалысының жиынтығынан тұрады: кейбір оське параллель ілгерілемелі және сол ось бойынша айналмалы қозғалыс.

Параллелизм жазықтықты беттер белгісіз α жазықтығына параллель және екі бағыттаушы m, n қиятын көп түзу l сызықтарының жиынтығы болып табылады.

Бағыттаушының пішініне байланысты беттің үш түрі түзіледі.

Цилиндроид. Цилиндроид түзусызықты жасаушының екі бағыттаушы қисық түзулер бойымен қозғалысымен түзілген бетті айтады, сонымен бірге бүкіл жағдайда жасаушы параллелизм жазықтығына параллель.

Коноид. Коноид түзусызықты жасаушының екі бағыттаушы бойымен қозғалысымен түзілетін бетті айтады, олардың біреуі қисық сызық, екінші түзу болып табылады, сонымен бірге бүкіл жағдайда жасаушы параллелизм жазықтығына параллельді болады.

Гиперболалық параболоид. Гиперболалық параболоид немесе қиғаш жазықтық деп екі бағыттаушы бойынша параллелизм жазықтығына параллель түзусызықты жасаушының қозғалысымен түзілген бетті айтады.

Параллельді тасымалдың беті жасаушының жазықпараллельді ілгерілемелі орын ауыстыруымен түзілген бетті айтады.
Геометриялық объекттер

Пирамида – бір қыры көпбұрыш, ал қалған қырлар төбесі жалпы үшбұрыштар болатын көпжақ. Егер пирамиданың табанында дұрыс көпбұрыш орналасса, және де пирамиданың биіктігі осы көпбұрыштың центрінен өтсе, онда ол дұрыс пирамида деп аталады. Егер де пирамиданың төбесі қиылса, онда ол қиық пирамида деп аталады.

Призма – екі қыры өзара параллель жақты тең көпбұрыштар, ал басқа қырлары параллелограмм болатын көпжақ. Егер де призманың бүйір қабырғалары табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда ол түзу призма деп аталады. Егер де призманың табаны тікбұрыш болса, онда оны параллелепипед деп атайды.

Призматоид – параллельді жазықтықта орналасқан екі көпбұрыштармен шектелген көпжақ болып табылады; оның бүйір қырлары төбелері табан көпбұрыштарының төбелері болатын үшбұрыштар мен трапециялар болып табылады.

Платон денелері. Бүкіл қырлары дұрыс және тең көпбұрыштар болатын көпжақты дұрыс көпжақ деп атайды. Осындай көпжақта төбесіндегі бұрыштар өзара тең болады.

Дұрыс көпжақтылардың бес типі кездеседі. Осы көпжақтар және олардың қасиеттері осыдан екі мың жылдай бұрын ежелгі грек философы Платонмен сипатталған, содан олардың атауы да шықты.

Әрбір дұрыс көпжаққа осы көпжақтың төбелер санына тең қырлар саны бар көпжақтар сәйкес келеді. Екі көпжақта да қырлар саны бірдей.

Тетраэдр – дұрыс төртжақ. Ол теңқабырғалы үшбұрыштармен шектеледі (бұл – дұрыс үшбұрышты пирамида).

Гексаэдр – дұрыс алтыжақ. Бұл алты тең квадраттан құралған куб болып табылады.

Октаэдр – дұрыс сегізжақ. Ол әр төбеде төрт-төрттен қосылған теңқабырғалы және өзара тең сегіз үшбұрыштан құралған.

Додекаэдр – дұрыс он екіжақ, әр төбе қасында үш-үштен қосылған дұрыс және тең бесбұрыштан құралған.

Икосаэдр – әрбір төбе қасында бес-бестен қосылған теңқабырғалы және тең 20 үшбұрыштан құралады.

Жұлдызша пішіндер және Платон денелерінің қосылуы. Дұрыс дөңес көпжақтардан басқа басқа да дұрыс дөңесті-ойысты көпжақтар кездеседі. Оларды жұлдызшалы деп атайды (өзарақиылысатын). Платон денелерінің қырлар жалғасының қиылысуын қарастырсақ, жұлдызшалы көпжақтарды аламыз.

Жұлдызшалы октаэдр – октаэдр қырларының сегіз қиылысқан жазықтықтарын кеңістіктен октаэдрға қатысты жаңа «бөлшектер» бөлектейді. Бұл табандары октаэдр қырларымен сәйкес келетін кіші тетраэдрлар болып табылады.


Дәріс 3 Автоматтандырылған жобалау жүйелерін құру негіздері

Бет геометрияның негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Беттің математикалық қатаң анықталуы топология түсініктерінде негізделеді. Сонымен қатар қарапайым бет түсінігі негізгі болып табылады, оны жазықтықтың бөлігі деп қарастыруға да болады.

Бетті үздіксіз көп нүктелер ретінде қарастырсақ, алгебралық беттерді () және трасцендентті беттерді () белгілеуге болады.

Егер алгебралық бет n дәрежелі теңдікпен сипатталса, онда бет n ретті бетімен анықталады. Ерікті орналасқан қиылысқан жазықтық қисық бойынша зерттелетін бет сияқты ретпен бетті қияды. Беттің реті беттің ерікті түзумен қиылысуындағы нүктелер санымен анықталады.

Бетті тізбекті орналасулар жиынтығы l1, l2, l ретінде қарастыруға болады. Беттің түзілу процессінде l сызығы өзгеріссіз қалуы мүмкін немесе өзінің пішінін өзгерте алады – майысады немесе деформацияланады. Жылжымалы сызықты жасаушы, ал жылжымайтын сызықты бағыттаушы деп атайды. Беттің түзілуінің осындай әдісін кинематикалық деп атайды.
Дәріс 4 Сәулетшілік-құрылыс жобалауда модельдеу

Жазықтық – геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Жазықтықтың кейбір сипаттамалық қасиеттері:



  1. Жазықтық өзінің кез келген нүктелерін қоса алатын түзуі бар бет болып табылады;

  2. Жазықтық берілген екі нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиынтығын айтады.

Сызықтық алгебрада жазықтық бірінші ретті бет болып табылады: координаталардың декарттық жүйесінде жазықтық 1 дәрежелі теңдеумен берілуі мүмкін.

,

мұндағы A, B, C, D – тұрақтылар, сонымен қатар A, B және C нөлге тең болмайды.

Жазықтықты графикалық құрудың кейбір әдістерін қарастырайық.

Кеңістікте жазықтықтың орналасуы анықталмайды:



  • бір түзу сызықта жататын үш нүктемен;

  • түзумен және түзуге қатысты емес нүктемен;

  • екі қиылысатын түзумен;

  • екі параллельді түзумен.

Жазықтықтың проекция жазықтығына қатысты орналасуы жөнінде оның ізі бойынша айтуға болады.

Жазықтықтың ізі деп жазықтық пен проекция жазықтығы қиылысатын түзу сызықты айтады. Осы жазықтық қандай проекцияның жазықтығын қиғанға байланысты горизонтальді, фронтальді және профильді іздерді ажыратады.

Жазықтықтың проекция жазықтықтарына қатысты орналасуынан тәуелді ол жалпы және жеке жағдайға ие болады.


  1. Проекцияның ешбір жазықтығымен қиылыспаған жазықтықты жалпы жағдайдағы жазықтық деп аталады. Осындай жазықтық проекцияның барлық жазықтықтарын қиып өтеді (үш ізге ие болады: горизонтальді, фронтальді және профильді).

  2. Проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықтар жеке жағдайға ие болады және проекциялаушы деп аталады. Жазықтық қандай жазықтыққа перпендикуляр болуына байланысты келесіні ажыратады:

  • Проекцияның горизонталь жазықтығына перпендикуляр жазықтықты горизонтальді проекциялаушы жазықтық деп атайды. Осындай жазықтықтың горизонталь проекциясы түзу сызық болып табылады, ол өз кезегінде оның горизонтальді ізі болып табылады. Осы жазықтықтың бүкіл нүктелерінің горизонтальді проекциялары горизонтальді ізбен сәйкес келеді.

  • Проекцияның фронтальді жазықтығына перпендикуляр жазықтықты фронтальді проекциялаушы жазықтық деп атайды. Жазықтықтың фронтальді проекциясы оның фронтальді ізімен сәйкес келетін жазықтық болып табылады.

  • Проекцияның профильді жазықтығына перпендикуляр жазықтықты профильді проекциялаушы жазықтық деп атайды. Осындай жазықтықтың жеке жағдайы биссекторлық жазықтық болып табылады.

Проекция жазықтығына параллель жазықтықтар жазықтықта жеке жағдайға ие болады және деңгей жазықтығы деп аталады. Қарастырылатын жазықтық қандай жазықтыққа перпендикуляр болуына байланысты келесіні ажыратады:

  • Горизонтальді жазықтық – проекцияның горизонталь жазықтығына параллель жазықтық.

  • Фронтальді жазықтық – проекцияның фронталь жазықтығына параллель жазықтық.

  • Профильді жазықтық – проекцияның профильді жазықтығына параллель жазықтық.

Жазықтықтың ізі деп жазықтық пен проекция жазықтығы қиылысатын түзу сызықты айтады. Осы жазықтық қандай проекцияның жазықтығын қиғанға байланысты горизонтальді, фронтальді және профильді іздерді ажыратады.

Жазықтыққа қатысты түзу сызықтар арасында жазықтықта жеке жағдайға ие түзулердің мәні зор:



  1. Горизонтальдар h – осы жазықтықта жататын және проекцияның горизонталь жазықтығына параллель түзулер;

  2. Фронтальдар f – жазықтықта орналасқан және проекцияның фронтальді жазықтығына параллель түзулер;

  3. Профильдік p – жазықтықта орналасқан және проекцияның профильді жазықтығына параллель түзулер.


Дәріс 5. Жобалау шешімдерін бағалау

Негізгі құралдар панелі болып, қасиеттермен жұмыс істеуге арналған Properties (Своиства) панелі болып табылады. Бұл панельде төрт ашылатын тізім орналасқан (солдан оңға):



  • Color Control (Цвета)

  • Linetype Control (Типы линий)

  • Lineweight Control (Веса линий)

  • Plot Style Control (Стили печати)

Келесі қолданылатын панель – Layers (слои) Панельде үш тетік

орналасқан:



  • Layers Properties Manager (Диспетчер свойств слоев);

  • Make Object’s Layer Current (Сделать слой объекта текущим);

  • Layer Previous (Предыдущий слой).

Бұдан басқа Layers (Слой) панелінде ашылатын қабаттар тізімі кіреді. Мұнда ағымдағы қабаттың аты мен негізгі мінездемесі көрсетіледі.

Properties (Свойства) панелінде бірінші ашылатын (солдан оңға) тізімі Color Control (Цвета)деп аталады. Оның негізгі мақсаты - ағымдағы түсті орнату. Тақырып бойынша әдеттегідей ByLayer (Послою) мәні ағымдық болады, яғни ағымдағы қабаттан түстің мәнін алу керек. AutoCAD жүйесінде негізгі түстер болып алғашқы 1-7-ге дейінгі жеті түс болып саналады:

1 – Red (Красный);

2 – Yellow (Желтый);

3 – Green (Зеленый);

4 – Cyan (Голубой);

5 – Blue (Синий);

6 – Magenta (Фиолетовый);

7 – White (Белый), графикалық экранның түсіне байланысты ақ немесе қара болуы мүмкін.

Linetype Manager диалогтық терезесі ағымдағы сызықтың түрін өзгертуге мүмкіндік береді және де қолданылымдағы сызық түрін жойып, өзгертуге болады. Терезенің орталық бөлігінде тізім ретінде сызық түрлерінің аты берілген, әлдеқашан сіздің файлыңыздың суретіне жүктеліп қойылған. Әрбір сызық түріне тиісті түсініктеме және олардың сыртқы түрі берілген. Сызықтың жаңа түрлерін жүктеу үшін Load (Загрузить) тетігін басыңыз. Бұдан кейін экранда Load or Reload Linetyps (Заргрузка или перезагрузка типов линий) диалогтық терезесі пайда болады. LTSCALE (ЛМАСШТАБ) командасы пернетақта көмегімен сызық түрін глобальді көлемге дейін өзгерте алады.

Алдағы жұмыстарды ыңғайлы орындау үшін күрделі суреттер жасау кезінде жекелеген объектілермен немесе топтық объектілерге есім беру қажеттілігі туындайды. Қабат – бұл берілген қасиеттің тағы бір қарапайым қасиеті.

Қабаттармен негізгі жұмыс істеу командасы болып Layer (Слой) командасы болып есептелінеді. Қабаттардың сипаттамалары мыналар:



  • Name (Имя) – қабат атауы, ұзындығы 1-255 символға дейін;

  • On (Вкл) – қабаттың қалпы (Вкл или Откл);

  • Freeze in all VP (Замороженный на всех ВЭ) – барлық көрініс экрандарына қатысты бір уақытта қатып қалу. (заморожен или разморожен);

  • Lock (Блокированный) – құлыпталған қалпы (блокирован или разблокирован);

  • Color (Цвет) – объекті қабатының ағымдағы түсіне ByLayer (Послою) мәні көрсетілген;

  • Linetype (Тип линии) – объект қабатының ағымдағы түрі ретінде ByLayer (Послою) мәні берілген;

  • Lineweight (Вес линии) – объект қабатының ағымдағы сызық салмағы ретінде ByLayer (Послою) мәні берілген;

  • Plot Style (Стиль печати) – қабатқа шығару кезінде қолданылатын баспа стилі;

  • Plot (Печать) – сыртқы шығару құрылғыларына қатысты объекті қабатының қалпы (Печатать или не печатать).

Сызық салмағы – AutoCAD 2000 жүйесінде пайда болған қарапайым қасиет. Сыртқы басып шығару құрылғыларына шығару кезіндегі қалыңдығы. Объектіні жұқа сызықпен салуға болады, бірақ нөлдік ауырлықты көрсетіп, нәтижесінде қағаз бетінде қалың сызықты алуға болады. Объектілер графикалық экранда салмақсыз көрсетіледі, егер LWT (ВЕС) тетігі қосулы тұрса, немесе керісінше.
Дәріс 6. Auto CAD жүйесімен жұмыс жасау

Блок – бұл күрделі атау берілген объект. Ағымдағы сурет үшін сипаттама жасалады. Блоктың базалық нүктесі болады, онымен сызбаның кез-келген жеріне қоюға болады, оған қоса қою кезінде объектіні әртүрлі коэффициенттерін түрлі осьтерде бұруға және өлшемін өзгертуге болады. Қолданушымен қойылатын блокта атрибуттар болады – айнымалы жазулар. Блоктың орнатуын операциядан құрастыратын қарапайым блоктың кіруі деп аталады. Суретте ылғи бір блоктың кірулерін кез-келген сан бола алады.

Блоктың сипаттамасын құру үшін, BLOCK командасын қолдану керек. BLOCK командасы BLOCK Definition (Описание блока) атты диалогтық терезе шығарады. Name (Имя) ашылатын тізім жолағына жаңа блоктың сипаттамасын енгізу керек. Base point (Базовая точка) аймағы блоктың базалық нүктесін орнатуға арналған. X, Y, Z жолақтарын толтыра отырып нүктенің координаттарын пернетақтадан енгізуге болады.

Енді блокты жою операциясын қарастырайық. Ол үшін Insert (Вставить блок) командасы қолданылады. Сол сәтте диалогтық терезе Insert (Вставить) шақыратын Insert (Вставить) командасы жұмыс істей бастайды. Бұл терезе ағымдағы суретте сипатталған блоктарды қоюға мүмкіндік береді. Name (Имя) аталатын терезеде қойылатын блоктың атын таңдау қажет. Осы жолақта соңғы қойылған блоктың аты шығады. Insertion point (Точка вставки) аймағында ағымдағы суреттің нүктесін қою керек, соған блоктың базалық нүктесі орналастырылады. Егер Specify On-screen (Указать на экране) жалаушасын орнатса, онда терезенің жабылуынан кейін қою нүктесі жүйемен жеке сұралады. Scale (Масштаб) аймағы әр үш оське масштабтың коэффициенттерін орнатуға арналған, бұнымен блок сурет жазықтығына қойылады. Егер барлық үш масштабтың коэфициенттері бірге тең болса, онда блоктың сипаттамасындағы қоданылған объектте болғандай өлшемдермен алынады. Егер осьтердің біреуінің масштабтық коэфициенті бірден кем болса, онда блок қойған кезде осьті бойлай қымқырылады, егер бірден көп болса, сол коэфициенттермен бойлай созылады. Масштабтық коэффициенттер теріс те болуы мүмкін. Онда блоктың суреті ось бойынша төңкеріледі. Rotation (Угол поворота) аймағында қою нүктесіне қатысты бұрылу бұрышы қойылады (қалыпты мәндер егер бұрылу сағат тіліне қарсы болса). Егер бұрылу бұрышының мәні нөлге тең болса, онда блок бұрылмайды. Specify On-screen (Указать на экране) жалаушасын орнату диалогтық терезе жабылғаннан кейін тінтуірмен көрсетіледі дегенді білдіреді. Angle (Угол) жолағы пернетақтаның көмегімен санмен бұрышты көрсетуге қолданылады.

Блокпен бірге жазбаны ұстау қажеттілігі жиі туындайды, олар блокты қойғаннан кейін мәнін өзгерте алады. AutoCAD жүйесінде ATTRIBUTE DEFINITION (ОПИСАНИЕ АТРИБУТА) аталатын функция бар. Ол блоктың сипаттамасына кіргізулі болуы мүмкін. Операция кезінде блоктың мәні сұралуы мүмкін және атрибут жасалады. Осының бәрі блоктың құрамына кіреді. Атрибут жасау үшін ATTDEF (АТОПР) командасы қолданылады.
Дәріс 7. Түзулердің түрлері, түсі мен қабаты

Тапсырыс беруші астық сақтау қоймасын жобалауға тапсырмаларды жоба ұйымымен бірге талқылап, жобалайды.

Тапсырмалар тізімі:

1) астықтың жалпы көлемі;



  1. дайындама басына түсетін қалдың өлшемі;

  2. бір ай ішіндегі дайындама көлемі;

  3. өндірістік және базалық элеваторлардағы астық кептіргіштердің қажетті өнімділігі;

  4. астық кептіргіштер үшін қолданылатын жанармай түрі;

  5. астық сақтау қоймаларының сиымдылығы;

  6. астық дезинсекциясы;

  7. астық қалдықтарының утилизациясы;

9) астық өңдеу кезіндегі фракция бөліну қажеттілігі.

Жобалау тапсырмаларына төмендегілер кіреді:

а) кәсіпорын, ғимарат немесе зәулім құрылыстың аталуы;

ә) жобалауға негіздеме және салу орны;

б) элеватор және қойма сыйымдылығы;

в) қарастырылатын су, электр, газ және жылу көздерімен қамтамасыз етілуі;

г) суды тазарту және төгу шарттары;

ғ) кәсіпорын немесе ғимараттың капиталды салымдарының мөлшері мен технико-экономикалық көрсеткіштер;

д) жоба және оның бөлімдерін салудағы варианнтар шарттары;

е) жобалау кезеңділігі;

з) салу мерзімі мен кезектілігі.

Жобалау тапсырмаларын жергілікті ұйымдармен келісіп шешеді. Жобалау ұйымы жергілікті ұйымнан тапсырыс беруші арқылы сәулет-жоба тапсырмасын алады. Бұл тапсырмада жер учаскесіне қойылатын талаптар мен ғимараттың биіктігі белгіленуі керек.

Техникалық документацияның құрамы мен көлемі бойынша барлық сұрақтар нормативті документтерде регламенттелген. Дипломдық жұмыс кезінде жоғарыда берілгендердің көбісі тапсырмаға берілмейді, студенттер өздері диплом алдындағы тәжірибеде бұл материалдарды жинайды.
Дәріс 8. Басқару түрлермен және бейнелеу құрастыруы экранда.

Жаңа сурет құрғанда, тіпті қарапайым үлгі құрғанда графикалық экранның төменгі бөлігінде екі қосымша парақ көрінеді – Layout1 (Лист1) және Layout2 (Лист2). Егер тінтуірдің сол жақ батырмасымен Layout1 (Лист1) қосымша парағын бір рет шертсе, AutoCAD жүйесі графикалық экранда қосымша парақты жүктейді және Page set up диалогтық терезесін ашады. Бұл терезеде екі берілім болуы мүмкін - Layout Settings (Компановка) берілімі ашылады. Ашылған диалогтық терезеде ағымдағы парақ параметрлері беріледі, негізінен компьютерлік операциялық жүйесінде орнатылған принтерге тәуелді.

Графикалық экранның парақ кеңістігінде рәсімделуі модель кеңістігінің рәсімделуінен өзгеше. Парақ кеңістігінің сол жақ бұрышында үшбұрыш пішімді белгі ПСК. Ақ жолақ   ол қағаз парағы. Үзік сызық – баспаға шығару аймағы.

Model (Модель) режимінде әртүрлі экранда әртүрлі көрініс алу үшін тінтуір көмегімен View (Вид) минимум деп 3D Views пункт арқылы қажетті көрініс түрін іске қосып орнату қажет. Көбінесе сызба қимасында немесе көрініс түрінде модель элементтерінің барлығын көрсетпеу қажеттілігі туындайды. Бұл үшін нақты бір экран түріне қабаттың қатыру операциялары қолданылады. Көріністік экран ішіндегі масштабты орнату ZOOM (Показать) командасының Scale (Масштаб) опциясының көмегімен орындалады.

Құралдар панеліндегі Solids (Тела) опциясында екі тетік орналасқан, үш өлшемді денелерді көрініс экрандарында келісімді дайындауға арналған. Бұл екі тетікпен құрылатын және өңделетін командалар көрініс экрандарында арнайы құрылымға ие. Көрініс экрандары атқа ие болады және сол көрініс экраны мен арнайы құрылғы сурет қабаттарын байланыстырады.

SOLVIEW(T-Вид) командасы келісімді түрлерді құрады.

Құралдар панеліндегі Solids (Тела) тетігінде орналасқан SOLDRAW (T-Рисование) командасы көрініс экрандарымен жұмыс істеуге арналған, SOLVIEW(T-Вид) командасымен құралған. SOLDRAW (T-Рисование) командасы көрініс экрандарының қайсысын өңдеу керек екенін сұрайды: Select viewports to draw… Select object: (Выберите видовые экраны для построений… Выберите объекты:). Көрінетін және көрінбейтін немесе есептеп, бөлетін сызық модельдерін өзгертуді қажет ететін көрініс экранын көрсету қажет. Осыдан кейін AutoCAD жүйесі көрсетілген көрініс экрандарында объектіге тиісті модель сызықтарын көрінетін және көрінбейтін сызық түрлеріне ауыстырады.

SOLPROFILE (T-Профиль) командасы кез-келген көрініс экранымен жұыс істейді, (сонымен қатар SOLVIEW(T-Вид) командасымен құрылғандармен де). Көрінетін және көрінбейтін сызық түрлерін бөлуге және үш өлшемді денелердің профилін салуға арналған. Командамен жұмыс істеу үшін парақ кеңістігінен Model (Модель) режиміне өтіп, қажетті көрініс экранын іске қосу керек.


Рендеринг

Суретке өң беру үшін Toolbar (Панели) диалогтық терезесіндегі Render панелін ашу қажет немесе View/Render/Render командасын теру не тінтуір көмегімен құралдар ішінен Render командасындағы Render панелін шерту керек. Render диалогтық терезесі ашылады. Арнайы баптауларсыз модельге өң беруді әдетте Z – буферлік күңіренту деп атайды. Үстіңгі қабаттары өз түстерін сақтап қалады, ал ағымдағы камера орналасқан түс көздері нүктеде болады. Бұл көрініс жасырын сызықтары жойылған көріністі еске салады, бірақ түстің қолданылуы мен беттің жақсы қабылдануына әкеп соқтырады.

LIGHT (Свет) командасы және құралдар панеліндегі Render тетігі суретке жаңа жарық беру көздерін қосуға мүмкіндік береді. Оның төрт түрі бар: шашыраңқы жарық, жойылған жарық беру көзі, нүктелік жарық беру көзі және прожектор.

RMAT (Материал) командасы құрылған объектіге материал түрін береді. Materials (Материалы) диалогтық терезесін шақырады. Materials (Материалы) терезесінің сол жақ бөлігінде материал түрлері тізімделеді, ағымдағы суретке жүкетеледі. *GLOBAL* (*Глобальный*) – деп аталатын материал міндтті түрде суретте кездеседі және барлық объектілерге тағайындалады. Басқа материалдарды MATLIB (БИБМАТ) немесе Render командалары арқылы енгізу керек, себебі олар Materials Library (Библиотека материалов) диалогтық терезесін шақырады. Бұл терезенің сол жақ бөлігінде Current Drawing (Текущий ресунок) аймағында материалдар тізімі сонымен қатар ағымдағы суретке енгізілген материалдар беріледі. Жоғары оң жақ бұрышта Current Library (Текущая библиотека) ашылатын аймағында ағымдағы кітапхана атауы орналасады, ал оның астында оның материалдар тізімі ашылады.

LSNEW (ЛАНДНОВЫЙ) командасы және оған тиесілі құралдар панелінде орналасқан Render тетігі өң беру кезінде ландшафт элементтерін енгізуге мүмкіндік береді (ағаш, адам, белгілердің стандарттық кескіндерін). Команда Landscape New (Новый ландшафт) диалогтық терезесін шақырады. Бұл терезеден қажетті ландшафт атауын таңдау қажет. Preview (Просмотр) тетігі таңдалған элементті көруге мүмкіндік береді. Қояр алдында кескіндердің параметрлерін және өлшемдерін енгізеді.
Дәріс 9. Объекттердің геометриядағы жай редактілеуі.

TEXT (ТЕКСТ) және MTEXT (МТЕКСТ) командалары көмегімен жазбалар құрылуы мүмкін. Бірінші жағдайларда бір жолақты мәтін жасалады. Екіншісінде мультимәтін (көп жолақты мәтін). TEXT (ТЕКСТ) командасы қосылғаннан кейін, ең алдымен ағымдағы стиль туралы хабарлама береді, онда мәтінді енгізуді сұрайды:

Current text style: “Standard” Text height: 2.5000 (Текущий текстовый стиль: “Standard” Высота текста: 2.5000)

Стиль түсінігіне шрифт аты және оның пайдалану ерекшеліктері кіреді (Көлденеңге қатысты әріп қиғаштығы, айналдыру эффектілерінің болуы және т.б.)

Суретпен жұмыс жасау кезінде әдетте “Standard” стилі тұрады. Команда форматы:

Specify start point of text or [Justify/Style]: (Начальная точка текста или [Выравнивание/Стиль]:)

Specify height <2.5000>: (Высота <2.5000>)

Specify rotation angle of text <0>: (Угол поворота <0>:)

Enter text: (Введите текст)

Enter text: (Введите текст).

Егер бастапқы нүктенің орнына Justify опциясын таңдайтын болсақ, онда түзету опциясы мүмкін болады: Enter an option [Align/Fit/Center/Middle/Right/TL/TC/TR/ML/MC/MR/BL/BC/BR]: (Задайте опцию [Вписанный/Поширине/Центр/Середина/Вправо/ВЛ/ВЦ/ВП/СЛ/СЦ/СП/НЛ/НЦ/НП]: ). Егер Right опциясын таңдасаңыз мынадай сұраныс жасалады:

Specify right endpoint of text baseline: (Правая конечная точка базовой линии текста:).

Егер Middle опциясын таңдасаңыз онда мынадай сұраныс жасалады: Specify middle point of text: (Средняя точка текста:)

Екі әріпті опциялардың аттары (BL(НЛ), BC(НЦ), MR(СП) TR(ВП) және т.б.) сөздерінің бастапқы әріптерінен жасалған Bottom (Низ), Middle(Середина), Top(Верх), Left(Левый), Center(Цент), Right(Правый). Жоғарғы қатар түінді нүкте TL(ВЛ), TC(ВЦ), TR(ВП), опцияларына, ортаңғы қатар нүктелері – ML(СЛ), MC(СЦ), MR(СП) опцияларына, төменгі қатар нүктелері BL(НЛ), BC(НЦ), BR(НП) опцияларына сәйкес келеді.

Align (Вписанный) және Fit (По ширине) опциялары жазба әріптің өлшемін нақты келтіруге мүмкіндік береді. Align опциясын пайдаланған кезде екі нүкте сұрайды, жазбаның қиғаштық бұрышын анықтайтын – базалық сызықтың сығылу нүктесі мен мәтіннің ендік өлшемін алады. Ал әріптің биіктік өлшемі әреп еніне пропорционал есептеледі. Ал Fit опциясына екі нүкте беру керек, базалық сызық орналасуы және ұзындығын, бірақ та AutoCAD биіктігін де сұрайды, одан кейін мәтін сығылады немесе созылады.

Жазбалар MTEXT командасымен де құрылуы мүмкін, яғни мультимәтін. MTEXT командасы сызбаға біртұтас абзацтар және жеткілікті көлемде мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Microsoft Word мәтіндік редакторындағыдай мәтінді редакторлеуге және түзетуге болады. Draw және Text панелінде A тетігіндегі командаға сәйкес келеді, сонымен қатар Draw/Text/Multiline Text мәзірінде кездеседі.

Жұмысты бастау кезінде MTEXT командасы ағымдағы текст стилінің аты жайлы мәлімет береді, сонымен қатар екі нүктені көрсетуді өтінеді, мультимәтін ендік шекарасын және аймығын анықтайтын.
Дәріс 10. Өлшемдерді құру және штрихтеу

Сонымен қатар өлшемдер орнату үшін Dimension (Размеры) опциясына жүгінуге болады. Ол құралдар панеліндегі Dimension (Размеры) тетігіне сай келеді. AutoCAD-та ағымдағы өлшемдер объектілерге байланысты өлшемдері бір-бірімен байланысқан болады. Бұл редакторлеу кезінде негізгі объект өлшемдерін өзгерткенде онымен байланысты барлық өлшемдердің өзгеруіне әкеп соқтырады. Бірінші команда – DIMLINEAR – сызықтық өлшемдерді орнатуға арналған. Оған Dimension панеліндегі тетігі сай келеді және Linear пункті. DIMLINEAR командасының бірінші сұранысы Specify first extension line origin or


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет