Әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан



Дата09.07.2016
өлшемі136.5 Kb.
#186962
Әдістемелік нұсқаулардың

титул парағы Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Математика кафедрасы

Қаржылық тәуекелділікті бағалау әдістері пәні бойынша

6М060100 «Математика» мамандығының магистранттарына арналған

ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар
Әдістемелік нұсқауларды Нысан



бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/41


БЕКІТЕМІН

ОЖ проректоры

_________Пфейфер Н.Э.

20__ж «___»_________


Құрастырушы: профессор______________ М.Мұхтаров

Математика кафедрасы

6М060100 «Математика» мамандығының магистранттарына арналған

Қаржылық тәуекелділікті бағалау әдістері пәні бойынша
Пәнді оқытуға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылған 20___ ж. «___» «______», №___ хаттама.


Кафедра меңгерушісі________________________ М.Е.Исин

Физика,математика және ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды

20___ ж. «___»_____________, №____ Хаттама.
ОӘК төрағасы __________________ А.Б.Искакова


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы ______________Е.Н.Жуманкулова. 20___ж. «___»______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1.Пәннің мақсаты – Қаржылық тәуекелділікті бағалау әдістері пәнін оқытуда негізі мақсат магистранттарды инвестиция саласында математикалық моделдеу әдістерін жүйелеуге үйрету.

- магистранттарды қолданбалы есептерді шешудің негізгі идеяларымен таныстыру;

- магистранттардың математикалық есептерді зерттеу және шешудің негізгі әдістерін меңгеруі.

Пәннің міндеттері – Көздеген мақсатқа жету үшін пәннің оқытудың мынадай негізгі міндеттері жүктеледі:

- математикалық ұғымдар мен әдістерді пайдаланып студенттерге ғылыми зерттеудің мәнің ашып көрсету;

- қолданбалы өндірістік есптерді шешудегі математиканың ерекшелігі мен ролін айқындау.

- студенттерді кәсіптік жұмысында математикалық әдістерді қолдануға бейімдеу;


2 Пререквезиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

- Математикалық талдау. Дифференциалдық және интегралдық есептеу

- Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика.



3 Постревезиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі қолданбалы есептер шығаруды меңгеруі үшін қажет.


Пәннің мазмұны

Тақырып 1. Қаржылық тәуекелділік сипаттамасы және оны моделдеу

Қаржылық тәуекелділік сипаттамасы мен классификациясы. Қаржылық үрдістердің құрылымдық өзгертулері және олардың пайда болу себептері. Қаржылық тәуекелділік зерттеудің негізгі құралы болғанда моделдеу. Қаржылық тәуекелділіктің айқын сипаты және оны болжау.



Тақырып 2. Қаржылық тәуекелділікті талдау және бағалау.

Тәуекелділіктің сандық бағалауына жалпыәдістемелік тәсіл. Құнды қағаздардың портфелін құру есебі. Марковиц әдісімен тиімді портфель құру. Көп факторлы модельдер.



Тақырып 3. Инвестициялық жобалар мен инвестициялық кірістерді бағалау.

Инвестициялық үрдістерді модельдеу.



Тақырып 4. Құнды қағаздармен байланысты операциялар моделі

Облигация. Пайыздық төлемдерсіз облигациялар. Өтем мерзімнің сонында жүргізілетін пайыздық төлемдермен облигациялар. Акциялар.



Тақырып 5. Стохастикалық үрдістер теориясы.

Пуассон үрдісі. Қаза болу және көбею үрдістері. Өмірді сақтандыру. Спирман мен Кендалл рангтік корреляциясының таңдамалы коэффициентінің мәні туралы болжамын тексеру. Модель құрудың сапасын бағалау. Сандық көрсеткіштерді болжаудың сараптамалық бағалауы.


Тәжірибелік сабақтардың жоспары және оларға берілген тапсырмалар.

  1. Тәуекелділікті бағалау әлістері (ықтималдықтар теориясында, ойындар теориясында, экспертті және т.б.).

  2. Қаржылық тәуекелділікті бағалаудың көрсеткіштік жүйесі (ықтималдық, күтілетін табыстылық, стандартты ауытқу және т.б.).

  3. Қаржылық активтер, олардың сипаттамасы. Инвесторлар, олардың бейтараптық қисықтары.

  4. Қаржылық (ивестициялық) активтерді салуда таңдау мәселелері.

  5. Портфельді талдау, қаржылық (инфестициялық) активтер портфелін тиімді таңдау.

  6. Қаржылық активтердің қол жетерлік және эффективті портфельдер жиыны.

  7. Тәуекелсіз активтер және қарыз алысу.

  8. Қаржылық активтерді бағалау моделі. Потенциалды портфельдің VaR көрсеткіштері және оның қасиеттері.

  9. Абсолютті және қатысты VaR көрсеткіші. VaR тәжірибелік қолданылуларының аспектілері: параметрлік, тарихи, дельта-нормалды тәсіл, Монте-Карло әдісі.

  10. Stress Testing (стресс-тестілеу) тәсілінің ерекшеліктері. Сезімталдық талдауы: дюрация есебі.


Бақылау сұрақтары

  1. Тәуекелділіктің бағалауының қандай әдістері экономикада қолданылады? Оларды қысқаша сипаттаңыз.

  2. Қаржылық тәуекелділікті бағалау үшін қандай негізі көрсеткіштер қолданылады және неліктен?

  3. Күтілетін табыстылық және қаржылық активтер тәуекелділігі дегеніміз не?

  4. Бейтараптылық қисықтар не үшін қолданылады(құрылады)?

  5. Қаржылық активтер портфелінің тиімді таңдау мәселелерінің мәні неде?

  6. Күтілетін табыстылық және қаржылық активтер тәуекелділігі қалай есептелінеді?

  7. Қаржылық активтердің қол жетерлік және эффективті портфельдер жиындары арасында қандай айырмашылық бар?

  8. Тәуекелсіз активтер дегеніміз не?

  9. Қаржылық активтерді бағалау моделінің негізіне қандай жағдайлар жатады?

  10. Қаржылық активтерді бағалауда және қаржылық активтер портфелінің тиімді таңдауда нарықтық индекс пен нарықтық портфель қалай ескеріледі?

  11. VaR мен дюрацияның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?


Тапсырмалар

  1. Тәуекелділікті бағалау әдістерінің классификациясына жеке екі-үш критерийлеріңді келтіріңдер.

  2. Әдетте инвестор бейтараптық қисығынан жоғары және сол жағында жататын портфельді таңдайды деп ұйғарады?

  3. Тәуекелден қашу және қанықпағандық деғен ұйғарымға келісесіз бе? Осы ұйғарымдарға қарама-қайшы жағдайларды ойтап табыңыз.

  4. Ковариация да корреляция коэффициенті де екі құнды қағаздың табыстылығының өзара қатынас дәрежесін анықтайды. Осы екі статистикалық өлшемдер арасында қандай байланыс бар? Неліктен корреляция коэффициенті қолайлырақ өлшем болып табылады?

  5. Портфельдің болжалды табыстылығы портфельге енетін құнды қағаздардың орташа болжалды табыстылығына тең болса, онда неге портфельдің жалпы тәуекелділігі потрфельге енетін құнды қағаздардың орташа стандартты ауытқуына тең емес?

  6. Актив иелерінің көбі өзінің бар қаржысын бір қаржылық активке салудың орнына әр тараптанған портфельдерді жөн көретіндігін түсіндіріңіз. Өз жауаптарыңызды түсіндіру үшін қол жетерлік жиындар мен эффективті жиындар сураттерін қолданыңыздар.

  7. Неліктен әртараптандыру (диверсификация) нарықтық тәуекелділік емес меншікті тәуекелділіктің азаюына әкеледі? Интуитивтік және математикалық түсіндірулерін келтіріңіздер.

  8. Неліктен ковариация және диверсификация түсініктері өзара тығыз байланысты екенін түсіндіріңдер.

  9. Иванов портфельді басқарушы. Иванов қарастыратын барлық құнды қағаздар орташа алғанда оң болжалды табыстылыққа ие. Қанда жағдайда Иванов теріс болжалды табастылықты құнды қағазды сатып алуына болады?

  10. Марковиц моделінің терминдерімен сөзбен және сызбалардың көмегімен инвестор өзінің тиімді портфелін таңдауын түсіндіріңдер. Инвестор осы портфельді анықтау үшін қандай ерекше ақпаратқа мұқтаж?


5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Ф.К. Баяхметова «Қаржылық математика», оқу құралы, Кереку, 2010 ж.

  2. Красс М.С., Чупрынов Б.П. Математические методы и модели для магистрантов экономики: Учебное пособие.-СПб.:Питер,2006.- 496с.

Қосымша


  1. Финансовая математика. Под редакцией В.А. Половникова и А.И. Пилипенко – М.; Вузовский учебник, 2004, - 360 с.

  2. Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике.-М.: «Высшая школа», 2005,- 406с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет