Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы
5В090100 «Көлікті пайдалану және қозғалысы мен
тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне «Инженерлік геодезия» пәні бойынша
лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы | | Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/41 |
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
____________Пфейфер Н.Э.
«___»___________20___ ж.
Құрастырған: аға оқытушы ___________ Баймулдинова Қ.С.
«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы
5В090100 «Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне «Инженерлік геодезия» пәні бойынша лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Кафедра отырысында ұсынылған «____» ____________ ж. Хаттама № _____
ҚМӨС кафедра меңгерушісі________________ В.Т.Станевич
Сәулет-құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған «____»______________20___ж. Хаттама № ____
ӘК төрайымы ________________ Г.А. Жукенова
КЕЛІСІЛДІ:
Оқу-әдістемелік бөлімімен құпталды
ОӘБ бастығы _______________ Е.Н. Жуманкулова
«___»______________ 20____ж. Хаттама № ______
1.1 Кіріспе
Пән ретінде геодезияның мазмұны мен міндеттері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Курстың құрамы мен оның басқа пәндерімен байланысы.
Қазіргі заманғы құрылыста курстың мәні.
Инженерлік геодезияның дамуының қысқаша мәліметі.
Құрылыстағы геодезиялық қызметінің қазіргі ұйымдастырылған формалары.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі
1 Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. - Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005 жыл.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-6 б.]
-
Жердің пішіні бойынша мәліметтер. Геодезияда қолданылатын координаттар жүйесі. Сызықтың бағытын бағдарлау.
Тақырыптың мазмұны.
Жердің өлшемдері мен пішіні туралы негізгі ұғымдар мен мәліметтер. Деңгейлік бет. Ф.А.Красовский референц-элипсойыды. Геодезияда проекциялар әдісі. Жер бетіндегі нүктелердің абсолютті және салыстырмалы биіктіктері.
Географиялық координаттар жүйесі. Тікбұрышты координат жүйесі. Полярлы координаттар. Жазық тікбұрышты зональды координаттар жүйесі. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштар және арасындағы байланыс. Меридиандардың жақындауы. Румбалар және азимуттар мен дирекциондық бұрыштардан оларға өту. Магниттік азимуттар. Магниттік бұрылу. Азимуттар, дирекциондық бұрыштар және магниттік азимуттар арасындағы бұрыштар.
Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар
Геодезиядағы қолданылатын терминдерді ұғу қажет. Геодезиялық өлшеулерді өндеуде неге референц-эллипсоидтың бетінде жасайтының түсіну. Ерекше назар талап ететін бағдарланған бұрышты қолдану саласын оқып-білу, әр түрлі бұрыштардың формулаларының байланысы. Жалпы жағдайда бағдарланған бұрыш – бұл бастапқы бағыт пен берілген нүктеге бағыт арасындағы белгілі ережелер бойынша есептелінетін бұрыш екенің біліп алу керектігі ұсынылады.
Бұл сұрақтар бойынша терең түсініктер бақылау жұмыстарын жақсы орындауға қажет болады.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-15 б.]
Өздік жұмысына арналған сұрақтар мен есептер
-
Жердің пішіндері мен өлшемдері қандай?
-
Деңгейлік бет дегеніміз не?
-
Геодезиядағы проекция әдісінің мағынасы.
-
Белгі және Жер бетіндегі нүктенің биік айырымы дегеніміз
не?
-
Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі
дегеніміз не? Тікбұрышты координаттар жүйесінде нүктенің орналасуын қалай анықтайды?
-
Сызықты бағдарлау дегеніміз не?
-
Дирекциондық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура
және кері дирекциондық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
-
Меридиандар жақындауы дегеніміз не? Магниттік бұрылу
дегеніміз не?
-
Егер φ = 600 және бойлықтар айырымы болса,
меридиандар жақындауын табу.
-
Дирекциондық бұрыштардан румбаларға көшу үшін
пайдаланылатын формулаларды көрсетіңіз. Егер дирекциондық бұрыш 2730 тең болса, сызықтың румбасын есептеңіз.
-
Топографиялық пландар мен карталар. Пландар мен карталар туралы түсінік.
Масштабтар: сандық, сызықтық және көлбеу. Масштаб дәлдігі. Топографиялық карталар мен пландардың атау жүйесі (номенклатура) және бағанаға бөлінуі (разграфка). Жер бетінің рельефі және оның топографиялық карталар мен пландарда көрінісі. Рельефтің негізгі пішіндері (формалары). Рельеф қимасының биіктігі, еңіс және салу. Салу (заложение) графиктері. Жергілікті жердегі пішіндер мен заттардың көріністері үшін шартты белгілері. Құрылысты жобалау кезіндегі пландар мен карталар арқылы шығарылатын есептер: нүктелердің координаталарын, сызықтардың ұзындықтарын, бағдарланған бұрыштарды, учаскелер ауданың, нүктелер биіктігін және пиди құлдилығын анықтау; жергілікті сызықтардың профилін берілген еңіс сызығын құрастыру.
Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар
Карта мен план арасындағы ерекшеліктерге, «масштабтың дәлдігі» деген ұғымға, масштабты және масштабтан тыс шартты белгілерге, горизонтальдар арқылы рельефтің көріністерінің әдістеріне, соңымен қатар топографиялық пландар мен карталар бойынша шығарылатын есептерге және олардың әдістеріне ерекше назар аудару қажет. Топографиялық пландар арқылы есептерді шығарып үйрену үшін арнайы лабораториялық жұмыстар құрастырылған. Лабораториялық жұмыстар кезінде толық және саналы жеке тапсырманы орындау – инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде және көптеген арнайы есептерді шығарған кезде топонегізі ретінде топографиялық пландар мен карталарды дұрыс қолдану үшін қажетті шарт. Горизонтальдары бар топографиялық карталар мен пландар арқылы есептерді шығару, әсіресе, еңістерді анықтау, егер еңіс биіктігі мыңдықтар, пайыз, промильдер арқылы берілсе, мысалы i = 0,012 = 1,2% = 12% берулеріне назар аударыңыз.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 16-18 б.]
Өздік жұмысына арналған сұрақтар мен есептер
-
Топографиялық план және карта дегеніміз не? Екеуінің
ұқсастықтары мен айырмашылығы.
-
Картаның (планның) масштабы дегеніміз не? Масштабтың
дәлдігі дегеніміз не? 1:10 000 және 1:1 000 масштабтардың дәлдіктерін анықтаңыздар.
-
Масштабты және масштабта тыс шартты белгілердің
айырмашылығы неде?
-
Салу (заложение) және қиманың биіктігі дегеніміз не?
Горизонтальдар арасында жатқан нүктенің белгісін қалай анықтайды?
-
Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
-
Егер план масштабы 1:2000, ал рельефтің қима биіктігі 1м
болса, студент шифрының ақырғы 2 санына биіктігіне тең берілген еңіс бойынша салу (заложение) биіктігін табу.
-
Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін
қалай құрастыру керек?
-
Егер НА = 121,75м, НВ = 92,04м және d = 36,71м анық болса,
АВ сызығының еңісін табу керек.
-
Егер астыңғы горизонтальдың белгісі 114,0, үстінде жатқан
горизонталь белгісі 115,0м, салу (заложение) 2см, нүкте мен астыңғы горизонталь арасындағы арақашықтық 0,8см болса, горизонтальдар арасындағы жатқан нүктенің белгісін табу қажет.
-
Егер АВ сызығының еңісі i = 0,025, план масштабы 1:2000,
рельеф қимасының биіктігі 1м болса, салуды (заложение) анықтау қажет.
11 Планда сызықтың ұзындығы өлшенген, ал жер бетінде оның ұзындығы -ге тең, онда сандық масштаб қандай болады?
12 Планда сызықтың ұзындығы өлшенген, ал жер бетінде оның ұзындығы -ге тең, онда сандық масштаб қандай болады?
13 1:500 масштабтағы планда сызықтың ұзындығы өлшенген болса, онда жергілікті жердегі осы сызықтың ұзындығын анықтаңыз:
14 Ұзындығы 100 м және көлбеу бұрыш , жер бетіндегі сызықтың горизонталь ұзындығын табыңы.
15 Планның масштабының дәлділігі 0,1 м-ге тең. Планды құрастырылған сандық масштабтың шамасын анықтаңыз.
-
Өлшеулер мен геодезиялық өлшеулердің математикалық өндеудің элементтерінің қорытындысы.
Өлшеулер әдістері. Қателіктер классификациясы және оның әсерін кеміту әдістері. Нақты өлшеулер туралы түсінік. Тікелей өлшеулердің қорытындысының дәлдігін бағалау. Көп рет бір биіктікті өлшеудегі қорытындыларын өндеу. Өлшенген биіктіктердің функцияларының қателігі. Екі еселік өлшеулер туралы түсінік. Аса дәл емес өлшеулердің қорытындысын өндеу туралы түсінік. Жіберілген қателіктер. Есептеулердің негізгі ережелері мен әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 21-26 б.]
Өздік жұмысына арналған сұрақтар мен есептер
-
Өлшеулердің үнемі және кездейсоқ қателіктердің арасындағы
негізгі айырмашылығы неде?
-
Кездейсоқ қателіктердің қандай қасиеттері бар?
-
Дәл өлшеулердің қорытындыларынан орташа
арифметикалығы өлшенген биіктіктің неге мәні болып табылады.
-
Дәл және ықтималды қателіктерді қалай табады? Ықтималды
қателіктердің қосындысының қандай қасиеттері бар және бұл қасиеттер геодезиялық өлшеулерді өндеген кезде қалай қолданылады?
-
Қандай биіктіктердің нақты өлшеулерінің абсолют және
салыстырмалы қателіктермен бағалайды? Геодезияда салыстырмалы қателікті қалай көрсетеді?
-
Шекті қателік дегеніміз не және сенімділік ықтималдыққа
байланысты қалай оны анықтайды?
-
Көп рет өлшенген дәл өлшеулердің қорытындысын қалай
өндейді?
-
Екі есселік өлшеулерді қалай өндейді?
-
Өлшенген биіктіктің орташа квадраттық қателігін қалай
анықтайды?
-
Аса дәл емес өлшеулердің қорытындысын қалай өндейді?
-
Бұрыштық өлшеулер
Горизонтальды бұрыш пен еңкіш бұрышының өлшеудегі принциптері. Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал-жабдықтар. Теодолиттердің құрылысы, юстировкасы және тексерісі. Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшеу әдістері. Бұрыш өлшеудегі дәлдігіне әсер ететін өлшеулер қателіктері және олардың әсерін азайту әдістері. Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшеудегі далалық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 31-38 б.]
Өздік жұмысына арналған сұрақтар мен есептер
-
Горизонтальды бұрышты өлшеудің мәні.
-
Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
-
Көру дүрбісінің визирлік өсі дегеніміз не?
-
Шкалалы және штрихталған микроскоп арқылы есептеулер
қалай жүргізіледі?
-
Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналастыру қажет?
-
Вертикальді шеңбердің нөльді орны дегеніміз не?
-
Теодолитпен еңіс бұрышын өлшеу кезінде істелетін жұмыс
реті қандай?
-
Горизонтальды бұрыштарды өлшеу әдістері. Қолдану
саласын және мәнің көрсет.
-
Жіптер торының параллаксын қалай табуға және жоюға
болады?
-
Нөльдік орынды және вертикальды бұрышты есептеу керек,
егер КП = 3470 және КЛ = 140.
-
Сызықты өлшеулер
Өлшегіш құралдар және оларды компарирлеу. Жер өлшегіш лентамен және болаттан өлшегіш рулеткамен арақашықтықты өлшеу. Оптикалық дальномерлер. Жіптік дальномер, оның теориясы, қолданылуы, дәлдігі. Жарық дальномерлері, радиодальномерлері, лазерлі дальномерлері туралы түсінік. Өлшеулер дәлдігіне әсер ететін қателіктер көзі және олардың әсерін азайтудың әдістері. Қол жетпейтін арақашықтықтарды өлшеу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-58 б.]
Өздік жұмысына арналған сұрақтар мен есептер
-
Сызықтарды жер өлшегіш лентамен және болатты өлшегіш
рулеткамен өлшеудің реті.
-
Жер өлшегіш лента және рулетка арқылы өлшенген
сызықтың ұзындығына қандай түзетулер еңгізіледі?
-
Сызықтың ұзындығын жер өлшегіш лента және рулетка
арқылы өлшеген кезде түзетулерді анықтау және өлшегіш құралдың компарирлігі дегеніміз не?
-
Өлшенген кесінді ұзындығында температура үшін түзетуді
анықтау қажет. Егер Д =18,50м, t0= 200С және өлшеген кездегі температура t = -20С.
-
Сызықтың ұзындығын жер өлшегіш лентамен, рулеткамен
өлшеген кездегі сызықты көкжиекке әкелудегі түзетуді қалай анықтайды?
-
Жіптік дальномермен арақашықтықты өлшеудің принципі
қандай? Формуласын жаз.
-
Көкжиекке сызықтың кесіндісінің еңкішінің түзетуін
анықтау, егер D = 124,60м, еңкіш бұрышы ν = 30
-
Сызықтың ұзындығы 80м өлшегендегі абсолютті қателігін
табу, егер салыстырмалы қателік 1/2000-ға тең.
-
Сызықтарды ілу дегеніміз не, қалай оны жүргізеді? Створ
дегеніміз не?
-
Қол жетпейтін арақашықтықтарды қалай анықтайды?
-
Нивелирлеу
Нивелирлеу түрлері: геометриялық, тригонометриялық, гидростатикалық және т.б. Нивелирге арналған құралдар. Лазерлі нивелирлер.
Геометриялық нивелирлердің әдістері. Нивелирлі белгілер. Нивелирдің негізгі типтері. Нивелирлердің құрылысы және тексеруі. Геометриялық нивелирлеу кезінде қателіктер көзі. Геометриялық нивелирлеу жұмыстарының реті және құрамы, байланыстыратын және аралық нүктелерді нивелирлеу; өлшеулерді бақылау. Нивелирлеудің класстары. Техникалық нивелирлеу.
Тригонометриялық нивелирлеу, негізгі формулалар мен әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 63-68 б.]
Өздік жұмысына арналған сұрақтар мен есептер
-
Нивелирдің цилиндрлік деңгейі бар негізгі шартын ата.
-
«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік
айырымын қалай табады?
-
Реттеулі нивелирлеу кезінде аралықты нүктелердің
белгілерін қалай анықтайды?
-
Құралдың горизонты дегеніміз не?
5 А нүктесінің биіктігі , артқы санақ және алдыңғы санақ . В нүктесінің биіктігі неге тең?
6 Егер нүктенің биіктігі тең болса және осы нүктеде рейканың қара жағы бойынша санақ тең болса, онда аспап горизонты неге тең?
7 Геометриялық нивелирлеуде станциядағы аспап горизонтын АГ - есептеу, егер нүктенің биіктігі м болса, осы нүктеде рейканың қара жағы бойынша санақ 1200 мм:
8 Егер және берілген болса, онда және нүктелерінің биікайырымы неге тең ?
9 МЕСТ бойынша техникалық нивелирлерге не жатады?
10 Нивелирдің негізгі шарты қандай тексерумен байланысты?
Достарыңызбен бөлісу: |