Әдістемесі айтбаева Ж. М



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.07.2024
өлшемі0.66 Mb.
#502992
  1   2   3   4   5
2 Айтбаева Ж.М



Qazaq 
Journal of Young Scientist

13 
ӘОЖ 378.147, 372.853 
ОРТА МЕКТЕП ҮШІН ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ҮЙГЕ 
БЕРІЛЕТІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Айтбаева Ж.М. 
Физика пәнінің мұғалімі, 
Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды 
қаласы білім бөлімінің "№86 жалпы білім беретін мектебі" КММ, Қарағанды, 
Қазақстан
Мақалада мектептегі физика курсын оқыту кезінде үйге берілетін
эксперименттік тапсырмаларды қолданудың орындылығы теориялық 
тұрғыдан негізделген. Физиканы оқыту кезінде үй жағдайында бақылау немесе 
эксперимент 
ұйымдастыру 
үшін 
білім 
алушыларға 
ұсынылатын 
эксперименттік тапсырмалар кешенін пайдаланудың әдістемелік жүйесінің 
негізгі құраушылары сипатталған. Орта мектепте оқушылардың үй 
жағдайында эксперименттік іс-әрекеттілікті ұйымдастыру ерекшеліктері 
зерттелген.
Ұсынылған әдістемелік жүйені енгізу барысында оқыту процесін 
дұрыс ұйымдастыру үшін бірқатар жалпы педагогикалық шарттар 
көрсетілген. 

Кілт сөздері: физикалық эксперимент, эксперимент тапсырмасы, үй 
жұмысы, өз бетімен іс-әрекеттілік, оқыту әдістемесі. 
Адамзат ғасырлар бойы қоршаған ортаны танып, жаңа білім тауып,
біртіндеп танымдық тәжірибе жинағын біліммен байытты. Қоршаған ортаны 
тану процесінде серпіліс және адамзаттың қажеттіліктеріне сәйкес оның өзгеруі 
тек он жетінші ғасырда эксперименттік әдіс пайда болған кезде жүрді. 
Эксперимент және оның теориялық талдауының негізінде ғылыми танымның 
негізі қаланды. Бұл үдерісте Г. Галилей, И. Ньютон, М.И. Ломоносов және т.б. 
ғалым - жаратылыстанушылар үлкен рөл атқарады [1-3]. 
Ғылыми таным теориясы теориялық және эксперименттік әдістердің 
тұтастығын білдіреді. Таным процесін ұғыну - оларды жеке бөліп қарастыруды
талап етеді, бұл өз кезекте философия бойынша негіз қалаушы еңбектерде 
жасалған. Философия тұрғысынан танымның теориялық әдістеріне келесілер 
жатады: ойша эксперимент, жалпылау, болжамды-индуктивті, дедукция, 
модельдеу жатады. Эксперименттік әдістерге бақылау, салыстыру, сипаттау, 
өлшеу мен эксперимент жатады. 
Эксперимент - күрделі әдіс болып табылады және ол бақылау, салыстыру, 
сипаттау, өлшеу және басқа бірқатар теориялық әдістерді қамтиды. Бұл ғылыми 


Vol. 1, No. 1 - Januar 2023
 
 
14 
таным процесі диалектикалық түрде құрылуымен түсіндіріледі. Алғашқыда 
алынған эксперименттік фактілер және бақылаулар теориялық мәнін 
түсіндіруге ұшырайды, ал осының негізінде эксперименттік түрде бірнеше рет 
тексерілетін теория құрылады. Эксперименттік тексеру нәтижесінде жаңа 
фактілер пайда болғанда, теорияны құру процесі қайталанады. Осылайша, 
ғылыми таным циклдік дамиды, қайталанады және шекараларын кеңейтеді. 
Эксперимент танымның басында жатады және оны логикалық түрде аяқтайды. 
Мектепте физиканы оқытуда әр түрлі оқу эксперименті кеңінен 
қолданылады. Егер сабақта қажетті тәжірибе болмаса және міндетті 
зертханалық жұмыстар жүргізілмесе, кез кезген тақырыпты ең керемет
баяндауы қанағаттанарлық деп саналмайды. 
Оқу эксперименті - бұл арнайы құралдар арқылы сабақ барысында 
физикалық құбылысты қайта жаңғырту болып табылады. Сондықтан ол бір 
уақытта білім көзі, оқыту әдісі және көрнекілік түрі болып саналады. Физиканы 
оқыту тәжірибесінде демонстрациялық, фронтальді, физикалық практикум, 
үйге берілетін эксперименттік жұмыстар сияқты эксперименттер қолданылады. 
Физикалық эксперимент физиканы оқытудың ынталандырушы факторы болып 
есептеледі.
Оқушылардың өздік эксперименттік жұмысының бір түрі – үй
эксперименттері болып табылады. Оқушылардың үй жағдайындағы 
эксперименттік іс-әрекеттілігі - бұл танымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру 
мақсатында және ойлау процестерінің логикасына сәйкес қарапайым 
тұрмыстық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқушылардың үй 
жағдайында өз бетімен орындалатын тәжірибелерді, бақылауларды және 
зертханалық жұмыстарды жүргізу болып табылады. Оқушылар физикалық 
құбылыстарды, тәжірибені өз бетінше жүргізген сайын, соғұрлым зерттелетін 
материалды жақсы және тереңірек меңгереді. 
Үйге берілетін эксперименттік жұмыстар оқушыларға зерттелетін 
физикалық заңдардың қоршаған құбылыстармен, теориямен, қарапайым 
өмірмен байланысын ашады. Өз бетімен эксперимент жүргізу оқушыларға 
сабақта оқылатын ғылыми қағидаттардың әділдігіне сенімді көз жеткізуге 
мүмкіндік береді. 
Үй жағдайында бақылау немесе экспериментті ұйымдастыру үшін 
тапсырмалар кешенін құрастыра отырып, физиканы оқыту барысында білім 
алушылар келесі талаптарды басшылыққа алу қажет. 
1. Мақсатты бағдар. Біріншіден, таңдап алған тапсырмалар физикалық 
білімнің барлық негізгі элементтерін (түсініктер, заңдар, принциптер), физика 
курсының тақырыптарын және іс ‒ әрекеттілік тәсілдерін толық қамтуы тиіс, 
екіншіден білім алушыларда когнитивті, метакогнитивті тәжірибенің барлық 
үш түрін жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет