ӘДЖ 664.6.075
ҚАМЫР ШИКІЗАТТАРЫН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУІ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Еркебаев М.Ж, Қожагулов О.К., Бупебаева Л.К., Бекбосынова Ж.Е.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы.
Даны рекомендации по технологическим режимам обработки пряников и выбору параметров формирущих машин. Разработана методика инженерного расчета формующей машины.
Recommendations about technological modes of processing of spice-cakes and to a choice of parametres of forming cars are made. The technique of engineering calculation of the forming car is developed.
Кілттік сөздер: ұн, кондитерлік өнім, өндірістік база, пішін, қамыр, роторлық машина.
Қазіргі таңда ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің жүзден аса түрі шығарылады.
Тағам өнеркәсібінде өндірістің дамуы, яғни кондитерлік өнімдердің тағамдық құндылықтары, сапасы және түрлерінің жақсартылуы, ғылыми-техникалық жетістіктерді тездетіп қолданылуы, өндіріс тиімділігінің арттырылуы, өндіріс базасының түбегейлі жанартылып жетілдірілуі және қолда бар негізгі өндірістік қуаттың әрі қарай дамытылуы қарастырылады.
Халықты олардың сұранысына сәйкес жоғары сапалы, тағамдық құндылығы бар және кең ассортименттегі кондитерлік өнімдермен толыққанды қанағаттандыру үшін өндірістік базаға түбегейлі өзгеріс енгізіп, оны мамандандыру және ғылым мен техниканың жана жетістіктерін ендіру қажет.
Тағам өнеркәсібінде әрі қарай дамытуды қажет ететін құрылғыларға қалыпқа келтіруші машиналар жатады, олар көп жағдайда сапасы жағынан қалыпқа келтірудің қазіргі уақыт талаптарына сай емес, қамырды өңдеу және пайдалауға шығару жағынан сенімсіз және құрылымы жағынан күрделі [1].
Өнім сапасына әсер етуші механикалық әсерлер қалыпқа келтіруші органдардың конструктивті түрде жұмыс жасауына тікелей байланысты.
Тамақ массаларын қалыпқа келтіру процесі өнімдерге белгілі бір қалып пен пішін беруге негізделген. Қамыр дайындамаларын өңдеу әдістерінде келесі негізгі бағыттырды бөліп көрсетуге болады: жаю, қаптап пішіндеу, роторлық қалыпқа келтіру, баспалау, ортаға қарай қалыпқа келтіру, сығымдап құю.
Осыған орай қалыпқа келтіруші машиналарды әрі қарай даиыту көкейкесті болып отыр. Сығымдап құюшы және роторлық машиналардың жұмыс процестерін оқу негізінде жұмыс органдарының рационалды түрлері мен олардың параметрлері, қалыптарының сақталуы және өнім құрылымының қамтамасыз етілуі анықталады.
Қазіргі кездегі жұмыс жасап тұрған машиналардың құрылымдарын талдай келе, біз прәнік қамырын қамырын қалыпқа келтіруге арналған жаңа құрылғыны ұсынып отырмыз (1-сурет). Қамыр тиеуші құйғыдан 1 бір-біріне қарама-қарсы айналып тұратын бұдыр біліктердің 3 арасына және қалыпқа келтіруші роторларға 6 жіберіледі. Арасындағы қуыстарды қамырдың сорты мен құрамына қарай басқаруға болады. Бұл қамырды нақыштап дайындалған ротор қалыптарына сығып шығару қысымын басқарып отыруға мүмкіндік береді 6. Машинаның негізгі жұмыс мүшелері пышақ пен қабықша (кожух) болып табылады. Кожух пышақпен бірге басқарушы винті бар пружина арқылы ротор қалыпының бетіне түйіседі. Пышақ ротор бетін қамырдан тазартады, ал кожух қамырдың тығыздығы мен қысым өлшемін қаматамасыз етеді [2].
Қалыпқа келтірілген дайындамаларды қалыптардан шығарып алу 8 салмақ пен тасымалдау таспасы 7 арқылы жүзеге асырылып, өнім пісірілуге жіберіледі. Сонан соң, ротор қалыптары тазаланады және майланады.
Осылайша, алынған дайындамалардың беттері анағұрлым тегіс, бірдей салмақта болады, бұл дайын өнімдердің пайдаланушылық қасиеттерін арттыра түседі.
Қалыпқа келтіру процесін қарастырайық. (2-сурет)
Рифельдік қалып қамырда қармағанда ротор прәнік қалыпында ойықтарды толтырады. Тазалаушы пышақ ротордың орта сызығының тұсында орналасқан. Жұмыс жасау беті саңылаулар арасында Н және h0 (білік және ротор) орнатылған, мұндағы Н-құраушы беттер арасындағы арақашықтық,ол біліек бетінен және ротордан қармау бұрышында қалып қойып отырады; h0–олардың арасындағы ең кіші саңылау. Процесті сипаттау үшін өнім шығынын білік ұзындығының бірлігіне жұмсау теңдеуі алынды:
(1)
Мұнда – біліктің дөңгелеу жылдамдығы.
- қамыр тұтқырлығы,Па.
– қысым градиенті,
h- саңылаудың ағымдық мәні.
Біліктік айдауыш Q үшін былай жазуға болады:
Q=V·h0·K (2)
Мұнда h0 – ең кіші саңылау,м
K- айдауыштың беру коэффициенті, ол мынаған тең:
(3)
Мұндағы: - айдауыштың практикалық өнімділігі, – теориялық өнімділігі.
1-сурет. Прәніктің қамырын қалыпқа келтіруге арналған құрылғы
P1 ≤ P2 ≤P3 =P
2-сурет. Массаның деформациялану процесінің сызбасы.
Келесі мәндерді енгізейік: ε= және ε’= (4)
2.1 және 2.2 теңдеулерін салыстыра келе төмендегідей теңдеу аламыз:
V··k=V·h- (5)
V(·k-v)= (6)
2.4 теңдеуді ескеретін болсақ:
V·(k-ε)= (7)
Шешімін жасай келе мынаны аламыз:
P= 6·V· (8)
Енді масса ағынының сызықты каналдағы (радиус өсі R0)тік бұрышты ауданын қарастырайық, екіншісі қозғалмайтын қабырға (2-сурет).
Ағынды құрастыру кезінде канал қисықтығын есепке алған жөн. Қарастыратын каналдағы қамыр қозғалысы Р қысымның әсер етуімен қоса, барабанның қозғаушы бетінің әсері арқылы да іске асырылады.
Ақиқат ағынды екі модельмен алмастырайық: тікбұрышты аудан каналы өтетін тұтқырлы сұйықтың ағыны және екі параллельді пластиналар арасындағы ағын, олардың бірі V жылдамдықта қозғалады.
Прәнікті қалыпқа келтірудің қажетті жағдайларын келесі теңсіздік арқылы анықтаймыз:
δ+G δ + δ (9)
Мұндағы δ- тең әсер етуші әдгезиондық күш, ол прәнік беттеріне тәсер етеді.
δ- тең әсер етуші әдгезиондық күш, ротор қалпына әсер ететін жұмыс, (H)
Адгезиондық қысымның өлшемдері δ және δ әртүрлі мәндерге ие, өйткені ротор мен тасымалдаушы әртүрлі материалдардан жасалған.
Қалыпқа келтірілген дайындамаларды қалыптардан тиімді алу үшін , тасымалдаушы лентаның көмегіне сүйенеміз, ол қалыптаушы роторға тасымалдаушының жүргізуші барабаны арқылы жанасады.
Мұндағы жанап өту сырғанау коэффициенттері қажетті мән болып табылады:
ƒ= (10)
Мұнда –контакт аймағындағы айналу күші; ол жанап өту, сырғанауға төтеп беру үшін қажет, Н.
- вертикальді күш, оны ротор жанасу жүйесі арқылы жасайды (2.9)және (2.10) теңдіктерін ескеретін болсақ
·ƒ= (11)
Осылайша, алынған теңдеулерге қарап отырсақ, ротор қалыпының бетіне қойылған тең әсер етуші күш массаның адгезиондық қысым мәні жанап өту сырғанау коэффициенті мен материалға тура пропорционал [3].
Әдебиеттер тізімі
1.Мачихин Ю.А., Берман Ю.К., Клаповский Ю.В., Формование пищевых масс.- М.: Колос.1992.-272с.
2.Берман.Ю.К., Максимов А.С., Мачихин Ю.А., Методические указания к выполнению лабораторных работ по курсу «Инженерная реология».- М.: МГАПП, 1995.-89с.
3.Еркебаева М.Ж., Мачихин А.С., Медведков Е.Б., Попелюшко А.В. Современные способы механической обработки пищевых масс.- Алматы: ИЦ ПКО «Казснабобразования», 1998.-140 с.
Достарыңызбен бөлісу: |