Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М



бет12/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
annotation153914

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.
Графиктер мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып екі негізгі түрге бөлінеді
Диаграмма- статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым қатынас мөлшерін көрнекі түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық. Бағаналы диаграмма – статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру үшін ең көп қолданылатын диаграмманың жай түрі. Құрылымды диаграмма статистикалық жиынтықтардың құрамын салыстыру үшін қолданылады. Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Шаршылы диаграмма– Кейбір жағдайларда статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы түрі қолданылады. Оның бағаналы немесе жолды диаграммалардан айырмашылығы сол, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынынады. Шеңберлі диаграмма - негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз. Секторлық диаграмма - мұнда берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді. Сызықтық диаграмма - өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
1.Статистикалық қатысты шамалар дегеніміз не?
2.Статистикалық нақты шамалар деген не?
3.Нақты шамаларды есептеуде қандай өлшем бірліктері қолданылады?
4.Статистикалық қатысты шамалардың қандай түрлері бар?
5.Статистикалық график деген не?
6.Статистикалық графиктердің қандай түрлері болады?


6-дәріс. ОРТАША ШАМАЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕРМЕНІҢ (ВАРИАЦИЯ) КӨРСЕТКІШТЕРІ


Орташа шама – ол арнайы белгі бойынша біртекті құбылыстардың жиынтығын ортақ мінездеу, есептеу.
Орташа шаманы есептегенде және қолданғанда келесідей принциптер орындалуы керек:

  • зерттеп отырған құбылыстың, процестің жиынтық бірліктері біртекті болуы шарт;

  • орташа шаманы есептегенде оның жеке-дара өзгермелі сандық және сапалық көрсеткіштері толықтай жойылады, негізгі белгінің әрбір бөлікке тән шамасы шығады;

  • орташа шама статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтер арқылы есептелінеді, бақылау көрсеткіштері көп болса, орташа шама соғұрлым көп шығады;

  • зерттеп отырған құбылыстардың, процестердің жеке бөліктерінің арасында ауытқу болғанда орташа шама қолданылады.

Статистикада зерттеп отырған құбылыстар мен процестердің негізіне, мақсатына сәйкес орташа шаманың келесідей бірнеше түрі қолданылады: арифметикалық, геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік, шаршылық.
Орташа шаманы есептеуде «орташаның негізгі қатынасы» принципі негізге алынады. Әр гектардан алынған орташа өнімді есептеу үшін барлық егістік жерден жиналған жалпы өнімді осы жер көлеміне бөлу керек:


ОНҚ=жалпы өнім / егістік жер көлемі

Бір жұмысшының орташа айлығын есептеу үшін жалпы айлық қорды жұмысшылар санына бөледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет