Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М


Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер



бет23/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
annotation153914

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
1.Өсіңкілік қатарлар дегеніміз не, оның статистикалық зерттеудегі мәні не?
2.Өсіңкілік қатарлардың қандай түрлері бар?
3.Өсіңкілік қатарлардың деңгейінің өзгеруін сипаттауда қандай көрсеткіштер қолданылады?
4.Өсіңкілік қатарлардың өсу және өсім қарқыны қалай анықталады?
5.Өсіңкілік қатарларда маусымдық ауытқу қалай өлшенеді?


11-дәріс. ИНДЕКСТЕР

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.


Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.
Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.
Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу
Жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жалпы болып бөлінеді.
Жеке индекстер дегеніміз біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы. Мысалы, ағымдағы және базалық уақытты салыстыру арқылы көрсеткіштердің қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.
Жеке индекстер кіші «і» әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің белгісіне қарай индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы қатар жазылады (ірqz). Бағаның жеке (дара) индексін есептеу үшін сол заттың ағымдағы кезеңдегі бағасын базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек: ір=p1/p0
Өнім көлемінің жеке индексі : iq=q1/q0
Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі: iz=z1/z0
Еңбек өнімділігінің жеке индексі: it=t0/t1
мұндағы t1, t0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.
Қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнең тұрып, олардың ағымдағы әрбір дәрежесі оның алдынғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылса, ол өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп аталады және келесідей жазылады: iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.
Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты базалық кезең мәнімен салыстырылса, ол базалық индекстер деп аталады және оны келесідей көрсетеміз: iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.
Жеке индекстер құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеуде қолданылады, олар сол құбылыстың қандай себептерге байланысты өзгергендігін анықтай алмайды. Сондықтан да жалпы индекстерді қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет